Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Истеми (Істімі) қаған (554-576 ж.ж.)

Истеми (Істімі) қаған (554-576 ж.ж.)

Бу­мын­нан кейін қаған болған, яғни Бірінші Шығыс Түрік қағана­тының екінші қағаны-Істімі оты­рады.

Ең ал­ды­мен, Бу­мын қай­тыс болған­нан кейін інісі Істемінің қаған болғаны шын­дық бол­са, он­да қазіргі та­рих­шы­лар­дың Ес­те­ми, Істе­ми, Ис­те­ми есімдерін әркім өз қала­уын­ша құбыл­тып алып жүрген ада­мы Істімі. Егер шы­нымен қазіргі та­рих­шы­лар айтқан­дай, Істімі 572 жы­лы қайтқан бол­са, он­да атақты ағасы­нан кейін жи­ыр­ма жыл өмір сүріп, бүкіл ба­тыс өңірді би­леген, әйгілі Жібек жо­лын қолын­да ұстаған, Иран мен Ви­зан­тия им­пе­ри­ясы­ның іргесін солқыл­датқан атақты қаған ту­ралы қытай та­рих­шы­лары, сөз жоқ, бұлай­ша үнсіз қал­мас еді.

Ис­те­миді Пар­сы де­рек­терінде «Ди­завул» де­се ал, Қытай жаз­ба де­рек­терінде бұл есім мүлде кез­деспейді. Ис­те­ми сол кез­де ағасы­на көмекші бо­лып, бел шеш­пей еңбек етті. Бумн­ның тап­сырма­сымен екі рет Ба­тыс Вей им­пе­ри­ясы­на түрік елшілігінін бас­тап ба­рып, ел ара­сын еп­тестіре білер бітімгершілік, мем­ле­кет мүддесін ұтысқа шығарар са­ясат­керлік қабілетімен көзге түсті. Те­лы тай­па­ларын бағын­ды­руда адам шығыны­на жол бер­мей, қол­басшы­лық ше­берлігін та­ныт­са, Ху­эй-хуаң шайқасын­да ұрыс­ты ұтым­ды ұйым­дасты­рып, қар­сы­лас­та­рының қай­рат көрсе­туіне мүмкіндік қал­дырмай, ел тағды­рын ше­шетін ірі жеңіске жетті. Інісінің ақылы мен қай­ра­тына, ел мүддесіне адал­дығына ри­за болған Бу­мын қаған қалып­тасқан «әке өлсе, таққа ба­ла мұра» дәстүрін бұзып, қағанат тағына осы Істіміні ие етті. Білге қаған­ның Түрік қағана­тының атақты қаған­да­рының ішінен Бу­мын қаған­ның қасы­на Істімінің атын қосып, оны мақта­ныш тұта ай­туы да тегін бол­ма­са ке­рек.

Істімі қаған да билік тізгінін ұзақ ұстап оты­ра ал­маған. Ағасы өлген­нен кейін 5–6 ай­дан соң, «бұл да ауырып қай­тыс бо­лады».

Істімі қаған 576 жы­лы қай­тыс бо­лып, оның ор­ны­на таққа Түрса­наф оты­рады. Ба­тыс бөлігі және жоғарғы бөлікті басқару­шы Қара-Шы­рын. Қаған­да әрі қарай ұзақ жа­угершілік жа­саған билік иелері болған жоқ.