Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Коллективтендіру және көпшілікті жазалау (1930 — 1940 ж.ж.)

Сәкен Сейфуллин (1894-1938 жж.)

Сәкен Сейфуллин (1894-1938 жж.)

Ман­са­бы: ақын, жа­зушы­сы

Ұлты: қазақ

Сәкен Сей­фул­лин (Сәдуақас) (1894–1938) — қазақ со­вет әде­би­етінің негізін са­лушы­лар­дың бірі, ақын, қоғам, мем­ле­кет қай­рат­кері. 20ғ-дағы қазақ әде­би­еті, әсіре­се қазақ по­эзиясы Абай­дың ақыңдық мек­тебінің әсер-ықпа­лымен өркен­деді. Сәкен Абай­ды ай­рықша ұнатқан­дардың да, мейлінше жек көрген­дердің де қата­рын­да болған емес. Иде­оло­гия ыңғайымен үстем тап­тан шыққанын ан­да-сан­да ес­кертіп қойғаны бол­ма­са, ай­рықша бел­сенділікке са­лынған жоқ. Сақта­на пікір ай­тты. Ом­бы­да оқып жүрген шәкірттік дәуірінде Абай ру­хына си­ынып, аңқыл­даған ақ көңілін жайып салған өлеңі бар: «Сөзіңнің қарап тұрсам мағына­сы мол, Бас­та­ушы адасқанға болған­дай жол, Өзге сөздің пат­ша­сы — сенің сөзің, Я бар бол бұл дүни­еде, яки жоқ бол…» — деп Абай­дың құдіретті сезін ар­дақ тұтты.

«Сөзіңді үлгі қыл­ды білген адам, Түсінбес оқыса да бітеу на­дан, На­данға құр қу ағаш құрған тезің, Көткен­шек алға қарай бас­пас қадам…»- де­ген әле­ум. ой­лар­ды ұлы ақын­нан алғаны сөзсіз. Оның қан­ша­лықты мәні ба­рын «Бірлік» қоғамы­на бас­шы­лық жа­сап жүрген­де езі мықтап түсінді. Сон­дықтан «Кім бас­шы — аға ха­лыққа», «Қазақ са­бағы», «На­дан бай», «Оқымаған қазақ» де­ген өлеңдерін жа­зып, ел қамын ой­лау адас­тырмас ар­ман жо­лы екенін ұқты. Сол тұста жас ақын­ды қол­тығынан де­меп, алға бас­ты­рып жібер­ген Абай­дың аза­мат­тық әуені бо­латын, «Сөз пат­ша­сынан» қоғам­дық мән-мағына та­уып, өз пікірін са­бақтауға бел бу­ды.

«Сөзіңнің жыл­дан-жылға қады­ры арт­ты, Оқуға құмар қыл­ды та­пай жас­ты, Құмар болған ке­удесі — сәулелі ар, Ай­тпай­мын ауыл­дағы шы­бай мас­ты…» — деуінің сы­ры да түсінікті. «Сәулелі ары» бар­лар ғана Абайға серік бол­мақ.

«Са­налы көзі ашыққа сөзің ал­тын, Са­насызғажел сез — соққан салқын, Ойын­да са­насыз­дың еш нәрсе жоқ, Ілгері бас­сын де­ген қазақ халқын…» — де­ген қомақты пікірді түйінде­ген­де Сәкеннің Абай­ды қалай түсінгені езінен өзі айқын­да­ла бер­мек.

Абай­дың 1909 ж. өлеңдер жи­нағы шығып, қазақ са­хара­сына кең та­ралған­да көңіл кезі ашықтар, әсіре­се ақын­дар мен оқушы шәкірттер дүр сілкінген бо­латын. Абай ақын­дығына тәнті бо­лып, елең ар­на­лаған­дар не­кен-саяқ. Абай­ды әде­би­етіміздің атқанақтаңы, жаңа беті, үлгі-өне­генің асыл ар­на­сы деп та­ныған­дар ете кеп бол­ды. Абай­дың өз төңірегіндегілер ғана емес, алып ақын­дықтың қуат­ты күшін алыс­тан сезіп-білген­дер де қосы­лып жат­ты. Сол қалың дүрмектің ара­сынан Мағжан «Хакім Абайға» өлең ар­нап, жарқ етіп көрінді.

«Ай, жыл өтер, дүние көшін тар­тар, Өлтіріп та­лай жан­ды жүгін ар­тар, Көз ашып, жұртың ояу болған сайын, Хакім ата, ты­ныш бол, қадірің ар­тар», — деп шын өнердің мәңгілік екенін, оны дүни­еге әкел­ген да­рын­ның әрқашан қадір-құрмет­ке бөле­нерін ізба­сар ақын мықтап ұғын­ды. Абай ақын­дығына ден қойып, одан ме­дет тіле­ген­дер көбіне ха­лық қамы жайын­дағы ке­шелі ой­лар­дан еріс алып, үлгі ша­шуға тал­пынды. Әри­не, олар­дың ішінде Шәкәрімнің ор­ны бөлек. Кен­бай да Аба ц ру­хын на­сихат­та­улар­дың ірісі болғаны рас. Т. Жо­март­ба­ев­тың, қазақтың түңғыш пуб­ли­цист қызы Н. Құлжа­нова­ның Абайға ар­наған елеңдері мен сүбелі ой­ла­ры «Қазақ» га­зетінде жа­ри­яландьк «Уақ» де­ген бүркеншік ат­пен 1914 ж. жазған ав­тор сол ой­лар­ды мәнді түйіндеп, күніне жүз оқысаң да жа­бықтыр­май­тын, бір ойынан бір пікірі асып түсетін жыр мар­жа­нын ай­та келіп: «Сөзі рас, сөзі та­за, сөзі ақыл, Көңілге бір жері жоқ, жа­быс­пай­тын. Қазақта мұнан ар­тық сөз шыққан жоқ Бағалап мы­нау не деп пар ұстай­тын… Есіл ер бүл за­ман­да бол­май­ды-ау деп, Қазақта қабырға жоқ қабыс­пай­тын…» — деуі Абай­дың қоғам ал­дындағы бе­делі мен сал­мағын айқын та­ныта­ды. Осы ой­лар­ды Сұлтан­махмұт «пайғам­бардың жүрегінен құйылған құран­дай, соқыр кісі сыб­ды­рынан та­бар­лыққа ашық тұра­ды марқұм Абай елеңдері» деп тұжы­рым­да­уы ақын­ның аузы­нан әлдеқалай шығып кет­кен әншейінгі әдемі сөз емес еді. Абайға ар­налған өлен­дердің, оның ішінде Сәкен жы­рының қай-қай­сы­сы бол­ма­сын сөз мар­жа­нын қомақты ой-пікірмен өре­лендіре түсіп, көркемдікті әле­ум. мен­мен ажар­ланған­да ғана жұрт жүрегіне жол та­баты­нын көрсетті.

Және сол кез­де қолы­на қалам алған­дардың жал­пақ қазақ тілімен-ақ ел- жұртқа ке­ректі ой-пікір ай­тып, са­на-сезім жеткізе ала­тыны, со­лай бо­луға тиіс екендігі эс­те­тика. та­ным-біліктің сүбелі та­лабы бо­лып қалып­тасты. Осы жөнінде қазақтың қоғам­дық ойының көгінде жа­рық жұлдыз бо­ла білген Міржақып Ду­латов­тың мы­на мойын­да­уының мәні зор. Қазақ зи­ялы­ларын­да орыс, араб, пар­сы сез­дерін ара­лас­ты­рып жа­зу ма­шығы күшті болған тұста, яғни «1908 жы­лы „Оян қазақты“ жа­зып жүргенімде әлгі „әде­би тілдерді“ неғұрлым кебіртек кіргізу жағын ес­ке­русіз қал­дырма­дым. Сол жыл­дарда Абай кіта­бы Һәм „Қырық мы­сал“ шықты. „Қырық мы­сал­ды“ оқығаным­да өзімнен езім ұял­дым. Өзімнің Һәм өзім секілділердің ада­сып жүргенін сон­да байқадым» (266–6.) де­гені ана тілінің қуатын сарқа пай­да­лану қажеттігін көрсе­теді. Абай қазақтың жаз­ба әде­би­етінің негізін са­лып, әде­би тілін қалып­тастыр­ды де­геннің нақты дәлелін осын­дай «мойын­да­удан керіп», бүкіл қазақ әде­би­етінің ендігі бе­талы­сы та­за ана тілінің бай­лығын иге­руде екенін анық аңғара­мыз.

Абай­ды оқыған­дардың да, Абай­дың ша­пағаты тиіп, ақын­дық са­парға шыққан­дардың да қазақ тілінің лек­сик. қорын сарқа пай­да­лануға, әрі бей­нелі, әрі түсінікті шығар­ма бе­руді ма­шыққа ай­нал­ды­руға ұмты­лула­ры ұлы Абай­дың ұстаз­дық бей­несін та­ныта­ды. Сәкен Абай үлгісімен та­лай шу­мақтар жазғаны белгілі. Әсіре­се «Ғазел­де» Абай­дың елең ер­негін ай­ныт­пай қол­да­нып, ұлы ақын­нан ше­берлікті шын­да­удың жо­лын үй­реніп жүргенін көрсе­теді. Абай­дың қазақ по­эзиясы­на сіңірген ұлы еңбегі — жарқын да ажар­лы жаңашыл­дығы бол­са, Сәкеннің үлгі алғаны да, ша­ма-шарқын­ша ілгері да­мытқаны да осы са­ладан анық көрінеді. Кейбіре­улер Сәкен Абайға он­ша құлай қой­ма­ды де­генді сыл­тау қылып, Абай мен Сәкен ара­сына қытай қорғанын соғып, ал­шақта­тып жібе­руге ты­рыса­ды және бүл мәсе­лені кебіне иде­ялық ар­на­да алып шықпақ бо­лып жүрген­дер де жоқ емес. Қазақ елеңінің ер­негі жағынан бол­сын, әуендік мақамы, әуездік ырғағы жағынан бол­сын ре­фор­ма жа­са­уда Абай мен Сәкеннің орын­да­ры ерек­ше. Екеуінің ру­хани та­быса­тын ұлы ар­на­сы да осы са­лада.

Абай қазақтың өнге бейімдел­ген сил­ла­бик. елеңіне то­ника­ның үлгі-ер­нектерін білдірмей қосып отыр­ды. Бүл ақын қуаты­ның мықты­лығынан, күштілігінен. Абай елеңдерінің ер­негі мен өлшем­дері бы­лайғы жұртқа әлімсақтан бері қазақ по­эзиясы­ның төл түзілісі бо­лып көрінеді. Өй­ткені Абай диірменінің құдіреті сон­дай, ол қан­дай жаңа түр-үлгісі бол­сын, жаңа мақам-ырғақты бол­сын ұнтақтап өз ыңғайына бағын­дырған уақыт­та шек­тен шыққан ұнның қай түрі бол­са да қазақ диірменінен, та­ным-түсінігінен шыққан­дай, ешбір қос­па­сы сезілмей тұра­ды. Бәрі де­таныс-бей­та­ныс болған­дықтан Абай сөзі ай­рықша тар­тымды да қызықтырғыш. Оның үстіне ер­нек арқылы үлкен ғиб­рат-мағына өріліп, дес­те­леніп шыққан кез­де Абай жа­саған жаңа дүние дәстүрлік си­патқа ие бо­ла түседі. Қазақта бұрын бар ма еді, жоқ па еді де­уге ша­маң кел­мей, тұмыл­ды­рықталған тай­лақтай Абай­дың соңынан ере бе­ресің. Біздің бүгінгі көп оқушы­лары­мыз Абай­дан мағына­лық ғиб­рат алғаны­на мәз, оны қалай жеткізіп, қалай сіңіріп еді де­генді қаперіне ал­май­ды.

Оқушы­сы мен тыңда­ушы­сын ақын­дықтың ұлы құдіретімен құла­тып, жақтас етіп алған Абай­дың елеңдік жаңашыл­дығына алғаш на­зар аударған адам Ах­мет Байтұрсы­нов. Өзінің «Қазақтың бас ақыны» де­ген атақты мақала­сын жаз­ды. Абай­дан бас­талған ре­фор­ма­тор­лық рух қазақ ақын­да­рының ішінде Мағжан­да бей­нешілдік, сөз құдіретін асқақта­та бе­ру жағын­да ай­рықша көп бол­са, сыртқы түр арқылы, екпінді ырғақ арқылы то­ник. өлеңге іш тар­ту ма­шығы Сәкен­де мейлінше анық байқала­ды. Абай ру­хының Сәкен­ге ай­рықша да­рыған тұсы осы. Жаңа мақам ізде­ген уақыт­та Сәкен тар­ты­нуды білме­ген, осы­лай жа­сау қажет деп ұққан бо­латын. Бұл жол­да та­маша та­бысқа жетіп жатқанын да көреміз, орын­сыз ожар­ланған­да омақа аса құлап, ерінен ауып қалғанын, қазақтың өлең өрнегіне зор­лық жа­сап, төсегін жыртқанын да көреміз. Сәкен жа­саған елең ер­нектері Абай­мен деңгей­лес бол­маған­мен, ре­фор­ма­тор­лық ни­ет­тері мейлінше рух­тас болған­дығын анық аңғара­мыз. Абай ағар­ту­шы-де­мок­раттық бағытқа берілген­де ескі ар­на арқылы ба­рамын, же­темін де­ген жоқ.

Сон­дықтан ол бұрынғы дәстүрлі ма­шықтар мен мақам­дарды, тер­ме мен толғаулар­ды өзгер­те, іштей түле­те, кей­де қира­та бұтар­ла­ды. Е. Ыс­майылов, 3. Шаш­кин, С. Мұқанов тұжы­рым­да­уын­ша, Абай жа­саған 16 түрдің кебі осын­дай төңкерісшілдіктің жеңісі. Ол иде­ялық жағынан да, түр жағынан да бірін-бірі то­лықты­рып, Абай ке­меңгерлігін ас­панда­та бе­руге жағдай жа­сады. Осы рух көзі кел­генде, уақыты туған­да кеңес әде­би­етінің бас­та­ушы­сы болған Сәкен­ге да­рыды, жұқты. За­мана өзгерісі, қиын өткел­дер жыл жыл­мағай бо­лып оп-оңай ете сал­май­ды. Ол ойға да ни­ет­ке де, елеңге де езінің та­бын са­лып, өз өрнегіне та­лай жаңалықтар әке­леді. Осы про­цесс Се­кен шығар­ма­ларын­да алабөтен болған­дықтан ол да ұлы жаңашыл бо­лып есеп­те­леді. Абай­мен рух­тас ет­кен елең ер­негіне кел­сек, он­да Сәкеннің атақты «Со­ветс­та­нының» түрін ал­ды­мен ауызға алу қажет. Өй­ткені ол Сәкеннің ілгерінді кейінді ізденістерінің қоры­тын­ды­сы, қазақ по­эзиясын­дағы жаңашыл­дықтың үлгісі. Та­лай ғасыр­дан бері әде­би­етіміздің қай­нар бұлағы, өркен­дер ар­на­сы бо­лып кел­ген по­эма жаңа дәу іру­де со­ны си­пат ала бас­та­ды. Көбіне сю­жетсіз жыр­ла­натын өмір шын­дығы, ди­дак­ти­ка. әуен Абай­дан кейінгі көркемдік да­му ба­рысын­да уақыт дүмпуімен эпик. ке­лем­ге қол соз­ды. Осы­ның нәти­жесінде кәсіпқой по­эзияның бей­не жа­сау бағыты өрістей түсті. Әрқилы көркемдік тәсілдер тоғыса келіп, С. Сай­фул­лин өлеңдерінде өмір шын­дығы ершіл ро­ман­ти­ка арқылы жарқырай керінді.

Ақыр­ды асау — жаңғыр­ды да­ла,
Ту­лады, орғыды асау
Дүбірлеп күңіренді да­ла…

Көкіректі кер­неп, кең да­ланы күңірентіп, қат­ты айғай­лап ән сал­дым. Әніме қосыл­ды кең да­ла, аққулы, қаз­ды шалқар кел, қамыс­ты, құрақты көк өзен, — қосыл­ды бері шу­ласып, қосыл­ды бәрі шат­та­нып" де­ген асқақ ро­ман­ти­ка жаңа өмірдің ай­бын­ды аса­улығын аңғартқан­дай. Сон­дықтан Асау тұлпар об­разды төңкерістің аума­лы-төкпелі за­манын бей­не­ле­уге сай бол­ды. Бұл бо­раз­да біріне бірі са­бақта­сып, іштей қабы­сып жатқан екі жай бар. Бірі-тұлпар қазақ әде­би­етінде ерек­ше қас­терлен­ген бей­не. Де­мек, оның дәстүрлік си­паты қалың. Сәкен Асау тұлпар­ды бей­не­леген­де қазақ халқының та­ным білігінен алыс­та­май, дәстүрді пай­да­лану арқылы және өмірге ұмтылған­дарға әсер ету мақса­тын кез­деді. Сон­дықтан да ха­лық Асау тұлпар­ды жат­сынбай қабыл­да­ды. Екіншіден, Сәкен ба­ян­да­уын­да тұлпар­дың тек сыртқы түрі ғана сақта­лып, ішкі мазмұны, көзде­ген мақса­ты, мінез-құлығы, іс әре­кеті мүлде жаңаша су­рет­телді. Осы тұрғыдан алған­да қазақ по­эзиясы­на Сәкен сіңіре бас­таған жаңалық, жаңашыл­дық әуелінде ескі дәстүрге си­ым­ды бо­лып, со­ның бесігінде ер жетіп, за­манға лайық жаңа түр екенін анық аңғарт­ты. Со­ның нәти­жесінде Асау тұлпар жаңа өмірдің апа­лаң- то­палаңы мен ізденісіне сай та­былған ро­ман­тик. ас­та­ры қалың бей­не бол­ды.

Сәкен 20жыл­дардың ор­та шенінде дәуір ыңғайына қарай Қара айғырға — отар­баға көше бас­та­ды. Қазақ по­эзиясы­ның дәстүрлі 11, 7 және ара­лас бу­ын­ды елеңдері ұлы Абай­дан кейін құбы­ла мо­ла­юы Сәкен тұсын­да мейлінше күшейе түсті. Өй­ткені қазақтың ақын­дық ас­па­нын­да Мағжан, Іли­яс, Бейімбет, Сәбит сын­ды сәйгүліктердің бәсе­ке жа­рысы айқын естіліп жа­туы және жаңа за­ман­ның да­уылы, толқын-ырғағы өлең өрнегіне жаңалық әкелді. Жаңалықты фор­ма­листік жат­тығуларға ай­нал­дырмай, ке­зең иде­яла­рын, мақсат-мұрат­та­рын на­ным­ды жыр­ла­удың ама­лы етті. Жаңа өлшем жаңа түрді қажетсінді. Сәкен по­эзиясын­да дәстүрлі ер­нектер­мен қатар Абай елеңдерінің үлгісі жиі кез­десіп отырғаны­на қара­мас­тан то­ник. белгілер­ге іш тар­ту ба­сым бол­ды. Ал мұның езі, яғни бу­ын ұйқас­тығынан ту­атын ырғақтың екінші қатарға кешіріліп, негізгі ай­тар ой екпіндік ырғақпен жыр­ла­нуы қазақ по­эзиясы­на сіңе бас­таған жаңалықтың ны­шаны, сил­ла­бик. өлеңге со­ны белгілердің ене бас­та­уы еді. Абай мұны білдіртпей, сездірмей жүзе­ге асыр­са, Се­кен осы прин­ципті «Со­ветс­тан­да» әбден ор­нықты­рып, қазақ өлең өрнегінде бұрын кез­деспе­ген жаңа түр жа­сады. За­мана бей­несін жа­сау мақса­тына ден қойған ав­тор кебіне же­делдікті, екпінділікті, ез­геріс-құбы­лыс­ты 11 бу­ын­ды қара өлеңмен бе­руге бол­май­тын­дығын түсініп, кебіне жыр үлгісіне бой ұрып оты­рады. Ой­ды тегіп-тегіп, бас­тырма­латып ай­ту за­мана ру­хына сай ке­летінін анық ұғады.

«Ақыр­ды асау, жаңғыр­ды да­ла…», — де­ген сияқты әр қимыл­ды тез­де­те түсу­ге мүмкіндік бе­ретін мақал­ды көп қол­данды. Сон­дықтан да кейбір өлең шу­мақта­ры бұрынғы дәстүрлік са­нынан кей­де ар­тып, кей­де жет­пей жа­тып-ақ ло­гик. ой­ды түйіндейді. Сон­да екпіндік ны­шан ба­сым көрінеді. Қазақ өлеңдерінің негізгі құры­лысы әндік, әуендік, саз ырғағына бейімдел­гендіктен екпіндік прин­цип кебіне тақпақтай түйіп-түйіп ай­туға іш тар­тып тұра­ды.

«Зыр­ла, экс­пре­ос, ұш, зыр­ла! Жұлдыз­дай-ақ құлдыр­ла! Аямай жүгір бәрің де! …» — де­ген өлеңнің бар ди­нами­касы да­уыс екпініне құры­лады да, өлең ұйқасы екінші қатарға кешіріліп, ай­тар ой ақырғы жол өзге­шелігінен та­былып оты­рады.

«Егер мінсе — шы­дасын! Қорқақтар мейлі жы­ласын, Шы­дама­са құла­сын! Аямай сілте ба­рыңды…»- деп жігерлі түйінде­леді. Ара­лас бу­ын­ды өлеңнің ежелгі құры­лысы­ның шет жағасы сақталғаны­мен де да­уыс ырғағы алғашқы қатарға шығып, жаңа леп пай­да бо­лады Сил­ла­бик. өлең жүйесіне то­ника­ның екпіндік ырғағын енгізу та­лабы Сәкен по­эзиясын­да ер­те бас­талған. 1915ж. қара­шада жазған «Жазғы түнде» де­ген өлеңінің әр шу­мағы жеті жол­дан құры­лып, оның алғашқы екі жо­лы бір ұйқас­пен (А,), 4–5 жо­лы (-6, Кб) бір ұйқас­пен, 3–6 жол­дар кей­де ұйқасып, кей­де ұйқас­пай ой екпініне бейімде­луі, ал ақырғы жо­лы 2-жол­дың ло­гика­сымен са­бақта­сып жа­туы тегін емес.

Бұл өлең ер­негіндегі әуен мен ұйқас, бу­нақ пен ырғақ ажы­рамас тұтас­тық тапқан. Ой, пікір түюге ар­налған шу­мақтар­дың өзі әрқилы болғаны­мен да­уыс үндестігіне, екпіндік ырғаққа негізде­леді де, ішкі ұйқас­та­рын аракідік сақтап оты­рады. Бәрі де іс-қимыл­ды аңғар­та­тын етістікпен өріледі. Мұнан кейінгі өлеңдерінде, әсіре­се «Үлтшыл­дық сан­ды­рағы», «Біздің ұлан», «Ле­нин» ат­ты өлеңдерінің өрнегін да­мыта, өркен­де­те келіп «Со­ветс­тан» түрін жа­сады. Абай­дың да, Ма­яковс­кийдің де шығар­ма­шылық ықпа­лы Сәкен­ге ти­гені рас, алай­да Абай­дың «Сегіз аяғы» қазақ по­эзиясын­да қан­дай жаңалық бол­са, «Со­ветс­тан» да- сон­дай жаңа ер­нек. Өлең шу­мағы ал­ты жол­дан құры­лып, ішкі бу­ын-бу­нақ қатаң сақта­лады. Егер өлеңнің ішкі құры­лысын­да ешбір ез­геріс, жаңалық бол­ма­са жол са­нын­да, үйқас­та мән аз бо­лар еді. Бірақ бәрі де керісінше. «Со­ветс­тан» 11, 11, 4, 4, 4, 11 бу­ын­ды шу­мақтан түра­ды. Сил­ла­бика­ның негізгі шар­ты дұрыс сақталғаны­мен де, то­ника белгілері де бірсы­дырғы байқала­ды.

1, 2 және 6 жол­дар бу­нақтап ай­ту­ды қажет ет­се, 3, 4, 5 жол­дар міндетті түрде нәшпе­нен бөлшек­те­уді, тақпақтап ай­ту­ды та­лап етеді. Де­мек, екпіндік та­лап өлеңнің өн бойына емес, тек белгілі бір жол­да­рына (3, 4, 5) қажет бо­лып, екпінді ырғақты қажет етеді. ішкі ұйқас­тың да атқарып тұрған рөлі зор. Бу­нақтар әр жол­да тұрақты бу­ын­мен беріледі де, да­уыс ырғағына әрқашан екпін түсіріп, экс­прес­си­ясын күшей­теді. Сон­да бүкіл өлең шу­мағына ди­нами­ка еніп, қимыл-әре­кет өзінен езі пай­да бо­лады.

«Со­ветс­тан­дағы» осы өлең өрнегіне да­уыс екпіні ор­тақ қазық бо­лып, әрқилы леп­тердің бәрін езіне бағын­ды­рады, аду­ын­ды тірлікті жаңа леп­пен жыр­лауға мүмкіндік бе­ретін өрнек­ке ай­на­лады. Қазақ по­эзиясы­ның мазмұны­на ре­волю­ция жа­саған Сәкен дәл осын­дай ре­волю­ци­яны оның лек­си­касы мен түріне де жа­сады. Оған көп мы­сал­дың біреуі — «Со­ветс­тан» по­эма­сы. Ок­тябрь ре­волю­ци­ясы­ның да­уылы қазақтың да­ласын­да ту­дырған бұл та­маша тау сол әдемі қал­пында мәңгілік сақта­лу­ына сеніміміз берік де­ген бо­латын С. Мұқанов. Со­нымен «Со­ветс­тан» қазақтың сил­ла­бик. өлең жүйесіне то­ник. белгілерді мо­лынан енгізу­ге бо­латын­дығын әбден дәлел­де­ген ту­ын­ды бол­ды. Сәкен елеңді ойға құру, ақ өлеңге іш тар­ту, мазмұнды түрмен ашып бе­ру сияқты ізденістер­ге ерік берді. Өзінің сылқым сыл­ды­ры, ой­нақы өрнегімен «Сыр сан­дық» дүни­еге келді. «Сыр саңдықты ашып қара (8), Ашып қара, сыр­ласқым (7) Сым пер­нені ба­сып қара (8), Ба­сып қара, жыр­ла­сын…» (7) Өлеңді дөңге­ленді ер­нектеу де қазақ по­эзиясы үшін тың жаңалық бо­лумен қатар, осы шырқ ай­налған сөздердің са­зы көңіл қошын тез та­уып, еріксіз би би­лет­кендей. Ша­лыс ұйқас­пен жа­зылуы да елеңнің ин­верси­ясын күшейтіп, ди­нами­касын ой­нақы ет­кен.

Сәкеннің мәнді ізденістері осын­дай сәтті түрлер­ге жеткізіп, ха­лықтың эс­те­тика. талғамын қалып­тасты­руға жәрдемін тигізді. «Со­ветс­тан» мен «Сыр сан­дыққа» елікте­ушілер ете кеп бол­ды. Жаңашыл­дығын жұрт әбден та­нып, мойын­даған шақта Сәкен қазақ по­эзиясы­мен «ой­най» бас­та­ды. Экс­пе­римент-тәжіри­бені күшей­тті. Жа­лаң түр қуушы­лыққа са­лынған кезі де бол­ды. Жаңа өмірдің кел­бетін жа­сау қажет де­ген ұран бе­лең алған шақта ды­быс қуу, қимыл­ды күшей­ту, екпінде­ту тен­денци­ясы өлеңнің мазмұны­на да, көркіне де кесірін тигізіп, по­эзиялық қаси­ет­тен жұрдай ет­кен кезі де бар. Бүгінгі күннің көркін ұран­да­та жыр­лау, пла­катқа ай­нал­ды­ру, ра­порт­тау қажет деп сырт көрініске та­бынған­да та­сыр­лаған ды­быс­тар қап­тап, қара дүркінділік етек алғаны да жоқ емес. Оның үстінде Ма­яковс­кий бо­лу тен­денци­ясы да көп ақын­ның көңіліне ұялай бас­таған шақта заңды­лықты қатаң сақтай­тын сил­ла­бика жүйесі тас-талқан бо­лып, по­этик. қаси­ет­тен жұрдай бо­ла бас­та­ды.

Абай мен Сәкенді өнер өрісінен ізде­ген уақыт­та ғана олар­дың ба­уыр­лас, рух­тас екендігі осы жаңашыл­дық са­ласын­да айқын­да­ла түседі. Тіпті бұған Сәкеннің көзқара­сы, Абай ту­ралы ой­ла­ры ке­дергі бо­ла ал­май­ды, өй­ткені жаңашыл­дық рух белгілі бір көзқарас­тан емес, көркемдік тәжіри­беден, са­наға білінбей сіңген үлгі-өрнек­терден бас­тау ала­ды. Сон­дықтан сөзі бір жақта, ішкі та­ным-білігі бір жақта жүретін «шығар­ма­шылық қай­шы­лықтар» өзінің ди­алек­ти­ка. бірлігін жоғалт­пай­ды, қай­та осын­дай ұлы тұлғалар арқылы ба­дырайып көрінеді. Сәкенді иде­ялық тұрғыдан ал­шақтатқысы ке­летіндер Абай­дың ұлы жаңашыл­дығының бесігінде Сәкен тер­беліп ес­кендігін ке­ре, түсіне бер­мейді.

Кейбіре­улер Абай мен Сәкен за­маны­ның өзге­шелігін ес­ке­ре қой­май­ды да екеуін бір уақыт­ты кеңістіктен қарап, ой-пікір ал­шақтығын та­уып алуға тыр­ба­нады. Абай за­маны — қазақтың бел омыртқасы үзіліп, бо­дан­дыққа әбден мойын ұсынған кезі. Сон­дықтан да осы қор­лықтан қуты­лар жол­ды Шоқан, Ыбы­рай, Абай­лар ағар­ту­шылық иде­ясы­нан іздестірді, соған сеңді. Ал Сәкен сах­наға шыққан дәуірдің ерек­шелігі мүлдем басқа. 1905жылғы ре­волю­ци­яның күресшіл ру­хы ба­ра-ба­ра азат­тық, теңдік ұра­нына, төңкеріс за­маны­на, аза­мат соғысы­ның ылаңына ұлас­ты. Ке­дейді жа­рылқай­мыз, дүни­енің тұтқасы — еңбек, оның иесі — бей­нетқор­лар бо­лады, бай-ке­дей бол­май­ды де­ген иде­яның ел-жұртқа қалың өрттей тез жайылуы, көпшіліктің соған иман­дай се­нуі Сәкеннің әрі бақыты, әрі со­ры болған­дығын енді ашық ай­ту­ымыз ке­рек. Сәкен бұған ешбір шүбәсіз сенді, берілді, тап­сырма­сын бұлжыт­пай орын­да­ды.

Жаңаша өмір басқаша ар­на­мен өркен­дейді деп түсіңді, сол жолға аян­бай, алаңда­май, жал­тақта­май қыз­мет ету ер аза­мат­тың па­рызы, міндеті деп білді- Осыған ылайықты ой ай­тты, пікір толғады. Сәкеннің Абай жайын­дағы ой-пікірлері ай­тыс мақала­дан бас­талды. 1923 ж. Нәзір Төреқұлов «Темір қазық» жур­на­лының 1-са­нын­да Сәкеннің «Асау тұлпар»жи­нағына сын жа­зып, Абай­дың ойып түсер өлеңін эпиг­раф етті. Нәзірге қай­тарған жа­уабын­да «Абай­дың бүл қағида­сы ез за­манын­да Құнан­бай­дың тұқымы тәрізді қара қазақты би­леген жу­ан ата­ның ба­лала­рының қолы­нан орыс пат­ша­сының уездік әкімдері билікті алып, әр ел­ге „бо­лыс­тық“ де­ген, „во­лост­ной стар­ши­на“ де­ген дәре­желі қыз­метті ор­на­тып, оған қазақтың „ата­лы“, „ата­сызы­на“ қара­май, әркімді „шарға түсіп“, та­ласып бо­лыс бо­латын болған соң, қара қазаққа хан болған Құнан­бай тұқымы­ның билігіне „ата­сыз“, ке­шегі „тебінгісі тесік“ жа­ман­дар біраз жал біткен соң та­ласа бас­таған».

Міне, Нәзірдің «бісміллә» қылып келтіріп отырған бүл сөздерін Абай сол Құнан­бай­лар­дың аяғынан ала бас­таған «ата сыз­дарға», ке­шегі «тебінгісі тесіктер­ге» айтқан сөзі: «та­лас­па жа­ным-ай қолыңнан кел­меске, бо­лар­сың бақадай көптес­сең егес­ке…». Әри­не, Абайға ай­туға ылайықты-ақ! Қан­ша ты­раш­танған­мен «Жер ас­ты­нан жік шыққан, екі құлағы тік шыққан мұндай­лар» Абайға, Құнан­байға қай­дан жетсін! Абай­дың бүл мақалын 1917ж. боль­ше­вик­терге қар­сы адам­дар айтқан. Бүл мақалға қар­сы бол­сақ та, біз де бүл «бісмил­ла­ны» мы­сал қылып алып көрейік", — де­ген­де Абай­дың ата-тегі ба­сым ай­ты­лады да, ұлы ақын­ның шығар­ма­шылығына сөз тигізбе­гендігін көреміз.

Нәзірдің қазақшаға шорқақтау екендігін дәлел­деу үшін "Түркістан­дағы қазақ жігіттері Нәзірдің қолы­на «қазақша үй­рен» деп Абай­дың өлең кітап­та­рын бер­ген. Нәзірдің келтіріп отырған «бісмил­ла­сы» сол Абай кіта­бынан. «Ал Абай­дың ғашықтық тақыры­бын­да Һәм әйелді өлең қылған сөздерін ара­лап, теріп алған кісіге Абай­дың өзен­дерінің іш індетіпті бізден аулақ, тіпті со­рақы кет­кен жер­лері бар. Абай­ды да Нәзір жақтыр­мауға ке­рек еді ғой» деп, Абай­дың бес өлеңінен үзінді («Сал­мағыңнан жан­шы­лып, Қал­сын құмар бір қанып») келтіреді де, өзінің ма­хаб­бат ли­рика­ларын түсінбей сез ет­кен сын­шыға Абай өлеңдерін көлде­нең тар­та­ды. «Абай­дың езімен билікке та­ласа бас­таған ке­шегі те­мен ата­ның ба­ласын ке­кетіп, мы­сал қылып келтірген елеңдерін „бісмил­ла“ ор­ны­на ала жүгірген Нәзір бүл өлеңдердің мағына­сын не­ге сұрап ал­ма­ды екен?» деп көркемдік та­ным мәсе­лесіне ойыса­ды. Сез ара­сын­да «бүлікшіл» Абай­дың төбесі көрініп қала­тыны рас. Тарт­тық көзқарас­тың ызғары алыс­тан сезіледі.

Сәкеннің со­вет за­манын­да жазған алғашқы зерт­теу еңбегі «Әде­би­ет Һәм оның бағыт­та­ры» деп ата­лып, 1922 ж. жа­ри­ялан­ды. Әде­би­еттің ту­ып, өркен­деуі жөнінде кең көлемді еңбек жаз­баққа ни­ет ет­кені сез сап­та­уынан анық байқала­ды, бірақ өкініштісі — сол Сәкеннің ал­ды­на қойған мақса­тына же­туге мұрса­ты бол­маған сияқты. Жұмыс­тың соңғы та­ра­ула­рын жаз­баған, жа­за қал­са жа­ри­яла­маған. Әй­теуір бізге мәлім емес. Әй­тпе­се бүкіл әлемдік әде­би­еттің да­му жо­лын шолған­да қазақтың сәтті түрлер­ге жеткізіп, ха­лықтың эс­те­тика. талғамын қалып­тасты­руға жәрдемін тигізді. «Со­ветс­тан» мен «Сыр сан­дыққа» елікте­ушілер өте көп бол­ды. Жаңашыл­дығын жұрт әбден та­нып, мойын­даған шақта Сәкен қазақ по­эзиясы­мен «ой­най» бас­та­ды. Экс­пе­римент-тәжіри­бені күшей­тті. Жа­лаң түр қуушы­лыққа са­лынған кезі де бол­ды. Жаңа өмірдің кел­бетін жа­сау қажет де­ген ұран бе­лең алған шақта ды­быс қуу, қимыл­ды күшей­ту, екпінде­ту тен­денци­ясы елеңнің мазмұны­на да, көркіне де кесірін тигізіп, по­эзиялық қаси­ет­тен жұрдай ет­кен кезі де бар. Бүгінгі күннің көркін ұран­да­та жыр­лау, пла­катқа ай­нал­ды­ру, ра­порт­тау қажет деп сырт көрініске та­бынған­да та­сыр­лаған ды­быс­тар қап­тап, қара дүркінділік етек алғаны да жоқ емес. Оның үстінде Ма­яковс­кий бо­лу тен­денци­ясы да көп ақын­ның көңіліне ұялай бас­таған шақта заңды­лықты қатаң сақтай­тын сил­ла­бика жүйесі тас-талқан бо­лып, по­этик. қаси­ет­тен жұрдай бо­ла бас­та­ды.

Абай мен Сәкенді өнер ерісуінен ізде­ген уақыт­та ғана олар­дың ба­уыр­лас, рух­тас екендігі осы жаңашыл­дық са­ласын­да айқын­да­ла түседі. Тіпті бұған Сәкеннің көзқара­сы, Абай ту­ралы ой­ла­ры ке­дергі бо­ла ал­май­ды, өй­ткені жаңашыл­дық рух белгілі бір көзқарас­тан емес, көркемдік тәжіри­беден, са­наға білінбей сіңген үлгі-өрнек­терден бас­тау ала­ды. Сон­дықтан сөзі бір жақта, ішкі та­ным-білігі бір жақта жүретін «шығар­ма­шылық қай­шы­лықтар» өзінің ди­алек­ти­ка. бірлігін жоғалт­пай­ды, қай­та осын­дай ұлы тұлғалар арқылы ба­дырайып көрінеді. Сәкенді иде­ялық тұрғыдан ал­шақтатқысы ке­летіндер Абай­дың ұлы жаңашыл­дығының бесігінде Сәкен тер­беліп ес­кендігін көре, түсіне бер­мейді. Кейбіре­уле­рАбай мен Сәкен за­маны­ның өзге­шелігін ес­ке­ре қой­май­ды да екеуін бір уақыт­ты кеңістіктен қарап, ой-пікір ал­шақтығын та­уып алуға тыр­ба­нады. Абай за­маны — қазақтың бел омыртқасы үзіліп, бо­дан­дыққа әбден мойын ұсынған кезі. Соңдықтан да­усы қор­лықтан құты­лар жол­ды Шоқан, Ыбы­рай, Абай­лар ағар­ту­шылық иде­ясы­нан іздестірді, соған сенді. Ал Сәкен сах­наға шыққан дәуірдің ерек­шелігі мүлдем басқа. 1905жылғы ре­волю­ци­яның күресшіл ру­хы ба­ра-ба­ра азат­тық, теңдік ұра­нына, төңкеріс за­маны­на, аза­мат соғысы­ның ылаңына ұлас­ты. Ке­дейді жа­рылқай­мыз, дүни­енің тұтқасы — еңбек, оның иесі — бей­нетқор­лар бо­лады, бай-ке­дей бол­май­ды де­ген иде­яның ел-жұртқа қалың өрттей тез жайылуы, көпшіліктің соған иман­дай се­нуі Сәкеннің әрі бақыты, әрі со­ры болған­дығын енді ашық ай­ту­ымыз ке­рек. Сәкен бұған ешбір шүбәсіз сенді, берілді, тап­сырма­сын бұлжыт­пай ораңда­ды.

Жаңаша өмір басқаша ар­на­мен өркен­дейді деп түсіңді, сол жолға аян­бай, алаңда­май, жал­тақта­май қыз­мет ету ер аза­мат­тың па­рызы, міндеті деп білді. Осыған ылайықты ой ай­тты, пікір толғады. Сәкеннің Абай жайын­дағы ой-пікірлері ай­тыс мақала­дан бас­талды. 1923 ж. Нәзір Төреқұлов «Темір қазық» жур­на­лының 1-са­нын­да Сәкеннің «Асау тұлпар»жи­нағына сын жа­зып, Абай­дың ойып түсер өлеңін эпиг­раф етті. Нәзірге қай­тарған жа­уабын­да «Абай­дың бүл қағида­сы өз за­манын­да Құнан­бай­дың тұқымы тәрізді қара қазақты би­леген жу­ан ата­ның ба­лала­рының қолы­нан орыс пат­ша­сының уездік әкімдері билікті алып, әр ел­ге „бо­лыс­тық“ де­ген, „во­лост­ной стар­ши­на“ де­ген дәре­желі қыз­метті ор­на­тып, оған қазақтың „ата­лы“, „ата­сызы­на“ қара­май, әркімді „шарға түсіп“, та­ласып бо­лыс бо­латын болған соң, қара қазаққа хан болған Құнан­бай тұқымы­ның билігіне „ата­сыз“, ке­шегі „тебінгісі тесік“ жа­ман­дар біраз жал біткен соң та­ласа бас­таған».

Міне, Нәзірдің «бісміллә» қылып келтіріп отырған бүл сөздерін Абай сол Құнан­бай­лар­дың аяғынан ала бас­таған «ата­сыз­дарға», ке­шегі «тебінгісі тесіктер­ге» айтқан сөзі: «та­лас­па жа­ным-ай қолыңнан кел­меске, бо­лар­сың бақадай көптес­сең егес­ке…». Әри­не, Абайға ай­туға ылайықты-ақ! Қан­ша ты­раш­танған­мен «Жер ас­ты­нан жік шыққан, екі құлағы тік шыққан мұндай­лар» Абайға, Құнан­байға қай­дан жетсін! Абай­дың бүл мақалын 1917ж. боль­ше­вик­терге қар­сы адам­дар айтқан. Бүл мақалға қар­сы бол­сақ та, біз де бүл «бісмил­ла­ны» мы­сал қылып алып көрейік", — де­ген­де Абай­дың ата-тегі ба­сым ай­ты­лады да, ұлы ақын­ның шығар­ма­шылығына сөз тигізбе­гендігін ке­реміз. Нәзірдің қазақшаға шорқақтау екендігін дәлел­деу үшін "Түркістан­дағы қазақ жігіттері Нәзірдің қолы­на «қазақша үй­рен» деп Абай­дың өлең кітап­та­рын бер­ген. Нәзірдің келтіріп отырған «бісмәлла­сы» сол Абай кіта­бынан. «Ал Абай­дың ғашықтық тақыры­бын­да Һәм әйелді өлең қылған сез­дерін ара­лап, теріп алған кісіге Абай­дың өлеңдерінің ішінде тіпті бізден аулақ, тінтті со­рақы кет­кен жер­лері бар. Абай­ды да Нәзір жақтыр­мауға ке­рек еді ғой» деп, Абай­дың бес өлеңінен үзінді («Сал­мағыңнан жан­шы­лып, Қал­сын құмар бір қанып») келтіреді де, өзінің ма­хаб­бат ли­рика­ларын түсінбей сез ет­кен сын­шыға Абай елеңдерін көлде­нең тар­та­ды. «Абай­дың өзімен билікке та­ласа бас­таған ке­шегі те­мен ата­ның ба­ласын ке­кетіп, мы­сал қылып келтірген елеңдерін „бісмәлла“ ор­ны­на ала жүгірген Нәзір бүл өлеңдердің мағына­сын не­ге сұрап ал­ма­ды екен?» деп көркемдік та­ным мәсе­лесіне ойыса­ды. Сез ара­сын­да «бүлікшіл» Абай­дың төбесі көрініп қала­тыны рас. Тап­тық көзқарас­тың ызғары алыс­тан сезіледі.

Сәкеннің со­вет за­манын­да жазған алғашқы зерт­теу еңбегі «Әде­би­ет Һәм оның бағыт­та­ры» деп ата­лып, 1922 ж. жа­ри­ялан­ды. Әде­би­еттің ту­ып, өркен­деуі жөнінде кең көлемді еңбек жаз­баққа ни­ет ет­кені сез сап­та­уынан анық байқала­ды, бірақ өкініштісі — сол Сәкеннің ал­ды­на қойған мақса­тына же­туге мұрса­ты бол­маған сияқты. Жұмыс­тың соңғы та­ра­ула­рын жаз­баған, жа­за қал­са жа­ри­яла­маған. Әй­теуір бізге мәлім емес. Әй­тпе­се бүкіл әлемдік әде­би­еттің да­му жо­лын шолған­да қазақтың көркемдік та­ным-білігіне соқпа­уы, оның ішінде Абайға аял­да­ма­уы мүмкін емес. Тегінде ша­руа бас­ты бо­лып жүрген Сәкен бұл еңбекті қағазға түсіре ал­маған­дықтан ауызекі ай­ту­мен ғана шек­телген сияқты. 1924 жыл­дың ба­сын­да Сәкен Орын­бордағы қазақ жас­та­рының ор­та­лық клу­бын­да қазақ әде­би­етінің та­рихы ту­ралы лек­ция оқыды. «Еңбекші қазақ» га­зетінде 19 ақпан күні сол лек­ци­яны тыңдаған Сәбит Төңкеріс ұлы «Қазақ әде­би­етінің қысқаша та­рихы» де­ген ат­пен естіп- білгенін езінде ба­ян­дап берді. «Сәкен жол­дастың оқыған лек­ци­ясы­ның қысқаша қоры­тын­ды­сы алын­ды. Ұзар­тып жаз­са Сәкен жол­дастың ба­ян­да­масы кеп сез бо­латын еді. Бірақ га­зет беті тар болған­дықтан қысқаша түрін ғана жа­зып отыр­мыз. Сон­дықтан мұны оқушы­лар Сәкен ба­ян­да­масы­ның дәмі деп ұғуы ке­рек» деп ес­керт­пе жа­сады. «Ақ жол» га­зетінде Темірбай де­ген кісі «Қазақ әде­би­етінің та­рихы­нан» де­ген мақала жа­зып, Сәкен­ге жап­паған пәле қал­дырма­ды. Соған Ғабит Мүсіре­пов «Қисық сынға әділ те­ре» ат­ты мақала­мен («Еңбекші қазақ», 1924, N° 183) жа­уап берді.

Сәкен әде­би­ет та­рихын әріден бас­таған. «Ел қазағының ара­сына жаз­ба әде­би­ет та­ратқан Түркістан­нан шыққан қожа­лар. Ол кез­де қазақтың ара­сына кең та­ралған Қожах­мет Иас­са­уидің кіта­бы. Біздің қазақ ақын­да­ры со­ның сезіне еліктеп кет­кен» де­ген ой­ды ай­тып, соңғы кез­де араб-пар­сы, та­тар, өзбек, орыс сөздерімен қазақ тілін шұбар­лап жүрген­дерге тоқта­лады. Сәкеннің ез ойы бол­сын, не ха­бар­ла­ушы­ның түсінігі бол­сын, әй­теуір «Қазақ әде­би­еті 1900 жыл­дан бері шыққан. 1905 жыл­дың жұмыс­кер қозғалы­сынан кейін ұлт сезімі туа бас­тап, қазақ ақын­да­ры тіл түзеу де­ген пікірді жа­рыққа шығарған. Бірақ сол әде­би­еттің азған уақытын­да бірен-са­ран елеңін та­за қазақ тілімен жазған­дар бол­ды. Мәсе­лен, Абай, Абай­дың ол әде­би­етті туғызған екендігіне дәлел бо­латын жұмыс емес. Се­бебі Абай арғы жағын­да та­за қазақ тілімен сез жа­зушы­лар­дың жо­лын мықтап қалған, бас­талған жол­дың иесі ғана. Абай­дың қазақ әде­би­етінің ағасы де­ушілік қате» де­ген пікір жа­зылған.

Мұны Сәкен ай­тты ма, жоқ па, бірақ Төңкеріс ұлы Сәбит езіміз білетін Сәбит Мұқанов бол­са (бұл кез­де Сәбең «Еңбекші қазаққа» қаты­сып, Сәкен үйінде Ғабит екеуі бірге жа­тып жүрген кезі), он­да 1923 ж. «Қара тақтаға жа­зылып қал­маңдар, ше­шен­дер» ат­ты мақала­сын­да Абайға қырын қарай­ты­ны белгілі бо­латын. Сон­дағы ой­дың салқыны бар екені да­усыз. Мүмкін, он­дай пікірден Сәкен де аулақ бол­маған шығар, өй­ткені Абай­ды қазақтың жаз­ба әде­би тілін қалып­тастыр­ды де­ген­ге дау ай­тпа­са да, қазақ әде­би­етінің ата­сы, негізін са­лушы де­ген­дерге қосы­ла қойған кезі ша­малы. Оның үстіне Сәкенді 1922–1924 ж. сы­на­ушы­лар­дың қай-қай­сы­сы бол­ма­сын, әсіре­се Темірбай, Сәкеннің тап­тық по­зици­ясын та­рих­тан ха­бар­сыздар мен бай­ла­ныс­ты­рып, та­рихи же­тесіздер қата­рына қосып жібер­мекке жан салған бо­латын. Сон­дай қаңқу сез­дерді Сәкеннің «қаса­рысып, прин­ципшілдікке са­лыну­ына» се­бепші болғанын да ес­тен шығар­майық. Мәде­ни, әсіре­се әде­би мұра­ны иге­ру са­ласын­да жібер­ген қате-кемшіліктер, ар­тық-кем пікірлер 20–30 жыл­дарда кімде бол­са да кеп болған­дығын са­нат­тан шығарып тас­тауға тағы бол­май­ды. Со­ның ішінде Абай ту­ралы ой-пікірлердің ке­реғар болған­дығы әмбе­ге аян.

20-жыл­дардағы қалың ай­тыс-тар­тыста кебіртек әңгіме болған бір са­ла — оқып-үй­ре­ну мәсе­лесі. Алаш оқыған­да­ры кебіне кеп Абай мен Мағжан­ды ақын-жа­зушы­ларға ұстаз, үлгі мек­тебі ретінде әдейі ұшын­ды­ра кер­сетіп келді, жаз­ды. Идея дұрыс болғаны­мен, ба­сыбай­лы шәкірт бо­луды қала­маған­дар аз емес. С. Мұқанов ай­тыс екпінімен «ұлтшыл­дардың, кейбір ұлтшыл­дыққа бейімдердің ал­ды­мызға үлгі ал деп тар­та бе­ретіні қазақ ұлтшыл­да­рының шығар­ма­лары. Ұлтшыл не еңбекшіл деп бөлмей алған­да, жал­пы қазақ әде­би­еті езінен езі үлгі ала­тын дәуірге жет­кен жоқ» (Өсу жол­да­рымыз. -А., 1960, 50-б.)де­ген қате тұжы­рым жа­сап, сын­ның ас­тында қалған бо­латын. Осы әңгіменің бір шеті Сәкен­ге де тиіп жат­ты. Смағүл Са­дуақасов «Ұлт те­ат­ры ту­ралы» мақала­ларын 1926 ж. же­ке кітап етіп шығарған­да Сәкен оған пікір ай­тты, сез ара­сын­да «Смағүлдің „Се­кен жазған­да­рын түзе­те берсін“ де­ген ақылын рах­мет ай­тып қар­сы ала­мын. Бірақ бір ал­май­тын жерім, Смағүлдің „сез ше­берлігін Абай мен Мағжан­нан үй­рен“ де­ген ақылын тұтас ала ал­май­мын.

Үй­ре­нуден қаш­пай­мын. Бірақ дұрыс үй­ре­тушілер­ден үй­ре­неміз деймін. Абай­ды бы­лай қоя тұрайын. Әри­не, кей рет­те Абай­дан үй­ре­ну дұрыс» деп та­бады да, Мағжанға кел­генде ерін мой­ны­нан алып ту­лай­ды. Өй­ткені оның орыс оқыту­шыла­ры Бат. Ев­ро­паға қашып кет­кенінің үстіне «Мағжан „ше­бер сөздің“ мол­да­сы бол­са, Бөкей­ха­нов пен Шоқаев ше­бер са­ясат­тың мол­да­лары ғой… Осы­лай болған соң, бұлар­дың мед­ре­сесінен мен сірә оқи ал­май­тын шығар­мын» деуін пси­хол. жағынан түсіну­ге әбден бо­лады. Жал­пы түсінігінде оқып-үй­ре­нуден без­бейтіндігі анық байқалып, Мағжанға мұрит бо­луды ақын­дық на­мысы қала­маған­дығын анық көреміз. Сәкен еш уақыт­та өз ойын бүрке­мелеп айтқан пен­де емес. Бәрі де ашық, анық. Оның күштілігі де, осал­дығы да осын­да.

1927 ж. Сәкеннің «Қазақтың көркем әде­би­еті ту­ралы» де­ген мақала­сы шықты. Оның «Қазақ әде­би­еті қалай ту­ып, қалай өсіп, кімнен үлгі алып ке­леді» де­ген та­ра­уын­да 1924 ж. жа­саған ба­ян­да­масы­ның алыс жаңғырығы жүр. Әсіре­се «1905 жылғы төңкеріс дүмпуімен қазақ әде­би­еті аз­дап бол­са да ұлтшыл­дық ру­хымен өсе бас­та­ды. Үлгісі енді мүлде ноғай мен орыс әде­би­еті бол­ды» деп білді де, «Орысқа ал­ды­мен жа­насқан қазақтың би­лері, ақсүйек дінділері болған­дықтан, орыс әде­би­етінен, ең ал­ды­мен, Абай тәрізділер нұсқа алған. Қазіргі қазақ әде­би­етінің үлгісі — орыстікі» деп шорт ке­седі. Әри­не, бүл пікірді бірден қабыл­дай қою қиын, алай­да, әде­би­етінің кәсіпкерлік жолға шығуын ай­тып отыр­са, он­да бұл тұжы­рымға та­рихи са­бақтас­тықты ес­керіп, ой­ла­на қара­удың ар­тықтығы бо­ла қой­мас. Ал Абай­дың ай­на­лып өту­ге бол­май­тын үлкен тұлға екені осы­дан да анық көрінеді.

Тап­тық көзқарас­тың салқыны Сәкен­ге Абай жөнінде сақта­на ай­ту­ды, мүмкіндігінше, он­ша жа­наса бер­ме­уді ұсынған сияқты. Абай­ды сөзінің бісмәлла­сына ай­нал­ды­рар пиғыл Сәкенді ре­волю­ци­яшыл бел­сенділікпен та­лай сөй­ле­ген шығар деп те қала­тын сияқты. Сон­дай­лар­дың бірі езім болғаным­ды жа­сыр­майын. Әуелі «Тар жол, тайғақ ке­шуді» сүзіп шықтым. Абай­дың ақын­дығына бай­ла­ныс­ты бірде-бір ауыз сөз жоқ. Абай­дың бап апа­ры мен ағайын-ту­ыс қан­да­рының аты ата­лып, «Абай» жур­на­лының бұдан әрі шығу-шықпау жайынан басқа бөтен ауыз сез жоқ. Сон­дай-ақ «Көшпелі дәуірдегі қазақ әде­би­етінің күй­лерінен», «Әде­би­ет тап құра­лы», «Қазақ әде­би­еті ту­ралы хат» де­ген шығар­ма­ларын­да Абай­дың жал­пы ру­хы сезілген­мен, тіке­лей ай­тылған ой-пікір кез­деспейді. «Қазақ әде­би­еті» кіта­бын­да, Ақмол­да, Ыбы­рай, Ақан сері, Шәкәрім жи­нақта­рына жазған алғы- сөздерінде де Абайға тіке­лей бағыш­талған еш­теңе жоқ. Қазақстан жа­зушы­лары­ның 1934 жылғы съезінде де Абайға сықпап­ты. Осы «олқылықтар­ды» тол­тырған еңбек -1934–1935 ж. Өте­бай Тұрман­жа­нов екеуі 5-класқа ар­нап шығарған «Көркем әде­би­ет» оқу құра­лы де­се де болған­дай.

Әуелі қазақ со­вет жа­зушы­ларын орыс, қырғыз, ез­бек, тәжік ақын-жа­зушы­лары­мен та­ныс­ты­рып алған­нан кейін «XIX ғасыр­дың ақырын­дағы, XX ғасыр­дың ба­сын­дағы қазақ ақын­да­ры» де­ген үшінші та­ра­уда «Клас­сик жа­зушы­лар­дың мәні», «Өткен өмірді түсіну үшін әде­би­еттің мәні», «Ескі әде­би­етті қалай оқу, білу ке­рек» де­ген бөлімдер­ден кейін Абайға ар­найы үлкен та­рау берілті. Та­рихи са­бақтас­тықты сақтау ту­ралы Маркс, Ле­нин пікірлеріне сүйене оты­рып «Өткен­дегі әде­би­ет мас­терлері, көркем сездің көрнекті ше­бер ұста­лары клас­сиктеріміз Абай, Ақмол­да, Қарашұлы Омар, Мәшһүр Жүсіп, То­райғыр ұлы Сұлтан­махмұт» деп әрқай­сы­сына же­ке-же­ке белім ар­на­ула­ры, әри­не, беті оңға бұрылған әде­би­ет та­нудың алғашқы қар­лығашы еді. Ең ал­ды­мен, та­рих пен әде­би­етінің ара жігін ажы­ратып, бірі — дәлел­дей түсіндірсе, екіншісі — су­рет­теп кер­не­тетіндігін, яғни «Шор­танбай­дың „Зар за­манын“ оқысақ, би­ле­уші тап­тың әкімшілігінен айыры­лып зар­лағанын білесің. Абай­дың сезін оқысаң, са­ры тонға ора­нып шол­таңдаған бай, бай­дың ма­лын бағып, жыр­тық ку­пенің ішінде бүрсеңде­ген ке­дей кез ал­дыңа елес­теп ке­леді» де­ген ба­ян­да­улар­да тап­тық та­ным­ның түтінін оңға бұра бас­тағанын байқай­мыз. Абайға ар­наған мо­ног­раф. та­ра­удың «Ақын­ның ба­лалық шағы» белімін Кәкітай ба­ян­да­уына негіздей өрбітсе, «Абай­дың орыс­тың және басқа елдің жа­зушы­лары­мен та­нысу­ын» ар­найы әңгіме­лейді.

«Кей аудар­ма­лары­ның көркемдігі ана ақын­дардың түп сез­деріне кем бол­маған­дығын» ай­та келіп, «Абай­дың қар­тайған­дағы ар­ма­нын» — ғылым-білім мен ұрпақ қамы­на тәуел­дейді. «Абай­дың елеңі» де­ген белімде «іші ал­тын, сыр­ты күміс — сез жақсы­сын» та­лап ет­кенін, жаңа эс­те­тика. нор­ма ор­натқан­дығын ай­та келіп, Абай «қазақ әде­би­етінде ұлы қазы­на дерлік мұра қал­дырды. Осы мұра­ны Ле­нин­ше ұғып, пай­да­мызға асы­ру біздің әде­би­етіміздің міндеті» де­ген тұжы­рымға ке­леді, «Ат­тың сы­ны», «Аңшы­лық ту­ралы», жыл­дың төрт мезгіліне ар­налған елеңдерін оқушы ерсіне лайық ба­ян­дай тал­дап, ақын­дық ше­берлігіне тоқта­лады. «Тіл ретінен Абай­дың шығар­ма­лары кеп пай­да бе­реді. Қазақ тілінің бар­лық бай­лығын, бар­лық тұлғасын Абай шығар­ма­лары то­лық көрсе­те ала­ды. Сон­дықтан да Абай шығар­ма­лары­ның мәні зор. Онан қазақ тілін сұлу­лап, көркем нақыс­тап, әдемі кес­те­леген әсерлі жыр, сұлу, күйлі елең қылып шығару ретінде де Абай үлгі-ер­нек бо­латын үздік ше­бер ақын екендігі белгілі» деп ой түйеді. Абай­дың ақын­дық ше­берлігіне шаң жу­ыт­па­удың үстіне сол кез­дегі қызыл көздердің көңілін та­бу үшін «Ескі тұрмыс­пен, ескі са­намен та­нысу үстінде Абай­дың шығар­ма­лары­ның мәні зор» деп те қояды. Ұлы ақын­ның үлгі-өне­гесінен кез жаз­бауға шақырып, әрқашан қадір-құрмет тұту­ды жас ұрпаққа ұғын­ды­рады.

Да­рын­ды да­рын­ның та­нып, мойын­да­уы әншейінді про­цесс емес. Л. Н. Толс­той­дыңИ. С. Тур­ге­нев пен У. Шекс­пирді, Ф. М. Дос­то­евс­кийдің Толс­той­ды жа­зушы деп та­ныма­уы сияқты жай­лар әде­би­ет та­рихын­да жиі кез­де­седі. Оның шет жағасы Абай­дың Бұхар, Ду­лат, Шор­танбай­лар, Сәкеннің Мағжан жөніндегі лебіздерінен қылаң бе­ретіндігі осы­дан. Бұған дәуір иде­оло­ги­ясы ара­ласып, та­ным-біліктің ұйқы-тұйқысын шығарып жат­са, ар­тық-кемді ай­тылған ой-пікірлер­ге түсіне қарау жөн бол­мақ. Ай­рықша жел­де­те, ажар­ланды­ра ай­тпағаны­мен, Сәкеннің «қазақ ақын­да­рының ішінде Абай­дан елеңге ше­бері жоқ» де­ген түсінігі дәуірдің ұйтқи соққан да­уыл­да­рын­да өзгер­ген жоқ. Сон­дықтан Сәкеннің Абайға де­ген ұлы ма­хаб­ба­ты жаңашыл­дық рух­тан, ре­фор­ма­тор­лық ізденістен та­былып, қазақ әде­би­етіне ол­жа сұлуы та­рихи са­бақтас­тықтың құнар­лығына дәлел бо­лары сезсіз.