Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Анақарыс

Анақарыс

Ана­хар­сис: ша­мамен жыл қайыру­ымыз­дан бұрынғы 620–555 жыл­да­ры өмір сүрген. Аты аңызға ай­налған да­ла да­ныш­па­нының нақты өмірба­яны ту­ралы де­рек­тер сақтал­маған. Тек Ди­огеннің мәліметі бойын­ша, ол ша­мамен біздің дәуірімізге дейінгі 594-жы­лы, «Ар­хонт Эвк­рат­тың тұсын­дағы қырық жетінші Олим­пи­ада өтіп жатқан сәтте Афи­ныға кел­ген». Бұл скиф­тердің Ал­дыңғы Ази­ядан бетін бұрып, ота­нына ора­ла бас­таған кезі. Ал Анақарыс­тың Афи­ныға барғаны анық. Сол кез­де ша­мамен жи­ыр­ма бес жас­та деп ша­маланған­ның өзінде, ол мөлшер­мен б. д. д. 625–620-жыл­да­ры дүни­еге кел­ген. Ал нақты қай жер­де ту­ды, ол жағы белгісіз. Тек әке-ше­шесінің кім болғаны­на қарап ба­рып әлдебір бол­жам жа­сауға бо­лады. Ге­родот­тың ай­туы бойын­ша, «Анақарыс – скиф пат­ша­сы Спар­га­пиптің шөбе­ресі, Ликтің не­мересі, Гнур­дың ба­ласы». Сон­да Анақарыс Спар­га­пип Иш­пақай­дың, Лик Пар­та­ту­аның, Гнур Мәдидің за­манын­да өмір сүрген бо­лып шығады. Анақарыс­тың өзі айтқан­дай, олар­дың өмірі – Ист­ра-Ду­най жағасын­да өткен. Қор­жын-Хер­сон бұғазын­да, Керіш ке­мерінде хан ор­да­сы құрылған. Анақарыс Қоңыр­дың грек әйелінен туған. Анақарыс скиф­терді ата-ба­басы­нан би­леп ке­ле жатқан хан тұқымы. Нағыз қаракөк үзілме­ген тек­тен та­раған. Ше­шесі грек қызы. Сон­дықтан да эл­ла­даның тілін үй­реніп өскен. Өнер­ге, әсіре­се сөз өнеріне ерек­ше құмар­тып, би­лердің ше­шендік ке­лесіне қаты­сып, тыңдап, өзі де билік ай­тып ер жет­кен. Әске­ри тағылым алған. Скиф­тердің әдет-ғұрпын өте жетік білген. Ел іші бейбіт өмірге көшкен соң, не­мере­лес ба­уыры Са­был-Сав­лий хан­дық құрған кез­де жан-жағына үңіліп, дүни­енің сы­рын білмек­ке ұмтылған. Эл­ла­даның шежіреші та­рих­шы­лары­ның, фи­лософ­та­рының, мем­ле­кет қай­рат­керлерінің еңбек­терін өз бетінше оқып, та­нысқан. Ақыры, ұшы-қиыр­сыз скиф да­ласы­нан ат­танған хан­за­да әрі ділмар ше­шен Анақарыс Қоңырұлы «әлемнің жеті ғұла­масы­ның бірі» — Со­лон­ды іздеп, жыл қайыру­ымыз­дан бұрынғы 594-жы­лы не 568-жы­лы Эл­ла­да еліне бет ал­ды. Ге­родот­тың жа­зуы бойын­ша, «Эл­ла­далықтар­дың өнер-білімін үй­реніп ке­лу үшін Анақарыс­ты Эл­ла­даға жібер­ген адам скифтің пат­ша­сы» көрінеді. Ділмар­лық толғаула­рын­да ке­мемен жүзген­дерін жиі ес­ке алып оты­ру­ына қараған­да, Анақарыс бос­порға дейін салт ат­пен келіп, одан әрі қарай Афи­ныға ке­мемен са­пар шек­кен тәрізді. Қасы­на жол­серік те, күтуші де ерт­пе­ген. Өз күшіне сеніп шыққан. Се­бебі, ол за­ман­да көшпелілер көсемінің мұра­гері жігіт шағын­да қол бас­тап, елінің іргесін бекітіп, жа­уын­герлік өнерін шайқас­та сы­намай, алыс са­парға шықпаған. Сон­дықтан Анақарыс та әске­ри өнердің қыр-сы­рын жетік білген. Оған әйгілі фи­лософ Ди­огеннің: Скиф Анақарыс Гнур­дың ұлы және скиф пат­ша­сы Ка­ди­уд­тың ба­уыры еді; оның ше­шесі грек қызы, сон­дықтан да ол екі тілді де білетін. Ол скиф­тер мен эл­линдықтар­дың дәстүрі, өмірді жеңілде­тудің жол­да­ры ту­ралы жаз­ды және әске­ри ай­ла-тәсіл жөнінде сегіз жүз өлең шығар­ды. Ерек­ше ше­шендігімен көзге түсті, «скифтік сөй­леу мәнері» де­ген мәтел оның осы қаси­етіне бай­ла­ныс­ты қалып­тасқан" де­ген сөзіндегі әске­ри өнер қақын­дағы пікірі дәлел бо­лады.

Анақарыс­тың туған ана­сының төркініне де­ген құрметі ба­ла кезінен қалып­та­сып, оның да жүрегін қытықтап, сол елді көрсем-ау де­ген ар­манмен ер жетті. Кім нағашы жұртын жек көрсін. Анақарыс­тың нағашы жұрты оны сы­на­удай-ақ сы­нап бағып­ты. Се­бебі, дәл осы біз ай­тып отырған кез­де Эл­ла­да мен Скиф­тердің өза­ра қарым-қаты­насы он­ша ықылас­ты бол­мапты. Сон­дықтан да Анақарыс­ты нағашы жұрты іш тар­тып, ба­уыры­на бас­ты деп біз ай­та ал­май­мыз. Де­ген­мен де, көшпелілер көсемінің ер ұла­нын Афи­ны қала­сын­да бір адам қуана қабыл­дап, ақыл-кеңес беріп, жөн сілтеп жібе­реді. Ол – Эл­ла­да еліне аты әйгілі емші-бал­гер, қазіргі тілмен айтқан­да, дәрігер, ата-тегі скиф Тоқса­ры (Тоқса­рид) бо­латын. Тоқса­ры мен Анақарыс­тың дос­тығын хат­тап қал­дырған адам жыл қайыру­ымызға дейінгі 180–125 жыл­да­ры өмір сүрген гректің ұлы қалам­гері Лу­ки­ан. Ол осы­нау оқиғаны өзінің «Скиф не­месе қонақ» ат­ты әңгімесінде сон­дай бір жы­лы сезіммен ба­ян­дап бер­ген.

Анақарыс ай­тты дейтін қанат­ты сөздер өте көп. Со­ның көпшілігі сұрақ-жа­уап үлгісінде кез­де­седі. За­ды, Ди­огеннің, Лу­ки­ан­ның, Плу­тарх­тың, Пла­тон­ның, Ге­родот­тың пай­да­ланған ше­шендік сөздерінің дені Со­лон мен Анақарыс­тың еке­уара пікірсайысы­нан алы­нуы мүмкін. Өй­ткені кейбір қанат­ты тіркес­тер олар­дың өза­ра әңгімесінің ішінен ұшы­расып қала­ды. Анақарыс – қаракөктің тұқымы. Хан­за­да. Ал тақ мұра­герінің әрқай­сы­сына же­ке тәрби­еші бөліп, әске­ри өнер­ге, ділмар­лыққа, тапқыр­лыққа жа­сынан ба­улыған.

Анақарыс­тың қаза та­бу­ының се­бебін Ге­родот бы­лай түсіндіреді: «Анақарыс көп елді ара­лады және со­ның бәрінде ол өзінің да­налығымен та­нылып отыр­ды. Ски­фияға қай­тар са­парын­да Гел­леспонт­тан жүзіп өтіп, жо­лай Ки­зик­ке аял­дай­ды. Ки­зиктіктер осы кез­де Құдай-Анаға бағыш­талған мінәжат­ты сал­та­нат­пен өткізіп жа­тыр екен. Анақарыс та құрбан­дық ша­лып: „егер де еліме аман-есен жетіп, денім сау бол­са, он­да осы ки­зик­терден көрген мінәжат дәстүрінің бар­лығын сақтай оты­рып, құрбан­дық ша­лып, түн ішінде сал­та­нат­ты той жа­сай­мын-ау“, — деп ант бе­реді. Ски­фияға жет­кен соң Анақарыс Ги­лея де­ген жы­ныс­ты шатқалға ба­рып жа­сырын­ды. Сөйтіп, қалың ор­манның ішіне ен­дей кірген соң, өзі Ки­зик­те көрген Құдай-Анаға та­быну рәсімін то­лықтай орын­дауға кіріседі. Мой­ны­на Құдай-Ана бей­несі бей­не­лен­ген тұмар­ды тағып, даңғыра­ны дүмбірлетіп қаға жөне­леді. Скиф­тердің біреуі мұны көріп қалып, оны Сав­лий пат­шаға жеткізе қояды. Пат­ша­ның өзі мінәжат рәсімін орын­дап жатқан жер­ге келіп, Анақарыс­тың не істеп жатқанын көзімен көрген соң, қорам­саққа қол са­лып, са­дақпен атып өлтіреді. Мұны­сы оның Эл­ла­да елінде бо­лып, жат жұрттың діни мінәжа­тын кешірме­геннің белгісі.». Міне, Анақарыс осы­лай қапы­да өз ба­уыры­ның қолы­нан қаза та­уып­ты. Соңғы демі үзілер­де ол:

— Эл­ла­да жерінде ақылым мені қорғап еді, ал өз еліме кеп, мен қызғаныш­тың құрба­ны бол­дым, — депті.

Ол хан­за­да боп дүни­еге келді, елін-жұртын сүй­ген және қорғай білген әскер ба­сы боп өмір сүрді, да­ныш­пан фи­лософ, ділмар ғұла­ма ретінде қаза тап­ты.