Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Коллективтендіру және көпшілікті жазалау (1930 — 1940 ж.ж.)

Нұрмақов Нығмет Нұрмақұлы

1895 жы­лы 25 сәуірде Се­мей об­лы­сы Қарқара­лы уезіне қарас­ты Қу бо­лысын­да дүни­еге кел­ген. Нығметтің әкесі Нұрмақ еті тірі, өнер­паз, сер­гек кісі болған.

Нығмет бас­тапқыда ауыл­дан ашылған орыс мек­тебінде оқып, кейін Қарқара­лыдағы екі клас­ты орыс-қазақ учи­лищесіне түседі.

1911 жы­лы Ро­манов­тар әулетінің пат­ша тағына оты­ру­ының 300 жыл­дығы қар­саңын­да Ом­бы қала­сын­да ауыл­ша­ру­ашы­лық көрмесі өтеді. Осы көрме­ге Қу бо­лысы­ның атақты байы Ақай­дың Қасені қаты­сады. Ол өзімен бірге хат­шы­лыққа ұлттық дәстүрдің қыр-сы­рын түсіндіретін аудар­ма­шылыққа орыс­ша жетік білетін Нығмет Нұрмақов­ты ала ке­леді. Осы көрме­де ол Шоқан­ның серігі Гри­горий По­танин­мен, Ом­бы­дағы мұғалімдер се­мина­ри­ясы­ның қыз­меткері, ха­лықшыл-де­мок­рат Алек­сандр Се­дель­ни­ков­тармен та­нысып, кейін олар оның Ом­бы се­мина­ри­ясы­на түсуіне се­бепші бо­лады.

Ом­бы се­мина­ри­ясын­да оқып жүріп, сон­дағы білім алу­шы жас­тар С. Сей­фул­лин, М. Жұма­ба­ев, М. Са­матов­тармен қосы­лып, «Бірлік» ат­ты мәде­ни-ағар­ту ұйымын құра­ды.

1915 жы­лы Нығмет Қарқара­лыдағы өзі оқыған орыс-қазақ учи­лищесіне оқыту­шы бо­лып қыз­метке кіреді. Ағар­ту ісімен шұғыл­да­нып жүрген­де 1917 жылғы төңкерістер оның өмірін күрт өзгертіп жіберді. Сол жыл­дың күзінде «Да­ла одағы» де­ген ат­пен құрылған еңбекші кеңесіне бас­шы­лық жа­сай­ды. Бұл кеңес бел­сенді ұйым болған. Көп кешікпей Кол­чак үкіметінің ор­на­уымен кеңес та­раты­лып, Нұрмақов бір топ жол­даста­рымен тұтқынға алын­ды. 18 ай түрме­де оты­рып, 1919 жыл­дың жел­тоқсан­да бо­санып шығады.

1915 жы­лы Ом­бы мұғалімдер се­мина­ри­ясын, 1931 жы­лы ВКП (б) ОК жа­нын­дағы Ком­му­нистік уни­вер­си­тетті тәмам­да­ды.

1915—1918 жыл­да­ры Қарқара­лыда мек­теп мұғалімі. 1918 жы­лы ақпан-ма­мыр ай­ла­ры — жұмыс­шы ша­руа де­путат­та­ры Қарқара­лы уездік кеңесінің хат­шы­сы. 1918—1919 жж. Ақгвар­ди­яшы­лар түрмесінде.

Кейін Қарқара­лыдағы еңбекші кеңесін құру ба­рысын­да П. Ба­бин, И. Рад­ченко сияқты боль­ше­вик­термен үзеңгілес жүріп, өмірдің са­яси та­лас-тар­ты­сынан мол тәжіри­бе жи­нақтай­ды. Осы­лай­ша, Нығмет Нұрмақов жан-жақты ой­ла­нып ба­рып, боль­ше­вик­терге қосы­лады.

1920—1921 жж. — Қарқара­лы уездік рев­ко­мының, уездік атқару ко­митетінің, Се­мей гу­бер­ни­ялық әске­ри рев­ко­мының мүшесі және бөлім меңге­рушісі, губ­комның бөлім меңге­рушісі, Се­мей гу­бер­ни­ялық атқару ко­митетінің мүшесі.

1921 жыл­дың қаза­нынан ре­волю­ци­ялық Три­бунал­дың төрағасы. 1922 жыл­дың ақпан айын­да Орын­борға ауыса­ды. Алғашқыда Қазақ өлкелік пар­тия ко­митетінде бөлім меңге­рушісінің орын­ба­сары бо­лады. 1922 жыл­дың қазан айын­да өткен III Бүкілқазақтық кеңес­тер сьезінде Нығмет Нұрмақов Қазат­ком төралқасы­ның құра­мына сай­ла­нып, оған Рес­публи­калық Жоғарғы Три­бунал­ды басқару жүкте­леді.

1923 жыл­дың 11 сәуірінен РСФСР Жоғарғы Со­тының қазақ бөлімінің төрағасы. Н. Нұрмақов­тың Жоғарғы Сот пен гу­бер­ни­ялық про­кура­тура­ның қалып­та­су­ын­дағы ролі ерек­ше зор.

1923—1924 жж. Юс­ти­ция ха­лық ко­мис­са­ри­аты­ның алқа мүшесі ретінде оның мәжілісінде тұрақты қаты­сып, әуелі про­кура­тура, кейін сот құрлы­сының қай­наған ор­та­сын­да жүрген бас­шы­ның бірі. 1923 жыл­дың ма­мырын­да Юс­ти­ция ко­мис­са­ры міндеті жүктеліп, әрі сол жыл­дың күзіне дейін Сот төрағасы қыз­метінде қалу­ының мәнісі оның іскерлігі мен мем­ле­кет бас­шы­лары­ның ор­та­сын­дағы қалып­тасқан бе­делінде бол­са ке­рек.

Осы ке­зеңде про­кура­тура мен сот ор­ганда­рын ұйым­дасты­ру, сот құрлы­сы ере­желерін енгізді, кәсіби кадр­лар­ды да­яр­лау, іс жүргізу­ге қазақ тілін енгізу жұмыс­та­ры аяқтал­ды. Про­кура­тура және сот қыз­меткер­лерінің білімін арт­ты­ру, білікті жаңа кадр­лар­ды қалып­тасты­ру, олар­ды қыз­метке тұрақтан­ды­ру, жа­лақыла­рын өсіру, тұрмыс­тық жағдай­ла­рын жақсар­ту мәсе­лелерін ше­шуде де оның та­бан­ды­лығының арқасын­да біраз жұмыс­тар атқарыл­ды. Орын­борда тұңғыш өлкелік заң кур­сы­ның ашы­луы Нұрмақов­тың қыз­метке ке­луімен дәл келді. Қысқа мерзімді курс­тар Се­мей­де, Ақмо­лада, Қос­та­най­да ашыл­ды. Олар­дың жа­нынан еңбек сес­си­яла­ры ұйым­дасты­рыл­ды.

1922 жылғы 13 шілде­де екінші шақырылған Кир­ЦИК-тің ІІІ сес­си­ясын­да про­курор­лық қадағалау ту­ралы, ад­во­кату­ра ту­ралы Ере­желер қабыл­данды. 1923 жылғы 28 жел­тоқсан­да Кир­ЦИК жа­нын­дағы бас Тәртіптік Кеңес ту­ралы қаулы бекітілді.

1924 жыл­дың 9 қыркүйегінде Нұрмақов юс­ти­ция ко­мис­са­ры міндетін жаңа тағайын­далған Н. Ера­лин­ге тап­сырды. Бұл ауысу Түркістан құра­мын­дағы Сыр­да­рия мен Жетісу­дың Қазақстанға қосы­луы нәти­жесінде бас­шы қыз­меткер­лерді іскерлігіне қарай қай­та ор­на­лас­ты­ру қажеттілігінен ту­ын­даған бо­латын.

Нығмет Нұрмақов алғашқыда бірер ай өлкелік пар­тия ко­митетінде үгіт-на­сихат бөлімінің меңге­рушісі қыз­метін атқара­ды. Көп кешікпей оған Хал­ком кеңесінің төрағасы міндеті жүктелді.

Нығмет Нұрмақов Қазақстан Ко­мис­сарлар Кеңесінің төрағасы қыз­метінде 4 жыл 4 ай отыр­ды. Сол жыл­дардағы өмірге жол­да­ма алған мем­ле­кеттік маңыз­ды құжат­тардың бәрінде Н. Нұрмақов­тың қолы тұрды. Бұл жыл­дарда Қазақстан­ның ха­лық ша­ру­ашы­лығы құлаш жайып, Екібастұз, Қараған­ды, Ембі, Балқаш өндіріс орын­да­ры ел­ге та­ныла бас­та­ды. Түркістан-Сібір темір жол құрлы­сы бас­талды.

1924 жылғы қазан — 1929 жылғы сәуір — ҚАКСР Ха­лық Ко­мис­сарла­ры кеңесінің төрағасы. 1929—1931 жж. — Мәске­уде оқуда.

1925 жылғы қыркүйек—қазан ай­ла­ры — ВКП (б) Ки­роб­ко­мының бөлім меңге­рушісі.

1929 жыл­дың сәуір айын­да Нығмет Нұрмақов Мәске­уге ке­туге мәжбүр болған. Бұл Қазақстан­ның эко­номи­калық-әле­уметтік жағдайына бай­ла­ныс­ты Го­лоще­кин­мен келіспе­ушіліктің шегіне жет­кен тұсы еді. Нығмет Нұрмақов үкімет бас­шы­сы ретінде «Бай­лар­ды тәркілеу ту­ралы» дек­ретке қол­ды амал­сыз қоя оты­рып, «науқан» ба­рысын­да туған әділетсіздіктер мен асы­ра сілте­ушіліктер­ге ашық на­разы­лық білдірген.

Мәске­уде Нығмет Нұрмақов Бүкіло­дақтық атқару ко­митеті хат­шы­сының орын­ба­сары және аз ұлттар бөлімінің меңге­рушісі бо­лады. Сібір, Па­воль­женің аз ха­лықтар тұра­тын аудан­да­рын ара­лап, қыз­мет жа­сады.

1931—1937 жж. — ВЦИК хат­шы­сының орын­ба­сары. ВЦИК Пре­зиду­мының бөлім меңге­рушісі ВКП (б) Қазақ өлкелік ко­митетінің ҚАКСР ОАК мүшесі.

1937 жыл­дың қуғын-сүргініне Нығмет Нұрмақов алғашқылар­дың бірі бо­лып ілінді. Кейін Ал­ма­тыда, Қараған­ды­да Нығмет Нұрмақов­тан «тап­сырма» алып отырған О. Иса­ев, А. Асыл­бе­ков­тардың ұйым­да­ры та­был­ды мыс. Олар­дың ор­та­лықтағы бас­шы ұйымын Нығмет Нұрмақов, Т. Рысқұлов­тар басқарған бо­лып шығады. Мұның бәрі, әри­не, ой­дан шығарылған бо­латын.

Мәскеу ар­хивінің анықта­масы бойын­ша Нығмет Нұрмақов 1937 жыл­дың 3 ма­усы­мын­да Мәске­удегі пәтерінде тұтқын­да­лып, 27 қыркүйегінде «айыбын мой­ны­на алып», «үштіктің» үкімімен 15 ми­нут­та тағды­ры шешіліп,42 жа­сын­да аты­лады.

Ста­лин қай­тыс болған­нан кейін 1950 жыл­да­рың екінші жар­ты­сын­да Нығмет Нұрмақов то­лығымен ақтал­ды. Сүйікті жа­ры Зүфнін 19 жыл өмірін тұтқын ла­герь­лерінде өткізген. Тұңғыш қыз­да­рын сол жыл­да­ры жоғал­тып алған. Ұлда­ры Но­ян Ұлы Отан соғысы­нан аман-есен ора­лып, әске­ри пол­ковник шенінде 1986 жы­лы Мәске­уде қай­тыс болған. Зүфнін апай Ал­ма­тыдағы туған-ту­ысқан­да­рының ор­та­сын­да тоқсан­нан асып көз жұмған.

1937 жы­лы аты­лып, 1956 жылғы та­мыз­да ақтал­ды.

Қазақстан Мем­ле­кетінің азат­тығы үшін, тәуелсіздігі үшін ақылын, ерік-жігерін аямай, бар өмірін сарп ет­кен мем­ле­кет қай­рат­керлерінің ал­дыңғы са­пын­да әрқашан Нығмет Нұрмақов­тың есімі берілді.