Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Зарина (558-518 ж.ж. б.э.д)

За­рина (Са­ра) -сақ елінің басқару­шысы­ның қызы. Әске­ри бас­шы Мөрмөрдың әйелі болған. Рок­са­наки қала­сының ең бе­делді қан­шайым­да­ры болған. Бұл қала­шық Сыр­да­ри­яның жағасын­да ор­на­ласып, Сығанаққа қала­сына жақын болған. За­рина­ның өз әскері, жа­сағы болған. Жа­сақ негізінен «ару­лар жа­сағы» құрылған. Сақ заңы бой­нша әрбір 13 жасқа толған қыз­ды әске­ри тәлімгерлікке үй­рет­кен, қыз ба­лаға са­дақ ату­ды, най­за лақты­руды, қылыш­та­суға ма­шықтан­дырған.

Сақ заңы бойын­ша егер қыз жа­уын­гер өзін соғыс­та көрсе­те ал­ма­са, он­да ол қыз ешқашан тұрмысқа шыға ал­май­ды де­ген қатаң тәртіп бар.

Көшпелі ха­лықтың ба­сынан не­ше түрлі жа­угершілік соғыс өткен, сон­дықтан бас­ты мақсат әрбір әйел адам, жа­угершілік кезінде өзін-өзі қорғай білу ке­рек, сон­дықтан ол әске­ри жан-жақты дайын бо­лу ке­рек де­ген са­ясат­пен бәрін де үй­рет­кен.

Соғыс кезінде әйел­дер өз от­ба­сын, жа­уын­гер ер адам­дарды аң аулап, азықпен қам­та­масыз етіп отырған.

Сақ елінің бас­ты жа­уы- пар­сы­лар болған. Соғысқан ел­дердің ха­лықта­ры әбден соғыс­тан жа­лыққан бо­латын, бірақ соғыс тоқтаған жоқ.

За­рина­ның жа­сағы соғыс бол­маған уақыт­та үнемі аң аула­уды әдет­ке ай­нал­ды­рады. Жақын маңда ешқан­дай жырқыш аң бол­маған­дықтан қыз­дар үнемі аңға шығып, алысқа ұзап жүрді. Қыз­дар өздері тұра­тын ме­кен­нен ұзап кетіп аң аулаған­ды жақсы көріп жүрді. Үстірт жерінде құлан­дарды аулап бүкіл ауыл­ды ет­пен қам­тып отыр­ды. Осын­дай бір аң аула­уда За­рина өзінің жа­уын­гер қыз­да­рынан бөлек ұзаққа кет­кенін аңғар­май қала­ды. Құлан­ды қуғаны сон­ша­лық қыз­дардың қай тұста қалғаны За­ринаға белгісіз бол­ды. Осы жер­де жа­удың әскеріне тап бо­лып, За­рина­ны жау әскері ар­ты­нан қуып ұста­мақ бо­лады. Бірақ За­рина­ның аты да өзі де беріспей ұзаққа ша­бады, сақ ба­тырын­ша киінген За­рина­ның ар­ты­нан Ми­ди­яның жа­уын­гері мен пат­ша хан­за­дасы да ар­ты­нан қуа жөне­леді. За­рина аяғынан жа­рала­нады. Ми­диа елінің ха­нының ұлы, өз жа­уын­герлеріне ұстаған ба­тыры­ның ба­сын ша­буды бұйыра­ды. За­рина­ның ба­сын­дағы бас киімі жер­ге ұшып түскен­де, оның ша­шы ұзын, өте сұлу қыз екенін көреді. Осын­ша әйел за­тының ерлігіне таң қалған Ми­дия хан­за­дасы, өз райынан қай­ту­ына мәжбүр бо­лады. Бұл Ме­ди­яның пат­ша­сының ба­ласы жас хан­за­да Стри­ан­гей бо­латын. Ол да өз әскерімен аң аулауға осы тұсқа жа­уын­герлерімен бірге шыққан бо­латын. Осы жер­де аң аулап жүрген За­ринаға күтпе­ген жер­ден кез­де­суі. Ми­дия хан­за­дасы сақ елінің ең әдемі де, көркем сұлу­ына ғашық бо­лады. За­рина да Ми­дия хан­за­дасы­на ғашық бо­лып, өмірде өзінің ізде­ген ұзын бой­лы кең иықты жігітке, бір көрген­нен ғашық сезімі пай­да бо­лады. Олар екеуі тек осын­дай аң аула­уда кез­де­семіз деп өздеріне уәде бе­реді. Екі ғашық ара­сын­дағы кез­де­су екі ел, сақ елі мен Ми­дия елінің ауыз біршілікке ке­луін, бейбіт өмір сүруіне се­бепші бо­лады. За­рина мен Стри­ан­гей бір-біріне ант беріп екі елді бейбіт ұстауға уәде бе­реді.

За­рина сақ пат­ша­сының қызы болған­дықтан мем­ле­кеттік билікке ара­ласуға то­лық қақысы бар бо­латын. Ал күйеуі Мөрмөр тек әскер­ба­сы болған­дықтан оның әмірі тек қол ас­тындағы әскеріне қана же­тетін. Ол тек тұтқынға түскен ол­жа мен тұтқын­дардың тағды­рына төрелік ай­та ала­тын. Елдің ты­ныш­тығы оған ұна­мады. Сон­дықтан сақ да­ласы­ның сыр­тында За­рина­мен тілде­суге кел­ген Стри­ан­гейді қапы­лыс­та қолға түсіреді. Соғысуға дайын тұрса да, Стри­ан­гей За­ринаға бер­ген уәдесінде тұрып, екі елді қырғынға ұшы­рат­пау үшін өз әскерін кері қай­та­руға бұй­рық бе­реді. Мөрмөр жеңіс да­былын қағып, Рок­са­наки қала­сына ба­сын бұра­ды.

Тұтқынға түскен Стри­ан­гейді көріп, За­рина қат­ты уайым­дай­ды. За­рина жігіттің ерлігіне ри­за бо­лады. Мөрмөрге ба­рып Ми­ди­аның адал, ержүрек хан­за­дасы­ның өмірін мен үшін қи деп өтінеді. Сен оны­мен соғысып май­дан­да жеңген жоқсың, райыңнан қайт, еліміздің ба­сына қасірет әкел­ме деп За­рина өтініш ай­та­ды.

Бірақ Мөрмөр бұл келісімге қар­сы бо­лады. За­рина хан­ның бұй­рығы бойын­ша сен қан са­сыған ол­жа­ны ой­ла­саң, мен елдің бе­реке бірлігін, ана мен ба­ланың көз жа­сына қала­мыз, деп ай­та­ды. Бірақ Мөрмөр келіспей қан­жа­рын су­ырып алып, Стри­ан­гей­ге ұмты­лады, За­рина өзін қорғай­тын жа­сақта­рына Мөрмөрді ұста­уды бұйыра­ды, осы жер­де Мөрмөр қаза бо­лады. За­рина: «-Бүкіл бір елді қан­сы­ратып, мағана­сыз соғыс­та құрбан болған­нан гөрі, өзін ұстай ал­май­тын до­лы әскер­ба­сының қаза­сы әлдеқай­да жеңіл. Ол менің күйеуім, бірақ елімнің аман­дығы мен үшін одан да қым­бат! Ми­ди­аның хан­за­дасын бо­сатыңдар!»дейді.

Стри­ан­гейді тұтқын­нан бо­сатып, қашан әл-қуатын жиған­ша күтеді.

Хан­за­да еліне ке­тер­де "адал ма­хаб­ба­тымыз­дың белгісі бол­сын, екі пат­ша­лықты біріктіріп, бір ел бо­лайық, қосы­лайық "дейді.

За­рина ке­лер жы­лы жа­уабын аңға шыққан­да бе­ремін деп, хан­за­даны еліне қай­та­рады.

За­рина ке­лер жы­лы Ми­ди­аның ше­кара­сына жақын­даған­да Стри­ан­гей көрінеді. Екі әскер де бір-біріне бет­пе бет келіп тоқтай­ды. За­рина өзінің пат­ша­лық тәжін ки­генін көген­де, Стри­ан­гейдің жүрегі мұздап са­ла берді.

За­рина «-Ар­мы­сың, сүйіктім Стри­ан­гей! Мен дүни­еде се­нен басқа адамға жүрегімнен орын бер­генім жоқ. Мен сені шы­нымен жақсы көрем. Бірақ сен еке­уміз қосы­ла ал­май­мыз. Се­бебі, мен саған тұрмысқа шықсам, сен-хан, мен ха­ным бо­лам. Менімен қоса елім де саған бағыныш­ты бо­лады. Сон­дықтан же­ке ба­сым­ның бақытын елімнің еркіндігіне айыр­бастай ал­май­мын. Таққа ие бо­лар аға-іні бер­ме­ген тағдырға на­лиық. Ма­хаб­баттан да күшті нәрсе бар, ол- елімнің тәуелсіздігі. Қош сүйіктім!»де­ген­де екеуінің де көзінен ыс­тық жас ыр­шып ке­теді.

Бұл сөзді естіп тұрған екі жақтың да әскері ауыр күрсінеді.

«-Біздің ма­хаб­ба­тымыз еліміздің та­тулығының белгісі бол­сын! Қош За­рина!»-деді Стри­ан­гей.

Екі жақтың да әскері өз ел­деріне қарай кері бұры­лады.

Бұл За­рина­ның же­ке ба­сын бақыт­сыз ету арқылы еліне әпер­ген бақыты еді!

Сүй­гені үшін қосағын құрбан­дыққа қиған, бірақ халқы үшін сүйіктісінен де бас тартқан сақ қызы За­рина біз үшін ару­лар­дың тәңірісі де, тәкап­па­ры да, үлгісі де бо­лады, бо­ла да бер­мек!