Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Коллективтендіру және көпшілікті жазалау (1930 — 1940 ж.ж.)

Рамазан Құрманғалиев

Ра­мазан Құрманғали­ев (1894, бұрынғы Орал об­лы­сы Ор­да ауда­ны – 1937) – әске­ри ма­ман, ди­визия ко­мис­са­ры, са­яси қуғын-сүргін құрба­ны. Ор­да­дағы 2 сы­нып­ты бас­та­уыш учи­лищені, 1920 жы­лы Орын­бордағы ат­ты әскер ко­ман­дирлерін да­яр­лай­тын курс­ты, 1930 жы­лы Ле­нинг­рад­тағы (Санкт-Пе­тер­бург) әске­ри-са­яси ака­деми­яны бітірген.

1919 – 23 жыл­да­ры Қызыл Ар­мия қата­рын­да қазақтың 1-ат­ты әскер полкінің және түркістан­дық 8-дер­бес ат­ты әскер бри­гада­сының взвод ко­ман­дирі ретінде ақ бан­да­ларға, Әндіжан, Ферғана об­лыста­рын­да бас­ма­шыларға қар­сы ұрысқа қатысқан.

1923 – 27 жыл­да­ры Бөкей гу­бер­ни­ясын­да, Орал, Жетісу-Сыр­да­рия әске­ри аумақтық басқар­ма­сын­да қыз­мет істеді. 1930 – 32 жыл­да­ры Қазақстан өлкелік әске­ри ко­мис­са­ри­аты са­яси басқар­ма­сының бас­тығы болд.

1932 – 33 жыл­да­ры Қазақ АКСР-і әле­уметтік қам­сыздан­ды­ру ха­лық ко­мис­са­ры бо­лып тағайын­да­лып қыз­мет атқар­ды.

1933 – 37 жыл­да­ры Оңтүстік Қазақстан об­лы­сын­да, Қазақ КСР-і Жоғарғы Со­тын­да және Шығыс Қазақстан об­лы­сы со­тын­да, Қазақ КСР-і Әле­уметтік қам­сыздан­ды­ру ха­лық ко­мис­са­ри­атын­да жа­уап­ты қыз­меттер атқар­ды.

Бұхар Ха­лық Кеңес Рес­публи­касы­ның жа­уын­герлік Қызыл жұлдыз ор­денімен ма­рапат­талған.