Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Коллективтендіру және көпшілікті жазалау (1930 — 1940 ж.ж.)

Аймауытов Жусипбек (1889-1931 жж.)

Жүсіпбек Ай­ма­уытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жа­зушы­сы, дра­матург, пуб­ли­цист, қазақ әде­би­етін қалып­тасты­рушы­лар­дың бірі. Ту­ып өскен жері Пав­ло­дар об­лы­сының Ба­янауыл ауда­нына қарас­ты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Ай­ма­уытов ауылы. Әкесі Ай­ма­уыт ке­дей болғаны­мен, арғы ата­лары Дәнде­бай мен Қуан атақ-абы­рой­лы, бай, ел ара­сын­да білікті кісілер екен. Жүсіпбек жас­тайынан араб­ша хат та­ну, оқу үй­рен­ген. 1907 ж. бас­тап Ба­янауыл­дағы орыс­ша-қазақша екі клас­тық мек­тебінде, Ке­реку­дегі (Пав­ло­дар) қазы­налық ауыл ша­ру­ашы­лық мек­тебінде, Ке­реку­дегі екі клас­ты орыс қазақ мек­тебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан ба­ла оқытып, қара­жат та­бады. 1911—1914 жж. ауыл­да мұғалім бо­лып істейді. 1914 жы­лы Се­мей­дегі оқыту­шылар се­мина­ри­ясы­на қабыл­да­нады. Оны 1918 жы­лы аяқтап шығады. Мұнан соң ала­шор­да­шылар­дың істеріне ара­ласып, Се­мей­де «Абай» жур­на­лын шығары­сып, Қ. Сәтба­ев­пен, М. Әуезов­пен та­ныса­ды. Кейін Ала­шор­да­дан бөлініп, Ком­му­нистік пар­тия қата­рына өтеді (1919). Қазақстан Кеңес­терінің Құрыл­тайы съезіне де­легат бо­лып қаты­сып, Қазақ АҚСР Ха­лық ағар­ту ко­мис­са­ри­аты ко­мис­са­рының орын­ба­сары бо­лып тағайын­да­лады (1920).

Мұнан соң Се­мей гу­бер­ни­ялық оқу бөлімінің меңге­рушісі (1921), «Қазақ тілі» га­зетінің ре­дак­то­ры. Қарқара­лыда мек­теп мұғалімі (1922—1924), Таш­кент­те шығатын «Ақ жол» га­зетінің бөлім меңге­рушісі (1924—1926), Шым­кент пе­даго­гика­лық тех­ни­кумы­ның ди­рек­то­ры (1926—1929) қыз­меттерін атқара­ды. 1929 ж. бас­талған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстан­дағы ұлтшыл­дық ұйым­мен бай­ла­нысы бар де­ген жа­ламен тұтқын­да­лып, ұзақ тер­ге­уден кейін 1931 жы­лы ату жа­засы­на сырт­тай үкім шығарылған., Шым­кент­тегі пе­даго­гика тех­ни­кумы­ның ди­рек­торлығы — міне, мұның бәрі Ай­ма­уытов­тың жаңа өмірді ор­нықты­ру жо­лын­дағы күрес жо­лын, өмір бе­лес­терін көрсе­теді. 1929 ж. бас­талған зо­балаң кезінде қар­маққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Ас­тан-кес­тең ауыр, бірақ ерек­ше қуат­ты да қызық, әле­уметтік төңкерістер, ұлы ре­волю­ци­ялар за­манын­да өмір сүрген Ай­ма­уытов өзінің осы қысқа ғұмы­рын­да ар­ты­на аса бай, бағалы әде­би, ғылы­ми мұра қал­ды­рып үлгірді. Ол В. Шекс­пир, В. Гю­го, Г. Мо­пас­сан, А. С. Пуш­кин, Н. В. Го­голь, Л. Н. Толс­той шығар­ма­ларын, «Ин­терна­ци­онал­ды», бірқатар ғылы­ми еңбек­терді аудар­ды, пе­даго­гика, пси­холо­гия, ме­тоди­ка, эс­те­тик, тәрбие ту­ралы зерт­те­улер ту­дыр­ды; әде­би­ет, эс­те­тика, сын са­ласы­на ара­лас­ты; сан алу­ан пуб­ли­цис­тик. мақала­лар жаз­ды; «Қартқожа», «Күне­кейдің жа­зығы», «Шер­ни­яз», «Ел қорғаны», «Ман­сапқор­лар» пьеса­лары, «Комп­лексті оқыту жол­да­ры», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжан­ның ақын­дығы ту­ралы» еңбек­тері — күрделі та­лант­тың қазақ әде­би­еті та­рихын­дағы өлмейтін ор­ны бар шығар­ма­лар. 1918–19 ж. Се­мей қала­сын­дағы М. Әуезов­пен бірлесіп «Абай» жур­на­лын шығар­ды. Осы жур­налда «Екеу» де­ген бүркеншік ат­пен, Әуезов­пен бірлесіп, «Абай­дың өмірі және қыз­меті» (1918, № 2), «Абай­дан кейінгі ақын­дар» («Абай», 1918, № 3) де­ген мақала­лар жаз­ды.

Бұл мақала­лар­да Абай өмірінің бірта­лай қыры сөз бо­лып, оның по­этик, мұра­сының аса құнды­лығы көрсетіліп, кейінгі ақын­дардың ұлы ұстаз­дан үй­ре­нуі шарт екендігі нұсқал­ды, Пуш­кин орыс әде­би­етінде қан­дай та­рихи қыз­мет атқар­са, Абай да қазақ әде­би­еті үшін сон­дай та­рихи іс тын­дырғаны ор­нықты дәлел­денген. Қазақ әде­би тілінің қалып­та­су­ына, оның по­эти­калық мәде­ни­етінің ер­же­туіне Абай шығар­ма­лары­ның қан­ша­лықты әсері бар­лығын көрсет­кен. Абай по­эзиясы­ның ұлттық дәстүрмен қоса Шығыс, Ба­тыс әде­би­ет­терімен бай­ла­нысы қарас­ты­рылған. Ай­ма­уытов — қазақ әде­би­етінде Абай­дың шығар­ма­шылық мұрат­та­рын ілгері жалғас­тырған ең ірі тұлғалар­дың бірі. Шығар­ма­лары Жүсіпбектің қала­мынан туған мол мұра­ны М. О. Әуезов атын­дағы Әде­би­ет және өнер инс­ти­туты­ның ғалым­да­ры жи­нас­ты­рып, ғылы­ми зер­де­ден өткізіп, 1996–1999 жыл­да­ры бес том етіп жа­рыққа шығар­ды. Сөйтіп, қазақ оқыр­ма­ны әйгілі су­рет­кердің шығар­ма­лары­мен ара­да 60 жыл­дан ас­там уақыт өткен­де қай­та та­быс­ты. Ол қазақ әде­би­етінде көркем про­зада алғаш ли­ризм әкел­ген, сон­дай-ақ пей­заж­дың үздік үлгісін, пси­холо­гизмнің те­рең иірімдерін та­мыр­шы­дай дәл басқан нәзік сти­лист су­рет­кер. 1918 —19 ж. М. Әуезов­пен бірге Се­мей­де «Абай» жур­на­лын шығарып, «Екеу» де­ген бүркеншік ат­пен, Әуезов­пен бірлесіп, «Абай­дың өмірі және қыз­меті» (1918, №2), «Абай­дан кейінгі ақын­дар» («Абай», 1918, №3) де­ген мақала­лар жаз­ды. А-тың көркем шығар­ма­лары эс­тет. бо­яуының қашықтығымен, көркемдік қуаты­мен, стильдік да­ралығымен қазақ әде­би­етінде со­ны бағыт қалып­тастыр­ды.

А. пед. оқу орын­да­рын­да қыз­мет істей жүріп, жас ұрпақтың жан-жақты білім алу­ын көзде­ген еңбек­тер, оқу құрал­да­рын жаз­ды. Оның пед., псих. және ме­тоди­ка са­ласын­да жазған ірі еңбек­тері өз уақытын­да еле­улі рөл атқар­ды. Олар­дың ішінде «Тәрби­еге же­текші» (1924), «Пси­холо­гия» (1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926) т. б. бұл бағыт­тағы ғылым­ның бас­та­уын­да тұрған ірі ғылы­ми еңбек­тер Жүсіпбек аз ғана ғұмы­рын­да әде­би­еттің әр түрлі жанр­ла­рын­да өнімді еңбек етіп, құнар­лы шығар­ма­лар қал­дырған. Бес том­дық шығар­ма­лар жи­нағын­да оның өлеңдері мен «Нұр күйі» по­эма­сы, «Ра­биға», «Ман­сап қор­лар», «Сы­лаң қыз», «Ел қорғаны», «Қана­пия Шәрба­ну», «Шер­ни­яз» ат­ты пьеса­лары, көпте­ген әңгіме­лері мен «Қартқожа», «Ақбілек» ро­ман­да­ры, «Күнікейдің жа­зығы» по­весі, ба­лаларға ар­налған ер­тектері, сын мақала­лары мен аудар­ма­лары ен­ген. Бұлар­дың сыр­тында «Тәрби­еге же­текші» (1924 ж.), «Пси­холо­гия» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т. б. ірі ғылы­ми еңбек­тері бар. Жүсіпбек Ай­ма­уытов қала­мынан туған мұра­лар­дың қай қай­сы­сы да оның ке­сек да­рын иесі екендігінің, гу­манист су­рет­керлігінің, жал­тақсыз ұлтжан­ды­лығының жарқын айғағы. Оның шығар­ма­лары өзі ғұмыр кеш­кен за­ман­ның, өзі ара­ласқан қоғам­ның мұқта­жын өте­уге, оның ақ қара­сын па­рықтауға ар­налған. Сөй­те тұра көркемдік те­ге­уріннің қуат­ты­лығы, иде­ялық ұста­ным­да­рының со­нылығы, сөз қол­да­нудағы ше­берлігі Жүсіпбек шығар­ма­лары­ның өміршеңдігіне кепіл бол­мақ. Алаш­тың ай­маңдай тұлғасы, қазақ қара сөзінің құлжа­сы Жүсіпбек Ай­ма­уытов­тың жа­ри­ялан­баған он­шақты әңгімесі мен қазіргі оқыр­манға мүлдем беймәлім бо­лып кел­ген елу­ден ас­там мақала­лары мен очерк­тері та­былып отыр. Қапас­тағы қараңғы қой­ма­дан, шаң басқан ар­хивтен ши­ыр­лап іздеп ол­жа салған, сәуле түсіріп осы інжу-мар­жандар­ды қайыра қалың жұртқа ұсы­нып отырған да­рын­ды ақын, әде­би­ет­та­нушы ғалым,

Жүсе­кең мұра­сын зерт­те­уші – Нұржан Қуан­тайұлы. Жүсіпбек Ай­ма­уытұлы­ның бұл шығар­ма­лары оның «Ғылым» бас­па­сынан жа­рық көрген 5 том­дық то­лық жи­нағына да ен­бе­гендігін, екінші рет ешқай­да жа­ри­ялан­баған­дығын ай­та кеткіміз ке­леді. Еңбек­тері 1917–1919 жыл­да­ры Алаш пар­ти­ясы­на кірсе, 1919 жы­лы бірінші жел­тоқсан­да Се­мей­де кеңес өкіметі ор­нап, Губ­ревком құрылған мезгілде көпте­ген қазак жас­та­рымен бірге мүше бо­лады (Се­мей об­лыстық мем­ле­кеттік мүрағаты, 72- қор, 19-тізім-1, бу­ма 7–3). Жүсіпбек Ай­ма­уытұлы 1920 жы­лы Қазақстан Кеңес­терінің Қүрыл­тай си­езіне де­легат бо­лып қатыс­са, 1921 жы­лы Се­мей гу­бер­ни­ялық оқу бөлімінің меңге­рушісі, «Қазақ тілі» га­зетінің ре­дак­то­ры және жур­на­лис­тер бю­росы­ның хат­шы­сы қыз­метін атқар­ды. 1922–24 жыл­да­ры Қарқара­лыда мек­теи мүғалімі, 1924–26 жыл­да­ры «Ақ жол» га­зетінде бөлім бас­тығы міндетін атқар­ды. Қазак инс­ти­тутын­да істеді (Таш­кент), 1926–29 жыл­да­ры Шым­кент пе­даго­гика­лық тех­ни­кумы­ның оқыту­шысы әрі ди­рек­то­ры бол­ды. Осы­ның аз-ақ ал­дында, яғни ала­пат аш­тық қар­саңын­да ұлт жа­нашыр­ла­ры күй­зел­ген ел­ге қолұшын бе­ру мақса­тымен Се­мей­де «Жа­нар» ат­ты ұйым құрды. Ұйым­ның негізгі мақса­ты мен міндеті: қара­пайым ха­лыққа көмек­те­су, ұлт бос­тандығы жо­лын­дағы жас­тарды қамқор­лыққа алып, білімге, са­ясатқа тар­ту бол­ды.

Ха­лыққа қасірет әкел­ген ала­пат аш­тық тұсын­да — Ж. Ай­ма­уытұлы мұрат­тас серіктестіктерімен бірге қолұшын бе­реді. Мәде­ни-ру­хани тұрғыдан, әлсу­меттік жағынан қол­дап, көмек етеді. Оты­зын­шы жыл­дардың ой­ра­нына, НКВД-нің қан­ды шеңгеліне түскен қай­ран ер та­лан­ты ке­мел­деніп, үлкен шығар­ма­шылық ке­зеңге бет бұрған шағын­да- 1930 жыл­дың 21 сәуірінде Мәске­удегі Бу­тырь­ка түрмесінде атыл­ды. Жүсіпбек Ай­ма­уытүлы­ның ру­хани өмірі аяқталған жоқ. Ж. Ай­ма­уытұлы ұлттық сөз өнерінің әр алу­ан са­ласын­да ерен еңбек етті. Оның қала­мынан туған, әсіре­се ақын­дық әлемін та­ныта­тын («Са­ры­арқаның сәлемі», «Көшу», «Нұр күйі», т. б.), ке­мел про­зашы­лығын («Әнші», «Елес», «Жол үстінде», «Қара бақсы» — әңгіме­лер), «Күнікейдің жа­зығы», (по­весть), «Қартқожа», «Ақбілек» (ро­ман­дар), белгілі дра­машы­лығын («Сы­лаң қыз», «Ман­сапқор­лар», «Ра­биға», «Ел қорғаны», «Қана­пия — Шәрба­ну», «Шер­ни­яз»), ай­ту­лы аудар­ма­шылығын («Са­раң сері», «Тас мей­ман» (А. С. Пуш­кин), «Бақыла­ушы» (Н. В. Го­голь), «Бей­ша­ралар» (В. Гю­го), «Дәмелі», (Ф. Дю­шен), «Тау еліндегі оқига» (С. Чуй­ков), сын­дарлы сын­шы­лыгын — «Маг­жанның ақын­ды­гы ту­ралы», «Аудар­ма ту­ралы», «Сүңқар жы­ры», жан жүйесінің білікті білгірі екендігін — «Тәрби­еге же­текші», «Пси­холо­гия», «Комп­лек­спен оқыту жол­да­ры», «Жаңа ауыл» т. б. еңбек­тері та­биғи та­лант қыр­ла­рын жан-жақты жарқыра­та көрсетті. Ба­лаларға ар­налған — «Жа­ман ты­мақ», «Көк өгіз», «Шал мен кемпір», «Үш қыз» сын­ды ер­тегілер қара­пайым мәтін мен көркем су­реттің та­биғи тұтас­тығы мен үндес­кен үлгісін те­рең та­ныта­ды. Ең маңыз­ды­сы, бұл еңбек­тер бүгін де ру­хани-тәлімдік қыр­ла­рымен мәнді.