Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Коллективтендіру және көпшілікті жазалау (1930 — 1940 ж.ж.)

Санжар Жапарұлы Аспандияров

Ас­фенди­аров (Ас­фенди­яров, Ас­панди­яров) Сан­жар Жа­фарұлы (Сейітжа­парұлы)

Дүни­еге кел­гені: 20.10.1889 Қай­тыс болғаны: 1938 ж. ақпан­ның 25 Ұлты: қазақМан­са­бы: көрнекті мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері, да­рын­ды ғалым-та­рих­шы, пе­дагог Ас­фенди­аров Сан­жар Сейітржа­парұлы (20.10.1889, Таш­кент –25.02.1938, Ал­ма­ты) – көрнекті мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері, да­рын­ды ғалым-та­рих­шы, про­фес­сор, пе­дагог. Әкесі [Сейітжа­пар] (Жағыпар, Сейітжағыпар) –сұлтан, Әбілқайыр хан­ның үлкен ұлы Ай­шуақ хан­ның ұрпағынан та­раған пат­ша әскерінің пол­ковнигі шенінде отс­тав­каға шыққан, жар­ты ғасыр­дан ас­там уақыт Түркістан өлкесінде қыз­мет ет­кен қазақ қай­рат­кері, ана­сының есімі – Гүлан­дам Қасы­мова (кейбір ги­поте­залар бойын­ша Ке­неса­ры Қасы­мов­тың ұрпақта­рынан та­раған). Таш­кент­тегі ре­ал­дық учи­лищені (1907), Пе­тер­бург­тағы әске­ри- дәрігерлік ака­деми­яны 1912 жы­лы бітіріп шығады. Сан­жар он­да әске­ри ми­нистрліктін теңіз ве­домс­тво­сының сти­пен­ди­ясы­на оқып, 4 жыл қатар­дағы әскер­де қыз­мет ету­ге міндет­телінді. Сан­жар өз әске­ри-ме­дици­налық қыз­метін Түркістан ге­нерал-гу­бер­на­тор­лығы мен Бұқара әмірлігінің ше­кара­сын­дағы Тер­мез ме­кенінде жергілікті ла­зарет­те кіші дәрігер ретінде бас­тап, 10-шы Түркістан атқыш­тар пол­кы­на бекітілді. Ар­ты­нан 9-шы атқыш­тар пол­кы­ның аға дәрігер қыз­меткерінің міндет­терін уақыт­ша атқару­шы қыз­метіне ауысып, Са­марқанд­та және Ас­ха­бад­та шоғыр­ланған атқыш­тар пок­та­рын­да дәрігерлік қыз­метпен ай­на­лыса­ды.

1914 жы­лы та­мыз­да Сан­жар 5-ші Түркістан атқыш­тар пол­кы­ның аға дәрігері қыз­метінде І дүние жүзілік соғыс­тың Шығыс май­да­нына ат­танды­рыла­ды. Осы май­дан­да 1914 жыл­дың қыркүйек-жел­тоқсан ай­ла­рын­да орын алған ұрыс­тарда Сан­жар жа­раланған және науқас болған сар­баздарға ме­дици­налық көмек көрсе­тумен ай­на­лыс­ты. 1914 жы­лы жел­тоқсан­да жоғары әске­ри бас­шы­лықтың өрес­кел қателіктерді жібе­ру сал­да­рынан 5-ші Түркістан атқыш­тар пол­кы Лодзь (қазіргі Поль­ша­ның ірі қала­лары­ның бірі, ол уақыт­та Шығыс Прус­сия тер­ри­тори­ясын­да ор­на­ласқан) неміс қор­ша­уына түсіп, ба­сына ауыр жа­рақат алған Сан­жар жау тұтқыны­на түседі. Неміс тұтқынын­да Сан­жар пат­ша үкіметі тағдыр­дың тәлкегіне тас­таған мыңдаған жа­уын­герлердің қатаң тағды­рына ор­тақта­сып, күрделі са­нитар­лық жағдай­лар­да им­ми­таци­яланған ла­зарет­терде ме­дици­налық қыз­метпен шұғыл­да­нып, Торн, Кут­но, Алек­санд­ров­ка кон­цент­ра­ци­он­ды ла­герь­лерінде бір жылға жуық уақыт өткізеді. 1915 жыл­дың аяғын­да Қызыл Кресттің тұтқын­дармен ал­ма­су бағытын­да жүргізген қажыр­лы еңбегінің көмегімен, Бал­тық теңізі арқылы ал­ды­мен Щве­ция, со­сын темір жол арқылы Санкт-Пе­тер­бургқа қай­тып ора­лады. Ас­та­нада неміс тұтқыны­на амал­сыздан түскен жа­уын­герлерді қатаң бақылауға алға, пат­ша­ның күзет орын­да­ры олар­ды сенімсіз эле­мент­тер ретінде қара тізімге қос­ты. Ар­найы ме­дици­налық қара­удан өтіп, ден­са­улығы на­шар деп та­нылған Сан­жар Түркістан әске­ри-ме­дици­налық басқар­ма­ның ре­зервіне жіберіліп, 1919 жы­лы қаңтар­дың ба­сын­да Таш­кент­ке қай­та ора­лады. Ақпан ре­волю­ци­ясы­нан кейін Ас­фенди­ярұлы Тер­мездегі жөне Бұха­радағы Кеңес­тердің жұмы­сына қаты­сады. Таш­кент об­лыстық, ал онан кейін жұмыс­шы­лар мен жа­уын­герлердің ок­ругтік Кеңесіне сай­ла­нады. Таш­кент­те ол мұсыл­ман жұмыс­шы де­путат­та­рының алғашқы Кеңесінің ұйымы­на мүше бо­лады. Кас­пий жағала­уы май­да­нын­дағы соғысқа қатысқан. 1917 жы­лы Бұхар­дағы мұсыл­ман қозғалы­сына бел­се­не ара­лас­ты. Сол жылғы қара­ша айын­да Түркістан ав­то­номи­ясын жа­ри­ялаған Мұсыл­ман де­путат­та­рының төтен­ше съезіне қатыс­ты. 1918–19 жы­лы Ас­панди­яров аш­тықпен күрес жөніндегі төтен­ше ко­мис­си­ясы­ның Сыр­да­рия об­лы­сы бөлімшесін басқар­ды. 1919 жы­лы Ас­фенди­яров — ден­са­улық сақтау ха­лық ко­мис­са­ры, 1920 жы­лы Түркістан АКСР көгеріс су ша­ру­ашы­лығының ха­лық ко­мис­са­ры бо­лып тағайын­да­лады. Сол жы­лы қыркүйек­те Т. Рысқұлов­тың шақыру­ымен Таш­кент­ке келіп, Түркістан АКСР-інің Ден­са­улық сақтау хал­ко­мы, жер хал­ко­мы, Ден­са­улық сақтау хал­ко­мы, Түркістан Ком­парти­ясы ОК-нің хат­шы­сы қыз­меттерін атқар­ды. Ұлттық-аумақтық ме­желу тұсын­да (1924–25 жы­лы) Ор­та­азиялық Фе­дера­ция құру иде­ясын ұстан­ды. 1924–25 жы­лы Қазақ АКСР-інің Өзбек АКСР-і үкіметі жа­нын­дағы өкілеті, 1925–28 жы­лы Мәске­уде – БО­АК-нің Төралқа мүшесі, хат­шы­сының (А. Ену­кид­зенің) орын­ба­сары, МГУ-дің про­фес­сор Н На­рима­нов атын­дағы Шығыс­та­ну инс­ти­туты­ның ди­рек­то­ры бол­ды. 1928 жыл­дан бас­тап ол Қазақстан­да еңбек етті: Абай атын­дағы пе­даго­гика­лық инс­ти­туты бо­лып қай­та құрылған Қазақ мем­ле­кеттік уни­вер­си­теттінің алғашқы рек­то­ры (1928 – 31), Қазақ АКСР-і Ден­са­улық сақтау хал­ко­мы, Ал­ма­ты ме­деци­на инс­ти­туты­ның ұйым­дасты­рушы­сы және тұңғыш рек­то­ры (1931 – 33) қыз­меттерін атқар­ды. Ас­панди­яров осы инс­ти­тут­та жал­пы хи­мия, би­оло­гия, фи­зика пәндерімен бірге ана­томия, қалып­ты фи­зи­оло­гия, ішкі ауру­лар, гис­то­логия, мик­ро­би­оло­гия, фар­ма­коло­гия, би­оло­ги­ялық-хи­мия, ги­ги­ена бөлімдерін және хи­рург ка­фед­ра­лар аш­ты. Ас­панди­яров жұқпа­лы ауру­лар­мен күрес­ке, ауру­лар мен індет­тердің ал­дын алу ша­рала­рына, ха­лыққа ақысыз дәрігерлік көмек көрсе­ту жұмыс­та­рын жолға қоюға көп еңбек сіңірді. Ха­лық ара­сын­да жиі кез­де­сетін ту­бер­ку­лез, ше­шек, оба, сүзек, тері ауру­лары­на қар­сы ме­деци­на көмек ісін ұйым­дастыр­ды. Ор­та дәре­желі оқу орын­да­рын­да, қысқа мерзімді ар­на­улы курс­тар­да әртүрлі бу­ын­дағы ме­деци­на ма­ман­да­рын көптеп да­яр­лауға күш сал­ды. Ас­фенди­яров­тың қыз­меті әрқашан­да Қазақстан­дағы және Ор­та Ази­ядағы әле­уметтік-эко­номи­калық және мәде­ни өзгерістер­мен бай­ла­ныс­ты бол­ды. Басқару­шы қыз­меткер бо­ла жүріп, ол тұрмыс ерек­шеліктерін, Шығыс ха­лықта­рының та­рихы мен мәде­ни­еті мөсе­лесі жөнінде жақсы білетін еді. Осы қабілет-біліміне сай 1921 жыл­дан 1922 жылға дейін Ас­фенди­ярұлы Түркістан рес­публи­касы­ның Мәске­удегі өкілі, со­нымен қатар РСФСР Кеңхал­ко­мы үлттық мәсе­ле жөніндегі кол­ле­ги­ясы­ның мүшесі бол­ды. Тәжіри­белі аг­раршы ретінде оны БО­АК-тің жер бөлінісі жөніндегі Ай­рықша ко­мис­си­ясы­ның құра­мына қоса­ды. 1922 ж. Кеңес­тердің Бүкілре­сейлік X съезінің де­лега­ты Ас­фенди­яров КСРО құру жөніндегі шешімді қол­да­ды. 1923 жы­лы Ас­фенди­ярұлы Таш­кент­ке қай­та ора­лады, он­да ол Хал­комден­са­улық пен Хал­комжер­дегі қыз­меттерімен қатар, Түркістан Ком­парти­ясы ОК хат­шы­сы бо­лады. 1924 жы­лы — РКП (б) Ор­та­азиялық бю­росы құра­мына сай­ла­нады. 1925 жы­лы хат­шы­ның орын­ба­сары және БО­АК Пре­зиди­умы­ның мүшесі. Ас­панди­яров Қазақстан та­рихы­ның күрделі мәсе­лелерін зерт­те­ген белгілі ғылым бол­ды. Қазақ ұлттық мәде­ни­ет ғылы­ми-зер­туғанинс­ти­туты­ның та­рих сек­то­рының меңге­рушісі, КСРО ҒА-ның Қазақстан­дық ба­засы, кейін оның бөлімшесі орын­ба­сары (1933 – 37) қыз­меттерін атқар­ды. Ас­панди­яров­тың Ре­сейдің Қазақстан­ды жа­улап алуы жөнінде ашық ай­тылған, ор­та­шыл­дықты әшке­реле­ген та­рихи шығар­ма­ларын оқуға тыйым са­лын­ды. Ас­панди­яров – жалған жа­ламен ату жа­засы­на кесілді. Жұбайы Ра­биға да Қар­ЛАГ-та 5 жыл ай­да­уда бол­ды. Ас­панди­яров 1958 жы­лы 26 ма­мыр­да ақтал­ды. 1990 жы­лы Ал­ма­ты ме­деци­на инс­ти­туты­на Ас­панди­яров есімі берілді.

Ұзтаз­дық өмірі

Мәске­уде жұмыс жа­саған мерзімде Ас­фенди­ярұлы­ның та­лан­ты­ның жаңа қыры ашыл­ды — оның та­рих са­ласын­дағы бел­сенді ғылы­ми-ізденімпаз­дық қыз­меті ғалым­ның ке­лешек­тегі шығар­ма­шылығын ай­кын­дап берді. Мәске­уде болған алғашқы күндердің өзінде-ақ КСРО ОАК жа­нын­дағы Шығыс­та­ну инс­ти­туты­мен қыз­мет жа­саса­ды, МГУ-де са­бақ бе­реді. Бүл жыл­дарда Сан­жар ше­тел Шығысы­ның өкілдерімен жиі кез­де­седі. Оның ғылы­ми еңбек сіңіргенінің айғағы 1927 жы­лы Шығыс­та­ну инс­ти­туты­ның ди­рек­то­ры қыз­метіне жоғары­латып, МГУ про­фес­со­ры де­ген атақ берілгені бо­лып та­была­ды. Ғұла­маның өмірі мен қыз­метіндегі неғұрлым жемісті ке­зең — 1928–1937 жыл­дарға дейінгі Қазақстан­да өткен мерзім. Бұл мерзімде ол рес­публи­кадағы алғашқы оқу орын­да­ры мен ғылы­мын ұйым­дасты­руға көп күш са­лады. 1928 жыл­дан 1931 жылға дейінгі ара­лықта ол — Қазақтың пе­даго­гика­лық инс­ти­туты­ның алғашқы рек­то­ры. 1931 — 1933 жыл­да­ры Ден­са­улық сақтау ісінің ха­лық ко­мис­са­ры, Қаз КСР оқу ісі хал­ко­мының орын­ба­сары бо­лып қыз­мет жа­сай­ды және бүгінде оның есімімен ата­лына­тын Ал­ма­ты дәрігерлік инс­ти­тутын басқара­ды. Сан­жар Қазақстан­ның ака­деми­ялық ғылы­мының да­му­ына маңыз­ды үлес қос­ты. 1931–1933 жыл­да­ры ол КСРО ҒА-ның Қазақстан­дық ба­засы төрағасы­ның орын­ба­сары бо­лады, ғылы­ми кон­суль­та­ция мен на­сихат ко­мис­си­ясын, та­рих-ар­хе­оло­гия ко­мис­си­ясын, қазақ создігі ко­мис­си­ясын басқара­ды, ұлтгық мәде­ни­ет жөніндегі Қазақ ғылы­ми-зерт­теу инс­ти­туты та­рих сек­то­рының меңге­рушісі бо­лады. Ол — Қазақстан та­рихы жөніндегі көпте­ген жұмыс­тың ав­то­ры, сон­дай- ақ қабілетті зерт­те­уші-фи­лолог және жа­зушы. Шығыс ха­лықта­рының өмірі ту­ралы «Әлем ша­тыры» де­ген по­весть, қазақ ұлты­ның мәде­ни­еті жөнінде мақала­лар жаз­ды. Ал­ма­тыда Ас­фенди­ярұлы есімін мәңгілік ес­те қал­ды­ру үшін көше, мен мем­ле­кеттік ме­дици­на уни­вер­си­тетіне аты берілген.