Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Ту (989 - 2008 ҚР СТ)

Ту (989 - 2008 ҚР СТ)

	Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ТуМем­ле­кеттік Ту — ор­та­сын­да шұғыла­лы күн, оның ас­тында қалықтап ұшқан қыран бей­не­лен­ген тік бұрыш­ты көгілдір түсті ма­та. Ту­дың са­бының тұсын­да ұлттық өрнектік жо­лақ түрінде нақыш­талған.

Ту­дың ені мен ұзын­дығының арақаты­насы — 1:2.

Шұғыла­лы күннің, қыран­ның және ұлттық өрнек бей­не­лен­ген тік жо­лақтың бей­несі ал­тын түсті.

Біріңғай көгілдір түс төбе­дегі бұлтсыз ашық ас­панның биік күмбезін елес­те­теді. Бұлтсыз көк ас­пан бар­лық ха­лықтар­да әрқашан­да бейбітшіліктің, ты­ныш­тық пен жақсы­лықтың ны­шаны болған. Ежелгі түрік тілінде «көк» сөзі ас­пан де­ген ұғым­ды білдіреді. Көктүс түркі ха­лықта­ры үшін қаси­етті ұғым. Ту­дағы көгілдір түс Қазақстан халқының жаңа мем­ле­кеттілікке ұмтылған ни­ет-тілегінің, та­залығының, асқақтығын көрсе­теді деп қоры­туға бо­лады.

Нұрға ма­лынған ал­тын күн ты­ныш­тық пен бай­лықты бей­не­лейді. Күн — қозғалыс, да­му, өркен­де­удің және өмірдің белгісі. Күн — уақыт, за­мана бей­несі. Қана­тын жайған қыран құс бар нәрсенің бас­та­уын­дай, билік, ай­бын­ды­лық бей­несі. Ұлан бай­тақ кеңістікте қал­фықтаған қыран Қазақстан Рес­публи­касы­ның еркіндік сүйгіш асқақ ру­хын, қазақ халқының жан дүни­есінің кеңдігін паш етеді.

Ниязбеков Ш.Қабыл­данған күн: — 1992 жылғы 4 ма­усым.

Рес­ми тұса­уы кесілген күн: — 1992 жылғы 6 ма­усым, Ал­ма­ты қала­сы.

Ав­торла­ры: Шәкен Ни­яз­бе­ков.