Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Күнтізбе

1925 ж. 15–19 сәуір – Қазақ АКСР Кеңес­терінің бесінші съезі. Қазақ халқының та­рихи дұрыс атын қал­пы­на келтіру ту­ралы қаулы.

1925–1929 жж. — Рес­публи­ка ас­та­насы – Қызы­лор­да.

1925–1933жж. — Қазақ өлкелік пар­тия ко­митетінің бірінші хат­шы­сы Ф. И. Го­лоще­кин.

1926 ж. 20 ма­мыр – Қазақ АКСР Ор­та­лық Атқару Ко­митеті мен Ха­лық Ко­мис­сарла­ры Кеңесінің егіндік және ша­бын­дық жер­лерді қай­та бөлу ту­ралы қаулы­сы.

1928 ж. - тұңғыш жоғары оқу ор­ны – пе­динс­ти­тут­тың ашы­луы.

1928 ж. 27 та­мыз — Қазақ АКСР Ор­та­лық Атқару Ко­митетінің жар­ты­лай фе­одал-ірі бай­лар­дың мал-мүлкін тәркілеп, олар­ды жер ауда­ру ту­ралы дек­реті.

1928ж. 20 жел­тоқсан — Қазақ АКСР Ор­та­лық Атқару Ко­митетінің ла­тын ал­фа­витіне көшу ту­ралы қаулы­сы.

1929 ж. ма­мыр – Қазақ АКСР ас­та­насы­ның Қызы­лор­да­дан Ал­ма­тыға көшірілуі.

1929 ж. — зо­ове­тери­нария инс­ти­туты­ның ашы­луы.

1929 ж. 1 ма­мыр – Түркістан-Сібір /Түрксиб/ темір жо­лының ашы­луы.

1929–1931 жж. — Күштеп ұжым­дасты­руға қар­сы көтерілістер.

1929–1933 жж. — Қазақтар­дың аш­тан қыры­луы және рес­публи­кадан ауа көшуі.

1930-шы жыл­дар – Жап­пай жа­залау.

1930 ж. 27 та­мыз – Қазақ АКСР Ор­та­лық Атқару Ко­митеті мен Ха­лық Ко­мис­сарлар Кеңесінің "Жал­пыға бірдей міндетті бас­та­уыш оқуды енгізу ту­ралы” қаулы­сы.

1931 ж. — ме­дици­на инс­ти­туты­ның ашы­луы.

1932 ж. ақпан – Қазақстан­да: Ал­ма­ты, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қараған­ды, Ба­тыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан об­лыста­рының құры­луы.

1932 ж. 8 на­урыз – КСРО Ғылым ака­деми­ясы­ның Қазақстан ба­засы­ның құры­луы.

1932 ж. қаңтар – Шым­кент қорғасын за­уыты­ның бірінші ке­зегінің іске қосы­луы.

1934 ж. — Қазақ мем­ле­кеттік уни­вер­си­тетінің ашы­луы.

1936 ж. — Қазақ АКСР-інің одақтас рес­публи­ка бо­луы.

1937 ж. — Қазақ КСР Конс­ти­туци­ясы­ның қабыл­да­нуы.