Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Аттила

Аттила

Еділ (ша­мамен 400, Қара теңіздің солтүстік жағала­уы – 453 / 454) – әйгілі Ғұн им­пе­ри­ясы­ның би­ле­ушісі. Оны Ат­ти­ла деп сол кез­дегі ла­тын тілінде, яғни Рим им­пе­рисы­ның мем­ле­кеттік тілінде атаған­дықтан та­рих­та осы тер­мин қалып­тасты. Алай­да оның есімін әр ха­лық әр түрлі ай­та­ды. Ғұн ор­да­сымен тығыз бай­ла­ныс­та болған гер­ман тай­па­лары тілінде оны Эцель, дат тілінде Ар­та­ла, ис­пан тілінде Ат­ти­ла, қытай тілінде Әтил, қазақ және басқа түркі ха­лықта­рын­да Еділ деп ата­лады. Ат­ти­ла есімінің түбірі Еділ (орыс­ша Вол­га) өзені аты­мен бай­ла­ныс­ты. Ат­ти­ла ата­лары билік ет­кен ғұн тай­па­лары­ның Ба­тысқа жо­рығы (ІҮ ғ.)ха­лықта­рының ұлы қоныс ауда­ру­ының бас­та­лу­ына түрткі бол­ды.

434 ж. Ғұн им­пе­ри­ясы­ның ко­ролі Руғила өлген­де мем­ле­кет би­лигі оның не­мере інілері Бле­да мен Ат­ти­ла қолы­на тиді. 10 жыл­дай ол билікті не­мере ағасы Бле­демен бөлісіп, 445–453 жж. жалғыз өзі билік етті. Ат­ти­ла шайқас­та­рының та­рихы оның аса да­рын­ды қол­басшы болған­дығын та­ныта­ды. 443, 447–448 жж. Ат­ти­ла әскері қаут­ты Шығыс Рим им­пе­ри­ясы­на жо­рық жа­сап, оны тізе бүктірді. 452 ж. Мүмкіндігі бо­ла тұрса да Рим қала­сын қира­тыға бар­ма­ды, тек са­лық жи­нап кері қай­тты. Ат­ти­ланың үлгісі жал­пы адам­заттық өрке­ни­етті оты­рықшы ха­лықтар ғана емес, Ор­та Ази­яның көшпелілері де жа­сағаның айқын көрсетті. Еділ пат­ша­сының кезінде Ғұн им­пе­ри­ясы­ның жоғарғы са­тысы­на жетті. Бұл им­пе­рия Ев­ро­паны Рим үстемдігінен азат етті, құл иеле­нушіліктің жойылу­ына әсерін тигізді. Ат­ти­ла билігі тұсын­да ғұндар­да әске­ри де­мок­ра­ти­ялық құры­лыс нығай­ды. Олар Ев­ро­паның тұрғылықты ха­лықта­рын жа­улап алып, қала­лар­ды бағын­дырғаны­мен өздерінің көшпелі қал­пын бұзған жоқ. Бұрын жеңіліс көрме­ген Ат­ти­ла қай­тыс болған­нан кейін ғұн тай­па­лар одағы ыды­рап. Та­рап кетті. Ат­ти­ланың де­несі Тис­са өзенінің ара­сына жер­ленген. Ай­бын­ды ғұн көсемі Ев­ро­паның көпте­ген ха­лықта­рының фоль­кло­ры мен жаз­ба әде­би­етінің кейіпкері бо­лып мәңгілік сақта­лып қалған.