Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Бумын қаған

Бумын қаған

Түрік қаған­дығының та­рих са­хана­сын­да пай­да бо­луы Бу­мын қаған­ның есімімен тіке­лей бай­ла­ныс­ты. Ха­лық ара­сын­да оны «Ел қаған» не­месе «Иль қаған» (бірінші қаған) деп атаған, бұл «Бүуіл ел пат­ша­сы» бо­лып ауда­рыла­ды.

Бу­мын қаған (? -552 ж.)-түркілердің өздері «Мәңгі ел» деп атаған әйгілі Бірінші Шығыс Түркі қағана­тының негізін қала­ушы та­рихи ұлы тұлғалар­дың бірі. Оның алғаш та­рихқа та­нылуы түркі еліне Ба­тыс Вей им­пе­ри­ясы­ның елшілерінің кел­меуімен тіке­лей бай­ла­ныс­ты. Бұл кез­де түркі елі Жы­ужән қағана­тының құра­мын­дағы, со­ларға темір кенін өндіру­мен ай­на­лыса­тын бо­дан ел бо­латын. Бу­мын­ның бұл кез­дегі ла­уазы­мы- ұлы йабғу (да­иеху). Оған ол түркі елінің бас­шы­сы болған әкесі Ту (Ту­ву) өлген­нен кейін, мұра­герлік жол­мен ие бол­ды.

Кезінде хат­та­лып, қағаз бетіне түспе­гендіктен, Ба­тыс Вей им­пе­ри­ясы­ның елші кел­генге дейінгі түркі елінің де, оның бас­шы­сы Бу­мын­ның да та­рихы белгісіз. Сон­дықтан да бо­лар та­рих­шы­лар ор­тағасыр­лық түркілердің та­рихын, шарт­ты түрде, осы елшілер ке­ген да-тун жыл­на­масы­ның он бірінші жы­лынан, яғни 545 жыл­дан бас­та­лады.

Те­ле ру-тай­па­лары­мен Бу­мын қаған­ның қол ас­ты­на біріккен түркілер сол кез­де өздері тәуелді бо­лып отырған жу­ань-жу­ань­дарға қар­сы шықты.

Түркілер 552 жы­лы Бу­мын қаған­ның бас­шы­лығымен жу­ань-жу­ань­дар­ды тас-талқан етіп жеңді. Бұл соғысқа түркілердің жу­ань-жу­ань­дар­дың қол ас­ты­нан шығу жо­лын­дағы та­лап­та­ры се­беп болған еді. Олар­дың ара­сын­да аса қуат­ты аши­на тай­па­лары да бар еді.

545 жы­лы елші келіп, оның мақса­ты- түркілерді Ба­тыс Вей им­пе­ри­ясы­ның бақта­ласы Шығыс Вей им­пе­ри­ясы­ның одақта­сы бо­лып отырған Жы­ужән мем­ле­кетіне қар­сы қойып, қар­сы­лас­тар күшін әлсіре­ту әрі олар­ды күрес­те өздерінің жақта­сы­ету бо­латын. Бу­мын­ның аса ірі са­ясат­кер, көрген бас­шы екенін та­ныта­тын тұс та, міне, осы кез. Ол алып им­пе­ри­яның ай­дап­са­лына елігіп, биліке та­ласу­шылар­дың қол­шоқпа­рына ай­нал­май, өз са­яса­тын жүргізе білді.

Асы­лы, Бу­мын өзін им­пе­рия қол­дай­ды екен деп, аңда­усыз аяқ ба­судың апатқа ұрын­ды­рарын мейлінше ұққан сақ жан. Жыл­на­малар жеткізген тап­шы де­рек­тер осы­ны дәлел­дейді. Ол Ба­тыс Вей секілді им­пе­ри­яның қол­да­уын пай­да­ланыпқалайын деп, бірден атқа қон­бай­ды. Ба­тыс Вейдің елшісі кет­кеннен кейін оларға өзінің елшісін жіберіп, бар жағдай­ды өз адам­да­ры арқылы то­лық біліп ала­ды. Күрес­те көмек­те­седі де­ген им­пе­ри­ясы­ның өз көмегіне зәру мүшкіл хәлін көреді. Азат­тық күресінде тек өз күшіне ғана сүйену ке­ректігін, қазіргі жағдай­да қыз­дырма­ның тіліне еріп, қар­сы шыққаны­мен, дәуірлеп тұрған жы­ужәндар­ды жеңуге ша­масы жет­пейтінін түсінеді. Сол се­бепті де ол ешкім күтпе­ген әре­кет­ке ба­рып, жы­ужәндарға қар­сы жо­рыққа ат­танған те­лы тай­па­ларын қол­дау ор­ны­на, оларға то­сын­нан тиісіп, бүкіл елін өз қара­уына қосып ала­ды.

Бұл рет­те «Жыу кіта­бы» («Жы­ушу»): «Осы кез­де (546 ж.) те­лылар жы­ужәндарға қар­сы жа­за жо­рығына шығады. Ту­мын (Бу­мын) өзіне қар­сы тай­па­лар­ды бас­тап, оларға ор­та жол­да бүйірден тиісіп, талқанын шығара­ды. Сөйтіп 50 мың түтіндік бүкіл елін бағын­ды­рады»-де­ген де­рек бе­реді.

Осы­лай­ша еліне ел қосып, жа­уын­герлер са­нын көбейтіп, әске­ри қуатын нығай­тып алған­нан кейін ба­рып, ол жы­ужәндарға қар­сы шығудың әре­кетіне көшеді. Он­да да өзі бірден тиіспей, жы­ужәндар­дың өзін соғысуға мәжбүрлейді. Жы­ужән мем­ле­кетінің би­ле­ушісі Анагүй­ге қызын өзіне әйелдікке бе­руді сұрап, елшісін жібе­реді. Бұл сол кездің дип­ло­мати­ясын­да: «Менің енді сенімен те­резем тең. Менімен са­насуға тиістісің» де­генді білдіретін еді. Бұған, әри­не, Анагүй келісе ал­ма­ды, тас-талқан бо­лып ашу­ланып, Бу­мын­ды ба­лағат­тап, «Сен менің темірші құлым­сың, бұлай істе­уге қалай ба­тылың бар­ды» деп, ар­найы шапқын­шы­сын жібе­реді.

Бу­мын­ның күткені де осы еді. Дәстүр бойын­ша, енді оның қор­ланған жан есебінде не істеймін де­се де еркі бар, ха­лықтың то­лық қол­да­уына ие бо­лады. Осы­ны қап­сыз пай­да­ланған Бу­мын өшпенділікті одан әрі өршіте түсу үшін Анагүйдің шапқын­шы­сының ба­сын алуға әмір бе­реді. Қаған шапқын­шы­сын өлтіру- бұл дағы соғыс ашу­дың бір сыл­та­уы бо­латын.

Ақыры фи-ди жыл­на­масы­ның бірінші жы­лының (552 ж.) бірінші айын­да Хуәй-ху­ан­ның терістігіндегі кең жа­зықта жыу-жәндар мен түркі әскері ше­шуші айқасқа шықты. Осы шайқасқа жеті жыл бойы қапы­сыз дайын­далған Бу­мын ашу­дың же­тегінде асығыс жи­налған жы­ужән әскерінің тас-талқанын шығара­ды. Ой­сы­рай жеңілген Анагүй өзін-өзі жа­рып өлтіреді. Сөйтіп бай­тақ да­лада бір жа­рым ғасыр бойы да­ра билік жүргізілген Жы­ужән қаған­дығы құла­ды. Оның ор­ны­на кейін Ұлы Да­лаға бірне­ше ғасыр бойы үстемдігін жүргізген атақты Түркі қағана­ты ор­на­ды.

Түркілердің елі жи­налып, Бу­мын­ды ақ киізге көтеріп, «Ел қағаны» деп жа­ри­яла­ды. Әйеліне «Ел Білге қатын» де­ген атақ берді. Бірақ Бу­мын қаған өзі ор­натқан қағанат­тың дәуірлеп дүркіре­генін көре ал­ма­ды.553 жыл­дың қозы айын­да өз ажа­лынан қай­тыс бол­ды.