Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Шырақ (558-518 ж.ж. б.з.д.)

Пер­сия жерінде тақ үшін күрес бас­та­лады. Кир өлер ал­дында түс көреді, түсінде елді жа­улап ала­тын Да­рийға жо­лығаты­ны аян бо­лады. Ахе­мен әулетін жеңіп, Да­рий Кирдің ор­нын ба­сады. Жан-жағын жай­пап, бүкіл жерді қуырып, кет­кен жері қуана­тын қал­ге ке­леді.

Да­рий­дың бар­лық жо­рықта­рының ішінде Кир пат­ша­ның ба­сын кесіп, пар­сы­лар­дың бірі қал­май қаза та­буы. Пер­си­яның сүйегіне ба­сылған таңба, бетіне түскен шіркеу бо­латын. «Жеңілмейтін әскер, әлем әміршісі, мәңгілік пат­ша­лық» де­ген лақап та­раған пар­сы пат­ша­лығы әлем­ге әйгілі бо­латын.

Да­рий Кирдің қызы Атоссқа үй­лен­ген еді. Қыз болғаны­мен жа­ны жа­уын­гер әкесіне тартқан бо­латын. Сон­дықтан Атосс әкесінің кегін алу үшін Пар­сы пат­шайымын соғысқа ат­та­ну­ына жол сілтейді. Өзің әлі жас­сың, саған атақ та, даңқ та, ұлы жо­рықтар да ке­рек деп на­мысын қай­рап соғысқа ат­танды­рады. Да­рий скиф­терге жо­рыққа ата­нуды ой­лай­ды.

Та­рих­шы­лар­дың нақты де­рек­терінде Да­рий біздің д. д.522 жы­лы 10 жел­тоқсан күні қызыл қанға ба­тырып, ша­мамен 55 000 адам­ды құрбан­дыққа шалған. Осы соғыс­та мар­ги­ан­дық сақтарға ұлы сақ ор­да­сының жа­сақта­ры да қосы­лып, айқасқа қатысқан. Алай­да жеңіліс тапқан. Әскердің қата­ры кеміп отырған. Сақтар әскер қата­рын ба­тыс­тағы жо­рықтар­мен то­лықты­рып отырған. Да­рий «өлмейтін он мың» деп атаған.

Да­рий сақ еліне жо­рық жа­сауға жос­пар құра­ды. Кирдің бітірмей кет­кен көпір-өткелді қай­та­дан жа­сап, Сыр­да­ри­яның төменгі ағысы­на қарай ба­рып, сақтар­дың ұланғайыр да­ласы­на ал­тын көпір са­лу, әскердің қысы­лып-қым­ты­рыл­май өтуіне жол ашу, азық-түлікпен ке­ме арқылы және құрлық арқылы да қам­та­масыз ету. Ол Кирдің қателігін қай­та­лама­уды ескрді.

518–517-жыл­да­ры ұлы сақ ор­да­сына ат­та­нады. Да­рийдің 300 мыңға жуық нмне­се 700 мың қолы бол­ды де­ген де­рек бар. Да­рий сақтар­дың ба­сын қос­пай бұтар­лап талқан­да­уды ұйғар­ды. Сақтар Омар (Омаргх), Та­мыр (Та­мир), Са­кес­фар үшеуі өза­ра кеңес құра­ды. Да­рий­ге қар­сы шығу жос­па­рын жа­сай­ды.

Бірақ сақ жеріне төтесінен ша­бу­ыл жа­саған Да­рий әскері Скунһа пат­ша­ны қолға түсіріп, оның әскерінің киімін киіп, ке­лесі сақ жа­уын­герлерінің қан­нен қаперсіз отырған үстінен түсіп, бүкіл сақ жа­уын­герлерін қырып са­лады. Осын­дай екі жа­сақтың ой­ран болғанын сақ пат­ша­лары Та­мыр мен Омар және Са­кес­фар үшеуі өза­ра ақыл­да­сады. Осы жер­де Шы­рақ ба­тыр өзінің ба­сын бәйгіге тігеді. Ол өси­ет қал­ды­рады «Ер­кек тоқты құрбан­дық, мен ба­сым­ды қылыш­тың жүзіне төсеймін. Бір өтінішім, ар­ты­ма қалған ба­лала­рым­ды аман-есен сақтап, ас­ты­на мал са­лып бе­ресің, үрім- бұтағым кемістік көрмесін пат­ша ағзам­дар. Пар­сы­лар­ды ел ізіне түсірмей, сілікпесін шығарып еліне қай­та­рам» дейді.

Шы­рақ өмір бойы мал соңын­да жүргендіктен да­ланың ой шұңқырын жақсы білетін. Пат­ша­лар ба­лаңның па­рызын ор­нындай­мыз деп уәде беріп жолға са­лады.

Олар үшін ең бас­ты нәрсе-ұзат­пай өкше­леп ке­ле жатқан Да­рий әскерін елін қан қақсат­пай алып шығу бо­латын.

«Мені осы ара­да тәнімді қылыш­пен тілгілеңде де, жолға тас­тап кетіңдер» деп ақыл беріп, сақ жа­уын­герлерінің жа­сыры­лу­ына жол бе­реді. Сөйтіп Да­рий әскері қан­сы­рап жатқан Шы­рақ пар­сы­лар­дың ал­ды­на өзі шығады. Міне мені қалай қылыш­та­ды мен қай­тсем­де кегімді ала­мын деп жар са­лады.. «Өлме­ген­ге өлі ба­лық кез­де­седі» де­ген­дей. Жа­расы жа­зылған соң Да­рий әскеріне жол көрсе­теді. Олар­дың алған бағытын өзгер­теді. «Құдықтарға у са­лынған, шөптер ді өртеп кет­кен, ол жақта ауыз су жоқ, мен төтесінен бас­тап апа­рамын» деп сендіреді. Қазақтың ми­дай шөл да­ласы­на бас­тап ба­рады. Шы­рақ күн жүреді, түн жүреді, ұзақ жүреді. Да­ланың шеті көрінбейді, жүре-жүре сіле­лері қатып, шығысы, ба­тысы- төрт құбы­ласы түгел жеті күндік жол бо­латын бет­пақ да­лаға алып ке­леді. Пар­сы­лар аш­тан бұра­лып, жол-жол­да қала­ды. Да­рий­дың тағаты та­усы­лып, сенімді қол­ба­сы Ра­нас­бат қылы­шын қына­бынан су­ырып алып, Шы­раққа тұра ұмты­лады. Шы­рақ тәкап­парлықпен Ра­нас­батқа қар­сы қарап: «Жеңіске жетті де­ген осы! Ата жұртым­ды жа­улап ал­мақ бо­лып Да­рий I-пат­ша бас­таған қанқұй­лы жа­уды жалғыз өзім шөлге қамап, ды­мын құртып тұрмын. Төрт жақта­рың бет­пақ да­ла, бас­та­рың ауған жаққа жүре беріңдер. Бірақ ай­тпа­ды де­ме жеті күнге дейін шөл да­ладан көз аш­пай­сыңдар. Аш­тық пен шөл аза­бын көресіңдер. Ал мен­де ешбір ар­ман жоқ. Қаным кіндігім кесілген туған жер­де төгіледі, де­нем осын­да көміледі»-де­ген екен.

Ашуға бу­лыққан Ра­нас­бат қылы­шын жарқ еткізіп, қыл­ша мой­нын Шы­рақтың құмға ұшы­рып түсіреді.

Қай жақтан келіп, қай жаққа ба­рарын білмей дағдарған қалың әскер шөл мен аш­тыққа ұры­нып, шетінен өле бас­тай­ды. Қан­ша­масы ша­лажан­сар көмусіз қала­ды.

Да­рий әскері көк тәңіріне сыйынып, ауыз су сұрай­ды. Сөйтіп жаңбыр жа­уып, әскер жа­уын­герлері тор­сықта­рына су тол­ты­рып аман қала­ды. Да­рий­дың тәңірге сыйынған­да айтқаны енді сақ еліне аяғым­ды ат­тап бас­пай­мын деп, жа­яула­тып еліне ора­лады.

Шы­рақ-ерлік пен елдіктің шы­рағы бо­лады. Өзі үшін өлімнің, елі үшін өмірдің жо­лын жүрді.