Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Коллективтендіру және көпшілікті жазалау (1930 — 1940 ж.ж.)

Тұрар Рысқұлұлы (1894 - 1938 жж.)

Тұрар Рысқұлұлы (1894 - 1938 жж.)

Тұрар Рысқұлұлы
Дүни­еге кел­гені: уезі Шығыс Талғар бо­лысы
Қай­тыс болғаны: Мәскеу
Жұбайы: Әзи­за Есенқұл Түбекқызы

Өмірба­ян

Тұрар Рысқұлов (26 жел­тоқсан 1894, Жетісу об­лы­сы, уезі Шығыс бо­лысы – 10 ақпан 1938, Мәскеу) – мем­ле­кет қай­рат­кері. Оның әкесі Рысқұл Жылқыай­дарұлы 19 ғасыр­дың 80-жыл­да­ры пат­ша әкімшілігінің оз­бырлығына шы­дамай Сыр­да­рия об­лы­сының Чер­ня­ев уезінен (қазіргі Оңтүстік Қазақстан об­лы­сы Түлкібас ауда­ны) Вер­ный уезіне қоныс ауда­рып кел­ген бо­латын. Жаңа қоны­сын­да да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жы­лы жел­тоқсан­да ха­лыққа тізесі батқан Сай­ма­сай Үшкемпіров де­ген бо­лыс­ты атып өлтіреді. Түрме­де жа­тып өш алу­шылар­дың жалғыз ұлы Тұрарға зи­яны ти­ер деп қауіптен­ген ол оны өзінің қасы­на ал­дырта­ды. «Түрме ба­ласы» аталған Рысқұлов түрме үй­лерін сы­пырып, бас­тықтың атын ай­дап жүріп орыс тілін үй­ре­неді. Әкесі 10 жылға сот­та­лып Са­халин­ге жер ауда­рылған соң Рысқұлов – «Қырғыз­ба­ев» де­ген жалған фа­мили­ямен нағашы­лары­ның қолы­на келіп, Меркідегі орыс-түземдік бас­та­уыш мек­тепте оқиды. Мұндай ара­лас мек­тептер бел­сенді мис­си­онерлік мақсат ұстанған бо­латын.

Әкесімен бірге Вер­ный қала­сының түрмесінде болған кезінде түрме бас­тығы При­ходь­ко жас Рысқұлов­ты шоқын­ды­руға әре­кет­тенсе, Меркідегі шәкірт кезінде де осын­дай әре­кет оның ал­ды­нан тағы да шығады. 1910 жы­лы Рысқұлов Пішпек­тегі 1-дәре­желі ауыл ша­ру­ашы­лығы мек­тебіне қабыл­да­нып, оны 1914 жы­лы қазан айын­да бау-бақша өсіруші ма­ман­дығы бойын­ша бітіріп шығады. Бұл мек­тепті үздік бітірген оған Са­мара қала­сын­дағы ор­та дәре­желі ауыл ша­ру­ашы­лығы учи­лищесіне түсу үшін ар­найы жол­да­ма беріледі, бірақ учи­лище ди­рек­то­ры «қазақ – көшпелі, оған жер өңде­уді оқудың қажеті жоқ», – деп қабыл­да­май қояды.

Та­уы шағылған Рысқұлов 1915 жы­лы Таш­кент­тегі мұғалімдер се­мина­ри­ясы­на түсу­ге ты­рыса­ды, бірақ оны мұнда да «бұра­тана» де­ген сыл­та­умен қабыл­да­май­ды. Ақыры ол оқу ми­нистріне арыз­да­на жүріп, ар­найы рұқсат­пен ем­ти­хан тап­сы­рады да, оқуға қабыл­да­нады. Күн көру үшін оқумен қатар Таш­кент қала­сының іргесіндегі Крас­но­водск тәжіри­бе алаңын­да бағбан бо­лып істеді. 1917 жы­лы жаз­да қазақ да­ласын­да ұлт-азат­тық көтеріліс бас­талған кез­де Рысқұлов оқуын тас­тап, Әули­еата уезіндегі Сов­депі ат­ко­мының пред­се­дателі ат­танды. Ол Меркіге кел­ген кез­де ха­лық ашық бас көте­рулер­ге шығып, жер-жер­де қару­лы қақтығыс­тар өрши бас­таған бо­латын. Ол Аққөз Қосанұлы бас­таған көтерілісшілердің іс-әре­кетіне ұйым­дық си­пат беріп, са­яси бағдар сілтеді.

Меркідегі көтерілістің өршіген кезінде Рысқұлов­ты пат­ша әкімшілігі тұтқын­дай­ды, бірақ оның іс-әре­кетінен кінә та­ба ал­май бо­сатып жібе­руге мәжбүр бо­лады. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін көктем­де Рысқұлов Меркіге ора­лып, он­да «Қазақ жас­та­рының ре­волю­ци­ялық одағын» құра­ды. Осы жы­лы жаз­да Рысқұлов РСДЖП құра­мына мүше бо­лып қабыл­данды.

1918 жы­лы сәуірде Әули­еата уездік кеңесінің атқару ко­митеті төрағасы­ның орын­ба­сары бо­лып сай­ла­нып, өз күш-жігерін ашар­шы­лыққа ұшы­раған ха­лықты төніп тұрған ажал тыр­нағынан ара­шалап қалуға, орыс­тар мен қазақтар­дың ара­сын­дағы қарым-қаты­нас­ты рет­те­уге, кеңес­терге жергілікті ха­лық өкілдерін көптеп тар­туға жұмса­ды. Әули­еата уездік төтен­ше ко­мис­сия ұйым­дасты­рып, қару­лы от­рядпен бірге уезді ара­лап, орыс­тар мен қазақтар­дың өза­ра қырқысын тиюға, конт­ри­буция ретінде тар­ты­лып алынған қазақтар­дың мал-мүліктерін өздеріне қай­та­рып бергізу­ге ты­рыс­ты.

Рысқұлов­тың ықпа­лымен Әули­еата уездік кеңесінің құра­мы мен жұмыс тәсілі тез өзге­ре бас­та­ды. 1918 жы­лы 21 сәуірде уездік кеңестің мүшелігіне қазақтар ара­сынан де­путат­тар сай­лау мақса­тымен Әули­еата қала­сын­да Рысқұлов ұйым­дастырған қазақтар­дың жи­ыны бо­лып өтті. Жи­налыс­тың шешімі бойын­ша Әули­еата уездік кеңесінің 26 мүшесінің 15-і жергілікті ха­лық өкілдері бол­ды. Рысқұлов­тың же­текшілігімен Әули­еата қала­сы маңын­да қоғам­дық та­мақтан­ды­ру орын­да­ры ұйым­дасты­рылып, он­да 20 мың адамға дейін ашыққан қазақтар та­мақтан­ды­рыл­ды. 1918 жы­лы шілде­де Әули­еата уездік кеңесінің атқару ко­митеті төрағасы бо­лып сай­лан­ды. Уездік кеңестің сан түрлі қыз­метін ұйым­дасты­ра оты­рып, Рысқұлов бұрынғысын­ша негізгі күш-жігерді ашар­шы­лықпен күрес ісіне бағыт­та­ды.

Сырт­тан ке­лер көмектің жоқтығы оны тек ішкі ре­зерв­терді тиімді пай­да­лана білу­ге мәжбүр етті. Рысқұлов Әули­еата қала­сының 52 орыс ка­пита­лисіне ашар­шы­лыққа ұшы­раған ха­лықтың пай­да­сына 3 млн. сом са­лық төлеттірді. 1918 жы­лы қыркүйек­те Рысқұлов Түркістан ав­то­номи­ялы Рес­публи­касы­ның Ден­са­улық сақтау ха­лық ко­мис­са­ры бо­лып тағайын­далды. Бұл ко­мис­са­ри­атқа ден­са­улық ісімен шұғыл­да­нумен қатар аш­тықпен күре­су міндеті де тап­сы­рылған еді. Аш­тықпен күре­суге Ден­са­улық сақтау ха­лық ко­мис­са­ри­аты­ның күш-қуаты мүлдем жеткіліксіз бо­латын. Сон­дықтан да Рысқұлов аш­тықпен жүйелі түрде күре­су үшін, құра­мына түрлі ко­мис­са­ри­ат­тардың өкілдері кіретін ар­найы ұйым құру­ды та­лап етеді. Осыған орай 1918 жы­лы 28 қара­шада ерек­ше Ор­та­лық Ко­мис­сия ұйым­дасты­рылып, оның төрағасы бо­лып Рысқұлов тағайын­далды. Рысқұлов бас­шы­лық ет­кен ерек­ше ко­мис­сия Түркістан ав­то­номи­ялық рес­публи­касы­ның 19 уез­дері мен қала­ларын­да 923 мың адамға ар­налған та­мақтан­ды­ру орын­да­рын аш­ты. 1919 жы­лы 14 на­урыз­да Түркістан Рес­публи­касы кеңес­терінің 7 съезінде Ор­та­лық атқару ко­митеті төралқасы төрағасы­ның орын­ба­сары бо­лып Рысқұлов сай­лан­ды.

Осы жы­лы 14 – 31 на­урыз ара­лығын­да Таш­кент қала­сын­да бо­лып өткен Түркістан КП-ның 2 кон­фе­рен­ци­ясын­да ОК жа­нынан Мұсыл­ман бю­росын құру ту­ралы шешім қабыл­данды. Рысқұлов Мұсыл­ман бю­росы қыз­метін жан­данды­ра түсу мақса­тымен оның ұйым­дасты­ру, ре­дак­ция-бас­па, мәде­ни-ағар­ту және әске­ри бөлімше­лерін құрды. web жы­лы шілде­де Түркістан Рес­публи­касы атқару ко­митеті Әули­еата және Чер­ня­ев уез­деріндегі са­яси-әле­уметтік және ұлта­ралық қарым-қаты­нас жайымен та­нысу үшін он­да ар­найы ко­мис­сия ат­тандыр­ды. Рысқұлов төрағалық ет­кен бұл ко­мис­сия Әули­еата атқару ко­митетінің мүше­лерін өз міндет­терін іске асы­ра ал­мағаны үшін қатаң сынға алып, бұл ко­митеттің та­ратылғанын жа­ри­яла­ды. Осы­дан кейін Әули­еата уездік атқару ко­митетінің ор­ны­на Түркістан атқару ко­митетінің шешімімен Әули­еата уездік уақыт­ша Ре­волю­ци­ялық ко­митет ұйым­дасты­рыл­ды. 1920 жы­лы 21 қаңтар­да Рысқұлов Түркістан Ор­та­лық атқару ко­митетінің төрағасы бо­лып сай­лан­ды.

Ол атқару ко­митетін Түркістан­ның та­рихи-объек­тивті жағдайы мен ерек­шелігін бас­шы­лыққа алып жұмыс істейтін ор­ганға ай­нал­дырды, жергілікті ха­лықтар­дың құқығын қорғай­тын ұйым дәре­жесіне көтерді. Атқару ко­митетінің төрағасы ретінде Түркістан Рес­публи­каның Конс­ти­туци­ясы­на сай берілген құқықта­рын пай­да­лана оты­рып орыс ша­ру­ала­рының қару­сыз­данды­рылу­ына, олар­дың эко­номи­калық жағдайының жергілікті ха­лықтың әле­уметтік-эко­номи­калық жағдай­ла­рымен теңестірілуіне, орыс ша­ру­ала­ры мен ка­зак­тардың көшпелі ха­лықтар­дан тар­тып алған жер­лерін иелеріне кері қай­та­рула­рына қол жеткізді. Ол Түркістан Рес­публи­каның са­яси-мем­ле­кеттік еге­мендігі жо­лын­да та­бан­ды күрес жүргізді.

Рес­публи­каны түркі тілдес ха­лықтар­дың ұлттық мем­ле­кетіне ай­нал­ды­руға, рес­публи­ка еге­мендігіне, яғни са­яси, эко­номи­калық, дип­ло­мати­ялық, әске­ри және мәде­ни мәсе­лелер бойын­ша нақты бо­луы тиіс дер­бестік құқықта­рына ие бо­луға бар күш-жігерін жұмса­ды. 1924 жы­лы 4 ақпан­да РКП (б) ОК шешіміне орай Рысқұлов Ко­мин­терн атқару ко­митетінің құра­мына қыз­метке жіберілді. Ко­мин­терн атқару ко­митетінің Ор­та­лық-Шығыс бөлімі меңге­рушісінің орын­ба­сары бо­лып бекітілді. 1924 жы­лы жаз­да Ко­мин­терн атқару ко­митетінің өкілетті өкілі бо­лып тағайын­далды. Ол он­да Моңғол Ха­лық Рес­публи­касы­ның аяғынан нық тұрған мем­ле­кеттік ретінде қалып­та­су­ына зор еңбек сіңірді. Ол Моңғолия Конс­ти­туци­ясы­ның жо­басын әзірле­уге ат­са­лыс­ты. Моңғолия ас­та­насы­ның атын Улан­ба­тор (Қызыл­ба­тыр) деп қоюды ұсынған Рысқұлов бо­латын.

1926 жы­лы на­урыз­да Рысқұлов Қазақстанға жіберіліп, Қазақ өлкелік БК (б) П ко­митетінің Бас­па бөлімінің меңге­рушісі қыз­метіне тағайын­далды. Осы жы­лы 19 сәуірде Рысқұлов Қазақ өлкелік БКП (б) ко­митеті қаулы­сымен «Еңбекші қазақ» га­зетінің жа­уап­ты ре­дак­то­ры бо­лып бекітілді. Көп ұза­май 31 ма­мыр­да Бүкіло­дақтық ор­та­лық атқару ко­митетінің қаулы­сымен Ха­лық ко­мис­сарла­ры кеңесі төрағасы­ның орын­ба­сары бо­лып бекітілді. Бұл қыз­метіне қоса Рысқұлов Түрксіб темір жо­лын са­луда үкімет ко­мис­си­ясы­ның төрағасы бо­лып, оны 6 жыл­да аяқтау ор­ны­на 3 жыл­да пай­да­лануға берілуін ұйым­дастыр­ды. Ма­ман­данған қазақ жұмыс­шы­ларын қалып­тасты­руға, қазақ жас­та­рын Ре­сей және шет ел оқу орын­да­рын­да көптеп оқытуға көп көңіл бөлді. Қазақ өлкелік БК (б) П к-тін басқарған Ф. И. Го­лоще­киннің «Қазақстан­да кіші Қазан» төңкерісін жа­сау иде­ясы­на ашық қар­сы шықты. Кеңестік ұжым­дасты­ру са­яса­тының зар­дапта­рын жою, Қазақстан­дағы ашар­шы­лықтың апа­тынан ха­лықты құтқару жайын­да И. В. Ста­лин­ге нақты ұсы­ныс­тар жа­сады.

Бірақ И. В. Ста­лин Рысқұлов­тан гөрі Ф. И. Го­лоще­кин­ге сенім ар­та­тын­дығын та­ныт­ты. Рысқұлов қолы­нан кел­генше ашар­шы­лық тауқыметіне ұшы­раған­дарға жәрдем көрсе­туге тал­пынды. 1937 жы­лы 21 ма­мыр­да Кис­ло­водскіде де­малыс­та жүрген Рысқұлов «пантүрікшіл», «ха­лық жа­уы» де­ген айып­пен тұтқынға алын­ды. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшы­раған Рысқұлов Мәскеу түрмесінде жүрек ауру­ынан қай­тыс бол­ды. Рысқұлов­тың әйелі Әзи­за да кеңестік қуғын-сүргін құрығына ілігіп, АЛ­ЖИР-де 18 жыл ай­да­уды бас­тан кешті. Ұлы Ес­кендір түрме­де қай­тыс бол­ды. Рысқұлов есімі КСРО Әске­ри кол­ле­ги­ясы Жоғырғы Со­тының шешімімен 1956 жы­лы 8 жел­тоқсан­да ақтал­ды. Қазіргі кез­де Жам­был об­лы­сының бір ауда­нына Рысқұлов есімі берілген. Та­раз қала­сын­да Рысқұлов есімімен ата­латын де­малыс паркі бар, он­да Рысқұловқа ес­керткіш қойылған Қызыл гра­нит­тен жа­салған Рысқұлов ес­керткішінің ар­хи­тек­то­ры – А. Рыс­па­ев, мүсіншісі – Ю. Баймұқашев. Ал­ма­ты қала­сын­дағы Басқару ака­деми­ясы­на Рысқұлов есімі берілген. Көрнекті қазақ жа­зушы­сы, мем­ле­кеттік қай­рат­кері Шер­хан Мұрта­заның «Қызыл же­бе» (1–2-кіта­бы), «Жұлдыз­ды көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» ат­ты ро­ман хам­са­сын­да Рысқұлов кел­беті сом­далған.