Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Коллективтендіру және көпшілікті жазалау (1930 — 1940 ж.ж.)

Халел Досмұхамедов

Ха­лел Досмұха­медов

Дүни­еге кел­гені: 1883

Орал об­лы­сы, Гурьев уезі, Тай­сойған бо­лысы

Қай­тыс болғаны: 1939

Ал­ма­ты

Ха­лел Досмұха­медов (1883–1939) — Алаш қозғалы­сының қай­рат­кері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Руы — беріш. Ма­ман­дығы дәрігер бо­ла тұрса да, қоғам өмірінің сан са­лалы мәсе­лелеріне ара­ласқан көп қыр­лы да­рын: са­яси және қоғам қай­рат­кері, та­рих­шы, та­биғат­та­нушы, тілта­нушы, әде­би­етші, ауыз әде­би­етінің си­рек үлгілерін жи­нап, на­сихат­та­ушы, ше­бер аудар­ма­шы. 1883 жы­лы сәуірідің 24 бұрынғы Орал об­лы­сы, Гурьев уезі, Тай­сойған бо­лысы, (қазіргі Аты­рау об­лы­сы Қызылқоға ауда­ны) Тай­сойған құмын­да №4 ауылын­да дүни­еге кел­ген.

Ағасы Дәулетүмбет Ма­шақұлы­ның ықпа­лымен әкесі Досмұха­мед ауыл мол­да­сынан хат та­ныған Ха­лелді жергілікті орыс қазақ мек­тебіне бе­реді. Мек­тепті жақсы бітірген Ха­лел 1894 жы­лы Те­ке қала­сын­дағы Орал әске­ри-ре­ал­дық учи­лищесінің да­яр­лық кла­сына қабыл­да­нып, оны үздік бітіреді де, тағы бір жылға қосым­ша клас­та оқуға қал­ды­рыла­ды. Со­сын Сән-Пи­тер­бор им­пе­ратор­лық әске­ри-ме­дици­на ака­деми­ясы­на ла­тын тілінен қосым­ша ем­ти­хан тап­сы­рып түскен. Сту­денттік өмірі им­пе­ри­яның са­яси толқуларға то­лы ке­зеңімен тұстас келіп, оның са­яси білімін жетілдіріп, қалып­та­су­ына әсер етті. Ол осы жыл­да­ры ел ішінде үгіт-на­сихат жүргізіп, жергілікті «Фикр» (Пікір), «Ураль­ский лис­ток» га­зет­теріне мақала­лар жа­зып, са­яси толқулар­дың мән-жайын ха­лыққа түсіндіріп отыр­ды.

1905 жы­лы Орал қала­сын­да бес об­лыстың де­легат­та­ры жи­налған съез­де ка­дет­тер пар­ти­ясы­ның жергілікті бөлімшесі құрылған. Қазақ конс­ти­туци­ялық-де­мок­ра­ти­ялық пар­ти­ясы­ның 9 адам­нан тұра­тын Ор­та­лық ко­митетіне Б. Қара­та­ев, М. Бақыт­ке­ре­ев­термен бірге сай­лан­ды.

1909 жы­лы ака­деми­яны үздік дәре­желі дәрігер атағымен, Ал­тын ме­даль­мен бітіріп, офи­цер ретінде кесімді мерзімдегі әске­ри міндетін өте­уге жіберілді. Ал­ды­мен Пермь гу­бер­ни­ясын­да, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-орыс атқыш­тар ба­тальонын­да әске­ри кіші дәрігерлік қыз­мет атқар­ды.

1912, 1913 және 1915 жыл­да­ры оба індетіне қар­сы күрес ісіне қатыс­ты. Бұл еңбек­тері үшін Им­пе­ратор­лық қола ме­даль­мен ма­рапат­талды.

1913–18 жыл­да­ры «Қазақ» га­зетінде «Та­мыр дәрі хақын­да», «Са­ры кезік — сүзек», «Жұқпа­лы ауру хақын­да» сын­ды кәсіби, әле­уметтік-са­яси тақырып­тарда мақала­лар жа­ри­ялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. «Как бо­роть­ся с чу­мой сре­ди кир­гизс­ко­го на­рода» (1916) де­ген кіта­бы өз ке­зеңінде оба індетіне қар­сы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қам­тыған еңбек бол­ды.

Ре­сей­дегі Ақпан төңкерісінен кейін қазақ да­ласын­да об­лыстық, жал­пы қазақ съез­дерін ұйым­дасты­рып, өткізу­ге ат­са­лыс­ты. Сәуір айын­да 800-ден аса де­легат­тың қаты­су­ымен өткен Орал об­лыстық қазақ съезінде Ж. Досмұха­медов­пен бірге «Орал об­лы­сының да­лалық бөлігін басқару­дың уақыт­ша ере­желері» ат­ты жергілікті және об­лыстық деңгей­дегі басқару жүйесін то­лық қам­тыған заң жо­басын ұсы­нып, оған де­легат­тар біра­уыз­дан да­уыс берді. Мәске­уде өткен Бүкілре­сейлік мұсыл­мандар съезіне қаты­сып, І жал­пықазақ съезінен Бүкілре­сейлік құрыл­тай жи­налы­сына де­путат­тыққа кан­ди­дат ретінде ұсы­ныл­ды.

1917 жы­лы ІІ жал­пықазақ съезінде жа­ри­яланған Ала­шор­да үкіметі — Ұлт кеңесі құра­мына сай­лан­ды. Алаш қай­рат­керлерімен бірге бірінші ке­зек­те ха­лықты бүліншіліктен қорғай­тын ұлттық әскер — ха­лық ми­лици­ясын жа­сақтауға, Алаш қорын құруға, ел­ден алым-са­лық қара­жат жи­нау ісіне күш сал­ды. Уақыт­ша үкімет­тен билікті күшпен тар­тып алған боль­ше­вик­тердің үстемдігі нығайған тұста, Кеңес үкіметінің бас­шы­сы В. И. Ле­нин­мен, Ұлт істері жөніндегі ха­лық ко­мис­са­ры И. В. Ста­лин­мен бет­пе-бет келіссөздер жүргізеді. Боль­ше­вик­тер Кеңес өкіметін то­лық мойын­дап, сөзсіз бағыну­ды та­лап ет­се, олар Ала­шор­даға ішіна­ра билік бе­ру (заң шығару, атқару­шы билік, сот жүргізу, өз әскері бо­лу), қазақтар шоғыр­ланған жер­лерді түгел қазақтарға қай­та­ру, әр жер­де кеңес ор­ганда­ры тұтқын­даған алаш қай­рат­керлерін түрме­ден бо­сату, олар­ды қуда­ла­уды тоқта­ту, қар­жы­лай көмек бе­ру сияқты маңыз­ды мәсе­лелерді өткір қоя білді.

1918 жы­лы Жым­пи­ты қала­сын­да өткен Орал өңірі қазақта­рының 4-съезінде Қазақстан­ның бүкіл ба­тыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық-тер­ри­тори­ялық құры­лым — «Ойыл уәла­яты уақыт­ша үкіметін» жа­ри­ялауға қатыс­ты. Сол жы­лы қыркүйек айының ор­та­сын­да Кеңес өкіметіне қар­сы күштердің Уфа ди­рек­то­ри­ясын жа­ри­ялау мәжілісіне жи­налған Ала­шор­да қай­рат­керлері бұл құры­лым­ды қол­дап, оған «Ала­шор­да­ның ба­тыс бөлімшесі» де­ген ат берді. Осы ке­зеңде Ха­лел Ала­шор­да­ның ат­ты әскерін ұйым­дасты­рып, Са­мара­дағы Ко­муч үкіметінен қару-жа­рақ алуға, Ұлттық банк ашуға, бас­па­хана, «Еркін қазақ» га­зетін шығаруға көп еңбек сіңірді. Ала­шор­да та­ратылған­нан кейін басқа қазақ зи­ялы­лары секілді Ха­лел де жаңа өкіметтің жұмы­сына тар­ты­лады.

1920 жы­лы 21 та­мыз­да Түркістан рес­публи­касы ха­лық ағар­ту ко­мис­са­ри­аты жа­нынан Түркістан ха­лықта­рының оқу-ағар­ту, мәде­ни Һәм ғылы­ми мұқтаж­да­рын өтеу үшін ар­найы ұйым­дасты­рылған Білім ко­мис­си­ясы­ның мүшелігіне, кейін төрағалығына сай­лан­ды. Таш­кент­тегі ха­лық ағар­ту инс­ти­тутын­да оқыту­шысы бол­ды. Ор­та Азия (Түркістан) уни­вер­си­теті ме­дици­на фа­куль­тетінің хи­рур­ги­ялық ем­ха­насын­да ор­ди­натор, Түркістан ден­са­улық сақтау ха­лық ко­мис­са­ри­аты алқасы­ның мүшесі және ем­деу-са­нитар­лық бөлімінің меңге­рушісі бол­ды.

Ор­та Азия мем­ле­кеттік бас­па кол­ле­ги­ясы­ның, кейін Қазақ мем­ле­кеттік бас­па­сы Шығыс бөлімінің меңге­рушісі, Қазақ мем­ле­кеттік бас­па басқар­ма­сы меңге­рушісінің орын­ба­сары қыз­меттерін атқара жүріп, отан­дық ғылым­ның да­му­ына да мол үлес қос­ты. Ха­лел Досмұха­медов бір өзі бірне­ше қыз­меттер атқара жүріп, ұлттық мек­тептердің ғылы­ми тер­ми­ноло­гия жа­сау ісіне ат са­лыса­ды. Жер жер­лерде қаулап ашы­ла бас­таған жүйесін құруға, қазақ тіліндегі ғылы­ми тер­ми­ноло­гия жа­сау ісіне ат са­лыса­ды. Жер жер­лерде қаулап ашы­ла бас­таған ұлттық мек­тептер­ге ана тілінде оқулық жа­зу қажет бо­лады. Осын­дай қажеттілік Ха­лелді атқарып жүрген то­лып жатқан қоғам­дық қыз­ме­терін ана тіліндегі оқулықтар жа­зумен және оны шығару жұмыс­та­рымен ұштас­ты­ра жүргізу­ге мәжбүр етті.

Ол «Та­биғат­та­ну», «Жа­ну­ар­лар», «Адам­ның тән тірлігі» (қазақша орыс­ша жа­раты­лыс­та­ну сөздігі), «Оқушы­лар­дың ден­са­улығын сақтау», «Де­не бітімі және оның жұмы­сы ту­ралы әңгіме­лер», «Сүйектілер ту­ралы» т. б. оқулықтар мен ғылы­ми еңбек­тер жаз­ды.

Ол қазақ халқының тілі мен әде­би­етіне, та­рихы­на қатыс­ты ма­тери­ал­дар жи­нақтап, тілдің ды­быс жүйесінің өзекті мәсе­лесі — син­гармо­низм заңын зерт­теді, «Қазақ-қырғыз тілдеріндегі син­гармо­низм заңы», «Шер­ни­яз ше­шен», «Алаш не сөз», «Бұқара­дағы Көгілташ мед­ре­сесін са­лу ту­ралы әпса­на», «Тіллә-Қары мен Шир­дор мед­ре­селерін салғызған Жа­лаңтөс ба­тыр шежіресі», «Ди­уани лұғат ат-түрік», «Ке­неса­рының соңғы күндері», «Қазақ әде­би­етінің та­рихы» сияқты, т. б. ғылы­ми-те­ориялық еңбек­тер жа­зып қал­дырды. «Мұрат ақын сөзі», «Иса­тай — Ма­хам­бет», «Ала­ман» жи­нақта­рын шығар­ды.

Сон­дай ақ оның қала­мы жүйрік жур­на­лист болғанын қазақ тілінде шығып тұрған «Шол­пан», «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Сәуле» сияқты га­зет жур­нал бет­терінде жа­ри­яланған мақала­лары­нан айқын көру­ге бо­лады. Ол со­нымен бірге қазақ қырғыз білім ко­мис­си­ясы жа­нынан «Са­на» жур­на­лын шығарып, өзі со­ның ре­дак­то­ры болған.

1924 жы­лы Ре­сей Ғылым Ака­деми­ясы­ның Ор­та­лық өлке­тану бю­росы­ның кор­респон­дент-мүшесі бо­лып сай­ла­нады, осы жы­лы Түркістан ха­лық ағар­ту ко­мис­са­ри­аты аты­нан Орын­борда өткен қазақ білімпаз­да­рының, Мәске­удегі Бүкілре­сейлік ден­са­улық сақтау қыз­меткер­лерінің съез­деріне қатыс­ты. Өзі про­рек­тор бо­лып істейтін, халқымыз­дың алғашқы жоғары оқу ор­ны Қазақ пе­даго­гика инс­ти­туты­ның негізінде Қазақ мем­ле­кеттік уни­вер­си­тетін ұйым­дасты­ру жөніндегі ко­мис­си­яның төрағасы, оның бірінші про­рек­то­ры бо­лып тағайын­да­лады. Қазақ пе­даго­гика инс­ти­туты­ның до­центі, Қазақ мем­ле­кеттік уни­вер­си­тетінің әкімшілік-ша­ру­ашы­лық бөлімінің бас­шы­сы, осы оқу ор­ны­ның про­фес­со­ры бол­ды.

Алай­да, ке­лесі жы­лы Кеңес өкіметі ұйым­дастырған қуғын-сүргін са­яса­ты кезінде тұтқын­да­лып, ОГ­ПУ үштігінің шешімімен Во­ронеж қала­сына 5 жылға жер ауда­рыл­ды. Он­да жүріп Ден­са­улық сақтау және ги­ги­ена инс­ти­тутын­да бөлім меңге­рушісі, ба­лалар­ды ем­деу-сақтан­ды­ру ам­бу­лато­ри­ясы меңге­рушісінің орын­ба­сары секілді қыз­мет істеді. Соңғы бір жыл кесімді мерзімі бітсе де ел­ге орал­ма­ды.

1938 жы­лы 26 шілде­де жалған са­яси айып­пен екінші рет тұтқынға алы­нып әуелі Мәскеу, кейін Ал­ма­ты түрмесінде отыр­ды. 1939 жы­лы 24 сәуірде әске­ри три­бунал­дың үкімімен ату жа­засы­на кесілді.

Оның ісі тек 1958 жы­лы 28 ақпан­да Қазақ КСР Жоғарғы со­тының Қыл­мыстық істер кол­ле­ги­ясын­да қай­та қара­лып ақтал­ды.

Қазір туған жері Аты­рау об­лы­сы Ми­ялы кентінде оған ес­керткіш қойылған. Аты­рау уни­вер­си­тетіне, Ал­ма­ты және Аты­рау қала­ларын­дағы бір-бір көше­ге есімі берілген.