Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Орынбор

Орын­бор — қазақ елінің тұңғыш ас­та­насы (1920–1925)

Оренбург Оренбург

Орын­бор (1938–57 ж. Чка­лов) — Ре­сей Фе­дера­ци­ясын­дағы қала, об­лыс ор­та­лығы. 1735 ж. бекініс қамал ретінде қала­нып, аты Ор өзенінің аты­на бай­ла­ныс­ты қойылған. Орын­бор Жайық өзенінің жағала­уын­да ор­на­ласқан Солтүстік ба­тыс бөдігі Сақмар және Жайық өзен­дерінің қосылған қиылы­сына дейін же­теді. 1735 ж. 15 та­мыз­да И. Ки­рилов бас­таған экс­пе­диция Жайықтың сол жақ жағала­уына құяр сағасы­на қала (қазіргі Орск) са­ла бас­та­ды. «Орын­борды» 200 шақырым Жайық ағысы­мен төменірек жер­ден, Қызыл­ту стан­си­ясы­ның іргесі қалан­ды.

Оренбург Оренбург

Жаз ай­ла­рын­да ара­дағы са­уда қаты­насы Жайық өзенінің сол жағала­уын­да жүргізілді. Осы жер­де ірі са­уда алаңы ашы­лып, са­уда са­райы са­лын­ды. Са­уда алаңынын Орын­бордаға және қазақ да­ласы­на қараған екі үлкен қақпа­сы бол­ды. Орын­бор 1868 жыл­дан Ре­сейдің Қазақстан және Ор­та­лық Ази­ямен ара­дағы ірі са­уда ор­та­лығы бол­ды. 1920 жы­лы 4 қазан­да Орын­борда Қазақ өлкесі Кеңес­терінің құрыл­тай съезі өтіп, Қазақ АКСР-і құрыл­ды. Орын­бор 1920–1925 ж. Қазақ АКСР-інің ас­та­насы бол­ды.

Оренбург Оренбург

Қазіргі уақыт­та Орын­бор об­лы­сын­да 120 мыңдай қазақтар тұра­ды. Қазақстан­ның тәуелсіздік алу­ымен бай­ла­ныс­ты об­лыс қазақта­ры «Дос­тық». «Үркер», «Қазақ тілі» және т. б. мәде­ни ор­та­лықтарға бірігіп, өздерінің «Айқап» ат­ты га­зет­терін шығара­ды.

Оренбург