Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Коллективтендіру және көпшілікті жазалау (1930 — 1940 ж.ж.)

Сейтқали Меңдешов (1882-1937жж.)

Сейтқали Меңде­шев Орал об­лы­сының Но­вая Ка­зан­ка се­лосын­да дүни­еге кел­ген.

Сейтқали Меңде­шев пар­тия және мем­ле­кет қай­рат­кері. Қазан мұғалімдер се­мина­ри­ясын бітірген­нен кейін (1903) 13 жыл бойын­да Бөкей да­ласын­дағы ауыл­дарда мұғалім бо­лып қыз­мет жа­сады. Осы жер­де ол ре­волю­ци­ялық-на­сихат­тық жұмысқа қосы­лып, са­яси әде­би­ет­терді та­рату­мен ай­на­лыс­ты, құпия жи­ылыс­тар мен ше­рулерді ұйым­дасты­руға қатыс­ты.

Сейтқали Меңде­шев Бөкей ор­да­сының ха­лық мұғалімдерінің қоғамын ұйым­дасты­руға, он­да олар ал­да­рына тек қана кәсіби емес, со­нымен бірге са­яси міндет­тер де қой­ды. Сон­дай-ақ, Сейітқали мұғалімдік қыз­меттің неғұрлым озық ой­лы жағын біріктіретін Аст­ра­хань өза­ра көмек қоғамы­ның мүшесі бол­ды.

1916 жылғы ұлт-азат­тық қозғалы­сына қатысқаны үшін ол тұтқынға алы­нады және Аст­ра­хань түрмесіне қама­лады.

1917 жылғы Ақпан ре­волю­ци­ясы жыл­да­ры ол Но­вая Ка­зан­ка се­лосын­дағы Рев­ком ұйымы­на қаты­сады.

1917 жыл­дың қаза­нын­да Меңде­шев Сейтқали боль­ше­вик С. Ге­нера­лов­пен бірге Бөкей ор­да­сын­да ашық ре­волю­ци­ялық үгіт жүргізеді.

Уақыт­ша үкіметтің жергілікті ор­ганда­рының құры­луы мен та­ралуы жағдай туғыза­ды.

1918 жы­лы Бөкей сьезінде гу­батқару ко­митетінің мүшесі бо­лып сай­ла­нады, ал 1919жы­лы оның төрағасы бо­лады.

Сейтқали Меңде­шев үшін оның өмірінде 1919 жыл ай­рықша ай­тар­лықтай бол­ды. Ол алғашқы қазақ ат­ты әскері полкін және об­лыста бірінші ком­со­мол ұйымын құруға қаты­нас­ты. Со­нымен бірге «Мұғалім» жур­на­лының жұмы­сын дұрыс­тай­ды, бірінші Кеңес Конс­ти­туци­ясын қазақ тілінде ауда­руды ұйым­дасты­рады.

1919 жылғы шілде­ден Меңде­шев Сейтқали РСФСР Кеңхал­ко­мы жа­нын­дағы ВКР-нің Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару ісінің мүшесі мен оның төрағасы­ның орын­ба­сары бол­ды.

1920 жы­лы 25 та­мыз­да РКП (б) ОК Сейтқали Меңде­шевті РКП (б) Қырғыз обл­бю­росы­ның құра­мына енгізеді.

1920 жы­лы Меңде­шев ОАК-ның бірінші төрағасы бо­лады.

Сейтқали Меңде­шев қалыңмал, құн төле­уді жою, көп әйел алу­шылықты тыю жөніндегі дек­реттерді дайын­дауға күш-жігерін жұмсай­ды.

Сейтқали Меңде­шев, Сәкен Сей­фул­лин және Әліби Жан­келдин 1921 жы­лы Мәске­уде өткен РКП (б) ОК Бірінші мәжілісіне ұлттық рес­публи­калар мен об­лыстар­дың жа­уап­ты қыз­меткер­лерімен бірге бар­ды. Мәжілісте Шығыс ха­лықта­рының ком­му­нистік ұйым­да­рының Ор­та­лық бю­росы түркі ха­лықта­ры ара­сын­дағы үгіт пен на­сихат Ор­та­лық бю­росы­на ай­нал­ды­рыл­ды. Оның құра­мына Қазақстан­нан Меңде­шевті сай­лай­ды.

Сейітқали Меңде­шев жаңа са­лықтық са­ясат­тың негізін жа­са­уда үлкен рөл атқара­ды.

1924 жы­лы Сейтқали Меңде­шев рес­публи­ка үкіметінің құра­мына жұмыс­шы қазақтар­ды та­рату жөніндегі ұсы­ныс­тарды жа­сау үшін құрылған ар­найы ко­мис­си­яның жұмы­сына бел­се­не қатыс­ты.

1926 жы­лы 1930 жылға дейінгі ара­лықта Сейтқали Меңде­шев Мәске­уге шақыры­лып алы­нады және РСФСР (ЭКО­СО) эко­номи­калық мәжілісінің мүшесі бо­лып тағайын­да­лады.

1930–1937 жыл­да­ры ол Қазақ Рес­публи­касы­ның оқу ісі хал­ко­мы, ғылым жөніндегі ко­митеттің төрағасы, қорықтар мен ес­керткіштерді қорғау жөніндегі Кеңхал­ко­мы басқар­ма­сының бас­тығы бол­ды.

Қазақстан­дағы аш­тықпен күре­су жөніндегі Төтен­ше ко­мис­си­яны басқар­ды.

Ор­та Азия рес­публи­кала­рының ұлттық-мем­ле­кеттік бөлінісі жөніндегі ко­мис­си­яның жұмы­сына қатыс­ты, 1928 жыл­дан 1929 жылға дейін ұлттық рес­публи­кала­рын­дағы жерді пай­да­лану жөніндегі мәсе­лелерді ше­шу жөніндегі КСРО ОАК ко­мис­си­яны­ның және конс­ти­туци­ялық ко­мис­си­яны­ның мүшесі бол­ды. КСРО ОАК Чу­вашия Кеңес­терінде сай­лау өткізу жөніндегі уәкілі.

БО­АК және КСРО ОАК мүшесі, Рес­публи­ка ОАК мүшесі.

1924–1925 жыл­да­ры КСРО ОАК Пре­зиди­умы­ның мүшесі. Ко­мин­терннің бесінші конг­ресінің де­лега­ты.

Сейтқали Меңде­шев еле­улі әде­би мұра қал­дырды. Оның жа­рық көрген мақала­лары мен ба­ян­да­мала­рының тізімі 40-тан аса­ды.