Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Коллективтендіру және көпшілікті жазалау (1930 — 1940 ж.ж.)

Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин (1894-1938 жж.)

Бейімбет Жар­мағам­бетұлы Май­лин

Дүни­еге кел­гені 1894 ж. қара­шаның 15 (1894—11—15) (117 жас)

Қай­тыс болғаны 1939 ж. қара­шаның 10 (44 жас­та)

Ман­са­бы жа­зушы

Діні Ис­лам

Бейімбет Жар­мағам­бетұлы Май­лин (1894–1938) — қазақтың көрнекті жа­зушы­сы, қазақ әде­би­етін қалып­тасты­рушы­лар­дың бірі. Са­уат­сыздықты то­лық жою ұра­нын алға тарт­ты «Са­уат­ты­лығы төмен­дерге ар­налған оқу кіта­бын» (1929); «Күш» — са­уат­ты­лығы төмен­дерге ар­налған оқулықты (1930); «Жаңаша оқы және жаз» құра­лын (1931) және Ғабит Мүсіре­пов­пен және А. Сит­ды­ков­пен бірге «Са­уат­сыздарға ар­налған әліппені» (1935–1936) жа­зып шығар­ды.

Өмірба­яны

Ту­ып-өскен жері — қазіргі Қос­та­най об­лы­сының Та­ран ауда­ны. Бір жасқа тол­май жа­тып әкесінен, ал­тыға шығар­да ше­шесінен ай­рылған. Жетімдік зар­да­бын шегіп, бай­ларға жал­да­нады. Алғаш ауыл мол­да­сынан оқып са­уат ашқан.

1911–1915 жыл­дар ара­лығын­да Тро­ицк қала­сын­дағы Уәзи­фа мед­ре­сесінде, Қос­та­най­дағы орыс­ша қазақша мек­тепте, Уфа­дағы Мед­ре­се Ғали­яда оқып білім алған.

1916–1919 жыл­да­ры мұғалім бо­лады, жа­зушы­лықпен шұғыл­да­на бас­тай­ды. «Қазақ», «Ауыл» га­зет­тері мен «Айқап», «Са­дақ» жур­налда­рына жа­зып тұра­ды. Бейімбет Май­лин «Еңбекшіл қазаққа» «Еңбек туы» бо­лып тұрған кез­де-ақ ат­са­лыса бас­таған. Алғаш мақала­лары­мен қатысқан ол әде­би қыз­меткер, бөлім меңге­рушісі, хат­шы­сы да болған, ре­дак­торлыққа дейін өскен. Бірақ көп істе­меген.

1920–1922 жыл­да­ры га­зетті жа­сауға алғаш шығару­шылар алқасы бас­шы­лық жа­сап, кейін же­келе­ген тұлғалар ке­ле бас­таған тұста ба­сылымға Бейімбет Май­лин секілді жеті-сегіз адам же­текшілік ет­кені мәлім. Со­дан соң, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Еге­мен Қазақстан») га­зетінде қыз­мет істеп (1922–1923), Қос­та­най­дағы гу­бер­ни­ялық «Ауыл» га­зетінде шығар­ды (1925). 1925–1928 жыл­да­ры қай­та­дан «Еңбекші қазақ» га­зетінде қыз­мет істеп, Қазақтың про­летар жа­зушы­лары ас­со­ци­яциясын (ҚазАПП) ұйым­дасты­руға қатыст (1928–1932). Мұнан кейінгі 30-шы жыл­да­рын­да «Со­ци­алистік Қазақстан» (қазіргі «Еге­мен Қазақстан») га­зетінде бөлім меңге­рушісі, ре­дак­тордың орын­ба­сары, «Ауыл тілі», «Қазақ әде­би­еті» ба­сылым­да­рының бас ре­дак­то­ры бо­лып істейді.

1938 жы­лы жа­зықсыз тұтқын­да­лып, қызыл қырғын са­яси реп­ресси­яның құрба­ны бол­ды.

Шығар­ма­лары

Бейімбет по­эзия, про­за, дра­ма са­ласын­да бірдей өнімді еңбек ет­кен қалам­гер. Ол «Са­дақ» қол­жазба жур­на­лын­да (1913), «Айқап» жур­на­лын­да (1914), «Қазақ» га­зетінде (1915) жа­ри­яланған алғашқы өлеңдеріне ден қояды. Са­хара жұрты­ның мұң мұқта­жын, ар­ман аңса­рын, әсіре­се азат­тық теңдік тақыры­бын тілге ти­ек етеді. Бейімбеттің по­эзиялық шығар­ма­ларын­дағы Мырқым­бай типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жи­ын­тық бей­не. Мырқым­бай бей­несі арқылы Бейімбет сол кез­дегі қазақ ке­дей­лерінің бол­мыс бітімін, уақыт, қоғам аясын­дағы тіршілік ты­нысын су­рет­керлік шын­шылдықпен бе­дер­лей алған.

Бейімбет қазақ по­эзиясын­да по­эма жан­ры­ның өрісін ұзар­тып, өресін биікте­туге қомақты үлес қосқан. Оның «Бай­дың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Мар­жан», «Өтірікке бәй­ге», «Хан күйеуі» «Кемпірдің ер­тегісі», «Бөліс», «Мырқым­бай» по­эма­лары тақыры­бының әр алу­ан­дығымен, оқиғалық тар­тымды­лығымен, өзіндік тіл стилімен қазақ по­эзиясы­ның көрнекті үлгілерінің бірі бо­лып та­была­ды.

Бейімбет Май­лы да­рыны оның про­залық шығар­ма­ларын­да ай­рықша жарқырап көрінген. Әсіре­се, қазақ про­засын­да әңгіме жан­ры Бейімбет шығар­ма­лары арқылы ке­мел­де­не түсті. Оның әңгіме­лері өмір шын­дығын дөп ба­сып көрсе­тетін ре­алистік те­ге­урінімен, көркемдік биік өресімен, тақыры­бының әр алу­ан­дығымен да­рала­нады. Ол көркем әңгіме­лері арқылы өзі өмір сүрген за­ман ты­нысы мен қоғам өмірін эн­цикло­педи­ялық ке­мелдікпен сом­дай алған ұлы су­рет­кер.

Бейімбет он бес­ке тар­та по­весть, бұған қоса «Аза­мат Аза­мато­вич» ат­ты ро­ман жазған қалам­гер. Оның «Қызыл жа­лау», «Қоңсы­лар» ат­ты ро­ман­да­ры аяқтал­май қалған. Мұның сыр­тында ол ірілі ұсақты 25 пьеса, либ­ретто, сце­нарий­лердің ав­то­ры.

Бейімбет Май­лы шығар­ма­лары қазақ әде­би­етін бар­лық са­лада байытқан ру­хани асыл қазы­на ретінде халқымен мәңгі бірге жа­сай­тын бо­лады.