Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Мөде

Мөде

Мөде тәңірқұт, Оғыз қаған (т. ж. б.. — б. з. б. 174) — ғұндар­дың әйгілі би­ле­ушісі. б. з. б. 206 жылға дейін әкесі Тұман тәңірқұттың тірі кезінде 10 мың үйді құрай­тын бірне­ше тай­па­ны басқарған. Қол ас­тындағы ғұндар­дан дайын­дығы мықты әске­ри жа­сақ құрды. Қытай жаз­ба­ларын­да Мөде өзінің әкесін өлтіріп, билікке кел­гені жай­лы ай­ты­лады. Мөде билік ет­кен алғашқы жыл­дардың өзінде-ақ Қытай­дың ше­кара­лық аудан­да­рына жо­рықтар жа­сап, оған күй­ре­те соққы бер­ген. Мөде кескілес­кен күрес­те Хань әулетін ғұндар­дың Ор­достағы көшіп жүретін жер­лерінен бас тар­туға мәжбүр етті. Бұл шарт бойын­ша Хань им­пе­рато­ры Мөде­ге өзінің хан­ша­сын әйелдікке бе­руге және жыл сайын «сый­лық» ретінде са­лық төлеп тұруға міндет­теніп, кейін са­лықты үнемі төлеп тұрды. Шығыс­та Мөде «шығыс ху» тай­па­ларын бағын­дырды, ал оның құра­мына Ке­рулен же­не Онон алқап­та­рын ме­кен­де­ген сянь­би және уху­ань тай­па­лары кіретін еді. Бұл кез­де қазіргі Ко­ре­ядан Ти­бет­ке және Шығыс Түркістан­нан Ху­ан­хэнің ор­та ағысы­на дейін со­зылып жатқан аумақ ғұндар­дың қол ас­тында бол­ды. Б. з. б. 201 ж. Мөде Ал­тай өңірін түгел­дей бағын­дырды. Б. з. б. 177 ж. Мөде юеч­жи­лерді талқан­да­ды. Осы жы­лы Шығыс Түркістан­ды түгел­дей бағын­ды­рып. Үйсіндерді өз қол ас­ты­на қарат­ты. Б. з. б. 174 ж. Мөде өлген соң ор­ны­на ба­ласы Ги­юй "қытай де­рек­терінде Ла­онаь-Шаньюй) отыр­ды. Мөденің есімі түркі ха­лықта­ры ара­сына Оғыз қаған де­ген атпн қалған.