Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Коллективтендіру және көпшілікті жазалау (1930 — 1940 ж.ж.)

Абдолла Ахметұлы Розыбакиев (1897-1938 жж.)

Абдолла Ахметұлы Розыбакиев (1897-1938 жж.)

Аб­долла Ах­метұлы Ро­зыба­ки­ев (31.10.1897, Вер­ный уезінің [Киікбай] ауылы — 1937) — қоғам қай­рат­кері. Қазақстан­да Со­вет өкіметін ор­на­туға және нығай­туға бел­се­не қатысқан пар­тия, со­вет қай­рат­кері. 1917 ж. сәуірде Вер­ный (Ал­ма­ты) қала­лық мұсыл­ман жұмыс­шы­лар одағының хат­шы­сы бо­лып сай­лан­ды. 1918 ж. Жетісу об­лыстық рев­ко­мына мүшелікке өтті. Ол О. Жан­до­сов, П. Ви­ног­ра­дов, Т. Бо­кин, т. б. қоғам қай­рат­керлерімен бірге Жетісу өңірінде Кеңес өкіметін ор­на­туға қатыс­ты. 1920 жыл­дың көктемінде Жар­кент уездік, қала­лық рев­ко­мының төрағасы бо­лып тағайын­далды.

Сол жыл­дың соңын­да өзі ұйым­дастырған ерікті ұйғыр полкінің ко­мис­са­ры ретінде Ферғана "да­ласын­да” бас­ма­шыларға қар­сы күрес­ке қатыс­ты. 1921 ж. та­мыз­да БК (б) П Жетісу об­лыстық ко­митетінің хат­шы­лығына әрі об­лыстық "Қос­шы” одағының төрағалығына сай­лан­ды. 1924 ж. Ор­та Ази­яны ұлттық-мем­ле­кеттік ме­желеу жөніндегі ко­мис­си­яның мүшесі бол­ды. 1925 — 27 ж. Мәске­удегі ком­му­нистік уни­вер­си­тет­те оқыды. БК (б) П Қызы­лор­да ок­ругтік ко­митетінің бірінші хат­шы­сы (1929, ма­мыр — 1930, на­урыз), Қазақ АКСР-інің дайын­дау ко­мис­са­ры (1930 жыл­дың соңы — 1932 ж.), Шығыс Қазақстан об­лы­сының Пав­ло­дар аудан­дық (кейін ок­ругтік) пар­тия ко­митетінің хат­шы­сы қыз­меттерін атқар­ды. Өмірінің соңғы жыл­да­ры Қазақстан КП ОК-нің бас­пасөз және бас­па бөлімі меңге­рушісінің орын­ба­сары бол­ды.

1921 ж. ма­усым айының ба­сын­да Таш­кент­те, кейін Ал­ма­тыда ұйғыр тілінде шыға бас­таған «Кам­бағар­лар ава­зи» ("Ке­дей да­уысы”) га­зетін ұйым­дасты­рушы әрі ре­дак­то­ры бол­ды. 1937 ж. са­яси қуғын-сүргін құрба­ны бол­ды. Ал­ма­ты қала­сын­дағы бір көше­ге Ро­зиба­ки­ев есімі берілген.