Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Елтаңба (988 - 2007 ҚР СТ)

Елтаңба (988 - 2007 ҚР СТ)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының сипаттамасы

Қазақстан Рес­публи­касы­ның Мем­ле­кеттік Ел­таңба­сы «шаңырақ» (киіз үйдің жоғарғы күмбез бөлігі) бей­несін білдіреді.

«Шаңырақтың» та­баны «шаңырақтың» ор­та бөлігінен күн сәулесі түрінде бір-бірінің ара­сын­да 72 да­надан та­рай­тын «уықтар­мен» (тіре­улер­мен) түзілген қима ко­нус­пен ілес­кен. Ел­таңба­ның жоғарғы бөлігінде, қиылған ко­нус­тың бүйір бетіне көлемді бес бұрыш­ты жұлдыз ор­на­ласқан.

«Ке­реге» (киіз үй тұлғасы) – айқасқан сәулелі эле­мент. «Ке­реге» «шаңырақ» та­баны­на сим­метри­ялы ор­на­ласқан.

«Шаңырақтың» ор­та бөлігі – жар­ты шар­ды көмке­ретін сыртқы және ішкі сақина­дан тұра­ды.

«Бо­саға» — бұл киіз үйдің ал­дыңғы шығыңқы бөлігі, ел­таңба­да керт­пеш эле­мент­тер­мен бірге төменгі бөлек­те ор­на­ласқан.

«Бо­сағаның» ор­таңғы бөлігінде көлемді мәтін — «Қазақстан» де­ген сөз ор­на­ласқан, қарпі – ке­сек, мәтін ас­тындағы фон – фак­ту­ралық.

«Бо­сағаны» сим­метри­ялық ор­на­ласқан көлемді-құры­лым­дық «қошқар­дың» бас бөлігінің стиль­ден­ген эле­мент­тері көмке­реді, олар Мем­ле­кеттік Ел­таңба шеңберінен тыс шығары­лып орын­далған және «жел­бау» тас­па­лары «шаңырақтың» сыртқы сақина­сынан төмен түсірілген.

«Тұлпар­лар» «шаңырақтың» екі жағынан сим­метри­ялы ор­на­ласқан мифтік қанат­ты тұлпар­лар. Ел­таңба­ның бұл құрам­дас эле­менті тұлпар тұлғасы­нан, мүйізі, қана­ты мен «тұлпар жа­лынан» тұра­ды.

Мәлібеков Ж Уалиханов Ш.Қабыл­данған күн: 1992 жылғы 4 ма­усым.

Рес­ми тұса­уы кесілген күн: 1992 жылғы 6 ма­усым, Ал­ма­ты қала­сы.

Ав­торла­ры: Мәлібе­ков Ж., Уали­ханов Ш.