Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Коллективтендіру және көпшілікті жазалау (1930 — 1940 ж.ж.)

Иса Байзақов

Иса Бай­зақов (3.10.1900, Пав­ло­дар об­лы­сы, Ертіс ауда­ны, Үлгілі ауылы — 3.9.1946, Ал­ма­ты) — ақын, әнші-ком­по­зитор.

Өмірі

Әкесі Бай­зақ ескіше хат та­ныған, жа­сын­да ән са­лып, өлең шығарған, шағын ша­ру­алы, са­уыққой кісі болған. Иса 9-ға шыққан­да ше­шесі қай­тыс бо­лып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жан­ба­ланың ба­уырын­да өседі. Нағашы ағасы Рах­мет оған дом­бы­ра тар­тып, ән са­луды үй­ре­теді. Кішкен­тайынан «Әнші Иса» ата­нады. 1921 жы­лы Се­мей­дегі жұмыс­шы фа­куль­тетінде, 1922 жы­лы Орын­бордағы Қазақ ха­лық ағар­ту инс­ти­тутын­да, 1929—1932 жы­лы Қазақ пе­даго­гика­лық инс­ти­тутын­да оқыған. 1926—1929 жы­лы Қазақ дра­ма те­ат­ры­на шақыры­лып Әміре, Қали­бек, Құрман­бек, Сер­ке, Елу­бай, тағы басқа ак­терлер­мен бірге жаңа те­атр­дың негізін қала­сады. Те­атр алғаш қойған М. Әуезовтің «Еңлік — Ке­бегі» мен «Бәйбіше — тоқалын­да» бас­ты рөлдер­де ой­най­ды. Өзі инс­це­ниров­ка жа­саған «Біржан — Са­ра» қойылы­мын­дағы Біржан рөлінде нағыз ак­терлік да­рынын та­нытқан. 1932—1940 жыл­да­ры Ал­ма­ты, Қараған­ды, Се­мей қала­ларын­да ра­ди­ода, фи­лар­мо­ни­яда, Жа­зушы­лар одағын­да қыз­мет істеді. Өлеңдері 1924 жыл­дан жа­ри­яла­на бас­та­ды. Сан қыр­лы та­лант иесі Бай­зақов­тың, әсіре­се, су­ырып сал­ма ақын­дық өнері қазақ әде­би­етіндегі осы бір ерек­ше құбы­лыс­тың жалғасын­дай еді. Бай­зақов жаз­ба әде­би­ет өкілі ретінде де шоқтығы биік көркем ту­ын­ды­лар қал­дырды.

Өзге­ше жан­ры

Көпте­ген өлеңдеріне өзі өмір сүрген ке­зеңдегі Қазақстан­ның ты­ныс-тіршілігінің түрлі көріністерін арқау ет­кен. Ақын өлеңдерінде фоль­клор­лық си­пат ба­сым. Бұл — оның су­ырып сал­ма­лық та­лан­ты­на бай­ла­ныс­ты ерек­шелігі. Бай­зақов­тың жұрт ал­дында ай­ты­латын ұзақ толғау ал­дындағы кіріспе іспетті, өзіндік әні бар желдірме­лері ха­лық ара­сына кең та­раған. Бай­зақов по­эма жан­рын да­мытуға да зор үлес қос­ты. «Ұлы құры­лыс» (1933), «Ал­тай аясын­да» (1934), «Он бір күн, он бір түн» (1938), «Кав­каз» (1940), «Ақбөпе» (1941), «Қыр­мы­зы — Жа­нат», «Қой­шы­ның ер­тегісі», тағы басқа көлемді шығар­ма­ларын­да өткен за­ман оқиғала­ры, кейінгі дәуір шын­дығы көрініс тапқан. «Құра­лай сұлу», «Ал­тай аясын­да» по­эма­ларын­да жоңғар шапқын­шы­лығы, «Ақта­бан шұбы­рын­ды» за­манын­дағы қазақ тұрмы­сы шы­найы су­рет­теліп, ел бірлігі, пат­ри­отизм иде­ясы көтеріледі. Әле­уметтік қай­шы­лықтарға то­лы «Ақбөпе» по­эма­сын­да ақын өз кейіпкер­лері Ақбөпе мен Әміржан бойына бұрынғы қазақ жас­та­рының ең жақсы қаси­ет­терін жи­нақтаған. Ақбөпе — өз бақыты үшін күрес­кен өр мінезді қазақ қызы­ның бей­несі. Бай­зақов­тың ақын­дық да­рыны Ұлы Отан соғысы жыл­да­рын­да ерек­ше та­ныл­ды. Ақын өзінің от­ты жыр­ла­рымен ел ішіндегі на­сихат жұмы­сына бел­се­не ара­ласып, еңбек­тегі ерлікті жыр­ла­ды. Бай­зақов 40-тан ас­там әннің сөзін жа­зып, көпте­ген қазақ әндерін но­таға түсіртті. Оның шығар­ма­шылығы — қазақ по­эзиясын­дағы жарқын бе­лес­тердің бірі. Ак­терлік, әншілік, жыр­шы­лық да­рыны­мен қазақ мәде­ни­етінде те­рең із қал­дырған. Бай­зақов­тың өмірі мен шығар­ма­шалығын Е. Ыс­майылов, М. Ха­сенов, Р. Бердіба­ев, тағы басқа зерт­те­ген. Жа­зушы Н. Анов­тың «Ән қана­ты» ро­манын­да (1956), осы ат­тас ки­нофиль­мде (1962) әнші-ақын­ның көркем бей­несі жа­сал­ды. Еңбек Қызыл Ту ор­денімен ма­рапат­талған (1939).