Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Томирис

Томирис

Мас­са­гет тай­па­лары­ның хан­шайымы (б. з. б. 531–528) То­мирис ержүрек, ба­тыр бо­лып тәрби­еле­неді. Ге­родот­тың ес­телігінше Пар­сы пат­ша­сы Кир То­мирис­пен соғыс­та қаза болған. Кир пат­ша То­мирис пат­шайым­ды өзіне әйел етіп ал­мақшы өрініп, елшілер жіберді. То­мирис Кирдің өзіне емес елі мен жеріне құда түскелі отырғаның түсініп, оның ұсы­нысын қабыл­да­май­ды. Қулығы іске ас­паған Кир 530 ж. Мас­са­гет­терге ашық соғыс жа­ри­ялай­ды. Кир мас­са­гет­тер жеріне жа­рам­сыз әскерін уланған тағам­дармен қал­ды­рып ке­теді. Мас­са­гет­тер Кир тас­тап кет­кен әскер­ге ша­бу­ыл жа­сап, олар­дан қалған тағам­да­рынан ула­нады. Соғыс­та То­миристің ба­ласы Спар­га­пес тұтқынға түседі. То­мирис ба­ласын бо­сату­ын сұрай­ды. Бірақ, Спар­га­писес ұят­тан өзін-өзі өлтіреді. То­мирис айтқанын тыңда­маған Кир­ге қар­сы ша­бу­ылға шығады. Шайқас­та мас­са­гет­тер жеңіп Кирдің өзі өлтіріледі де, әскерінің көпшілігі қаза та­бады. То­мирис тор­сықты қанға тол­ты­рып, оған Кирдің ба­сын са­луға бұй­рық бе­реді: «Сен қанға құмар­тып едің, енді шөлің қан­сың!» дейді. То­мирис пат­ша өз елінде бұдан кейін де та­лай жыл­дар билік етіп, қара қыл­ды ққақ жарған әділдігімен, да­ныш­пандығымен, көре­гендігімен халқын та­лай таң қал­дырды. Олар өз бас­шы­сы ту­ралы жыр толғап, оның атын жырға ай­нал­дырған. Бұл аңыз жыр­лар То­мирис пат­ша­ның есімі ізін басқан жа­уын­гер әйелдің есімі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, ұлы да­ла ас­па­ны ас­тында ғасыр­лар бойы мәңгі жа­сады.

Ама­зон­ка қыз бо­лып та­рих­та есімі қал­ды. («ама­зон­ка» — салт етқа мініп, қару-жа­рақ асы­нып жүретін әйел­дер.