Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Кеңес өкіметінің ауыл ша­ру­ашы­лығын ұжым­дасты­ру бағыты 1925 жы­лы қабыл­данды. 1924 жы­лы Қазақстан өлкелік пар­тия бас­шы­лығы көшпелі өмір сал­тын сақтаған қазақ ауыл­да­рын оты­рықшы­лан­ды­ру және қазақ ауыл­да­рын­да Кеңес өкіметі билігінің нығаюына ке­дергі келтіретін бай және ор­та тап өкілдерінің көзін жою қажет деп есеп­теді.

Ұжым­дасты­ру қар­саңын­да рес­публи­када 40,5 млн. мал ба­сы бол­са, 1933 жы­лы оның са­ны 4,5 млн-ға дейін азайған. 1930–1932 аш­тық жыл­да­ры Қазақстан халқының са­ны 6,2 млн. бол­са, со­ның 2,1 млн-ы аш­тықтан қырыл­ды. 1 млн. 700 мың адам Қазақстан­нан тыс ай­мақтарға көшіп кетті. Күшпен жүргізілген ұжым­дасты­ру са­яса­тына қар­сы Қазақстан­да жал­пы са­ны 372 көтеріліс бо­лып, оған 80 мыңдай адам қатысқан. Ол көтерілістердің бар­лығын дерлік Кеңес өкіметі әскердің көмегімен ба­сып тас­та­ды, көтерілісшілер­ге аяусыз жа­залар қол­да­ныл­ды. Қазақстан­да бо­лып жатқан осы аш­тық, оның се­беп­тері ту­ралы қылы­шынан қан тамған за­ман­да Т. Рысқұлов 1933 жы­лы на­урыз­да Ста­лин­ге ашық хат жаз­ды ("Ста­лин­ге хат”). Сол кез­де Қазақстан өлкесін басқарған Го­лоще­киннің асы­ра сілтеу са­яса­тына қар­сы қазақтың белгілі аза­мат­та­ры Т. Рысқұлов, М. Дәулетқали­ев, Е. Ал­тынбе­ков, Қ. Қуаныш­па­ев, Ғ. Мүсіре­пов­тер де Ста­лин­ге ашық хат жаз­ды ("Бе­се­удің ха­ты”). 1933 жы­лы Го­лоще­кин биліктен алы­нып тас­талды. Бірақ бәрі де кеш еді.

1930 жыл­да­ры болған аш­тықты ге­ноцид деп атай­мыз. Олай дейтініміз Кеңес өкіметі қазақ халқын әдейілеп аш­тыққа ұрын­дырды және тең жар­ты­сы қырылғанға дейін көмек көрсет­пей бақылап отыр­ды.

Кеңес өкіметіне қазақ сияқты өз жері, дәулеті, ма­лы мол елдің ке­регі жоқ еді. Олар Қазақстанға басқа ха­лықтар­ды алып келіп, үлкен ла­герь жа­са­уды жос­парла­ды. Осы се­беп­тен 1929 жы­лы пат­ша за­манын­дағы "Көші-қон басқар­ма­сы” қай­та­дан жұмыс істей бас­та­ды. Со­нымен бірге Са­ры­арқа жерінде "Кар­лаг” (Қараған­ды ла­гері) құрыл­ды. Кеңес өкіметінің осын­дай сұрқия са­яса­тына қара­мас­тан қазақ халқы соңғы күшімен өмір үшін күресіп жат­ты.