Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Коллективтендіру және көпшілікті жазалау (1930 — 1940 ж.ж.)

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937 жж.)

Әли­хан Нұрмұха­медұлы Бөкей­хан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. ба­сын­дағы қазақ зи­ялы­лары­ның, қоғам және мем­ле­кет қай­рат­керлері қата­рын­дағы аса ерек­ше тұлға. Көрнекті қоғам және мем­ле­кет қай­рат­кері, ұлт-азат­тық және Алаш қозғалы­сының же­текшісі, Ала­шор­да ав­то­номи­ялы үкіметінің төрағасы, пуб­ли­цист, ғалым, аудар­ма­шы.

Өмірба­яны

1866 ж. на­урыз­дың 5 бұрынғы Се­мей об­лы­сы, Қарқара­лы уезі, Тоқыра­уын бо­лысы­ның 7-ші ауылын­да туған. Бұл қазіргі Қараған­ды об­лы­сының Ақтоғай ауда­нын­дағы бұрынғы Қара­тал кеңша­рының жеріне қарас­ты, 1992 жы­лы Ақтоғай аудан­дық кеңестің шешімімен Ә. Н. Бөкей­ха­нов есімі берілді. Әли­хан Ор­та жүз ха­ны Бөкейдің ұрпағы. Ата тегі: Бөкей — Ба­тыр — Мыр­за­тай — Нұрмұха­мед — Әли­хан. Жа­сынан зе­рек, алғыр өскен Әли­хан­ды әкесі Қарқара­лыға алып ба­рып, жергілікті мол­да­ның қолы­на оқуға бе­реді. Бірақ ол мол­да­ның қолы­нан оқуды ка­нағат түтпай, қала­дағы үш сы­нып­ты бас­та­уыш мек­тепке ауыса­ды. Оны бітірген­нен кейін 1879–1886 жыл­да­ры Қарқара­лы қала­сын­дағы қазақ ба­лала­рына ар­налған мек­тепте оқиды. 1886–1890 жыл­дар ара­лыгын­да Ом­бы­дағы тех­ни­калық учи­лище­де оқып, оны «тех­ник» ма­ман­дығы бойын­ша бітіріп шықты. 1890–1894 жыл­дар ара­лыгын­да Санкт-Пе­тер­бург­тегі Ор­ман тех­но­логи­ялық инс­ти­туты­ның эко­номи­ка фа­куль- тетінде оқыды. Мүнда ол сту­денттік қызу пікірта­лас­тарға қаты­сып, XX ғасыр­дың бо­сағасын ат­тағалы түрған Ре­сейдің қан­дай жол­мен да­муы тиімді бо­латын­дығы ту­ралы қай­шы­лықты пікірлер қақтығысы­на куә бол­ды, өз ойын да шыңдай түсті. Ата тегі Шыңғыс хан­ның үлкен ұлы Жо­шыдан та­рай­тын төре тұқымы. Арғы ата­сы атақты Сұлтан Ба­рақ. Қазақтың соңғы хан­да­рының бірі Бөкей осы Сұлтан Ба­рақтың ба­ласы. Бөкей­ден Ба­тыр, одан Мыр­за­тай, одан Әли­хан­ның әкесі Нұрмұха­мед. Әли­хан­ды әкесі тоғыз жа­сын­да Қарқара­лыға апа­рып, жергілікті мол­да­ның қолы­на оқуға бе­реді. Бірақ зер­делі ба­ла мол­да­дан оқыған­дардан гөрі осын­дағы мек­тепте оқып жүрген­дердің са­уат­ты­лығын аңғарып, қала­дағы үш клас­тық бас­та­уыш мек­тепке өз еркімен ауысып ала­ды. Бұдан кейін ол Қарқара­лы қала­сының үш жыл­дық учи­лищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» де­ген бағамен бітіріп шығады. Осы­дан кейін он ал­ты жа­сар Әли­хан 1888 жы­лы Ом­бы тех­ни­калық учи­лищесіне қабыл­да­нады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне ри­за болған мүмкіндік жа­сай­ды. Сөйтіп ол жи­ыр­ма жа­сын­да Да­ла ге­нерал гу­бер­на­тор кеңсесінің ұсы­ныс ха­ты мен қазақ қауым­дастығының 200 сом сти­пен­ди­ясын алып, 1894 ж. Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның елор­да­сы Санкт-Пе­тер­борға ба­рып, Ор­ман ша­ру­ашы­лығы инс­ти­туты­ның эко­номи­ка фа­куль­тетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті са­бақта­рына қоса сту­дент­тердің са­яси, әде­би, эко­номи­калық және тағы басқа үйірме­лердің жұмы­сына қызу ара­ласып, сту­денттік толқуларға қаты­сады. Оны екі ғасырға жуық Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның қол ас­тында отырған халқының ауыр тағды­ры қат­ты толған­ды­ра бас­тай­ды. Қараңғылық пен на­дан­дықтың шыр­ма­уын­да отырған халқына білім мен мәде­ни­ет ке­рек екенін ұғады, елдің тұрмы­сын, мәде­ни­етін, білімін көте­руді өзінің ал­ды­на мақсат етіп қояды.

Қоғам­дық-са­яси әре­кет­тері

Оңнан солға қарай: Ха­лел Досмұха­медов, Ха­лел Ғаб­ба­сов, Әли­хан Бөкей­ха­нов Оқуын бітіріп, Ом­быға оралған­да Ә. Бөкей­ха­нов Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның қазақ да­ласы­на жүргізген отар­шылдық са­яса­тына де­ген өзіндік көзқара­сы қалып­тасқан, марк­сизмнің эко­номи­калық қағида­лары­мен қару­ланған, са­яси ас­тыртын күрестің түрлері мен әдістерін үй­реніп, білген, күрес тар­тыстан бірша­ма тәжіри­бесі бар са­яси күрес­кер бо­латын. Ол Ом­быға келісімен қала­ның са­яси әле­уметтік, қоғам­дық жұмы­сына бел­се­не ара­ласа­ды. «На­род­ная сво­бода» (Ха­лық бос­тандығы) пар­ти­ясы­ның қата­рына өтіп, өзі қазақ зи­ялы­лары мен са­яси бел­сенділерінің ара­сын­да осы пар­ти­яның шағын то­бын ұйым­дасты­рады. Әли­хан­ның са­яси көзқара­сының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі са­яси, қоғам, мем­ле­кет қай­рат­кері әрі қазақ ұлт азат­тық қозғалы­сының ұйым­дасты­рушы­сы және көсемі ретінде та­нылу­ына, са­яси күрес­кер ретінде шыңда­лу­ына Ом­бы­дағы күндері ерек­ше ықпал етеді. 1905 ж. бас­тап Ре­сей конс­ти­туци­ялық-де­мок­ра­ти­ялық пар­ти­ясы­ның (ка­дет­тер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақса­тын­да Орал­да, Се­мей­де жи­ын­дар өткізген. Қарқара­лыда пат­ша өкіметінің отар­шылдық са­яса­тына қар­сы өткен қозғалысқа қаты­сып, 14 500 адам қол қойған Қарқара­лы пе­тици­ясын ұйым­дасты­рушы­лар­дың бірі болған. 1905 ж. Әли­хан Бөкей­ха­нов Се­мей об­лы­сы қазақта­рының аты­нан 1-ші Мем­ле­кеттік ду­маға де­путат бо­лып сай­лан­ды. Бірақ ол 1-ші Мем­ле­кеттік ду­ма жұмы­сына қаты­са ал­ма­ды. Өй­ткені Ә. Н. Бөкей­ха­нов өз жұмы­сын бас­таған кез­де Да­ла өлкесі ге­нерал-гу­бер­на­торы­ның негізсіз жар­лығымен, сот­тың тер­геуінсіз, 3 ай Пав­ло­дар абақты­сын­да отыр­ды. Ал абақты­дан шығып Санкт-Пе­тер­борға жет­кенде, Ду­ма пат­ша­ның үкімімен та­раты­лып, оның біраз мүше­лері на­разы­лық актісін қабыл­дау үшін сол кезднгі Фин­лянди­яның Вы­борг қала­сына жүріп кет­кен еді. Ә. Н. Бөкей­ха­нов да со­лар­дың ар­ты­нан ат­та­нып Вы­борг үндеуіне қол қой­ды. Сол үшін жа­заға тар­ты­лып, Санкт-Пе­тер­бор сот па­лата­сының төтен­ше мәжілісінің шешімімен 3 айға Се­мей түрмесіне жа­был­ды. 1906 жы­лы Ом­бы­дан шығатын ка­деттік «Го­лос сте­пи», «Омич» және «Ир­тыш» га­зет­терінде, 1908 жы­лы Санкт-Пе­тер­борда жа­рық көрген мень­ше­виктік «То­варищ», ка­деттік «Речь», «Сло­во» гәзет­терінде ре­дак­торлық қыз­мет атқар­ды. 1909–17 жж. «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді. 1911–14 "Қазақ" гәзетін ұйым­дасты­руда және оның жал­пы ұлттық деңгей­ге көтерілуіне зор еңбек сіңірді. 20 ғ. ба­сын­да қазақ да­ласын­да екі ағым­ның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, па­нис­ламшыл ағым, екіншісі негізінен Ба­тыс өрке­ни­етін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағым­ның ба­сын­да Әли­хан бас­таған орыс мек­тептерінен тәлім тәрбие алған озық ой­лы қазақ зи­ялы­лары тұра­ды. Бұл топ са­яси ұстам­ды­лық та­нытып, Ре­сей им­пе­ри­ясы­на қар­сы ашық күрес­ке шығудың әлі ер­те екенін анық түсінеді. Сон­дықтан олар, ең ал­ды­мен, ха­лықтың са­на сезімін оята­тын жағдай жа­сау ке­рек деп білді. Бар күш қуат­та­рын осы мақсатқа жұмыл­ды­рады. Бірақ олар­дың ой­дағыдай жұмыс істеуіне жан­дарме­рия басқар­ма­сының жан­сызда­ры мүмкіндік бер­мейді. Со­лар­дың көрсе­туімен қуғынға түседі, түрме­ге қама­лады. Бұдан сту­дент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақыла­уда жүрген Әли­хан да тыс қалған жоқ, ал­ды­мен, Се­мей түрмесіне қама­лып, кейін Са­мар қала­сына жер ауда­рылып, он­да тек ғылы­ми-шығар­ма­шылық қыз­метпен ай­на­лысуға ғана мәжбүр бол­ды. 1916 жы­лы жер ауда­ру мерзімі бітіп, Са­мар­дан Орын­борға кел­ген Әли­хан бірден қала­ның қоғам­дық, са­яси өміріне ара­ласып ке­теді. Қала­ның қазақ тұрғын­да­ры аты­нан қала­лық ду­маға сай­ла­нады. Бүкіл мағына­лы өмірін халқының азат­тық алып, еркін ел бо­лу­ына ар­наған аяулы аза­мат­тың соңғы демі біткен­ше сол мақсат жо­лын­да жа­саған қыз­меті сан қилы. Ол Ре­сей жергілікті және қала­лық қоғам қай­рат­керлері съезінің де­лега­ты, Ре­сейдің I Мем­ле­кеттік ду­масы­ның және мұсыл­ман ха­лықта­ры съезінің де­пута­ты, IV Мем­ле­кеттік Ду­маның мұсыл­мандар фрак­ци­ясы­ның Бю­ро мүшесі бол­ды.

Алаш Ор­да

Ә. Бөкей­ха­нов­тың Жа­за кесіміОл Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақтал­май­ды. Уақыт­ша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі бо­лып жүрген ка­дет пар­ти­ясы­ның көсем­дері қазаққа ауто­номия бе­руге қар­сы бо­лады. Оның үстіне олар­мен жер мәсе­лесі жөнінде де ымы­раға ке­ле ал­май­ды да, ол бұл пар­ти­ядан шығып, қазақтан сай­ланған тоғыз өкілді бас­тап ба­рып, Томск қала­сын­да Сібір ауто­номис­терінің құрыл­тайына қаты­сады. Осын­да бо­лашақ Сібір рес­публи­касы­ның құра­мын­да Қазақ ауто­номи­ясы құрыл­мақ бо­лады. Құрыл­тай­дан ора­лысы­мен Әли­хан қазақ та­рихын­дағы тұңғыш са­яси ұйым Алаш пар­ти­ясын ұйым­дасты­руға кіріседі. Ар­тынша, 1917 ж. жел­тоқса­нын­да бүкіл қазақтар­дың құрыл­тайын­да Алаш ауто­номи­ясы жа­ри­яла­нып, Ә. Бөкей­ха­нов сол алғашқы Қазақ рес­публи­касы­ның тұңғыш төрағасы (пре­зиденті) бо­лып сай­ла­нады. Ә. Бөкей­ха­нов­тың қуғын-сүргін ке­зеңінен 2 жыл ал­дындағы мен ату жа­засы­ның күніндегісі.1919 ж. боль­ше­вик­тер өкіметінің бұрынғы ала­шор­да­шыларға жа­саған кешірімнен кейін Ә. Бөкей­ха­нов қалған өмірін ғылы­ми зерт­те­ушілікке ар­на­ды. Бірақ, ұлттық на­мыс­тан жұрдай, жалған ин­терна­ци­она­лист, жа­дағай бел­сенділердің көрсе­туімен ол 1926 ж. екі рет тұтқын­да­лып, түрме аза­бын тарт­ты. Ә. Бөкей­ха­нов Мәске­уге жер ауда­рыла­ды, зор бе­делінен қорыққан боль­ше­вик­тер өкіметі оны Қазақстанға жо­лат­па­ды. Он­да он жыл үй қама­уын­да отырған Әли­хан­ды 1937 жы­лы та­мызын­да қайыра тұтқын­дап, бір ай­дан кейін жалған жа­ламен 67 жа­сын­да Мәске­уде ату жа­засы­на жа­засы­на ке­седі. 1989 жы­лы ма­мыр­дың 14 КСРО Жоғарғы со­тының қаулы­сы бойын­ша әре­кетінде қыл­мыс құра­мы жоқ болған­дықтан, ақтал­ды.

Ғылы­ми еңбек­тері

19 ғ. соңын­да Ом­бы ор­ман ша­ру­ашы­лығы учи­лищесінде оқыту­шылық қыз­мет атқарып, ғылы­ми жұмыс­тармен ай­на­лыса­ды. Ол 1896 ж. көрнекті ғалым­дардың кепілде­месімен Орыс жағра­пи­ялық қоғамы Ба­тыс-Сібір бөлімшесінің то­лық мүшесі бо­лып сай­лан­ды. Әли­хан «Рос­сия. Жал­пы ге­ог­ра­фи­ялық си­пат­та­ма» ат­ты көп том­дық еңбектің қазақ да­ласы­на ар­налған 18 то­мына ав­тор ретінде қаты­насқан. Ол ғылы­ми жұмыс­пен қатар қоғам­дық-әле­уметтік са­яси қыз­меттер­ге де бел­се­не ара­ласа бас­тай­ды. 1904 жы­лы қазақ да­ласы­на қоныс ауда­ру қозғалы­сын да­яр­лап бер­ген Ф. А. Шер­би­на экс­пе­дици­ясы­ның құра­мын­да бол­ды. 1911–14 жж. Ә. Бөкей­ха­нов «Жаңа эн­цикло­педи­ялық сөздіктің» 4–21 том­да­рына ав­тор ретінде қатыс­ты. Ә. Бөкей­ха­нов — ғұла­ма ғалым ор­манта­нушы, эко­номист, мал ша­ру­ашы­лығын зерт­те­уді ғылы­ми жолға қоюшы, та­рих­шы, эт­нограф, әде­би­ет­та­нушы, аудар­ма­шы, әрі пуб­ли­цист ретінде қазақ халқының са­яси әле­уметтік, мәде­ни ру­хани та­рихын­да өшпес­тей із қал­дырған ұлы тұлға.

Филь­мдер

1994 — «Алаш ту­ралы сөз» Ала­шор­да ре­жис­сері: Қ. Ума­ров.

Жан­ры: "Де­ректі фильм” Өндіріс: «Қазақте­лефильм».

2009 — «Ала­шор­да» Ала­шор­да ре­жис­сері: Қ. Ума­ров.

Жан­ры: "Де­ректі фильм” Өндіріс: «Қазақфильм» Шәкен Ай­ма­нов атын­дағы ки­нос­ту­дия.