Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Коллективтендіру және көпшілікті жазалау (1930 — 1940 ж.ж.)

Байтұрсынұлы, Ахмет (1873—1938 жж.)

Байтұрсынұлы, Ах­мет (1873—1938) — ақын, әде­би­ет зерт­те­уші ғалым, түркіта­нушы, пуб­ли­цист, пе­дагог, аудар­ма­шы, қоғам қай­рат­кері.

Ав­то­би­ог­ра­фи­ясы

Ах­мет Байтұрсынұлы (15.1.1872, қазіргі Қос­та­най об­лы­сы, Жан­гелді ауда­ны Са­рытүбек ауылы – 8.12.1937, Ал­ма­ты қала­сы) – қазақ халқының 20 ғасыр­дың ба­сын­дағы ұлт-азат­тық қозғалы­сы же­текшілерінің бірі, мем­ле­кет қай­рат­кері, ақын, пуб­ли­цист, қазақ тіл білімі мен әде­би­ет­та­ну ғылым­да­рының негізін са­лушы ғалым, ұлттық жа­зудың ре­фор­ма­торы, ағар­ту­шы. Ата­сы Шо­шақ не­мересі Ах­мет өмірге кел­генде ауыл ақсақал­да­рынан ба­та алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ах­метті Торғай­дағы 2 сы­нып­тық орыс-қазақ мек­тебіне бе­реді. Оны 1891 жы­лы бітіріп, Орын­бордағы 4 жыл­дық мек­тепке оқуға түседі. 1895–1909 жы­лы Ақтөбе, Қос­та­най, Қарқара­лы уез­деріндегі орыс-қазақ мек­тептерінде оқыту­шы, Қарқара­лы қала­лық учи­лищесінде меңге­руші қыз­метін атқара­ды. Байтұрсы­нов­тың са­яси қыз­мет жо­лына түсуі 1905 жылға тұс ке­леді. 1905 жы­лы Қоян­ды жәрмеңкесінде жа­зылып, 14500 адам қол қойған Қарқара­лы пе­тици­ясы (арыз-тілегі) ав­торла­рының бірі Байтұрсынұлы бол­ды. Қарқара­лы пе­тици­ясын­да жергілікті басқару, сот, ха­лыққа білім бе­ру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәй­кес өзгерістер енгізу, ар-ож­дан бос­тандығы, дін ұста­ну еркіндігі, цен­зу­расыз га­зет шығару және бас­па­хана ашуға рұқсат бе­ру, күні өткен Да­ла ере­жесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыс­ты­ру мәсе­лелері көтерілді.

Он­да қазақ да­ласы­на орыс ша­ру­ала­рын қоныс ауда­руды үзілді-кесілді тоқта­ту та­лап етілген бо­латын. Сол ке­зеңнен бас­тап жан­дарм­дық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жы­лы 1 шілде­де гу­бер­на­тор Трой­ниц­кийдің бұй­рығымен тұтқын­да­лып, Се­мей түрмесіне жа­был­ды. Ре­сей ІІМ-нің Ерек­ше Кеңесі 1910 жы­лы 19 ақпан­да Байтұрсы­нов­ты қазақ об­лыста­рынан тыс жер­ге жер ауда­ру жөнінде шешім қабыл­да­ды. Осы шешімге сәй­кес Байтұрсынұлы Орын­борға 1910 жы­лы 9 на­урыз­да келіп, 1917 жыл­дың соңына дейін сон­да тұрды. Байтұрсынұлы өмірінің Орын­бор ке­зеңі оның қоғам­дық-са­яси қыз­метінің аса құнар­лы шағы бол­ды. Ол осы қала­да 1913–1918 жы­лы өзінің ең жақын сенімді дос­та­ры Ә. Бөкей­ха­нов, М. Ду­латов­пен бірігіп, сон­дай-ақ қалың қазақ зи­ялы­лары­ның қол­да­уына сүйеніп, тұңғыш жал­пыұлттық «Қазақ» га­зетін шығарып тұрды. Га­зет қазақ халқын өнер, білімді иге­руге шақыр­ды. Байтұрсы­нов­тың Орын­бордағы өмірі мен қыз­меті Ре­сей үкіметінің қатаң жан­дарм­дық бақыла­уын­да бол­ды. Ол «Қазаққа» жа­былған негізсіз жа­ла сал­да­рынан абақтыға оты­рып шықты. Байтұрсы­нов 1917 жы­лы ре­волю­ци­ялық өзгерістер ар­на­сын­да өмірге келіп, қазақ та­рихын­да те­рең із қал­дырған Қазақ съез­дері мен Қазақ ко­митет­тері сияқты та­рихи құбы­лыс­тың қалың ор­та­сын­да жүрді, оларға тіке­лей ара­ласып, «Қазақ га­зеті» арқылы са­яси те­ориялық бағыт-бағдар беріп отыр­ды. Байтұрсынұлы Алаш пар­ти­ясы бағдар­ла­масын да­яр­лаған шағын топ­тың құра­мын­да бол­ды. Байтұрсы­нов пен Ду­латов қазақ ара­сын­да бұрын­нан ке­ле жатқан ру – жүза­ралық ала­уыз­дыққа бай­ла­ныс­ты Алаш Ор­да үкіметінің құра­мына са­налы түрде ен­бей қал­ды, бірақ олар­дың қазақ ұлттық мем­ле­кеттік иде­ясын жа­са­ушы топ­тың ішінде болған­дығын за­ман­даста­ры жақсы біліп, мойын­да­ды. Алаш Ор­да құра­мын бекіткен 2-жал­пықазақ съезі Оқу-ағар­ту ко­мис­си­ясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсы­нов­ты бекітті. 1919 жы­лы на­урызға дейін Ала­шор­да үкіметінің Торғай об­лы­сы бөлімінің мүшесі бол­ды. Байтұрсынұлы 1919 жы­лы на­урыз­да Ала­шор­да үкіметі аты­нан Мәске­уге Кеңес үкіметімен келіссөзге ат­танды, осы жылғы шілде­де РКФСР Ха­лық Ко­мис­сарлар Кеңесі мен Қазақ әске­ри-рев. к-ті төрағасы­ның орын­ба­сары бо­лып тағайын­далды.

Байтұрсы­нов­тың ықпа­лымен сәуірде Ала­шор­да бас­шы­лары мен мүше­леріне Кеңес үкіметінің кешірімі жа­ри­ялан­ды. Байтұрсынұлы бұл та­рихи ке­зеңде «пат­ша­лар­дың төрінде отырған­нан, со­ци­алис­тердің бо­сағасын­да өлгенім ар­тық» де­ген пікірде бол­ды. 1920 жы­лы В. И. Ле­нин­ге үкіметінің Қазақстан­ды басқару ісіндегі алғашқы қада­мын қатал сынға алған ха­тын жол­да­ды. Қаз­ревком мүшесі ретінде Қазақстан­ның Ре­сей­мен ше­кара­сының қалып­та­су ісіне бел­сенді түрде ара­лас­ты. Бүкілре­сейлік ОАК-нің 1919 ж. 27 та­мыз­да Қос­та­най уезін Че­лябинск об­лы­сына қосу ту­ралы шешіміне қар­сы Б-тың жазған са­яси на­разы­лығы Қос­та­най уезін Қазақстан құра­мына қай­та­руға негіз бол­ды. Ол 1920 ж. та­мыз­да құрылған Қазақ АКСР-і үкіметінің құра­мына еніп, 1920–1921 жы­лы Қазақ АКСР-і ха­лық ағар­ту ко­мис­са­ры қыз­метінде бол­ды. 1922 жы­лы Өлкелік ха­лық ко­мис­са­ри­аты жа­нын­дағы Ака­деми­ялық ор­та­лықтың, 1922–1925 жы­лы Ха­лық ағар­ту ко­мис­са­ри­аты ғылы­ми-әде­би ко­мис­си­ясы­ның, Қазақ өлкесін зерт­теу қоғамы­ның төрағасы бо­лып қыз­мет атқар­ды. Байтұрсынұлы түрлі мем­ле­кеттік қыз­метке ат са­лыса жүріп, со­нымен бір мезгілде өзінің жа­ны сүй­ген оқыту­шылық-ұстаз­дық жұмы­сынан да қол үзбе­ген. 1921–1925 жы­лы Орын­бордағы, 1926–1928 жы­лы Таш­кент­тегі Қазақ ха­лық ағар­ту инс­ти­тут­та­рын­да қазақ тілі мен әде­би­еті, мәде­ни­ет та­рихы пәндерінен са­бақ берді. 1928 жы­лы Ал­ма­тыда Қазақ мем­ле­кеттік пе­даго­гика­лық инс­ти­туты­ның ашы­лу­ына бай­ла­ныс­ты рек­тордың шақыру­ымен осы оқу ор­ны­на про­фес­сор қыз­метіне ауыс­ты. 1929 жы­лы 2 ма­усым­да 43 Алаш қозғалы­сы қай­рат­керлерімен бірге ол Ал­ма­тыда тұтқынға алы­нып, осы жыл­дың соңына қарай тер­геу үшін Мәске­удегі Бу­тыр­ка абақты­сына жөнелтілді. КСРО Ха­лық ко­мис­сарлар кеңесі жа­нын­дағы ОГ­ПУ «үштігінің» 1930 ж. 4 сәуірдегі шешіміне сәй­кес Байтұрсынұлы ату жа­засы­на кесілді. Бұл шешім бірне­ше рет өзгерістер­ге ұшы­рады: 1931 жы­лы қаңтар­да 10 жылға конц­ла­герь­ге ауыс­ты­рыл­са, 1932 ж. қара­шада 3 жылға Ар­хангель­скіге жер ауда­рыл­сын деп ұйғарыл­ды. 1933 жы­лы ма­мыр­да ден­са­улығы на­шар­лап ке­туіне бай­ла­ныс­ты қалған мерзімді Ба­тыс Сібірде ай­да­уда жүрген от­ба­сымен (әйелі мен қызы) бірге өткізу­ге рұқсат беріледі. 1934 жы­лы М. Горь­кийдің жұбайы Е. П. Паш­ко­ваның көмегімен Байтұрсынұлы от­ба­сымен мерзімінен бұрын бо­саты­лып, Ал­ма­тыға ора­лады.

Бұл жер­де тұрақты жұмысқа қабыл­данбай, түрлі ме­кеме­лер­де қысқа мерзімдік қыз­меттер атқара­ды. 1937 жы­лы 8 қазан­да тағы да қамауға алы­нып, екі ай­дан соң, яғни 8 жел­тоқсан­да атыл­ды. Тұтас бу­ын­ның төл ба­сы болған Байтұрсы­нов­тың алғашқы кіта­бы – «Қырық мы­сал» 1909 жы­лы жа­рық көрді. Ол бұл еңбегінде Ре­сей отар­шы­лары­ның зор­лық-зом­бы­лығын, елдің тұра­лаған халін жұмбақтап, тұспал­дап жеткізді. Байтұрсынұлы мы­сал жан­ры­ның қызықты фор­ма­сы, ұғым­ды иде­ясы, уыт­ты тілі арқылы әле­ум. са­наның ояну­ына ықпал етті. Ақын­ның аза­мат­тық ар­ман-мақса­ты, ой-толғам­да­ры кес­те­лен­ген өлеңдері «Ма­са» де­ген ат­пен же­ке кітап бо­лып жа­рық көрді (1911). «Ма­саның» негізгі иде­ялық қазығы – жұртшы­лықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәде­ни­етті уағыз­дау, еңбек ету­ге үндеу. Ақын ха­лықты қараңғылық, ен­жарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктер­ден ары­луға шақыр­ды. Абай­дың ағар­ту­шылық, сын­шылдық дәстүрін жаңар­та оты­рып, Байтұрсынұлы 20 ғ. ба­сын­дағы қазақ әде­би­етін төңкерісшіл-де­мок­раттық дәре­жеге көтерді. Сон­дай-ақ Байтұрсынұлы қазақ тіліне А. С. Пуш­кин, М. Ю. Лер­монтов, Ф. Воль­тер, С. Я. Над­сон өлеңдерін аудар­ды. Бұл аудар­ма­лар Байтұрсы­нов­тың тақырып­ты, иде­ялық-көркемдік деңгейі жоғары ту­ын­ды­лар. Ел тағды­рының ке­лешегіне алаңда­улы ақын көп қыр­лы ісімен, да­налық са­яса­тымен қазақ жас­та­рының ру­хани көсемі бол­ды. Байтұрсы­нов­тың «Қазақтың бас ақыны» де­ген көлемді мақала­сы – әде­би­ет­та­ну ғылы­мын­дағы алғашқы зерт­теу еңбек­тердің бірі. Мақала­да ұлы ақын Абай­дың та­рихи мис­си­ясы, ру­хани бол­мы­сы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі маңызы, көркемдік-эс­те­тик. си­паты ба­ян­далды. Ол Абай өлеңдерінің да­ралығын, «сөзі аз, мағына­сы көп, те­реңдігін», сын­шылдығын ұғын­дырды.

Байтұрсы­нов­тың Абай­дың ақын­дық ше­берлігі, по­эзияға де­ген көзқара­сы ту­ралы ғылы­ми тұжы­рым­да­ры қазақ әде­би­ет­та­ну ғылы­мын­да жалғасын тап­ты. Оның «Әде­би­ет та­нытқыш» де­ген зерт­теуі (1926) қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылы­ми-те­ориялық еңбек. Байтұрсынұлы әде­би­ет та­рихы­на, те­ориясы мен сы­нына, ме­тодо­логи­ясы­на тұңғыш рет ти­янақты анықта­ма беріп, қазақ әде­би­ет­та­ну ғылы­мының жүйесін жа­сады. Ха­лық тілінің бай қоры көзінен мағына­сы те­рең, ұғым­дық аясы кең сөздерді тер­мин етіп алып, со­ның негізінде қазақ әде­би­етінің бар­лық жанр­лық фор­ма­ларын топ­тап, жіктеп берді. Байтұрсынұлы «Әде­би­ет та­нытқышы­мен» қазақ әде­би­ет­та­ну ғылы­мының негізін сал­ды. Сон­дай-ақ ол – әде­би­ет та­рихы­ның мұра­сын, ауыз әде­би­еті үлгілерін жи­наған зерт­те­уші ғалым. Көркемдігі ай­рықша «Ер Сайын» жы­ры (1923) мен қазақ та­рихы­ның төрт жүз жы­лын қам­ти­тын «23 жоқтау» жи­нағын (1926) кітап етіп шығар­ды. Ха­лық мұра­сына үлкен жа­нашыр­лықпен қараған Ах­мет Байтұрсынұлы «әде­би­ет тіліне негіз етіп ел аузын­дағы тіл алын­ба­са, оның ада­сып ке­тетіндігін» ай­тты. «Қазақ» га­зеті ха­лықтың ру­хын сергіткен ірі құбы­лысқа ай­нал­ды. Байтұрсынұлы – әле­ум. мәсе­лелер­ге, қоғам­дық ой-пікірге ықпал жа­саған пуб­ли­цист. Оның мақала­лары ғылы­ми байып­та­уымен, өткір ой­ла­рымен сол ке­зеңнің шын­дығынан ха­бар бе­реді. Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің та­биғаты­на бейімдел­ген араб жа­зуы негізінде жа­сал­ды. Ол Қазақ білімпаз­да­рының тұңғыш съезінде (Орын­бор, 1924), құрыл­тайын­да (Ба­ку, 1926) араб жа­зу­ын­дағы әліпбидің қажеттілігін, құнды­лығын жан-жақты тұжы­рым­мен дәлел­де­ген ғылы­ми ба­ян­да­ма жа­сады. Бұл әліпби ұлттық жа­зудың қалып­та­су­ын­дағы ірі мәде­ни жетістік бо­лып та­была­ды.

Ол ха­лыққа ғылым-білімнің қажеттілігін түсіндіру­мен ғана шек­телмей, білім бе­ру ісін жолға қоюға күш сал­ды. Орыс, та­тар мек­тептерінен оқып шыққан ұлт ма­ман­да­рының өз тілін қол­да­нудағы кемшіліктерін көріп: «Әр жұрттың түрінде, тұтынған жо­лын­да, мінезінде қан­дай басқалық бол­са, тілінде де сон­дай басқалық бо­лады. Біздің жа­сынан не орыс­ша, не ноғай­ша оқыған ба­уыр­ла­рымыз сөздің жүйесін, қисы­нын нағыз қазақша келтіріп жа­за ал­май­ды не жаз­са да қиын­дықпен жа­зады, се­бебі, жа­сынан қазақша жа­зып дағды­лан­баған­дық» деп жаз­ды. Байтұрсы­нов­тың «Оқу құра­лы» (1912) – қазақша жа­зылған тұңғыш әліппе­лердің бірі. Бұл әліппе оқыту­дың жаңа әдістері тұрғысы­нан өңделіп, 1925 жылға дейін бірне­ше рет қай­та ба­сыл­ды. «Оқу құра­лы» қазіргі әдісте­ме тұрғысы­нан әлі күнге дейін маңыз­ды оқулық ретінде бағала­нады. Оның үш бөлімнен тұра­тын «Тіл – құрал» ат­ты оқулығының фо­нети­каға ар­налған бөлімі 1915 жы­лы, мор­фо­логияға ар­налған бөлімі 1914 ж., син­таксис бөлімі 1916 жыл­дан бас­тап жа­рық көрді. «Тіл – құрал» – қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықта­рының негізі бо­лып қалан­ды. «Тіл – құрал» қазақ тіл білімінің та­рау-та­рау са­лала­рының құры­лымын жүйелеп, ғылы­ми негізін салған зерт­теу. Байтұрсы­нов­тың ақын, аудар­ма­шы, ғалым-тілші, әде­би­ет­та­нушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі өз дәуірінде зор бағаға ие бол­ды. 1923 жы­лы Байтұрсы­нов­тың 50 жасқа толғаны Орын­бор, Таш­кент қала­ларын­да сал­та­нат­ты түрде атал­ды. С. Сәдуақасов, С. Сей­фул­лин, М. Әуезов, М. Ду­латов, Е. Ома­ров сияқты за­ман­даста­ры бас­пасөзде мақала­лар жа­ри­ялап, Байтұрсы­нов­тың қазақ халқына сіңірген еңбегін өте жоғары бағала­ды. Өмірі мен қыз­метіне, шығар­ма­шылығына ғылы­ми пікір-тұжы­рым­дар ай­тыл­ды. 1988 жыл­дан кейін Қазақстан­дағы көпте­ген көше, мек­тептер­ге Байтұрсын есімі берілді. Тіл білімі инс­ти­туты, Қос­та­най уни­вер­си­теті Байтұрсы­нов­тың есімімен атал­ды. 1998 жы­лы оның туғаны­на 125 жыл толған ме­рей­тойы сал­та­нат­пен атап өтіліп Ал­ма­ты қала­сын­данда рес­публи­ка ғылы­ми кон­фе­рен­ция өткізілді, Байтұрсы­нов­тың мұра­жай-үйі мен ес­керткіші ашыл­ды.

Хро­ноло­гия

Туған жері — бұрынғы Торғай уезінің То­сын бо­лысы (қазіргі Қос­та­най об­лы­сының Жан­гелдин ауда­нын­дағы Ақкөл ауылы). 1882—1884 жж. ауыл мек­тебінде оқыды. 1890 ж. Торғай­дағы екі клас­тық, орыс-қазақ учи­лищесін, 1895 ж. Орын­бордағы мұғалімдер мек­тебін бітірген. 1895—1909 ж. Ақтөбе, Қос­та­най, Қарқара­лы уез­деріндегі мек­тептер мен орыс-қазақ учи­лище­лерінде мұғалімдік қыз­мет атқара­ды. 1909 ж. пат­ша үкіметінің са­яса­тына на­разы­лық білдіргені үшін Се­мей түрмесіне жа­былып, 1910 ж. жер ауда­рыл­ды. 1913 ж. Орын­борда «Қазақ» га­зетін ұйым­дасты­рып, 1917 жыл­дың аяғына дейін оның ре­дак­то­ры бол­ды. Пат­ша үкіметі құла­тылған­нан кейін ұлт-азат­тық қозғалыс күшейеді. 1918–19 жж. Алаш Ор­да қата­рын­да бо­лады. 1919 ж. ма­усым­ның 24 Қазақ өлкесін басқара­тын Әске­ри-ре­волю­ци­ялық ко­митеттің мүшелігіне тағайын­да­лады. 1922–25 жж. Қазақстан Ха­лық ағар­ту ко­мис­са­ри­аты жа­нын­дағы ғылы­ми-әде­би ко­мис­си­яның төрағасы, Ха­лық ағар­ту ко­мис­са­ры, Бүкілре­сейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Ком­парти­ясы ОК-нің ор­га­ны «Ақ жол» га­зетінде қыз­меткер. 1925–29 ж. Қазақ ха­лық ағар­ту инс­ти­тутын­да (Таш­кент) және Қаз­ПИ-де оқыту­шы бол­ды. 1929 ж. ма­усы­мын­да қамауға алы­нып өзі Ар­хангель­ск об­лы­сына жер ауда­рылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл Крест ко­мис­си­ясын­да қыз­мет ет­кен Е. Пеш­ко­ваның (Мак­сим Горь­кийдің зайыбы) қол­да­уха­тымен Ах­мет Байтұрсынұлы бо­сатылған. Сол кез­де ол жанұясы­мен бірге Ал­ма­тыға қай­та оралған. 1937 ж. қазан айын­да Ах­мет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, екі ай­дан соң, жел­тоқсан­ның 8 "ха­лық жа­уы" есебінде атылған. Сәкен Сей­фул­лин баға беріп, Ах­мет Байтұрсынұлы ту­ралы бы­лай депті: …Өзге оқыған мыр­за­лар шен іздеп жүрген­де, қор­лыққа шы­дап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт на­мысын жыр­тып, ұлттық арын жоқтаған пат­ша за­манын­да жалғыз-ақ Ах­мет еді. Қазақтың ол уақыт­тағы кейбір оқыған­да­ры уез, гу­бер­ния сот­та­рына күш са­лып, тілмәш бо­лып, кейбірі арын са­тып ұлықтық іздеп жүрген­де, Ах­мет қазақ ұлты­на жа­нын аямай қыз­мет қыл­ды… ха­лықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір ба­сын бәй­ге­ге тікті. Мұхтар Әуезов бы­лай депті: Ахаң ашқан қазақ мек­тебі, Ахаң түрле­ген ана тілі, Ахаң салған әде­би­ет­тегі елшілдік ұра­ны – «Қырық мы­сал», «Ма­са»; «Қазақ» га­зетінің қан жы­лаған қазақ ба­ласы­на істе­ген еңбегі, өнер-білім, са­ясат жо­лын­дағы қажы­маған қай­ра­ты, біз ұмыт­сақ та, та­рих ұмыт­пай­тын істер бо­латын. Бірақ зор­лықпен, күшпен де­генін бол­ды­рып үй­рен­ген боль­ше­вик­тер бұл ақиқат­ты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де та­рих­тан өшіру­ге ты­рысып бақты. Оны бар ғұмы­рын адал қыз­мет ету­ге ар­наған туған халқына жау етіп көрсетіп, «ха­лық жа­уы» де­ген жа­лалы жа­мылғыны жа­уып, атқыз­ды, атын атаған­дарды қуғынға сал­ды. Бәрібір олар мақса­тына же­те ал­ма­ды. Жа­ла – бұлт, шын­дық – күн екен, за­маны қай­та ту­ып, шын­дықтың шұғыла­сы өз нұрын төкті. Ұлтын сүй­ген ұлтжан­ды Ахаң, Ах­мет Байтұрсынұлы өз халқымен қай­та та­быс­ты.

Шығар­ма­лары

Байтұрсынұлы шығар­ма­шылық жұмы­сын өлең жа­зудан бас­таған. Он­да ол еңбекші ха­лықтың ауыр халін, ар­ман-тілегін, мұң-мұқта­жын көрсетіп, жұртшы­лықты оқуға, білім-ғылымға, ру­хани биіктікке, адам­гершілікке, мәде­ни­етті көте­руге, еңбек ету­ге шақыра­ды. Пат­ша­лық Ре­сейдің қана­ушы­лық-отар­шылдық са­яса­тын, шенді-шек­пендінің ал­дында құлдық ұрған ше­не­уніктердің опа­сыз­дығын сы­нады. Ақын­ның алғашқы өлеңдері «Қырық мы­сал» ат­ты аудар­ма жи­нағын­да 1909 ж. Санкт-Пе­тер­бург­те жа­рық көрді. Бұл кіта­бы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы ел­ге жар са­лып, олар­дың ой-са­насын оятуға бар жігер-қай­ра­тын, білімін жұмсай­ды. Ақын әрбір аудар­ма­сының соңына өзінің негізгі ойын, ай­тайын де­ген түйінді мәсе­лесін халқымыз­дың сол кез­дегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, пси­холо­ги­ясы­на сәй­кес қосып отырған. Байтұрсынұлы­ның екінші кіта­бы — «Ма­са» (1911). Бұл кітапқа ен­ген өлеңдерінде ақын қараңғылық, на­дан­дық, ша­руаға ен­жарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сы­нады. Көпте­ген өлеңдері сол кез­дегі ағар­ту­шылық бағыт­пен үндес бол­ды. Ол Шоқан, Абай, Ыбы­рай қалып­тастырған дәстүрлерді, гу­манистік, де­мок­ра­ти­ялық бағыт­тағы өрісті ой­лар­ды өзінше жалғас­ты­рушы ретінде көрінді. Қор­шаған ор­таға ой­ла­на, сын көзімен қарай­ды, қоғам қал­пы­на көңілі тол­май­ды. «Қазақ сал­ты», «Қазақ, қал­пы», «До­сыма хат», «Жиған-тер­ген», «Тілек ба­там», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т. б. өлеңдерінің мазмұны осы­ны та­ныта­ды. Кітап­тың ішкі са­зы мен ой өрнек, сөз ора­мы қазақ по­эзиясы­на тән өзіндік жаңалық, ерек­ше өзгеріс әкелді.

Қазақ тілінің негізін қала­ушы ретінде

Ах­мет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықта­рын жа­зуды 1910 жыл­дардан бас­тап қолға ала­ды. Оны­мен қоса қазақ гра­фика­сын жа­сауға кіріседі. Қазақ гра­фика­сының негізіне қазақтың мәде­ни дүни­есінде көп ғасыр­лық дәстүрі бар, өзге түркі ха­лықтар­ды да пай­да­ланып отырған­дықтан, ту­ыс­тық, жақын­дық си­паты бар араб таңба­ларын ала­ды. Сол 1911–1912 жыл­да­ры жа­салып, Уфа, Орын­бор қала­лары­ның бас­па­ха- на­ларын­да жа­рық көрген. Ах­мет Байтұрсынұлы­ның әліппесі «Оқу құра­лы» де­ген ат­пен 1912–1925 жыл­да­ры ара­сын­да 7 рет қай­та ба­сылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пай­да­ланыл­ды. 1926 жы­лы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жаз­ды. Ах­мет Байтұрсынұлы­ның қазақ тілінің та­биғатын, құры­лымын та­нып-та­ныту­дағы қыз­меті енді мек­тепте қазақ тілін пән ретінде үй­ре­тетін оқулықтар жа­зумен ұла­сады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» ат­ты үш бөлімнен тұра­тын, үш шағын кітап бо­лып жа­ри­яланған оқулықтар жа­зыл­ды.

Әде­би­ет­та­ну

Ха­лық ауыз әде­би­етінің үлгілерін жи­нап жа­рыққа шығару­да Байтұрсынұлы зор еңбек сіңірді. Әде­би­ет са­ласын­дағы алғашқы зерт­теуі деп оның «Қазақ» га­зетінің 1913 жылғы үш са­нын­да шыққан «Қазақтың бас ақыны» де­ген көлемді мақала­сын атауға бо­лады. Он­да қазақ халқының ру­хани өмірінде Абай­дың аса ірі тұлға екені, өмірба­яны, шығар­ма­лары­ның мазмұн те­реңдігі, ақын­дық ше­берлігі, по­эти­касы, орыс әде­би­ет­терімен бай­ла­нысы ту­ралы ой­лы пікірлер ай­тылған, ақын мұра­сының эс­те­тика­лық қадір-қаси­ет­тері ашылған. Қазақтың эпос­тық жы­ры «Ер Сайын­да» алғы сөз бен түсінікте­мелер жа­зып, оны 1923 ж. Моск­ва­да шығар­ды. Қазақ ауыз әде­би­етінде мо­лынан сақталған жоқтау-жыр­ла­рын ар­найы жүйелеп, сұрып­тап, 1926 ж. «23 жоқтау» де­ген ат­пен же­ке кітап етіп жа­ри­яла­ды. Байтұрсынұлы­ның қазақ әде­би­ет­та­ну ғылы­мы мен әде­би­ет та­рихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі — «Әде­би­ет та­нытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерінің та­биғаты, сы­ры, мазмұны, ерек­шеліктері, жанр­ла­ры, жаңа тер­миндер, ұғым­дар жай­лы жан-жақты зерт­те­улер, тұжы­рым­дар сөз бол­ды. Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы ауыз әде­би­еті мен жаз­ба әде­би­етінің әле­уметтік, қоғам­дық мән-маңызын ашу­дан гөрі адам­гершілік, эс­те­тика­лық әсемдік әуенін тал­дауға көбірек көңіл бөлген. Сон­дай-ақ мұнда жаз­ба әде­би­ет­тегі ағым­дар, әдістер ту­ралы ой-түйіндер ай­тылған. Кітап­тың бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылы­мы» деп ата­лады да, он­да көркем сөздің то­лып жатқан қыры мен сы­ры, та­ра­улар мен тар­мақтар, тіл әуезділігінің қыру­ар шарт­та­ры, «сөздің өлең бо­латын мәнісі», өлең ай­шықта­ры, «шу­мақ түрлері», «тар­мақ тұлғала­ры», «бу­нақ бу­ын­да­ры», «ұйқас­тығы» т. б. сөз етіледі. Екінші бөлімі «Қара сөз бен да­рын­ды сөз жүйесі» деп ата­лады да, көркем қара сөз та­биғаты, оның та­ра­ула­ры — шежіре, за­ман хат, өмірба­ян, «мінез­де­ме», та­рихи әңгіме, «әліпте­ме, әліптеу тәртібі — мәнді әліпте­ме, сәнді әліпте­ме, жол әліпте­месі, байым­да­ма, байым­дау әдістері, түрлері — пән, сын, ше­шен сөз, оның түрлері, са­ясат ше­шен сөзі, білімді ше­шен сөзі, уағыз көркем сөз» деп жүйелеп келіп, әңгіме, ро­манға си­пат­та­ма бе­реді. Еңбектің «сын­дар дәуірі, он­да шығар­ма түрлері» ат­ты та­ра­уы өте ма­ныз-ды. Он­да сын­шыл ре­ализм ту­ралы алғашқы пікірлер ны­шанын кез­дестіру­ге бо­лады. Байтұрсынұлы Еуро­па жұртын­дағы сын­дар әде­би­етінің бай тәжіри­бесін меңге­руге бет алу­шылық, қазақ көркем сөз ізденістерінде сәй­кестік, үй­лесімділік тапқанын ай­та­ды. Байтұрсынұлы әде­би­ет зерт­те­ушісі ретінде қазақ әде­би­етінің да­му про­цесін же­ке да­ра бөліп қара­май, бар­лық ха­лықтар әде­би­етіне ор­тақ си­пат­тармен ұштас­ты­ра тал­дауға ты­рыса­ды. Байтұрсынұлы­ның жы­ра­улар­дың мұра­сын жетік білетінін осы еңбегінен айқын көреміз. Сөз өнерінің көне дәуірдегі үлгілері, 15–17 ғ-лар­дағы жы­ра­улар по­эзиясы­ның біра­зы ақын на­зары­на іліккен. Асан Қайғы, Ны­сан­бай жы­рау, Бұда­бай ақын, На­урыз­бай би, Құбы­ла ақын, Жа­рылғап ақын, Ал­ты­бас, Ақмол­да, Әбубәкір, Шор­танбай, Бай­тоқ, Сүгір ақын, Мұрат, Дос­жан, Орын­бай, Шер­ни­яз т, б. ақын-жа­зушы­лар шығар­ма­лары­нан үзінділер бар.

Аудар­ма­лары

Байтұрсынұлы қал­дырған бай мұра­ның тағы бір са­ласы — көркем аудар­ма. Ол орыс клас­сиктерінің шығар­ма­ларын қазақ тіліне ауда­рып, көркем қазы­наның бұл са­ласын байытуға мол үлес қос­ты. И. А. Кры­лов мы­сал­да­рының бір то­бын қазақ тіліне ауда­рып, «Қырық мы­сал» де­ген ат­пен же­ке жи­нақ қылып бас­тырды. И. И. Хем­ни­цердің «Ат­пен есек», А. Пуш­киннің «Ба­лықшы мен ба­лық», «Ал­тын әтеш», «Ат», «Да­ныш­пан Аликтің ажа­лы» шығар­ма­ларын, орыс­тың белгілі ли­рик ақыны С. Я. Над­сонның өлеңін қазақ тіліне аудар­ды.

Түркіта­ну

Байтұрсынұлы тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің та­биғаты, өзге­шеліктері, араб әліпбиінің жайы, тер­миндер, қазақ тілін оқыту әдісте­месі ту­ралы мақала­лар жаз­ды. 1926 ж, Ба­куде болған түркіта­нушы­лар­дың Бүкіло­дақтық 1-съезіне қаты­сып, «Түркі тілдеріндегі тер­ми­ноло­гия жай­лы» де­ген тақырып­та ба­ян­да­ма жа­сады. Байтұрсынұлы қазақ ба­лала­рының ана тілінде са­уатын ашу­ына көп күш жұмса­ды. Осы мақсат­та «Оқу құра­лы» (1912), «Тіл құра­лы» (1914); ере­сек­тердің са­уатын ашуға ар­нап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) ат­ты оқулықтар мен тың еңбек­тер ұсын­ды. Қазақ грам­ма­тика­сына қатыс­ты ка­тего­ри­ялар­дың әрқай­сы­сына қазақша ғылы­ми тер­мин жа­сап, мор­фо­логи­ялық тұлға-тәсілдерді жаңаша тал­дау, жаңаша анықта­малар берді. Қазақ фо­нети­касы мен грам­ма­тика­сын тал­да­уда тілдің ти­поло­ги­ялық ерек­шеліктері мен өзіндік да­му ба­рысын ес­ке­ру прин­ципін ұста­ды. Байтұрсынұлы қазақ тілі білімін 20 ғасыр­дың бас кезінде қалып­тасты­рып, оның ірге та­сын қала­ды. Араб гра­фика­сына негіздел­ген қазақ жа­зу­ының ре­фор­ма­торы бол­ды.