Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Коллективтендіру және көпшілікті жазалау (1930 — 1940 ж.ж.)

Мұхамеджан Тынышпаев (1879 - 1937 жж.)

Мұхамеджан Тынышпаев (1879 - 1937 жж.)

Дүни­еге кел­гені: 1879

Мақан­шы-Са­дыр

Қай­тыс болғаны: 1937

Ұлты: қазақ

Ман­са­бы: Та­рих­шы, ағар­ту­шы

Алаш­тың ірі қоғам және мем­ле­кет қай­рат­кері, та­рих­шы, ағар­ту­шы, тұңғыш темір жол ин­же­нері Мұха­мед­жан Ты­ныш­ба­ев 1879 жы­лы 12 ма­мыр­да Жетісу об­лы­сы Лепсі уезі Мақан­шы-Са­дыр бо­лысын­да (қазір Ал­ма­ты об­лы­сы Қабан­бай ауда­ны) туған. Ауыл мол­да­сынан хат та­ныған соң, 1890 жы­лы Вер­ный ер­лер гим­на­зи­ясы­ның да­яр­лық сы­ныбы­на қабыл­да­нады. Мұха­мед­жан Ты­ныш­ба­ев­тың тағдыр-та­лайы білім мен ағар­туға, ұлттық теңдік пет өрке­ни­ет­ке ұмтылған қазақ халқының тағды­рымен бір. Да­яр­лық сы­нып­ты қоса есеп­те­ген­де, 10 жыл аталған гим­на­зи­яда оқыған М. Ты­ныш­ба­ев оны үздік (ал­тын ме­даль­мет) аяқтай­ды. 1900 жы­лы оқушы­ны ұлтқа бөліп ала­ламай­тын, білімдіні қадірлейтін гим­на­зия ди­рек­то­ры М. В. Вах­ру­шевтің Жетісу гу­бер­на­торы­на дәлел­деп жүріп сти­пен­дия бөлгізуінің арқасын­да (ол шақта мем­ле­кет есебінет оқу тек осы­лай жүргізілген) Мұха­мед­жан им­пе­ратор I Алек­сандр атын­дағы Пе­тер­бор темір жол транс­пор­ты инс­ти­туты­на қабыл­да­нады. Бұл инс­ти­тут­ты 1906 жы­лы бітірген.

Мазмұны

  1. Ре­сей­де болған жыл­да­ры
  2. Темір жол­да жұмыс істеуі
  3. Ты­ныш­байұлы жазған мақала­лары
  4. Түркістан-Сібірдегі қыз­меті

Ре­сей­де болған жыл­да­ры

XX ғасыр­дың ба­сын­да Ре­сей­ге еп­теп ба­тыс де­мок­ра­ти­ясы­ның лебі же­теді. Бұл осы им­пе­ри­ядағы зи­ялы­лар­ды оят­ты. Мы­салы, 1905 жы­лы Ре­сей, Ә. Бөкей­хан айтқан­дай, «тұңғыш және соңғы рет Еуро­па бол­ды». Яғни, сол жы­лы 17 қазан­да пат­ша­ның ма­нифесі жа­ри­яла­нып, ел­ге біраз сөз, ой бос­тандығы берілтін. Ал, 1906 жы­лы Ре­сей­де тұңғыш Мем­ле­кеттік Ду­ма шақырыл­ды. Осын­дай та­рихи оқиғалар­дың ор­та­сын­да жүрген Мұха­мед­жан Ты­ныш­ба­ев са­яси күрестің әліппесін үй­ре­не бас­та­ды. Мұны жас қай­рат­кер тез меңгерді. Оның са­яси жетілгенін рас­тай­тын де­рек­тер аз емес. Мы­салы, ол 1905 жы­лы қазақ сын­ды шет ұлттар­ды би­ле­уде өкіметтің әске­ри тәртіптет ары­лып, аза­мат­тық жолға түсуін ұсынған дәлелді ха­тын ми­нист­рлер ко­митетінің төрағасы­на жол­даған. Сон­дай-ақ, сол жы­лы қара­шада ав­то­номи­яшы­лар­дың бірінші си­езіне қаты­сып, «Қазақтар жәш азат­тық қозғалы­сы» ат­ты ба­ян­да­ма жа­саған («Русс­кий Тур­кестан», №1,1906). Ба­ян­да­масын­да М. Ты­ныш­ба­ев бы­лай дейді: "Үкіметтің нені көзде­гені белгілі: біріншіден, жа­байы да тағылық реп­ресси­яла­рымен және тіл, салт-са­на, дін һәм ру­хани­ят ата­улы­ны орыс­тандыр­мақ; екіншіден, түрлі әкімшілік ша­ралар­мен, әкімдер­мен, ере­желер­мен қазақты құқықсыз, заңнан тыс ет­пек; үшіншіден, олар­ды қаны сіңген, сүйегі көмілген өз жері пен айырып, шөл- шөлейт жер­ге қуып, өлім құшағына тап­сырмақ. Міне, қазақ бұрынғы дер­бестігі мен еркіндігінің ор­ны­на, орыс бо­дан­дығына қантөгіссіз кіргендігінің ақысы­на жалған­дығы. Қай­рат­кердің осы рух­тағы өткір мақала­лары­ның бірі — «Қазақтың қазіргі жағдайы мен өмірге қажетті сұра­нымы­ның жал­пы си­пат­та­масы» деп ата­лады. Бұл М. Ты­ныш­ба­ев­тың 1993 жылғы жи­нағына ел бей қалып­ты. Мақала­да ав­тор халқының ауыр жағдайға тап бо­лу се­бебін және одан құты­лудың жөн-жо­басын ұсы­нады. Осын­дай ашық пікірінен соң, пат­ша тыңшы­лары Мұха­мед­жанның ар­ты­нан аңду қояды.

Темір жол­да жұмыс істеуі

М. Ты­ныш­ба­ев 1906 жы­лы ел­ге келіп, біраз уақыт Жетісу теміржо­лын жо­балау ісіне қаты­сады. I Мем­ле­кеттік Ду­маның қуғын­далғаны­нан ха­бар­дар ол ел құқына қажетті та­бан­ды қоғам­дық-са­яси жұмы­сымен көрінеді. Нәти­жесінде 1907 жы­лы 28 жа­сын­да II Мем­ле­кеттік Ду­маға Жетісу об­лы­сы аты­нан де­путат бо­лып сай­ла­нады. Сөйтіп, енді ол биік са­ясатқа көтеріледі. Алай­да II Ду­маны да пат­ша қуғын­дап та­рата­ды. 1907 жы­лы 3 ма­усым­дағы жар­лығымен им­пе­рия исі қазақ сын­ды шет ұлттар­ды (рес­ми жер иелігі жоқ ұлттар­ды) Ду­маға сай­ла­ну құқынан айыра­ды. Бұл жағдай қазақ зи­ялы­лары­ның ашу-ыза­сын ту­дырғаны та­рих­тан мәлім (елді ояту ру­хын­дағы еңбек­тер осы кез­ден кешірек жа­ри­яла­на бас­тай­ды). Ду­ма та­ратылған соң М. Ты­ныш­ба­ев қай­та кәсіби қыз­метіне кіріседі. Енді ол Түркістан ге­нерал-гу­бер­на­тор­лығы қара­мағын­дағы ай­мақтың теміржол құры­лысы­на ин­же­нер ретінде ат­са­лыса­ды. 1907- 1914 жыл­дар ара­лығын­да Әмудәрия үстіне са­лынған көпір құры­лысы­на, Ұрсат (Ур­сатьевск) — Әндіжан теміржол құры­лысы­на же­текші ма­ман, бас ин­же­тер есебінде қаты­сады. Теміржол са­ласы­на бай­ла­ныс­ты еңбегін ғана па­рықтаған­ның өзінде М. Ты­ныш­ба­ев — Кіндік Азия көлемінде еле­нуге лайықты ин­же­нер-теміржол­шы. 1914 жы­лы қай­рат­кер Жетісу темір жол құры­лысы­на қай­та ауыса­ды. Бұл жо­лы ол Арыс — Әулие ата учас­кесінің бас­шы­сы және бас ин­же­пері бо­лып қыз­мет атқар­ды. Осы шақта ин­же­тер Мұха­мед­жанға Таш­кент Мұғалімдер инс­ти­туты­на оқуға бар­мақ бо­лып қар­жы­дан қысы­лып жүрген Т. Рысқұлов ұшы­раса­ды. Бұл 1915 жыл еді. М. Ты­ныш­ба­ев бір кез­де өзі де осы­лай қиналғаны есіне түсіп, Тұрарға әжептәуір ақша ұсы­нады және мұндай ке­ректі қара­жат­ты кейін де ад­ресіж са­лып тұра­тынын ай­та­ды. Екі аза­мат­тың осы ри­ясыз көңілі адал ба­уыр­ластыққа ұла­сады.

Ты­ныш­байұлы жазған мақала­лары

Елшіл Мұха­мед­жан XX ғасыр­дың 10 жыл­да­ры Орын­борда шығып түрған «Қазақ» га­зеті төңірегіндегілер­мен де ара­ласып-ха­бар­ла­сып тұра­ды. Аталған га­зет­те пуб­ли­цистің «Соғысу­шы пат­ша­лар әскері», «Сүңгуір қайық», «Темір жол һәм Еуро­па соғысы», «Соғыс ке­мелері һәм ми­на», «Бар­лы­бек Сыр­та­нов», «Са­дуақас Ша­лым­бе­ков» т. б. мақала­лары жа­рық көреді.

М. Ты­ныш­ба­ев­тың са­ясат сах­на­сын­да аса күрес­керлік та­нытқан уақыты — 1916–1917 жыл­дар. 1916 жыл оқиғасы тұсын­да ол «Қазақ» то­бын­да бол­ды. Сол се­бепті де Қытайға ке­туге мәжбүр болған қан­даста­рын ел­ге қай­та­ру жұмы­сының жу­ан ор­та­сын­да жүрді. Мұха­мед­жан анықтаған мы­на де­рек кісіні селт еткізбей қой­май­ды: Жетісуға қатыс­ты 44 бо­лыс ел­де 47 мың 759 түтін болған, со­ның 40 мың 250 түтіні қашып-босқан, ал өлген адам­ның са­ны 95200. Бұл да ала­пат қырғын еді.

1917 жы­лы сәуірде Уақыт­ша үкімет М. Ты­ныш­ба­ев пен О. А. Шкапс­кийді Жетісу об­лы­сын­дағы ко­мис­сарлар етіп тағайын­дай­ды. Түркістан ав­то­номи­ясы 1917 жы­лы қара­ша айының соңын­да Қоқан қала­сын­да жа­ри­яланған­да, қай­рат­кер осы ав­то­номия үкіметінің төрағасы (премьер-ми­нистр) бо­лып сай­лан­ды. Алай­да Қоқан­да құрылған Түркістан ав­то­номи­ясы бірер ай ғана өмір сүріп, боль­ше­вик­тер та­рапы­нан аяусыз жа­ныш­талды. Алаш пар­ти­ясы құры­латын бірінші жал­пықазақ си­езіне де, Алаш ав­то­номи­ясы жа­ри­яла­натын екінші жал­пықазақ си­езіне де Жетісу об­лы­сы аты­нан қаты­нас­ты. Соңғысын­да ол Ұлт кеңесі (Алаш Ор­да) құра­мына кірді.

Күрделі ке­зеңде түрлі са­яси-мем­ле­кеттік жүйеде қилы жа­уап­ты іс жа­саған қай­рат­кердің ұлтқа бо­лысқан еңбегі нәти­жесіз емес еді. Мұха­мед­жанның ора­сан жұмы­сын бы­лай­ша топ­тап-та­разы­лауға бо­лады:

  • са­яси қай­рат­кер ретінде құқы аяққа тап­талған ұлты­ның теңдігі жо­лын­да дәйекті іс атқар­ды;
  • ма­ман-теміржол ин­же­нері ретінде төңкеріске дейін де, одан кейін де шойын жол­ды са­луда ұлт мүддесін бірінші ке­зек­ке қой­ды;
  • пуб­ли­цист ретінде орыс тілінде шыққан мақала­ларын­да Пе­тер­бордың зи­ялы қауымы­на пат­ша шен­суніктерінің әділетсіздігін жеткізсе, қазақ тіліндегі мақала­ларын­да қан­даста­рына теңдік алу­дың жөн-жо­басын көрсетті;
  • та­рих­шы ретінде қазақ елінің көне дәуірден бүгінге дейінгі шы­найы та­рихын жа­са­удың ба­тыл бағыт­та­рын іс жүзінде анықтап берді.

[өңдеу] Түркістан-Сібірдегі қыз­меті

1921–1922 жыл­да­ры Түркістан кеңестік ав­то­номи­ясы­ның Жер-су ко­мис­са­ри­атын­да су ша­ру­ашы­лығын басқар­ды.

Ал, 1925–1932 жыл­дар ара­лығын­да Қазақстан кеңестік ав­то­номи­ясын­да жаңа ас­та­наны (Қызы­лор­да) жа­сақтау ісінің бас ин­же­нері. Түркістан-Сібір құры­лысы­ның же­текші ма­маны қыз­метін атқар­ды.

1922 жы­лы Таш­кент­те құрылған «Та­лап» ат­ты мәде­ни-ағар­ту ұйымы­на басқар­ма мүшесі бо­лып сай­ла­нады. Осы шақта ол бірне­ше та­рихи еңбек жаз­ды. Оның ел ал­дындағы еле­улі еңбегі — Түркістан-Сібір теміржол құры­лысы­на ма­ман ретінде қаты­насуы еді.

1932 жы­лы сәуір айын­да тұтқын­да­лып, Мәскеу- Дон­басс теміржол құры­лысы­на жұмысқа жіберілді. Бұдан қай­тып ел­ге кел­генде, 1937 жы­лы қара­шада қай­та тұтқын­да­лып, ату жа­засы­на кесілді.