Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Коллективтендіру және көпшілікті жазалау (1930 — 1940 ж.ж.)

Мұстафа Шоқай (1890 — 1941 жж.)

Мұстафа Шоқай (1890 — 1941 жж.)

Дүни­еге кел­гені: 1890

Сыр­да­рия гу­бер­ни­ясы, Нар­шоқы

Қай­тыс болғаны: 1941

Ұлты: қазақ

Ман­са­бы: Мем­ле­кет қай­рат­кері

Көрнекті қоғам және мем­ле­кет қай­рат­кері, түрік халқының даңқты күрес­кері Мұста­фа Шоқай 1890 жы­лы Сыр­да­рия гу­бер­ни­ясы Ақмешіт уезіне қарас­ты (қазір Ши­елі ауда­ны) Нар­шоқы де­ген жер­де туған. Ауыл мол­да­сынан хат та­ныған­нан кейін 1902 жы­лы Таш­кент­тегі ер­лер гим­на­зи­ясы­на оқуға қабыл­да­нады. 1912 жы­лы Санкт-Пе­тер­бург Им­пе­ратор­лық уни­вер­си­тетінің заң фа­куль­тетін бітірген. Ағыл­шын, фран­цуз, түрік, өзбек, орыс тілдерін білген. Сту­денттік жыл­да­ры им­пе­рия ас­та­насын­дағы де­мок­ра­ти­ялық қозғалыс­тарға қаты­сады.

Мазмұны

  1. Мем­ле­кеттік Ду­мада жұмыс істеуі
  2. Мұсыл­манда­рының IV төтен­ше құрыл­тайына қаты­суы
  3. Түркістан үкіметінің мүше­лері
  4. Түркістан ав­то­номи­ясы­ның үкімет бас­шы­сына сай­ла­нуы
  5. Өмірінің соңғы жыл­да­ры

Мем­ле­кеттік Ду­мада жұмыс істеуі

Ақпан төңкерісіне дейін Алаш көшбас­шы­сы Ә. Бөкей­хан­мен бірге Ре­сей Мем­ле­кеттік Ду­масы­ның мұсыл­ман фрак­ци­ясын­да хат­шы қыз­метін атқара­ды. 1916 жылғы дүрбе­лең кезінде Түркістан және жал­пы қазақ жеріндегі бас­сыздықтар­ды әшке­релеп, Мем­ле­кеттік Ду­маға ар­найы құжат­ты мәлімет­тер ұсы­нады. Сөйтіп, осыған бай­ла­ныс­ты ко­мис­сия құруға се­бепші бо­лады. 1917 жы­лы төңкерістер тұсын­да мықты Түркістан мем­ле­кетін құру иде­ясын ұста­нады. Таш­кент­те «Бірлік туы» га­зетін аша­ды. Орын­бордағы Алаш қай­рат­керлерімен тығыз бай­ла­ныс ұстай­ды. Алаш пар­ти­ясы құры­латын бірінші жал­пықазақ си­езінің де, Алаш ав­то­номи­ясы жа­ри­яла­натын екінші жал­пықазақ си­езінің де ұйым­дасты­ру және өткізу жұмы­сына бел­се­не қаты­сады. Алғашқы си­ез­де «Шо­ра-и-ис­лам» жұмы­сына қаты­сатын 8 қазақ өкілінің бірі бо­лып сай­ла­нады. Екінші си­ез­де Ала­шор­да үкіметі — Ұлт кеңесіне Сыр­да­рия аты­нан кіреді. 1917 жы­лы Жаңа Марғұлан­да өткен өлкелік мұсыл­мандар кеңесінде қай­рат­кер Бүкілтүркістан­дық мұсыл­мандар­дың құрыл­тайын Қоқан қала­сына шақыру ту­ралы бас­та­ма көте­реді. Қара­шада Қоқан­да Түркістан ав­то­номи­ясын жа­ри­ялау ша­расы­на бас­тан-аяқ қаты­сады.

Мұсыл­манда­рының IV төтен­ше құрыл­тайына қаты­суы

Түркістан ай­мағы үшін осы ерек­ше жи­ын — 1917 жы­лы 26 қара­ша күні Қоқанға шақырылған өлке мұсыл­манда­рының IV төтен­ше құрыл­тайы еді. Аталған құрыл­тай 26–27 қара­ша ара­лығын­да өтті (жаңаша ре­сейлік жыл са­нау бойын­ша 9–10 жел­тоқсан). Бұған Сыр­да­рия, За­кас­пий, Са­марқан, Фер­га­на, Жетісу об­лыста­рынан 200-ден аса де­легат қатыс­ты. Олар­дың ұлттық құра­мы да ай­рықша: қазақ, өзбек, түркімен, қырғыз, әзірбай­жан, тәжік, орыс, ук­ра­ин, по­ляк, ев­рей т. б. Бұл оның ха­лық де­ген ұғым­ды Түркістан­ның та­рихи тағды­рымен бай­ла­ныс­та қарағанын көрсе­теді.

Осы жи­ын де­легат­та­ры 27 қара­ша күні «Түркістан тер­ри­тори­ялық ав­то­номи­ясын» жақтап, да­уыс берді. Өз аты­мен ай­тсақ — Түркістан мұхта­ри­яты. Аталған IV құрыл­тай Түркістан ав­то­номи­ясы­ның не­месе Түркістан мұхта­ри­яты­ның «Ха­лық кеңесін» (мұны бүгінгі пар­ла­мент­пен са­лыс­ты­руға бо­лады) сай­ла­ды. Оған 36 түркістан­дық (Түркістан­ның жергілікті халқынан шыққан­дар) және 18 өзге ұлт өкілдері енді. Ха­лық кеңесінің төрағалығына — Серәлі Ла­пин, кеңес бас­шы­лығы құра­мына — Мұста­фа Шоқай, Убай­дул­ла Хо­жа­ев, Махмұтқожа Бех­бу­ди сай­ла­нады.

Түркістан үкіметінің мүше­лері

Түркістан ав­то­номи­ясы­ның Ха­лық кеңесі үкімет жа­сақта­уды қолға ал­ды. Мұны олар «уақыт­ша үкімет» деп белгіледі. Со­нымен Түркістан үкіметінің мүше­лері мы­на тұлғалар: Мұха­мед­жан Ты­ныш­байұлы — Үкімет төрағасы және ішкі істер ми­нистрі; Мұста­фа Шоқай — Ұлттық кеңес төрағасы және сыртқы істер ми­нистрі; Шаһис­лам Ша­хи­ах­ме­тов Үкімет төрағасы­ның орын­ба­сары және қар­жы ми­нистрі; Әбдірах­ман Ора­зайұлы — кейінгі ішкі істер ми­нистрі; Үбай­дул­ла Хо­жа­ев — әске­ри істер ми­нистрі; На­сыр­хан төре — ха­лық ағар­ту ми­нистрі; Мірәділ Мыр­захме­тов — әле­уметтік істер ми­нистрі; Хи­да­ят­бек Юрғули Ағаев — ауыл­ша­ру­ашы­лығы ми­нистрі; Әбит­жан Махмұт — азық-түлік ми­нистрі; Са­ломон Герд­фельд — аз­шы­лық ұлт өкілдерінің ми­нистрі. Осы кез­де М. Шоқай бас­таған зи­ялы­лар аз­шы­лық ұлт өкілдері көшбас­шы­лары­на ғасыр­лар бойы азап­танған Түркістан тағды­рына және шөре-шөре бо­лып қалған өз тағды­рына ақыл көзімен қара­уды сұра­ды. Осыған бай­ла­ныс­ты кейін бір еңбегінде Мұста­фа 1917 жы­лы Пе­тер­борда болған бір пікірта­лас­ты есіне алып­ты. Мәсе­ле мы­нада екен, Уақыт­ша үкімет Түркістанға жұмыс күшін апа­ру жайын қарай­ды. Сон­да түркістан­дықтар жағдай­ды ушықтыр­мау үшін ал­дағы 25 жыл­да өлке­ге жұмыс­шы­лар­ды әке­луді сұраған. М. Шоқай он­дай күш қажет бол­са, «орыс­тардың ор­ны­на та­тар мен башқұртты жібе­ру» мәсе­лесін күн тәртібіне қояды…

Ал енді М. Шоқай түркістан­дықтар­дан тек жақсы­лық көрді деу де ақылға сыйым­сыз. «Бірлік туы» га­зетіне 1918 жы­лы 18 на­урыз­да жа­ри­яланған «тау ара­сынан» жа­сырын жол­данған әйгілі ха­тын­да оны Га­уха­на, Маймүбәрак, Құмбас­та сарт­та­ры қалай өлтіре жаз­дағаны жа­зылған. Түркістан ав­то­номи­ясын қырған боль­ше­виктік қара күш пен жергілікті бағдар­сыз ос­па­дар күштің айыр­ма­сы ша­малы еді.

Түркістан ав­то­номи­ясы­ның үкімет бас­шы­сына сай­ла­нуы

1918 жы­лы қаңтар­да Түркістан ав­то­номи­ясы­ның алғашқы үкімет бас­шы­сы М. Ты­ныш­ба­ев өз еркімен жұмыс­тан бо­саған­да, М. Шоқай осы қыз­метке сай­ла­нады. Боль­ше­вик­тер бұл ав­то­номи­яны ақпан­да қан­ды қырғын­мен та­рат­ты. 1918 жы­лы қыркүйек­те қай­рат­кер Са­мара­да бас қосқан Ре­сейдің азат­тық жо­лын­дағы күрес­керлерінің Құру­шы мәжілісіне (Ко­муч) қаты­сады. 1919 жы­лы ақпан­да Түркістан мем­ле­кеті бағда­рын одан әрі қозғау үшін Бұхар әмірлігі мен За­кас­пий­дегі ағыл­шын кор­пу­сы бас­шы­лығымен келіссөзге Аш­ха­батқа ке­леді. Сол жы­лы Ба­ку мен Тиф­листе сәл аял­дап, (гүржі жерінде «Яни дүния», «Ша­фак» ат­ты га­зет­тер шығары­сып, «Воль­ный го­рец» ба­сылы­мына ат­са­лыса­ды) Стам­булға ат­та­нады.

Өмірінің соңғы жыл­да­ры

Түркия арқылы алғаш Гер­ма­нияға, со­нан соң Фран­цияға ба­рып ор­нығады. Эмиг­ра­ци­яда «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» жур­налда­рын шығарып, кеңестің оз­быр са­яса­ты ту­ралы зерт­те­улер жа­зады. Қай­рат­кер 1941 жы­лы 27 жел­тоқсан­да Бер­линде жұмбақ жағдай­да қай­тыс бо­лады.