Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Коллективтендіру және көпшілікті жазалау (1930 — 1940 ж.ж.)

Нәзір Төреқұлов (1892-1937 жж.)

Нәзір Төреқұлов (1892-1937 жж.)

Дүни­еге кел­гені: 1892

Қан­доз

Ұлты: қазақ

Ман­са­бы: Ала­шор­да қай­рат­кері

Нәзір Төреқұлов-Көрнекті мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері, елші, ғалым Нәзір Төреқұлов 1892 жы­лы Түркістан маңын­дағы Қан­доз де­ген жер­де туған.

1900–1903 жыл­да­ры Қоқан­дағы мед­ре­седе оқыған.

1903–1905 жыл­да­ры осын­дағы орыс-түзем шко­лын­да оқыған.

1905–1913 жыл­да­ры Қоқан ком­мерция учи­лищесінде оқыған.

1913–1916 жыл­да­ры Мәскеу ком­мерция инс­ти­туты­ның эко­номи­ка фа­куль­тетінде оқыған.

1916 жы­лы Минскіде Ба­тыс май­да­нын­дағы «Зе­ме­оюз­да» нұсқаушы болған. Сол жы­лы «Еркін да­ла» ат­ты жа­сырын ұйым құрған.

1917 жы­лы Орын­борда өткен бірінші жал­пықазақ си­езіне қаты­насқан. Сол жы­лы бүкілре­сейлік «Зем­со­юз­дың» Торғай об­лы­сын­дағы нұсқаушы­сы.

1918 жы­лы «Қазақ мұңы» га­зетінің ре­дак­то­ры (Орын­бор), Қоқан сов­деиі рев­ко­мының хат­шы­сы, «Ха­лык сөзі» га­зетінің ре­дак­то­ры (Қоқан).

1918–1919 жыл­да­ры Ферғана об­лыстық рев­ко­мының төраға орын­ба­сары, төрағасы, ха­лық ағар­ту ко­мис­са­ры, осы жы­лы Түркістан ОАК мүшесі.

1920 жы­лы Түркістан­ның ха­лық ағар­ту ко­мис­са­ры, «Вест­ник прос­ве­щения и ком­му­нис­ти­чес­кой куль­ту­ры» жур­на­лының ре­дак­то­ры.

1920–1922 жыл­да­ры Түркістан ОАК төрағасы, сол шақтағы бар­ша си­ез­дерге қаты­сушы.

1922 жы­лы КСРО ха­лықта­ры ор­та­лық бас­па­сы басқар­ма­сының төрағасы (Мәскеу).

1923 жыл­дан осын­да «Темірқазық» жур­на­лының ре­дак­то­ры кыз­меттерін атқара­ды.

1924 жы­лы Орын­борда өткен Қазақ білімпаз­да­рының бірінші си­езіне қаты­наса­ды.

1922 жыл­дан жаңа түрік әліпбиін енгізу ко­мис­си­ясы­ның төрағасы бо­лып сай­ла­нады.

1926 жы­лы Ба­куде түрікта­нушы­лар­дың си­езіне қаты­сып, ла­тын әрпі ту­ралы сөз сөй­лейді.

1928 жы­лы Ор­та­лық жаңа түрік әліпбиін енгізу ко­мис­си­ясы­ның құра­мына енеді.

1928 жы­лы Са­уд Ара­би­ясын­дағы КСРО-ның бас кон­су­лы, КСРО-ның осы ел­дегі төташіе елшісі және өкілетті ми­нистрі бо­лып тағайын­да­лады.

1936–1937 жыл­да­ры Моск­ва мен Ле­нинг­рад­та Шығыс ха­лықта­ры инс­ти­туты­ның ғылы­ми қыз­меткері, оқу ісі жөніндегі про­рек­то­ры.

Қай­рат­кер ғалым ретінде отан­дық тіл білімі са­ласы­на үлкен үлес қос­ты. Оның «Жат сөздер», «Ұлт мәсе­лесі және мек­теп», «Қазақ-қырғыз үшін жаңа әліпби» сын­ды еңбек­тері мен өзге де мақала­ларын­да ем­ле, әліпби, тер­ми­ноло­гия жүйесі ғылы­ми негізде тал­да­нып оты­рады. Сон­дай-ақ қалам­гердің әде­би­ет ту­ралы пікірлері де ерек­ше. Ол С. Сей­фул­линнің «Асау тұлпар», «Бақыт жо­лына» ат­ты шығар­ма­лары­на, өзбек ка­лам­гері А. Қады­ридің еңбек­теріне сын жаз­ды. Өзбектің «Инқилоб» ат­ты жур­на­лына жазған ис­лам діні, жәдитшілдік, Түркістан та­рихы ту­ралы мақала­лары ғылы­ми нақты­лығымен көзге түседі. Қай­рат­кер 1937 жы­лы 15 шілде­де ұста­лып, 3 қара­шада атыл­ды.