Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Күнтізбе

Б. з. б. VII – VI ғасыр­лар Қазақ жерінде тай­па­лық одақтар­дың құры­луы.

Б. з. б. IX – VІ ғғ. — сақ тай­па­лары мәде­ни­етінің ер­те ке­зеңі.

Б. з. б. VI­II – VII ғғ. — көшпелілердің Иш­па­кай­дың, одан соң оның ұлы Пар­тутдың бас­шы­лығымен Ас­си­рия, Еги­пет ел­деріне жо­рығы.

Б. з. б. VII – V ғғ. — Ор­та­лық Азия сақта­ры мәде­ни­етінің гүлде­нуі

Б. з. б. V ғ. — «Есік» қорғаны

Б. з. б. VII – I ғғ. — Ор­та­лық Қазақстан да­лала­рын­дағы «Тас­мо­ла» мәде­ни­еті

Б. з. б. 530 жыл – Ахе­менидтік пат­ша Кирдің сақтарға қар­сы жо­рығы. Кирді Сыр бойын­да То­миристің өлтіруі.

Б. з. б. 519 -518 жж. — Ахе­менид әулетінен шыққан қол­басшы I Да­рий пат­ша сақтар еліне жо­рыққа шықты.

Б. з. б. 500 жыл – Ха­овар­га сақтар және да­халар грек- пар­сы соғыс­та­рына пар­сы­лар жағын­да қатыс­ты.

Б. з. б. 340 жыл – Фи­липп пат­ша Сақ бас­шы­сы Атей­мен соғысып, 20 мыңға жуық жылқыны қолға түсірді.

Б. з. б. 330 – 327 жж. — Алек­сандр Ма­кедонс­кий Да­рийді жеңіп, Сыр­да­рияға дейін жетті және көшпелілер­ден жеңіліске ұшы­рады.

Б. з. б. 325 жыл – Мас­са­гет­тердің ауыр ат­ты әскері Ма­кедонс­кийдің Ин­дияға жо­рығына қатыс­ты.

Б. з. б. 238 жыл – Ар­ша­кид­тер (да­ялар) Иран­да жаңа им­пе­рия – Пар­фян пат­ша­лығын құрды.

Б. з. б. IV ғғ. – б. з. III ғ. — Ғұндар­дың тай­па­лық бірлестігі

Б. з. б.XI­II- III ғғ. — Ғұндар та­рихы­ның аңызға ай­налған ке­зеңі.

Б. з. б. 205 – 202 жж. — Ор­та Ази­ялық көшпелі тай­па­лар­ды біріктіру үшін Мөденің күресі.

Б. з б. 200 жыл – Қытай им­пе­рато­ры Гао-Дидің ғұндар еліне жо­рығы және оның Бай­тен та­ула­рын­да жеңіліске ұшы­ра­уы.

Б. з б.190–176 жж. — б. з б. 165 жы­лы Мөденің мұра­гері Ла­ошань шаньюй юеч­жи­лер қол­басшы­сымен қоса өлтірілді, аман қалған­да­ры Ор­та­лық Азияға көшіп, Ку­шан пат­ша­лығын құрды.

Б. з б. 188 жыл – Хун­ну­лар (ғұндар) мен Қытай ара­сын­дағы соғыс Қытай әскер­лерінің жеңілуімен аяқтал­ды.

Б. з б.133 жыл – Ғұн – Қытай соғыс­та­рының жаңа ке­зеңі

Б. з б.90 жыл – 70 мыңдық Қытай ар­ми­ясы Ян­жинь қала­сының жа­нын­да жеңілді.

Б. з б. 71 жыл – Көшпелі ха­лықтар – дин­линдер, үйсіндер, уху­ань­дар ғұндар­дың үстемдігіне қар­сы шықты.

Б. з б. 48 жыл – Им­пе­ри­яның оңтүстікке және солтүстікке бөлінуі.

Б. з б.I ғ. — ғұндар­дың Ба­тысқа қарай жыл­жи бас­та­уы.

Б. з-дың.367 – 566 жж. — ақ ғұндар им­пе­ри­ясы­ның өмір сүру уақыты

Б. з-дың 375- 376 жж. — ғұндар гот тай­па­ларын жеңіп, Рим им­пе­ри­ясы­ның ше­кара­лары­на қарай жыл­жы­ды.

Б. з-дың 375–469 жж. — Ба­тыс ғұн им­пе­ри­ясы­ның өмір сүрген уақыты.

Б. з-дың 437 жы­лы — ғұндар Ба­тыс Еуро­па аумағына жо­рықтар жа­сады.

Б. з-дың 453 жы­лы — Ат­ти­ланың (Еділ) қай­тыс бо­луы

Б. з б. III-II ғғ. — б. з. V ғ. — Үйсін мен Қаңлы бірлестіктері

Б. з б. 177 жыл – Үйсіндер өз мем­ле­кетін құрды.