Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Тарихи хроника

Сақтар

Ар­хе­оло­ги­ялық мәлімет­тер бойын­ша сақ тай­па­лары Қазақстан аумағын б. з. б. VII-IV ғғ. ме­кен­де­ген. Сақ тай­па­лары әр түрлі аталған. Сақтар­ды ежелгі грек ав­торла­ры «Ази­ялық скиф­тер», пар­сы ес­керткіштерінде «Құдіретті ер­кектер», Иран жаз­ба­ларын­да «Жүйрік ат­ты тур­лар» деп атаған. Сақтар­да негізінен әске­ри қоғам бол­ды. Сақтар­дың эт­номәде­ни аре­алы­на көпте­ген тай­па­лар кіреді. Олар­дың нақты са­нын белгілеу мүмкін емес, грек де­рек­терінде – да­илар, мас­са­гет­тер, ис­се­дон­дар, т. б., пар­сы де­рек­терінде – сақ-ха­омо­вар­га, сақ-тиг­ра­ха­уда, сақ-па­рада­райа деп ата­лады.

Сақ тай­па­лары­ның қоныс­та­нуы

№  Сақ топ­та­рының аты Ме­кен­дері
Теңіздің арғы жағын­дағы сақтар (па­рада­райа) Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңын­да, Сыр­да­рия мен Әму­дари­яның төменгі ағысын­да
Шо­шақ бөрік ки­етін сақтар (тиг­ра­ха­уда) Сыр­да­ри­яның ор­та ағысы, Тянь- Шань­да, Жетісу­да
Ха­ома су­сынын дайын­дай­тын сақтар (ха­ума­вар­га) Мур­габ аңғарын­да өмір сүрді

Сақтар­дың ант­ро­поло­ги­ялық типі еуро­пе­оид­ты бол­ды. Со­нымен қатар моңғоло­ид­тық эле­мент­тердің етек жа­юы күшейді. Ба­тыс Қазақстан­дағы сав­ро­мат-сар­маттар сақтарға ту­ыс­тас келді.

Сақтар­дың қоғам­дық құры­лысы. Алғашқы қауым­дық қаты­нас­тар ыды­рап, әске­ри де­мок­ра­тия құры­лысы­ның пай­да бо­ла бас­таған ке­зеңі.

Бүкіл тай­па мүше­лері сай­лаған тай­па көсемі – бас қол­басшы бол­ды. Олар тай­па­ны да басқарып отыр­ды. Әр көсем өз тай­па­сының қару­мен, азық-түлікпен қам­та­масыз етілуін қадағала­ды, тай­па аты­нан келіссөз жүргізіп не­месе келісімге келіп отыр­ды. Тай­па одақта­рының көсем­дері ру мен тай­па ара­сын­да жайылым және көшу­ге қажетті жер бөлу ісімен ай­на­лысып, осы жер­лерді пай­да­лану ере­жесін анықта­ды. Со­нымен қатар олар жер да­уын шешіп, ру­лар мен тай­па­лар ара­сын­да қақтығыс ту­ып кет­пеуін қадағала­ды. Сақ әйел­дері қоғам­дық өмірге бел­се­не қатыс­ты және ер­кектер­мен бірге соғыс­ты. Тіптен олар­дың кейбіре­улері тай­па көсем­дері бо­лып та сай­лан­ды

Әске­ри де­мок­ра­тия тап­тық қоғамға өту ке­зеңі бол­ды. Де­мек, сақтар мем­ле­кет құру ісінің та­бал­ды­рығын­да тұрды. Бұл құбы­лыс оты­рықшы ха­лықтарға қараған­да, көшпелілер­де кешірек пай­да бол­ды.

Сай­ла­нып қойылған көсем­дердің қолы­на аза­мат­тық және әске­ри билік шоғыр­ланды, әске­ри жа­сақтар құрыл­ды. Сақ бірлестігін хан басқар­ды. Әрбір тай­па бірлестігің өз ха­ны бол­ды. Хан мұра­герлік жол­мен сай­лан­ды. Егер хан өлсе, оның ор­ны­на ұлы, ал кәме­лет­ке тол­маған не­месе мүлде бол­маған жағдай­да хан­ның ең сенімді әйел­дерінің бірі ел басқар­ды.

Хан ел­ба­сы, ел мен жердің иесі, бас қол­басшы са­налған. Хан­ның жа­нын­да ірі-ірі тай­па бас­шы­лары және әйгілі ба­тыр-қол­басшы­лар­дан тұра­тын хан кеңесі жұмыс атқарған.

Маңызы бар мәсе­лелер ха­лық жи­налы­сын­да талқыла­нып, оған әйел­дер де қатыс­ты. Малға же­ке меншік пай­да бол­ды. Соғыс негізінен тай­па көсем­дері үшін пай­да­лы еді. Осы­лай мүлік теңсіздігі шықты. Тұтқын­дар құлға ай­нал­ды­рылып, үй ша­ру­ашы­лығын­да жұмыс істеді. Бұл ке­зеңдегі құлдар­дың көбі ер адам­дар бол­ды.

Сақ қоғамын­да өмір сүрген адам­дардың үш то­бы ерек­ше­ленді: жа­уын­герлер, абыз­дар және басқа қауым адам­да­ры (мал­шы­лар мен егіншілер). Әрбір қоғам­дық топ­тың дәстүрлі өз түсі бол­ды. Жа­уын­герлердікі – қызыл, абыз­дардікі – ақ, өзге­лердікі – са­ры және көк.

Ша­ру­ашы­лығы. Сақтар, негізінен, мал ша­ру­ашы­лығымен ай­на­лыс­ты. Мал ша­ру­ашы­лығының 3 түрі бол­ды:

  1. көшпелі мал ша­ру­ашы­лығы Ба­тыс және Ор­та­лық Қазақстан­да өріс ал­ды.
  2. қыс­тық және жаз­дық қоныс­тарды қажет ететін жар­ты­лай көшпелі мал ша­ру­ашы­лығы — Ал­тай, Тянь-Шань та­ула­рын­да, Жетісу, Шығыс Қазақстан­да көп та­рады.
  3. оты­рықшы мал ша­ру­ашы­лығы (жар­ты­лай егіншілікпен ай­на­лысқан). Ша­ру­ашы­лықтың мұндай түрі Оңтүстік Қазақстан­дағы Сыр­да­рия, Ке­лес, Шу өзен­дерінің аңғарын­да да­мыды. Сақтар жылқы, қой, түйені өте көп өсірді, ал ірі қара (си­ыр) са­ны аз бол­ды.

Сыр­да­рия өзенінің аңғарын­да егін ша­ру­ашы­лығымен ай­на­лыс­ты. Би­дай, та­ры, қара­бидай өсірді. Егінді ка­нал арқылы су­ар­ды.

Сақ за­манын­да доңғалақты көлік түрлері да­мыған. Мұндай ар­ба­ларға өгіз, ат және түйелер жегілген. Соғыс және аңшы­лыққа ар­налған күй­ме­лер, негізінен, екі доңғалақты болған. Сақ тай­па­лары қосалқы кәсіп ретінде аңшы­лықпен және ба­лық аула­умен ай­на­лысқан.

Сақтар­дың өнері мен са­уда­сы. Сақтар­да кейіннен қолөнер мен са­уда да­ми бас­та­ды. Ше­бер­лер ер-тұрман, әше­кей, най­за, сем­сер, қан­жар т. б. жа­саған.

Қолөнер жақсы да­мыды. Мыс, ал­тын, күміс, қорғасын т. б. ме­тал­дарды көп пай­да­ланған. Со­нымен қатар теріден, ағаш­тан, қыш­тан ыдыс­тар жа­саған.

Сақ тай­па­лары Сібір, Еуро­па, Ал­тай және Шығыс ел­дерімен бай­ла­ныс жа­сады. Са­уда Жібек жо­лы және б. з. б. 1 мыңжыл­дықтағы «Да­ла жо­лы» арқылы да­мыды.

Сақ жа­уын­герлері. Пат­ша­лар жа­уын­герлер то­бынан шықты.

Сақ жа­уын­герлерінің ерлігі ту­ралы көпте­ген де­ректі әңгіме­лер бар.

Сақтар б. з. б. 519–518 жыл­да­ры пар­сы­лар­мен соғысып, I Да­рийдің әскеріне қар­сы ерлікпен шайқаса­ды. Сақтар пар­сы­лар­мен бірге Гре­кия, Еги­пет жеріндегі соғысқа қаты­сады.

Сақтың әйел пат­ша­сы То­мирис пар­сы пат­ша­сы Кирдің әскерін жеңген. То­мирис адам қаны тол­ты­рылған мес­ке Кирдің ба­сын са­лып тұрып: «Аңсағаның қан бол­са, ал енді іш!» — деп ай­та­ды.

Б. з. б. IV ғ. Алек­сандр Ма­кедонс­кийдің Ор­та Азия жеріне жо­рығы бас­талды. Ол б. з. б. 330–327 жыл­да­ры Сыр­да­ри­яның сол жағын­дағы өңірлерді түгел­ге жуық ба­сып алып, Шеткі Алек­санд­рия қала­сына са­лады.

Алек­сандр Ма­кедонс­кий шығыс­ты жа­улап ала­ды, бірақ Сыр­да­ри­яның оң жағын­дағы сақтар­дан жеңіледі.

Мәде­ни­еті. Б. з. б. VII ғ. Ба­тыс Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еуро­паның оңтүстігіндегі да­лалы ай­мақтар өнерінде аңдық стиль пай­да бол­ды. Оның бас­ты тақыры­бы аңдар мен аңыз­дардағы құбы­жықтар­ды су­рет­теу еді. Мұндай бей­не­лер­мен қола қазан­дар, әр түрлі құрбан­дық зат­та­ры, қару-жа­рақтар, ат әбзел­дері мен киімдер әше­кей­ленді.

«Аңдық стиль» өнері оңтүстік дәстүрінің ықпа­лымен қалып­тасты. Оны­мен сақтар Ал­дыңғы Азия мен Иранға жа­саған жо­рықта­рын­да та­ныс­ты. Осы жер­лерден сақтарға «өмір ағашы» дейтін арыс­тан бей­несі та­рады.

Еура­зия көшпелілері да­мудың ұзақ жо­лынан өтті. Олар­дың бай фоль­кло­ры бол­ды. Ми­фоло­гия – әлем, оның құры­лымы ту­ралы күрделі түсінік бо­лып та­была­ды.

Сақтар та­биғат күштері – күнге, жел­ге, күннің күркіреуіне, най­зағайға та­бын­ды. Бұлар­ды құдай­дың ісі деп са­нады. Сақтар­дың түсінігі бойын­ша, құдай әр түрлі жа­ну­ар­лар бей­несінде өмір сүрді.

«Аңдық стиль» өнерінің негізі – ежелгі аңыз­дарда сақталған, адам­ның әр түрлі жа­ну­ар­лардан шыққан­дығы ту­ралы түсініктер­мен бай­ла­ныс­ты. Адам өз тегін та­биғат­пен бай­ла­ныс­ты­рып, өздерін со­нын бөлшегі деп есеп­теді. Әрбір ру тай­па­ның шыққан тегі: бұғы, қасқыр, арқар, жол­ба­рыс, да­ла бүркіті т. б. аңдар бо­лып есеп­теліп, сон­дықтан аң бей­не­лері бар зат­тар қаси­етті тұмар не­месе бойтұмар са­нал­ды.

Қару-жа­рақтағы аң бей­несі шайқас кезінде жа­уын­герге рух беріп, оқ да­рыт­пай­ды, жеңіске бас­тай­ды деп сенді.

Көркемдік шығар­ма­шылықтың бұл түрі да­мудың шегіне жетіп, III-II ғғ. шы­найылық негізін жоғал­тып, ою-өрнектік кескінге ай­нал­ды.

Сақтар­дың әлемнің құры­лымы ту­ралы да айқын түсінігі бол­ды. Олар үш әлем: жер асы әлемі (төменгі), ор­та – жер әлемі, жоғары – көк не­месе ас­пан әлемі бар деп есеп­теді.

Сақтар­дың ар­хе­оло­ги­ялық ес­керткіштері. Шы­рыққабат – апа­си­ак­тардың («су жағасын ме­кен­де­ген сақтар») ас­та­насы. Бұл қала қазіргі Қызылқұм шөлінде, жерді алып жатқан төбе­де ор­на­ласқан. Қала­ның ор­ны­нан көпте­ген ду­ал, мұна­ра құры­лыс­тар та­былған.

Сақтар­дың ар­хе­оло­ги­ялық ес­керткіштерінің бірі – Ба­быш мол­да қала­сы.

Ал­ма­ты об­лы­сын­дағы Есік қорғаны – б. з. б. VI­II-IIIғғ. сақ мо­ласы. Бұл мо­лада әрі жа­уын­гер, әрі мал­шы, әрі абыз адам жер­ленген. Ол ал­тын адам деп аталған. Оны­мен бірге қару-жа­рақ, басқа да ша­ру­ашы­лық құрал­дар көмілген.

Ежелгі грек та­рих­шы­сы Ге­родот сақтар жай­лы көп та­рихи де­рек­тер қал­дырған.

Ал­тын адам.

Ал­тын киімді сақ жа­уын­герін 1969 жы­лы Жетісу жерінде, Есік қорғаны­нан ар­хе­олог К. Ақышев тапқан. «Ал­тын адам» зерт­те­ушілердің пікірі бойын­ша б. з. б. VII-III ғасыр­ларға, ер­те темір дәуіріне жа­тады. Оның жа­сы 17–18-де, бойы ша­масын­да болған. Сақ көсемі мүрдесінің ба­сы ба­тысқа қара­тылып жатқызы­лып­ты. Есік қорғанын­дағы екі қорым­ның біреуі ер­те­рек­те то­налған екен, ал екіншісі аман қалған.

Есік қорғаны­ның ди­аметрі 60 м, биіктігі 6 м, тас пен то­пырақ үйіндісінен тұрғызылған. Қабірдің оңтүстік және ба­тысы­нан ыдыс­тар, зер­герлік бұйым­дар та­былған. Қабірдің бетін ағаш қақпақпен жа­уып, темір құрса­улар­мен бекіткен, сақ көсемінің киімі 4 мыңға жуық ал­тын әше­кей­лер­мен бе­зендірілген. Он­дағы ба­рыс, бұлан, та­уте­ке, арқар, жылқы түрлі құстар­дың бей­не­лері аң стилінде үлкен ше­берлікпен жа­салған. Со­нымен қатар ал­тын алқа, көз салған ал­тын сырға және қазіргі қазақтар­дың бас киімдеріне ұқсас шо­шақ төбелі, биіктігі 70 см-ге же­тетін бас киімі та­былған. Сақ көсемінің қолын­да екі ал­тын жүзік, белінде құрас­тырма­лы кісе бел­беуі болған. Ал­тын плас­ти­налар жап­сы­рылған қынапқа са­лынған темір қан­жар (аки­нак), қызыл қынап­ты ұзын сем­сері та­был­ды. Сақ жа­уын­герінің шал­ба­ры да ал­тын тоғалар­мен әше­кей­лен­ген. Бұл ал­тын адам­ды жер­леу дәстүріне, киім үлгісіне қарап, сол за­ман­да Жетісу жерін ме­кен­де­ген сақтар­дың жас көсемі, әскер­ба­сы болған де­сек күмән туғыз­бай­ды. Ал­тын адам­ның жа­нынан та­былған күміс тос­таған­дағы таңба­лар сол за­ман­ның өзінде Жетісу сақта­рын­да жа­зу болған­дығын байқата­ды. Тек бүгінгі күнге дейін ол жа­зуды ғалым­дар оқып ажы­рата ал­май отыр. Со­нымен қатар та­былған көне жәдігер­лер сақ за­маны­ның ма­тери­ал­дық мәде­ни­еті, өнері, ми­фоло­ги­ясы ту­ралы мол мәлімет­тер алуға мүмкіндік бе­реді. «Ал­тын адам» сақ елінде өз за­маны­на сай өрке­ни­еттің болған­дығын дәлел­дейді.

Үйсіндер

Шығу тегі мен ор­на­ласуы. Б. з. б. I ғ. аяғын­да Қазақстан да­лала­рын­да сақ тай­па­ларын ығыс­тырған жаңа тай­па­лық одақтар пай­да бол­ды. Бұлар – үйсіндер, қаңлы­лар, сар­маттар, алан­дар.

Жетісу­дағы сақ жер­лерін б. з. б. II ғ. Ор­та­лық Ази­ядан кел­ген үйсін тай­па­лары ме­кен­деді. Бұл тай­па­ның шыққан тегі әлі түгел­дей анықталған жоқ.

Үйсіндердің негізгі ор­на­ласқан жері Іле да­ласы. Ба­тыс ше­кара­сы Шу мен Та­лас өзен­дері арқылы өтіп, қаңлы­лар жерімен ас­та­сып жатқан. Шығыс­та үйсіндер ғұндар­мен ше­кара­лас бо­лып, оңтүстікте Ферғанаға дейін со­зылған.

Үйсіндер ас­та­насы – Қызыл аңғар қала­сы. Үйсіндер мем­ле­кеті 3 бөлікке: шығыс, ба­тыс, ор­та­лық бөліктер­ге бөлінді. Мем­ле­кет бас­шы­сының ла­уазы­мы жаз­ба де­рек­терде гунь­мо деп аталған. Олар жайылым, са­уда жо­лы үшін қаңлы, ғұндар­мен ұзақ соғыс­ты. Қытай­мен кең дип­ло­мати­ялық және ту­ыс­тық қаты­нас­та бол­ды.

Ша­ру­ашы­лығы. Үйсіндер мем­ле­кеті жар­ты­лай көшпелі ел болған. Мал бағып, жер өңде­уді кәсіп ет­кен. Мал ша­ру­ашы­лығы үйсіндер өмірінде маңыз­ды рөл атқар­ды. Қыс­тау мен жазғы жайылым­ның ара қашықтығы – 30–100 шақырым ара­лығын­да бол­ды. Сон­дықтан да үйсіндер қыс­тау мен жай­ла­уда, со­нымен қатар тау бөктеріндегі жайылым­да­рын­да ұзақ уақыт оты­ра ала­тын. Ол жер­де тұрақты бас­па­на сал­ды, егін, бақша екті. Бірте-бірте жиі бо­лып тұра­тын жұт мал­дың жұқпа­лы ауруы, үздіксіз соғыс сал­да­рынан мал­дан айырылған ха­лықтың бір бөлігі тұрақты оты­рықшы­лыққа көшу­ге мәжбүр бол­ды.

Сол кездің өзінде-ақ күнделікті тұрмыс­та жер өңдейтін тас тыр­ма, қол­дан жа­салған қол орақ пай­да­ланылған. Тас­тан жа­салған қол диірменнің та­былуы – сол за­ман­дарда өмір сүрген тұрғын­дардың дәнді дақыл­дармен қорек­тенгендігінің бір дәлелі.

Үйсін мем­ле­кетінде малға же­ке меншік бол­ды. Ру, тай­па­лар­дың жайылым­да­ры иеліктер­ге бөлініп, қазы­на-бай­лық тай­па көсем­дерінің қолы­на жи­нақтал­ды.

Билік мұра­герлік жол­мен әке­ден ба­лаға ми­расқор­лық сал­ты бойын­ша ауысып оты­рады. Оған жоғары­да аталған ру, тай­па көсем­дері бағынған.

Үйсін мем­ле­кетінде басқару­дың он­дық жүйесі қол­да­нылған. Ел би­ле­уші өзіне қарас­ты ел-жұртын ба­лала­рына бөліп беріп, әрқай­сы­на он мың адам­нан жа­сақ, көшіп жүретін және қоныс­та оты­ратын жер­лерін еншіле­ген. Мал өсіру­мен қатар, үй кәсіпшілігі де кең өрістеп, же­дел өркен­де­ген. Әсіре­се, қыш­тан ыдыс-аяқ, құмы­ра жа­сау ісі қанат жай­ды, өңдеу кәсібі жолға қойыл­ды. Темір мен қол­дан еңбек құрал­да­ры, қару-жа­рақтар сәндік бұйым­дар соғыл­ды. Тоқыма кәсібі, тері илеу, тас қашау, сүйек өңдеу ісмерлігі да­мып алға бас­ты.

Үйсіндердің өнері мен діні. Ар­хе­оло­ги­ялық қаз­ба­лар нәти­жесінде та­былған әйелдің тәжі тәрізді әше­кейлі бас киімі Қарғалы ди­аде­масы – үйсіндердің өнері мен діни на­нымы­нан мәлімет бе­ретін құнды ес­керткіш. Ол 2300 м биіктіктегі тау шатқалы­нан та­былған.

Мәде­ни­еті. Үйсіндер мен қаңлы­лар­дың ма­тери­ал­дық мәде­ни­еті то­лық зерт­телді. Жетісу мен Сыр­да­рия қала­ларын­дағы тұрақтар­ды қазу нәти­жесі ер­те көшпелілердің мәде­ни­еті, ке­рами­каның негізгі тип­тері, еңбек құрал­да­ры мен қару-жа­рақта­ры жай­лы мағлұмат алуға мүмкіндік бе­реді. Ер­те көшпелілердің негізгі тұрақта­ры киіз үй бо­лып та­была­ды, басқа бір түрі — үлкен күй­мелі ар­ба. Оған түйе мен өгіздерді жек­кен.

Үйсіндер қорған­да­ры негізінен үйінді оба түрінде болған. Ер адам­дарды қылыш, же­бе, са­дағымен бірге жер­ле­се, әйел­дердің бейіттеріне әше­кей бұйым­дар – сырға, жүзік, мон­шақ, т. б қойылған.

Үйсіндер ме­кен­де­ген ай­мақта қолөнердің да­мыған­дығы байқала­ды. Үйсіндердің бей­не­леу өнері сақтар­дың көркемдік дәстүрімен (аң стилі) бай­ла­ныс­ты. Үйсіндер­де құмы­ра жа­сау кәсібі ба­рын­ша да­мыды. Үйсін ыдыс­та­рының негізгі түрлері — те­гене­лер мен ке­селер, тос­таған­дар, түрлі құмы­ралар мен қазан­дар. Ежелгі үйсіндер темір, мыс, қола­дан еңбек құрал­да­ры, қару-жа­рақтар, сәндік бұйым­дар жа­саған. Тоқыма, жіп иіру, тері илеу, асыл тас­тар, бағалы тас­тар мен бағалы ме­талл, сүйек өңдеу ісі де да­мыған.

Үйсіндер ту­ралы та­рихи де­рек­тер. Үйсіндер ту­ралы кең мәлімет Қытай де­рек­терінде көп кез­де­седі. Се­бебі үйсіндер Қытай­мен кең бай­ла­ныс­та болған. Үйсіндер ту­ралы көп де­ректі Қытай та­рих­шы­сы Сы­ма Цян жаз­ды. Оның жи­нағын­да үйсіндер ту­ралы бы­лай делінген: «Ха­лықтың са­ны 630 мың, үй са­ны 120 мың, жа­уын­герлерінің са­ны 180 мың…

… Үйсіндер­де жылқы көп. Бай адам­дардың 4000–5000 жылқысы бо­лады.»

Қаңлы­лар

Б. з. б. IIIғ. Қаңлы тай­па­лық бірлестігі құрыл­ды. Мем­ле­кет аты алғаш Қытай жыл­на­масы «Шы Жи»-Да­уан Ле­жу­ан­да («Та­рихи жаз­ба­лар»-Ферғана та­ра­уы) жа­зылған «Қаң жүй го» де­ген ата­удан алынған. Қаң жүй- қаңлы (орыс әде­би­етінде «кан­гюй»), го — «мем­ле­кет» де­ген мағына­ны білдіреді.

Ғалым­дардың көпшілігі қаңлы­лар­дың түркі тілдес ха­лық болған­дығына күмән келтірмейді.

Қаңлы мем­ле­кетінің б. з. б I ғасы­рын­да дәуірлен­ген ке­зеңінде халқының са­ны 600 мың адам­ды құрап, әскерінің са­ны 120 мыңға жет­кен.

Қаңлы­лар ас­та­насы – Би­тянь қала­сы. Бай­ла­ныс жа­саған ел­дер – Қытай, Рим, Кав­каз т. б. Қаңлы бей­ле­ушісінің же­ке иелік ше­кара­сы Кас­пийдің солтүстік жағала­уына дейін барған, оларға Арал теңізі мен Еділ өзенінің төменгі ағысы­ның екі ара­сын­да билік құрған сар­мат-алан тай­па­лары­ның одағы түгел­дей қарап, тәуелді болған. Қаңлы мем­ле­кеті өз ал­ды­на дер­бес са­ясат ұста­нып, көрші ел­дердің сырт жа­ула­рына қар­сы той­та­рыс бе­руіне көмек­тесіп отырған. Қаңлы пат­ша­сы өзі ме­кен­де­ген солтүстік өңірді (Та­лас өзенінің ай­мағы) же­ке басқара­ды.

Қаңлы тай­па­сын­да билік мұра­герлік жол­мен әке­ден ба­лаға беріліп отырған. Бар билік ақсақал­дардың, ру бас­шы­лары мен көсем­дердің қолын­да болған.

Ша­ру­ашы­лығы. Тай­па халқы негізінен мал ша­ру­ашы­лығымен және су­ар­ма­лы егіншілікпен ай­на­лыс­ты. Бас­ты бай­лығы мал бол­ды. Көбіне­се жылқы, қой, оған қосым­ша си­ыр, түйе және ешкі өсірді. Ал егіншілер дәнді дақыл­дар ек­кен және бау-бақша өсіру­мен де ай­на­лысқан. Жерді тас, ме­талл кет­пендер­мен өңдеді, сон­дай-ақ сүйек­тен жа­салынған егіншілік құрал­да­ры да пай­да­ланыл­ды. Жи­налған өнім жер­ден қазылған ұра­лар­да не­месе қыш құмы­ралар­да сақтал­ды. Көпте­ген бөген­дер мен тоған­дар тұрғызыл­ды.

Аң аулау мен ба­лық аула­удың қосалқы маңызы бол­ды. Елік, арқар, киік және су құста­ры — үй­рек, қаз аулан­ды. Ет, ба­лық және дәнді дақыл өнімдерімен қатар та­маққа жа­байы ал­ма, алмұрт, өрік, до­лана, пісте жемістері, тау жу­асы пай­да­ланыл­ды.

Мәде­ни­еті. Қаңлы­лар­да қолөнер кәсібі өте жоғары дәре­жеде өркен­де­ген. Қаңлы­лар­дың тегі хұн, түрік тілдес ха­лықтар болған­дықтан, олар өз тілінде, яғни түркі тілінде сөй­ле­ген.

Қаңлы­лар­дың тұрғын үй­лері көшіп-қонуға қолай­лы киіз үй­лер және то­пырақ пен ағаш­тан, тас­тан жа­салған тұрғын үй­лер, адам­дар жиі ор­на­ласқан елді ме­кен, қала­лары болған. Ар­хе­олог­тардың мәлімдеуіне жүгінсек, «қазіргі оңтүстік Қазақстан­дағы ежелгі ор­та ғасыр­дағы көпте­ген қала­лар­дың ірге­тасы со­нау кан­гю­лер (қаңлы­лар) дәуірінде пай­да болған» де­ген пікір бар.

Қаңлы жұрты пай­да­ланған киіз-те­кемет, кілем-сыр­мақ қатар­лы төсеніш және үй қабырғала­рына ілінетін тұс бұйым­дар, ки­етін — ки­мешек­тер өздері өсіріп отырған мал өнімдері мен мақта ма­мықта­рынан жа­сала­тын болған. Олар қой жүнінен киіз те­кемет­тер, төсеніштер жа­са­умен қатар, киізден қал­пақ, ке­бенек-шек­пендер жа­сап ки­ген. Қара­пайым ха­лық қой терісінен тон сияқты сырт киімдер тігіп ки­ген. Ал жоғарғы жіктегілер түлкі, қасқыр, ілбіс және басқа да аңдар терісінен қым­бат бағалы ты­мақ, ішік, тон сияқты киімдер тігіп ки­ген.

Қаңлы елінде заң мен діни на­ным­дар өза­ра ұштас­ты­рылып атқарылған.

Қаңлы­лар — отқа та­быну, дінге сыйына­тын ар­на­улы ке­сене­лер салған. Та­биғат күштеріне, ата-ба­ба аруағына си­ынған. Со­нымен қатар қаңлы­лар жұлдыз­дар арқылы түрлі бол­жамдар жа­сап отырған. Қаңлы­лар­да му­зыка­лық ас­паптар болған, би би­леген.

Ар­хе­оло­ги­ялық ес­керткіштері. Мар­дан – күйік қоры­мы – Сыр­да­рия өзенінің жағасын­дағы қаңлы­лар­дың жер­леу ес­керткіші. Бұл қорым Мар­дан-күйік қала­сының іргесінде орын теп­кен. Мұнда 50-ден ар­тық мо­ла бар. Қабірге өлікпен бірге ыдыс­тар, әше­кей бұйым­дар, қару-жа­рақ көмілген. Қаңлы тай­па­лық бірлестігі б. з. б. I ғ. ор­та­сын­да ыды­рады.

Ғұндар

Са­яси та­рихы. Ғұндар бір кез­де Азия мен Шығыс Еуро­паны ме­кен­де­ген ең ежелгі ха­лықтар­дың бірі бол­ды. Әртүрлі та­рихи де­рек­терде ғұндар­дың ру­лық және тай­па­лық бірлестіктері әрқилы атал­ды. Та­рих­та ғұндар құрған ірілі –ұсақты мем­ле­кет­тер белгілі. Осыған орай олар­дың ішінде ғұндар­дың ең үлкен, ең та­нымал екі им­пе­ри­ясы зор та­рихи із қал­дырды.

Бұлар­дың біріншісі – қытай­лықтар То­ман шаньюй (б. з. б. 209 жы­лы қай­тыс болған) деп атаған Тұман (Ту­мань, Те­оман жабғу) мем­ле­кеті. Ол өмір сүрген ке­зеңде ғұндар мем­ле­кеті әжептәуір әлсіреді, бірақ оның мұра­гері Құдіретті Мөде (Ме­те) мем­ле­кетті ай­тар­лықтай нығай­тты, ел ше­кара­сын им­пе­рия деңгейіне дейін кеңейтіп, са­палық өзгерістерді жүзе­ге асыр­ды. Ол ғұндар­дың үлкен мем­ле­кетін б. з. б. 209 – 176 жыл­дар ара­лығын­да би­леді. Бұл «Ғұндар­дың шығыс им­пе­ри­ясы» еді.

Екінші им­пе­рия — Еділ (Еділ пат­ша) мем­ле­кеті. Оның за­манын­да ғұндар Ду­най­дан бас­тап Сыр­да­рияға дейін шығыс Еуро­паны ме­кен­де­ген аумақ пен ха­лықтар­ды иеленді. Бұл мем­ле­кет «Ғұндар­дың ба­тыс им­пе­ри­ясы» деп атал­ды.

Түркі ха­лықта­рының арғы тегі са­нала­тын ғұн тай­па­лары бас­тапқы кез­де Солтүстік Қытай­да, Монғоли­яда, Бай­кал өңірінде қоныс­танған. Ежелгі Қытай жыл­на­мала­рын­да ғұндар «гуй фаң», «гун руң», «хун ю», «ши­ан ю», «шиұң ну» секілді ата­улар­мен берілген.

Б. з. ба­сын­да Қазақстан аумағын ме­кен ет­кен тай­па­лар­дың ең жа­уын­гер халқы ғұндар бол­ды. Ғұндар­дың жа­уын­гер би­ле­ушілерінің бірі Атил­ла­ның есімі ерек­ше. Оның Еуро­па ха­лықта­рына басқын­шы­лық жо­рығы бізге белгілі. Тіпті әлемнің сұлу шаһар­ла­рының бірі Ве­неци­яның са­лыну­ына Атил­ла бас­таған ғұндар­дың шапқын­шы­лық соғысы се­беп болған. Со­нымен бірге ғұндар Еура­зи­яда б. з. б. болған «ха­лықтар­дың ұлы қоныс ауда­ру­ымен» тығыз бай­ла­ныс­ты. Қазақстан жеріне б. з. I ғ. ба­сын­да қоныс­танды. Ғұндар бірлестігінің негізін са­лушы Мөде бол­ды. Ол де­рек­тер бойын­ша б. з. б. 230 – 174 жыл­да­ры өмір сүрген. Б. з. б. III ғ. Ғұндар­дың би­ле­ушісі Мөде үйсіндер­ге және Қытай аумағының біраз бөлігіне билік жүргізеді. I ғ. яғни 55 жы­лы ғұндар екіге бөлінеді:

  1. Оңтүстік ғұн мем­ле­кеті қытай­лар­дың қол ас­ты­на кіреді.
  2. Солтүстік ғұн мем­ле­кеті қазіргі солтүстік-ба­тыс Моңғолия жерін ме­кен ет­кен. Би­ле­ушілері Чжи-чжи шаньюй бо­лады. Чжи-чжи бас­таған ғұндар Ыс­тықкөл маңын­да қытай әскер­лерінен жеңіліп, қолға түседі (1518). Ғұндар б. з. 93 жыл­дан бас­тап екінші рет Ма­жарс­тан жеріне (Венг­рия) қоныс те­беді.

Ша­ру­ашы­лығы. Мал ша­ру­ашы­лығы жақсы да­мыды. Егін ша­ру­ашы­лығы да маңыз­ды рөл атқар­ды. Негізінен, дәнді дақыл­дардың ішінде та­рыны көп өсірген. Со­нымен қатар ғұндар аң аула­умен ай­на­лысқан. Көшпелі ша­ру­ашы­лықпен ай­на­лысқан ғұндар­дың негізгі бас­па­насы киіз үй бол­ды.

Ғұндар­да қолөнер мен бей­не­леу өнері жоғары деңгей­де болған. Зер­герлік өнер­дегі по­лих­ромды стилін дүни­еге әкел­ген.

Соғыс ісінде да­муы ша­рықтап, әскердің негізі ат­ты жа­уын­герлер­ден құрыл­ды. Олар­дың қаруы са­дақ және дөңге­лек не­месе со­пақша кескіндегі қалқан­да­ры бол­ды.

Мәде­ни­еті. Ғұндар сақ тай­па­лары­ның мәде­ни­етін жалғас­ты­рушы, одан әрі да­мыту­шысы бол­ды. Ғұн қоғамын­да са­уда қаты­насы­ның, темірден жа­салған бұйым­дардың, тері өңде­удің кең өріс алуы, қолөнердің пай­да бо­луы өрке­ни­еттің қозғаушы күші еді. Ғұндар­да жоғары да­мыған ма­тери­ал­дық мәде­ни­ет пен әске­ри істе қамал бұзу­дың тех­ни­касы мәлім бол­ды. Жойқын соғыс­тардың кезінде ғұн жа­уын­герлері ысқырғыш же­белерді қол­данды. Олар жа­ула­рының үстіне қар­дай бо­рап үрейін ала­тын.

Б. з. б. I мыңжыл­дықта ғұндар­да көшпелі мал ша­ру­ашы­лығы үстемдік етті. Ғұндар­дың тас­тағы су­рет­терінде бұқа, бұғы, аққудың бей­не­лері са­лынған. Олар­дың ойын­ша бұқа күш пен биліктің, бұғы бақыт пен жақсы­лықтың, ал аққу үй ошағының сақта­ушы сим­волда­ры. Ғұндар­дың бей­не­леу өнері сақтар­дың көркемдік (аңдық стиль) дәстүрімен бай­ла­ныс­ты ке­леді.

Ғұндар­дың қоғам­дық құры­лысы. Мем­ле­кет би­ле­ушісінің ти­тулы – шаньюй. Шаньюй­ге түмен­ба­сы, жүзба­сы, он­ба­сылар бағыныш­ты бол­ды. Ғұндар 24 ру­дан құрыл­ды. Әр ру­ды ақсақал­дар басқар­ды. Ақсақал­дар мем­ле­кет ісін талқылау үшін бір жыл­да 3 рет құрыл­тай өткізіп отыр­ды.

Сар­маттар

Сар­маттар ту­ралы де­рек­тер өте аз. Бұл тай­па­ның аты б. з. б. III ғ. бас­тап та­рихқа кірген. Сар­мат тай­па­лар одағы Ба­тыс Қазақстан өңірінде өмір сүрген. Б. з. б.III — б. з. -дың IV ғасы­ры ара­лығын­да То­был мен Ду­най ара­лығын ме­кен­де­ген тай­па­лар. Олар алғашын­да б. з. б. VI­II ғасыр­да «сав­ро­мат­тар» деп аталған. Б. з. б. II ғасыр­дан бас­тап Оңтүстік Орал­ды, Еділ бойын, Қазақстан­ның ба­тыс аумағын қоныс­танған. Б. з-дың IVғ. ғұндар­дан жеңіліп ба­тысқа қарай қоныс аударған. Жа­уын­гер сар­мат тай­па­лары дах (дай) – мас­са­гет, ис­се­дон­дармен ту­ыс­тас бо­лып кел­ген. Сар­маттар тілі иран тілінен түрік тіліне ауысқан. Сар­маттар­дың құра­мын­да рок­со­лан­дар, алаңдар, аорс­тар, си­рак­тар т. б. тай­па­лар болған.

Мәде­ни­еті. Сар­маттар мәде­ни­еті 3 ке­зеңді қам­ти­ды.

  1. ер­те сар­маттар мәде­ни­еті (про­хор)
  2. ор­та сар­маттар мәде­ни­еті (сус­лов)
  3. кейінгі сар­маттар мәде­ни­еті.

Сар­маттар қыш ыдыс­тар, сақина, білезік сияқты әше­кей зат­тар жа­саған. Б. з. II-IV ғғ. Сар­маттар­дың аса ірі ар­хе­оло­ги­ялық ес­керткіші – жер­леу орын­да­ры (Ба­тыс Қазақстан об­лы­сының Шыңғыр­лау ауда­нын­да) та­былған. Олар кейінгі сар­маттар мәде­ни­етіне жа­тады. Қабірге қасын­да түрлі әше­кей зат­та­ры бар әйел жер­ленген.

III-V ғғ. зер­герлік өнер­ге түсті ме­тал­дардың ішінен ал­тынды көп қол­данған. Осы кез­де Қазақстан жерін ме­кен­де­ген тай­па­лар­дың ара­сын­да зер­герлік өнер­де «по­лих­ромдық стиль» кең та­рады. Қазақстан­да б. з. VII – V ғғ. бұл стильдің екі түрі да­мыды: бе­зендіру, зер­леу әдістері. Сон­дықтан да «по­лих­ромдық стиль» б. з. 1-мыңжыл­дықтың ба­сын­да ту­ды де­ген бол­жам бар.

Ша­ру­ашы­лығы. Көшпелі мал ша­ру­ашы­лығымен, оты­рықшы өмір сүріп егіншілікпен ай­на­лыс­ты. Сар­мат тай­па­лары Еура­зи­яның са­яси–эко­номи­калық және мәде­ни өмірінде еле­улі рөл атқарған одақтар мен мем­ле­кет­тер құра­мына кірді.