Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Қызылорда

Қызы­лор­да — қазақ елінің екінші ас­та­насы (1925–1929)

Қызы­лор­да об­лы­сының әкімшілігі 8 әкімшілік-аумақтық бірліктен тұра­ды: Қызы­лор­да қала­сы, Тасбөгет кенті, Белкөл, Қос­шыңырау, Қызыл­жарма, Қызылөзек, Ақсу­ат, Ақжар­ма ауыл­да­ры.

Герб Перовска (Кызылорды) Герб Кызылорды Герб Кызылорды

Қала негізі Қамысқала ат­ты елді ме­кен­де 1817 ж. са­лынған Қоқан хан­дығының Ақмешіт бекінісі ретінде қалан­ды. 1854 жыл­дың та­мызы­нан басқын­шы, ге­нерал В. А. Пе­ровс­кийдің аты­мен бекініс Пе­ровск пор­ты атал­ды. 1857 ж. Пе­ровскіге қала мәрте­бесі беріліп, уезд ор­та­лығына ай­нал­ды. 1901–1906 ж.. Орын­бор — Таш­кент темір жо­лы са­лынған тұста қала халқы тез қарқын­мен өсті. 1917 ж. 30 қазан­да (12қара­ша) Кеңес өкіметі Қазақстан­да бірінші бо­лып Пе­ровскіде ор­на­ды. 1922 ж. қала­ның Ақмешіт аты қай­та­рылғаны­мен 1925 жыл­дың сәуірінде Қызы­лор­да деп қай­та өзгертіліп, Қазақ АКСР-нің ас­та­насы­ның мәрте­бесі берілді (1929 жылға дейін).

Қызылорда Қызылорда

Қала­да 1926 жы­лы 13 қаңтар­да Қазақ дра­ма те­ат­ры (қазіргі М. Әуезов ат. Қазақтың мем­ле­кеттік ака­деми­ялық те­ат­ры) ашыл­ды. Ден­са­улық сақтау, білім бе­ру орын­да­ры көбейді.

1938 жы­лы об­лыс ор­та­лығына ай­нал­ды.