Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Коллективтендіру және көпшілікті жазалау (1930 — 1940 ж.ж.)

Сұлтанбек Қожанов

Сұлтан­бек Қожанұлы Қожа­нов

Дүни­еге кел­гені: 1894 қыркүйек

Оңтүстік Қазақстан об­лы­сы Со­зақ ауда­ны Ақсүмбе ауылы

Қай­тыс болғаны: 1938 ақпан

Мәскеу

Сұлтан­бек Қожанұлы Қожа­нов (10.9.1894, Оңтүстік Қазақстан об­лы­сы Со­зақ ауда­ны Ақсүмбе ауылы – 10.2.1938, Мәскеу) – мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері, ұстаз, ғалым, пуб­ли­цист. Түркістан­дағы 4 сы­нып­тық орыс түзем бас­та­уыш мек­тебін (1910), 3 сы­нып­тық қала­лық мек­тепті (1913), Таш­кент мұғалімдер се­мина­ри­ясын тәмам­даған. Мәске­уде БК (б) П ОК Марк­сизм-ле­нинизм кур­сын (1927) бітірген.

Өмірба­яны

Са­яси қыз­метін Таш­кент қала­сын­да се­мина­рия оқушы­лары­нан құралған «Кеңес» ат­ты ас­тыртын жас­тар ұйымын құру­дан бас­таған. 1917 жы­лы көктем­де Таш­кент­те Мұста­фа Шоқай, Қ. Қожықов, Қ. Болған­ба­ев, С. Ақаев­пен бірге «Бірлік туы» га­зетін шығар­ды. Түркістан (Қоқан) ав­то­номи­ясы­на қызу қол­да­ушы­лық та­нытып, оны кеңес өкіметінің әскер күшімен құла­ту­ын жергілікті ха­лықтың өзін-өзі би­леу құқығын аяқ ас­ты етушілік деп бағала­ды.

Өлке­де кеңестік билік тұсын­да орын алған ашар­шы­лыққа қар­сы күрес­те бел­сенділік та­ныт­ты. Аш­тықпен күре­сетін орт. ко­мис­си­яның мүшесі ретінде 1918 ж. қара­шадан бас­тап Түркістан, Со­зақ, Жаңақорған, Қызылқұм, Ши­елі өңірлерінде ашыққан адам­дарды та­мақтан­ды­ратын ар­найы орын­дар ашу­ды ұйым­дастыр­ды. 1919 – 20 жы­лы Сыр­да­рия уездің төрағасы­ның орын­ба­сары, Түркістан уездік-қала­лық атқару кентінің, Сыр­да­рия об­лыстық ре­волю­ци­ялық кенттің төрағасы бол­ды.

1920 жыл­дың соңына қарай Түркістан рес­публи­касы­ның Ішкі істер ха­лық ко­мис­са­ры, 1921 жы­лы қазан­да Ха­лық ағар­ту ха­лық ко­мис­са­ры бо­лып тағайын­далды. Ол осы қыз­меттерді атқару ба­рысын­да БО­АК пен РКФСР Ха­лық Ко­мис­сарлар Кеңесінің Түркістан ісі бойын­ша құрған ко­мис­си­ясы – Түрікко­мис­си­яның Ре­сей­де іске асы­рылып жатқан ком­му­нистік ша­ралар­ды Түркістан өміріне күштеп енгізу­ге, тап­тық күресті ши­еленістіре түсу­ге, сөйтіп ұлттық мәсе­лені кейінге ығыс­ты­рып тас­тауға бағыт­талған әре­кетіне қар­сы тұрды. Оқу-ағар­ту са­ласын­да білім бе­руді жергілікті ха­лықтар тілінде жүргізу мәсе­лесін көтеріп, оны жүзе­ге асы­руды та­лап етті.

Мәскеу, Пет­роград секілді ірі қала­лар­да жоғары оқу орын­да­рын­да білім алып жатқан түркістан­дық жас­тарға ма­тери­ал­дық көмек көрсе­туде бірқатар іс-ша­ралар­ды жүзе­ге асыр­ды. Түркістан­да бас­пасөздің және ұлттық те­атр­дың өркен­деуіне еле­улі үлес қос­ты. "Ақ жол» га­зетін шығару­ды ұйым­дасты­рып, оның алғашқы ре­дак­то­ры бол­ды. 1922 жы­лы Түркістан рес­публи­касы­ның Жер ша­ру­ашы­лығы ха­лық ко­мис­са­ры бо­лып тағайын­да­лысы­мен, ауыл аху­алы­на ерек­ше көңіл бөліп, өлке­дегі жер-су ре­фор­ма­сына тек тап­тық қана емес, со­нымен бірге ұлттық си­пат бе­ру бағытын да ұстан­ды.

1922 – 1924 жы­лы Түркістан КП кентінің хат­шы­сы, атқару кенті төрағасы­ның орын­ба­сары, РК (б) П ОК Ор­та Азия бю­росы­ның мүшесі бол­ды. Қ. мемл. қай­рат­кер ретінде Ор­та Ази­ядағы ұлттық-аумақтық ме­желеу кезінде (1924) ай­рықша та­ныл­ды. 1924 жы­лы қара­шада РК (б) П Қазақ об­ко­мының (1925 жы­лы ақпан­нан – Қазақ өлке­комы­ның) екінші хат­шы­сы қыз­метіне жіберілді. Қ-тың тіке­лей ұсы­нысы­мен Кеңес­тердің І съезі қазақ халқы та­рихи ата­уын (пат­ша­лық тұсы­нан бұрма­ланып қалып­тасқан "кир­гиз» де­ген ат­ты төл ата­уына – "қазаққа» түзетіп) қай­та­рып, ас­та­налық қала атын Қызы­лор­да деп өзгертті.

1925 жы­лы қара­шада БК (б) П ор­та­лық кентіне шақыры­лып, ұлт рес­публи­кала­ры бойын­ша жа­уап­ты нұсқаушы ла­уазы­мымен Кав­казға, 1928 жы­лы Таш­кент­ке, Ор­та Азия Бю­росы­на қыз­метке жіберілді. Мұнда ол үгіт-на­сихат бөлімі меңге­рушісінің орын­ба­сары, хат­шы бол­ды. Бүкіло­дақтық ауыл ша­ру­ашы­лығы ҒА-ның (ВАСХ­НИЛ) Таш­кент бөлімшесін ұйым­дастыр­ды. 1929 жы­лы Ор­та Азия мақта-ир­ри­гаци­ялық по­литех­ни­ка инс­ти­тутын (СА­ХИПИ) құрып, алғашқы ди­рек­то­ры бол­ды, со­нымен қатар 1929 – 31 жы­лы Ор­та Азия мақта кентінің ди­рек­то­ры қыз­метін атқар­ды. 1931 – 32 жы­лы БК (б) П ОК ап­па­ратын­да істеді. Қожа­нов негізгі міндет­терін қоғам­дық, ғылы­ми-шығар­ма­шылық жұмыс­тармен ұштас­ты­рып отыр­ды. Мек­тепке ар­налған "Есеп­та­ну құра­лы» ат­ты оқулығы (1924), "Түркістан­ның Кеңестік Ав­то­номи­ясы­ның он жыл­дығына» ат­ты орыс тіліндегі зерт­теуі (1928) же­ке кітап бо­лып шыққан. РК (б) П ОК ұлт қыз­меткер­лерімен өткізген Төртінші кеңесінде (1923), РКФСР ХКК төрағасы­ның орын­ба­сары Т. Рысқұлов­тың басқару­ымен өткен же­ке кеңес­те (1926) сөй­ле­ген сөздерінде, сон­дай-ақ И. В. Ста­лин­ге 1927 жы­лы жазған екі ха­тын­да Қожа­нов­тың са­яси көзқарас­та­ры мейлінше айқын тұжы­рым­далған. Ол 1937 жы­лы 16 шілде­де Таш­кент­те тұтқын­да­лып, са­яси қуғын-сүргін құрба­ны бол­ды. 1957 жы­лы ақтал­ды. Ал­ма­ты, Шым­кент қала­ларын­дағы көше­лер­ге Қожа­нов есімі берілген. Түркістан­да ес­керткіш қойылған.