Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Астана

Ас­та­на — қазақ елінің төртінші ас­та­насы (1998)

ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі (1994ж. 6 шілде, 106-қаулы­сы) және Мин. Каб-і (1996 ж. 6 шілде) ҚР-ның ас­та­насын Ал­ма­тыдан Ақмо­лаға көшіру ту­ралы қаулы­лар қабыл­да­ды. Оған се­беп Ақмо­ланың рес­публи­каның кіндігінде ге­осаяси тұрғыдан тиімді ор­на­ласуы, қала­ның еле­улі өнеркәсіптік әлу­еті, құры­лыс ин­дуст­ри­ясын одан әрі да­мытуға қажетті ба­заның бо­луы, ірі та­сымал то­рабы­на ор­на­ласуы әрі қажетті көлік және те­леком­му­ник, инф­рақұры­лым­ның бо­луы, жоғары білікті кадр­лар әле­уеті, же­ке меншік сек­торды және кәсіпкерлікті да­мыту үшін мүмкіндіктердің мол­дығы, ай­мақтағы са­яси және әле­уметтік тұрақты­лық, қала­ны да­мытуға қажетті бос жер­лердің жеткіліктігі сияқты фак­торлар еді. ҚР Пре­зидентінің жар­лығымен ар­найы Ақмо­ла экон. ай­мағы (ААЭА) құрыл­ды (1996 ж. 9 қазан).

1997 ж. 20 қазан­да ҚР Пре­зиденті Н. Ә. На­зар­ба­ев Ақмо­ла қала­сын Қазақстан Рес­публи­касы­ның ас­та­насы деп жа­ри­ялау ту­ралы" жар­лыққа қол қой­ды. (1998 жыл­дың 6 ма­мыр­да Ел­ба­сының жар­лығымен ҚР-ның ас­та­насы — Ас­та­на қала­сы бо­лып атал­ды, ал 20 ма­мыр­да «Қазақстан Рес­публи­касы ас­та­насы­ның мәрте­бесі ту­ралы» ҚР-ның Заңы қабыл­данды. Сол жылғы 10 ма­усым­да тәуелсіз Қазақстан­ның жаңа ас­та­насы­ның сал­та­нат­ты ашы­лу рәсімі бо­лып өтті.

Акмолинск Акмолинск

Ас­та­на — қала, Қазақстан Рес­публи­касы­ның ас­та­насы, Ақмо­ла об­лы­сының ор­та­лығы.

Ас­та­на қала­лық екі ауданға (Ал­ма­ты, Са­ры­арқа) бөлінеді. Тұрғыны 500 мыңнан ас­там адам­ды құрай­ды. Қала Есіл өзенінің оң жағасын­да жа­зық жер­де ор­на­ласқан.

Ас­та­на — мем­ле­кеттің са­яси, әкімшілік, эко­номи­калық, мәде­ни ор­та­лығы; елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қала.

Қала­ның Гербі

Герб дөңге­лек қалқан түрінде жа­салған. Көгілдір ас­пан аясын­да қала та­рихы­ның және ел қорғаны­ның сим­во­лы бекініс қабырғасы; сақ аңыз­да­рының кейіпкері — да­налық пен бек­заттықтың сим­во­лы — қанат­ты ба­рыс бей­не­лен­ген; ал­тын тәж Ас­та­наның бас қала ретіндегі мәрте­бесін бей­не­лейді. Шаңырақ — ұлттық дәстүрлердің са­бақтас­тығын білдіреді. Би­дай ма­сақта­рымен жи­ек­теу өлкенің ас­тық мол­шы­лығын си­пат­тай­ды.

Герб Целинограда Герб Акмолы Герб Астаны

Кли­маты

Қала Қазақстан­ның ор­та­лық бөлігінің солтүстігінде Ақмо­ла об­лы­сын­да, Есіл өзенінің ала­бын­дағы өзен маңы жа­зықтығын­да ор­на­ласқан.

Кли­маты шұғыл кон­ти­нентті, оңтүстікке қарай шөлей­тте­неді. Қазақстан­ның осы бөлігінде жыл мезгілдерінің өз ерек­шеліктері бар. Қар мол жа­уып, қысы ұзақ бо­лады. На­урыз­дың аяғына та­ман көктем кеш шыққан­мен, та­биғат әсем түрге енеді, бұл кез­де са­рыгүл мен бәй­ше­шек гүл ата­ды.

Ас­та­нада жүзден ас­там ұлттың өкілдері тұра­ды, байырғы тұрғын­да­ры — қазақтар. Оның 64,4%-ы еңбек жа­сын­дағы адам­дар, 10,2%-ы зей­нет­керлер. ня

Ас­та­на уақыты — Ас­та­на қала­сы ор­на­ласқан 5-сағат­тық бел­де­удегі жергілікті уақыт. Жер ша­ры бойын­ша шарт­ты түрде 24-ке бөлінген сағат­тық бел­деу ба­тыс­тан шығысқа қарай Грин­вич ме­риди­аны­нан бас­та­лады. ҚР аумағы арқылы 4 және 5 — сағат­тық бел­деу өтеді. Ас­та­на қала­сының, сон­дай-ақ Ал­ма­ты, Жам­был, Қараған­ды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан об­лыста­рының уақыты дүни­ежүзілік уақыт­тан 6 сағ., Ақтөбе, Аты­рау, Ба­тыс Қазақстан, Қос­та­най, Қызы­лор­да, Маңғыс­тау об­лыста­рының уақыты дүни­ежүзілік уақыт­тан 5 сағат ал­да, ал кейінгі аталған об­лыстар уақыты Ас­та­на уақыты­нан 1 сағ. кейін жүреді.

Қәзір қала­ның аумағы 200 шар­шы км., ас­там аумақты алып жа­тыр. 1998 жы­лы ЮНЕС­КО-ның шешімімен Ас­та­на қала­сына «Бейбітшілік қала­сы» де­ген жоғары атақ беріліп, ме­даль­мен ма­рапат­талды. Қала аса шап­шаң қарқын­мен да­мып ке­леді және оның ке­лешегі зор.

Та­рихы жағынан алып қараған­да, көпте­ген қала­лар өзен­дер қиып өтетін ежелгі ке­ру­ен жол­да­рының бойын­да қоныс теп­кен.

Бүгінде Ас­та­на ор­на­ласқан жердің ежелгі ата­уы Қараөткел деп, Орал мен Сібірді Кіндік және Ор­та Ази­ямен бай­ла­ныс­тырған Ұлы Жібек жо­лының солтүстік тар­мағын­да қоныс теп­кен қазақ елді ме­кенінің ата­уымен аталған. Есіл өзенін кешіп өтетін ыңғай­лы ке­ру­ен жо­лын­дағы Қараөткел­де 1830 жы­лы қазақ ауыл­да­ры өкілдерінің кеңесімен Ақмо­ла әске­ри бекінісі са­лынған. 17–18 ғасыр­ларда Ақмо­ла об­лы­сының аумағына Ре­сей мен Ук­ра­ина­ның ор­та­лық гу­бер­ни­яла­рынан ша­ру­алар көптеп қоныс­танды­рыла бас­та­ды.

Сол кез­дегі Ақмо­ланың жәрмеңке­леріне Қазақстан­ның Ре­сейдің, Ор­та­лық Ази­яның түпкір-түпкірінен са­уда­гер­лер ағыл­ды.

2000 — Қазақстан үкіметі «Ас­та­на қала­сын да­мыту­дың бас жос­па­ры ту­ралы» қаулы қабыл­да­ды.

Ел­ба­сының қаты­су­ымен елор­да­ның Жаңа алаңы, К. Бай­сейіто­ва атын­дағы Ұлттық опе­ра және ба­лет те­ат­ры, биз­нес-сер­вис ор­та­лығы ашыл­ды.

Ас­та­на қала­сының ше­кара­сын өзгер­ту ту­ралы" Ел­ба­сы Жар­лығы шықты, оған сәй­кес қала аумағының жал­пы көлемі. ұлғай­ды.

200 Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зидентінің Жар­лығына сәй­кес 2002 жылғы 1 қаңтар­дан бас­тап 2007 жылға дейінгі ке­зеңді қам­ти­тын «Ас­та­на — жаңа қала» ар­найы эко­номи­калық ай­мағы (АЭА) құрыл­ды.

2003 — Әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндер көшбас­шы­лары­ның ха­лықара­лық сьезі бол­ды.

2004 — ауқымы мен бұрын-соңды бол­маған мерзімнің ішінде ірі әкімшілік ме­кеме­лерін сол жағалауға көшіру­де ора­сан зор жо­балар жүзе­ге асы­рыл­ды.

Целиноград Целиноград

Есілдің сол жағала­уын­дағы жаңа әкімшілік ор­та­лық аумағын­да ҚР Пре­зиденті ре­зиден­ци­ясы ғима­раты­ның рес­ми ашы­луы бол­ды. Пре­зидент Н. На­зар­ба­ев «Ақ Ор­да» деп ата­латы­ның жа­ри­яла­ды.

2005 жы­лы Ас­та­на қала­сы ха­лықара­лық әуежайының жаңа жо­ла­ушы­лар тер­ми­налы сал­та­нат­ты ашыл­ды.

Сол жағала­уда ҚР Пар­ла­менті се­наты­ның, ҚР Үкімет әкімшілік ғима­рат­та­рының, «Тұлпар» тұрғын үй ке­шенінің және мем­ле­кеттік қыз­меткер­лерге ар­налған үй­лердің, цирк ғама­раты­ның құры­лысы аяқтал­ды, дип­ло­мати­ялық қала­шықты са­лу жалғасу­да.

2005 жылғы 1 ма­усымға дейін сол жағала­уда отыз тоғыз ны­сан ҚР При­зидентінің Ре­зиден­ци­ясы, ҚР Пар­ла­менті Мәжілісінің, ҚР Сыртқы істер ми­нистрлігінің, «Ас­та­на-Бәй­те­рек» мо­нументінің ғама­рат­та­ры, «Аяулы алақан» ком­по­зици­ясы, Жоғарғы Сот­тың, ҚР Қорғаныс ми­нистрлігінің, ҚР Көлік және ком­му­ника­ци­ялар ми­нистрлігінің акімшілік ғима­рат­та­ры, Ис­лам мәде­ни ор­та­лығы, «Ду­ман» офын-са­уық ор­та­лығының 1-ші және 2-ші ке­зегі, Ұлттық кітап­ха­на, 1200 орын­дық мек­теп, «ҚазМұнай­Газ» ком­па­ни­ясы­ның екі ны­саны, кар­ди­оло­гия ор­та­лығы, му­ници­пал­дық үй­лер ке­шені, бір ауысым­да 120–150 адам­ды қабыл­дай­тын ем­ха­на, су­лы-жа­сыл буль­вар, «Отель-Пре­зидент» мей­ман­ха­насы, «Ғашықтар» са­ябағы пай­да­лануға берілді.

Ас­та­наның көрнекті орын­да­ры

«Ас­та­на -Бәй­те­рек» мо­нументі Елор­да­ның бас­ты көрнекті орын­да­рының бірі — сол жағала­удағы алғашқы сәулетті құры­лыс — «Бәй­те­рек» мо­нументі. Осы­нау біре­гей нәзік ке­шен Ас­та­наның сим­волдық бей­несіне ай­нал­ды. Мо­нумент негізіне шетсіз-шексіз мұхит шайып жатқан Көктөбе та­уын­да өсетін, ер­тегідегі ағаш ту­ралы аңыз алын­ды. Жыл сайын оның жа­пырақта­рына қаси­етті құс — Самұрық ал­тын жұмыртқа са­лады. Алай­да, жыл сайын оны ай­даһар жеп қояды, бұл Күн мен Түннің, Жаз бен Қыс­тың, Жақсы­лық пен Жа­ман­дықтың ал­ма­су­ын бей­не­лейді. Ев­ра­зи­ялық кеңістіктің нағыз кіндігінде, өрке­ни­ет­тер тоғысын­да өмір ағашы — Бәй­те­рек те­рең та­мыр­ла­рымен жерді ұстап тұр, ал оның бұтақта­ры ас­панмен та­ласа­ды.

Ғасыр­лар бойы ауыз­дан ауызға та­раған ежелгі аңыз қай­та­дан жаңғыр­ды.

Есіл өзенінің сол жақ жағасын­да жа­пырақ жайған «Ас­та­на-Бәй­те­рек» заңғар көкке құлаш ұрды. Биіктігі 105 метрлік, сал­мағы 1000 тон­на­дан аса­тын ме­талл құрас­тырма­лар 500 тіреу-қада­ларға бекітілген. Әлем­де тұңғыш рет ди­аметрі 22 метрлік, сал­мағы 300 тон­на­лық күн сәулесімен құбы­лып тұра­тын әй­нек­тен жа­салған шар 97 метрлік биіктікке көтерілді- бұл Қазақстан­ның жаңа елор­да­сының 1997 жыл­дан бас­тап пай­да болғанын ес­ке са­лады.

"Бәй­те­ректің негізгі иде­ясы — ол Бейбітшілік Ағашы. Мұндай ағаш­тың бас­ты қыз­меті әлемнің үш деңгейлі құры­лымын біріктіру: төменгі же­рас­ты, жер үсті және ас­пан әлемі. Бәй­те­рек сәулетінде мо­нументтің жер ас­тындағы бөлігі 4,5 метрлік те­реңдікте, мұнда дәмха­на, ак­ва­ри­ум­дар және белгілі су­ретші Ер­бо­лат Төлеп­бай­дың шағын га­лере­ясы ор­на­ласқан. «Бәй­те­рек» ағашы­ның діңімен шо­лу лифтілері арқылы көтеріле оты­рып (ор­та деңгей), көктегі деңгей — шарға тап бо­ласын. Шар­дың ішінде бар, жаңа елор­да­ның кел­бетін алақанға салған­дай көрсе­тетін па­нара­ма за­лы ор­на­ласқан. 97 метрлік биіктікте күміс тұмар — Нұрсұлтан На­зар­ба­ев­тың алақаны­ның таңба­сы са­лынған. Ол мем­ле­кетті және оның аза­мат­та­рының бейбіт өмірін, дос­тығы мен келісімін қас­терлеп сақтауға үндейді. Ас­та­нада әлемдік діндердің бірінші сьезі өткізілуі мо­нумент­ке үлкен маңыз бе­реді. Ру­хани көшба­сылар­дың бірінші сьезінен кейін «Аялы алақан» жа­нын­да тағы бір ұстын пай­да бол­ды. Он­да Қазақстан жеріне әлемнің 17 елінен кел­ген әлемдік діндер көшбас­шы­лары қол­таңба­лары мен тілек-ба­тасын қал­дырды.

«Ата­мекен — Қазақстан кар­та­сы» эт­но-ме­мори­ал­дық ке­шені

«Ата­мекен -Қазақстан­ның кар­та­сы» та­ным­дық -көркем ке­шені елор­да тұрғын­да­ры мен мей­ман­да­рын мем­ле­кетіміздің, оны ме­кен­дейтін ха­лықтар­дың та­рихы­мен та­ныс­ты­рады. Өркеш­тенген та­улар мен қырат­тар, жа­зира да­ла, ор­ман-көлдер, ірі қала­лар­дың бей­несін көз ал­дыңа сәулет үлгілері осы ор­та­лықтың өзіндік ан­самблін құрай­ды.

Эт­но-ме­мори­ал­дық ке­шен алаңды алып жа­тыр. Кар­та­да 14 об­лыс пен Ас­та­на және Ал­ма­ты қала­лары ор­на­ласқан. Эт­но-ке­шен қыз­метінің баға жет­пес тәжіри­бесі ке­лешек ұрпақты ру­хани және пат­ри­от­тық сезімге тәрби­елеу ісінің жаңа бет­терін жа­зары сөзсіз.

Бейбітшілік пен келісім са­райын атақты бри­тан­дық сәулетші Нор­ман Фос­тер жо­бала­ды. Са­рай ғима­раты елор­да­ның жаңа әкімшілік ор­та­лығының ор­та­лық бөлігінде пре­зиденттік са­райға апа­ратын жол­дың кіндігінде ор­на­ласқан. Төменгі бірне­ше деңгейін 1500 орын­дық опе­ра те­ат­ры алып жа­тыр. 25 қабат­ты ғима­рат­тың биіктігі –, оның ірге­тасы­ның аумағы да осын­дай. Ғима­рат­тың ішінде жи­налыс­тар мен кон­фе­рек­ци­ялар өткізетін бөлме­лер, үш қабат­ты мұра­жай, көрме және кон­церт жал­да­ры, кітап­ха­на, діни кон­фесси­лар­дың кеңсе­лері ор­на­ласқан. Пи­рами­даның ұшар ба­сын­да әртүрлі діндер мен кон­фесси­ялар көшбас­шы­лары жи­налыс­та­рын өткізетін 200 орын­дық дөңге­лек зал орын теп­кен.

«Ба­рыс­тар»

Қала­ның кіре­берісіндегі биік тұғырға ор­на­тылған ба­рыс­тар қала қақпа­сын айқара ашу­мен бірге оған бет­те­ген дұшпан­дармен айқасуға әзір бо­лып, ты­ныш­тығын күзетіп тұрған­дай.

Өзен жағасын шо­лып тұрған «Ба­рыс­тарды» жа­сау иде­ясы шығыс­тың эк­зо­тика­лық ра­ритет­теріне ев­ро­палық түсінікті ес­ке са­лады. Ав­то­ры — Т. Дос­мағам­бе­тов.

2008 жыл еліміздің елор­да­сы Ас­та­на 10 жыл­дық ме­рей­тойын сал­та­нат­ты атап өтті. Қазақстан­ның елор­да­сы Ас­та­на — қазіргі за­манға лайық, нағыз жаңа қала бо­лып өте қысқа мерзім ішінде та­рихы­мыз­да бұрын соңды бол­маған қарқын­мен қарыш­тап да­мып, өзіне ғана тән бет — бей­несімен қалып­та­сып ке­леді.