Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Коллективтендіру және көпшілікті жазалау (1930 — 1940 ж.ж.)

Жандосов Ораз Қыйқымұлы

Жан­до­сов Ораз Қыйқымұлы (1889, Ал­ма­ты об­лы­сы Қара­сай ауда­ны Қас­ке­лең қала­сы — 1938) — мем­ле­кет қай­рат­кері. 1918 жы­лы Вер­ный ер­лер гим­на­зи­ясын бітірген. Қазақстан­да кеңестік билік ор­наған­нан кейін Жетісу­дың ұлт істері жөніндегі об­лыс бөлімін басқар­ды. 1919 — 1921 жы­лы Түркістан КП мұсыл­ман ком­му­нис­тері сек­ци­ясы об­лыс бю­росы­ның төрағасы бол­ды, Жетісу об­лы­сы рев. -әске­ри ко­митетін және об­лыс "Қос­шы” одағын басқар­ды. 1921 — 1923 жыл­да­ры Түркістан КП ОК-нің үгіт-на­сихат бөлімінің меңге­рушісі және БК (б) П Қазақ өлкелік ко­митетінің 2-хат­шы­сы бол­ды. 1923 — 1924 жыл­да­ры Мәске­удегі Ти­миря­зев атын­дағы а. ш. ака­деми­ясын­да оқыды. 1924—28 жы­лы БК (б) П Қазақстан өлкелік ко­митеті үгіт-на­сихат бөлімінің меңге­рушісі қыз­метін атқар­ды. 1916 жылғы ұлт-азат­тық қозғалы­сының 10 жыл­дығына орай, 1926 жы­лы Жетісу­дағы Қарқара көтерілісіне қатысқан­дарды мәңгі ес­те қал­ды­ру мақса­тын­да көтерілісшілер жи­ынын өткізген, кейін "Ереуілтөбе” ата­нып кет­кен жер­ге ес­керткіш ор­натпақ бо­лып, тас үйіп белгі қал­ды­руға қоғам қай­рат­керлері Ыды­рыс Көшкінов, т. б. аза­мат­тармен бірге қол­дау көрсетіп, ат са­лыса­ды. Ауыл эко­номи­касын зерт­теу жөніндегі экс­пе­дици­яны басқар­ды, ғылы­ми-зерт­теу жұмы­сымен ай­на­лысып, ғылы­ми еңбек­тер жаз­ды. 1928 — 1937 жыл­да­ры Қазақ АКСР ағар­ту хал­ко­мы, Қазақ а. ш. инс­ти­туты­ның ди­рек­торлығымен қатар Рес­публи­ка кітап­ха­насы­ның ди­рек­то­ры бол­ды, БК (б) П Ке­ген ауда­ны ко­митетінің 1-хат­шы­сы, Ал­ма­ты об­лы­сы атқару ко­митетінің төрағасы қыз­меттерін атқар­ды. өлта­ралық қаты­нас­ты рет­те­уге көп еңбек сіңірді. КОКП-ның 12-, 14-съез­дерінің және КСРО Кеңес­терінің 2-, 7-, 8-съез­дерінің де­лега­ты, 1920 — 1925 жы­лы БК (б) П Түркістан КП ОК-нің мүшесі және бю­ро мүшесі, Түркістан ОАК төралқасы­ның және БО­АК-нің мүшесі, Қазақ ОАК және оның төралқасы­ның мүшесі, Қазақстан өлке­тану қоғамы басқар­ма­сының төрағасы бол­ды. 1937 жы­лы та­мыз­да пар­ти­ядан шығары­лады да, жалған са­яси айып­пен тұтқын­да­лып, 1938 жы­лы на­урыз­да атыл­ды. Қазақ ақыны К. Әзірба­ев тұтқынға алынған Жан­до­сов­пен өзінің қош­тасқан сәті ту­ралы "Ораз­жан” әнін шығарған. Елімізде Жан­до­сов­тың есімі елді ме­кен­дерге беріліп, Ал­ма­ты қала­ларын­да оған ес­керткіш ор­на­тылған.