Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Коллективтендіру және көпшілікті жазалау (1930 — 1940 ж.ж.)

Жансүгіров Ілияс (1894-1938 жж.)

Дүни­еге кел­гені: 1894 ма­мыр­дың 5-інде туған

Ал­ма­ты об­лы­сы Ақсу ауда­ны

Қай­тыс болғаны: 1938

Ман­са­бы: ақын Жансүгіров Іли­яс — ақын. Алғашын­да өз әкесінен, ауыл мол­да­лары­нан са­уат ашқан.

Қысқаша өмірба­яны

Жансүгіров Іли­яс (1894–1938) – қазақтың көрнекті жа­зушы­сы, қазақ әде­би­етін қалып­тасты­рушы­лар­дың бірі. Ту­ып өскен жері Ал­ма­ты об­лы­сының Ақсу ауда­ны. Алғаш рет Қарағаш ауылын­дағы мек­тепте оқып, жәдит­ше са­уат ашқан. Таш­кент­тегі екі жыл­дық мұғалімдік курс­ты бітіріп (1921), өз аулын­да мұғалім бо­лады. Одан кейін аз уақыт «Тілші» га­зетінде істеп, Вер­ный­дағы Қазақ ағар­ту инс­ти­туты­ның меңге­рушілігіне тағайын­да­лады (1922). Моск­ва­дағы Ком­му­нистік жур­на­лис­ти­ка инс­ти­туты­на 1925 жы­лы түсіп, 1928 жы­лы бітірген соң «Еңбекші қазақ» га­зетіне қыз­метке алы­нады. Қазақстан Жа­зушы­лар одағы ұйым­дасты­ру ко­мис­си­ясы­ның төрағасы (1932–1934). ҚАК СР Ор­та­лық Атқару Ко­митетінің мүшесі (1933–1936). Са­яси реп­ресси­яның құрба­ны бол­ды.

Қарағаш ауылын­да жәдит­ше бас­та­уыш мек­тепті бітіреді. Бо­лашақ ақын­ның бұдан соңғы біраз уақыты ауыл­да өтеді.

  • 1919 жы­лы. Таш­кент­тегі екі жыл­дық мұғалімдік курсқа түседі. Оны бітірген соң өз ауылын­да мұғалім бо­лып, кейін «Тілші» га­зетінде қыз­мет атқара­ды.
  • 1922 жы­лы Вер­ный­дағы (Ал­ма­тыдағы) Қазақ ағар­ту инс­ти­туты­ның меңге­рушілігіне тағайын­да­лады. 1925 жы­лы Мәске­удегі Жур­на­лис­ти­ка инс­ти­туты­на оқуға түсіп;
  • 1928 жы­лы бітіріп шыққан соң, «Еңбекші қазақ» га­зетіне қыз­метке жіберіледі. Жансүгіров шығар­ма­лық жұмыс­пен қатар Қазақстан Жа­зушы­лар одағын ұйым­дасты­ру ісіне де бел­се­не қатысқан. Бұрынғы ҚазАПП (1926) та­ратылған соң;
  • 1932 жы­лы Жа­зушы­лар одағын ұйым­дасты­ру ко­мис­си­ясы­ның төрағасы бо­лып сай­ла­нып;
  • 1934 жы­лы өткен 1-съез­ге дейін қыз­мет істейді. Съез­де Қазақстан Жа­зушы­лар одағының алғашқы төрағасы бо­лып сай­лан­ды. 1934–1937 жыл­да­ры Қазақ са­яси бас­па­сының ре­дак­то­ры, со­нымен бір мезгілде;
  • 1933–1936 жыл­да­ры Қазақ АКСР-і ОАК-нің мүшесі бол­ды.
  • 1937 жы­лы жалған са­яси айып­пен тұтқын­да­лып;
  • 1938 жы­лы ату жа­засы­на кесілген.
  • 1958 жы­лы ақтал­ды.

Еңбек­тері

Жансүгіров өлең жа­зуды 1912 жы­лы бас­таған. Оның «Бал­дырған», «Қызыл жа­лау» ат­ты өлең дәптер­лері кейін, 1957 жы­лы Ұлттық кітап­ха­надан та­был­ды. Жансүгіров­тың бас­па бетін көрген алғашқы ту­ын­ды­лары – «Са­ры­арқаға», «Тілек» де­ген өлеңдері. Бұлар 1917 жы­лы Се­мей­де шығып тұрған «Са­ры­арқа» га­зетінде жа­ри­яланған. 1923 жы­лы «Са­на» жур­на­лын­да «Мер­ген Бөкен» әңгімесі ба­сылып шықты. Осы­дан соң Жансүгіров өлеңдері «Тілші», «Ақжол», «Ке­дей еркі» га­зет­терінде жиі жа­ри­яла­нып жүрді. Осы­дан бы­лай қарай Жансүгіров халқына қала­мы ұшталған, те­рең ой­лы, та­лант­ты ақын ретінде мәшhүр бол­ды. Жансүгіров шығар­ма­лары­ның бас­тау алар ар­на­сы – қазақ халқының бай ауыз әде­би­еті, Абай по­эзиясы, орыс және дүние жүзі әде­би­етінің озық үлгілері. Оның шығар­ма­лары сан са­лалы, көп қыр­лы. Жансүгіров ха­лықтың бай фоль­кло­рын жи­насуға, оның озық үлгілерін ха­лық игілігіне ай­нал­ды­руға, ба­сылып кітап бо­лып шығуына үлкен үлес қосқан. Олар­дың озық үлгілерін өзі жазған мек­теп оқулықта­ры мен хрес­то­мати­яла­рына енгізіп, мек­теп оқушы­лары­ның ха­лықтық та­рихы­нан, өткен өмірінен ха­бар­дар бо­лу­ына зер салған. Жансүгіров әде­би­ет сы­нына да ара­ласып, әде­би көркем сын жан­ры­ның да­му­ына ат са­лыс­ты. Ол А. С. Пуш­киннің, М. Ю. Лер­монтов­тың, Н. А Нек­ра­сов­тың, М. Горь­кийдің, Г. Гей­не мен В. Гю­гоның, Ғ. Тоқай­дың, К. Ла­хутидің шығар­ма­ларын қазақ тіліне ауда­рып, қазақ әде­би­етінің әлем әде­би­етімен бай­ла­нысын кеңей­тті. Рес­публи­када бірне­ше мек­теп, көше, аудан, ша­ру­ашы­лыққа, Тал­дықорған қ-ндағы Жетісу мемл. ун-тіне оның есімі берілген. Сол қала­да ақын­ның өмірі мен шығарм-на ар­налған әде­би-ме­мори­ал­дық мұра­жай жұмыс істейді.

Қазақ әде­би­етіндегі ор­ны

Іли­яс Жансүгіров қазақ әде­би­етінің бар­лық жанр­ла­рын­да қалам тар­тып, еле­улі ту­ын­ды­лар бер­ген әмбе­бап да­рын. Әсіре­се ол өзінің аса қуат­ты су­рет­керлік та­лан­тын по­эзия жан­рында көрсетіп, күллі қазақ әде­би­етінің мақта­нышы­на ай­налған ту­ын­ды­лар берді. Іли­яс әде­би­ет­ке ха­лық фоль­кло­ры дәстүрінен, аз оқуымен және бірша­ма кеш­теу — 20-жыл­дардың ба­сын­да келді. Бірақ ол сол кездің өзінде ха­лық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің бай­лығын та­маша меңгер­ген боз­ба­ла еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігерлілігінің және жаңадан құры­лып жатқан қоғам­ның қоңыртөбел ор­та­дан шыққан та­лап­ты жас­тың оқып, білім алу­ына жы­лы қабақ та­ныту­ының арқасын­да, ол бірша­ма қысқа уақыт­тың ішінде тез жетіліп, ар­шындап алға оз­ды. Ал­ма­ты, Таш­кент, Мәскеу оқу орын­да­рын­да жақсы мағына­сын­дағы қомағай­лықпен білім ал­ды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем клас­си­калық әде­би­етін зерт­тей оқып, үздік ту­ын­ды­ларын орыс тілінен қазақшаға аудар­ды. Осы ара­лықта жа­зуға да төселіп, қоғам­дық жұмыс­тарға, әде­би­ет ісіне бел­се­не қатыс­ты. Алғашқы жи­нағы 1928 жы­лы 34 жа­сын­да жа­рық көрген Іли­яс 5–6 жыл­дың ішінде қата­рынан арын­дап алға озып, Абай­дан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақыны­на ай­нал­ды. Про­залық, дра­матур­ги­ялық та­лант­ты ке­сек ту­ын­ды­ларын ай­тпаған­да, «Күй», «Күйші», «Құла­гер» сияқты клас­си­калық шығар­ма­лар ту­дыр­ды. Іли­яс по­эзиясы — ойға — қанат, сезімге нәр бе­ретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас по­эзия.

Қазақтың Абай­дан кейінгі за­ман­дағы аса да­рын­ды да арын­ды ақыны Іли­яс Жансүгіровті, әдет­те, өзі шалқар ша­быт, ке­ремет құштар­лықпен көсіле жыр­лаған Ақан серінің Құла­геріне ұқсас­ты­рады. Ай­тты-ай­тпа­ды, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-та­лайын­да, қайғылы өлімдерінде де ұқсас­тық бар. Бәй­генің ал­дын бер­мейтін қас жүйріктер­ге ғана тән на­мыс­керлікпен жа­нын са­ла зы­мырап ба­ра жатқан Көктұйғын­ды омы­ра­улап, кең ты­ныс­пен жүй­ткіп ке­ле жатқан Құла пы­рақ ме­желі жер -Жы­лан­ды­сайға еңкейісте, үстіндегі ба­ланың тізгінін бо­сатып, тақымын сәл қым­тып қалуы мұң екен, жұлдыз­дай аға жөне­леді. Сол сәтте қал­та­рыс­тан тап бер­ген қарақшы кер құла­ны маңдай­дан ай­бал­та­мен періп өтеді де, қай­ран тұлпар қара жер қақ айырылған­дай гүрс етіп құлап қала бе­реді. Ке­меліне келіп, ақын­дық бәй­гесінде арын­дап алға шыққан шағын­да Іли­яс та то­тали­тар­лық жүйенің құрба­ны бо­лып, мұрттай ұшты. Әй­тсе де әмбе­бап да­рын ай­на­ласы 10 жыл­да про­за мен дра­матур­ги­яда, әсіре­се по­эзияда әде­би­етіміздің ал­тын қоры­на жа­татын ай­ту­лы ту­ын­ды­лар беріп, ар­ты­на аса мол көркем мұра қал­дырды.

Іли­яс­тың шығар­ма­шылығы көп қыр­лы, алу­ан сыр­лы. Ол по­эзия, про­за, дра­ма са­ласын­да өнімді еңбек­теніп, өзіндік қол­таңба­сы айқын көркем шығар­ма­лар­дың мар­жан шоғырын дүни­еге келтірген құнар­лы да те­ге­урінді қалам­гер. Оның шығар­ма­лары­на арқау болған тақырып өрістері де алу­ан түрлі. По­эзия, про­за, дра­ма са­лала­рын­дағы шығар­ма­лары­на өзі ғұмыр кеш­кен ор­та­дағы нақты­лы өмір көріністерінен бас­тап, та­рихи тақырыпқа дейін арқау бо­лып оты­рады. Қан­дай тақырыпқа қалам тер­бе­се де ел қамы, ха­лық тағды­ры, ұлттың бол­мыс қаси­еті оның шығар­ма­лары­ның ал­тын арқауы.

Ақын ретінде Іли­яс шығар­ма­лары­ның шоқтықты шыңы оның по­эма­лары. Оның қала­мынан туған «Күй», «Да­ла», «Күйші», «Құла­гер» сияқты он бес­ке жуық көлемді по­эма­лары қазақ по­эзиясы­ның інжу мар­жа­ны бо­лып та­была­ды. Ол қазақ әде­би­етінде по­эма жан­рын түр мен мазмұн жағынан анағұрлым байытып, ха­лық бол­мы­сын асқақта­тын рух­ты си­ту­ацияларға ден қоя білді. Оның по­эзиясын­да эпи­калық серпін мен ли­рика­лық сезім мінсіз тоғысып, ақын­ның да­ра қол­таңба­сы айғақтап оты­рады.

Іли­яс Жансүгіров­тың про­залық шығар­ма­лары­ның ішіндегі көлемдісі «Жол­дастар» ро­маны. Мұнда қазақ са­хара­сын­дағы еңбек адам­да­рының тұрмыс тіршілігін, азат­тықты көксе­ген ар­ман аңса­рын, 1916 жылғы ұлт азат­тық көтерілісінің дүмпуін су­рет­керлікпен ашып көрсе­теді.

Іли­яс­тың дра­ма са­ласын­дағы «Кек», «Түрксіб», «Иса­тай Ма­хам­бет» сияқты ту­ын­ды­лары да қалам­гер да­рыны­на айғақ шығар­ма­лар. Ол әде­би­ет сы­ны мен аудар­ма са­ласын­да да өнімді еңбек­тенді. А. С. Пуш­киннің көпте­ген өлеңдеріне қоса, «Ев­ге­ний Оне­гин» ро­манын қазақ тіліне алғаш рет то­лық аудар­ды. Сон­дай ақ, М. Ю. Лер­монтов­тың, А. М. Горь­кийдің, Н. А. Нек­ра­сов­тың, В. В. Ма­яковс­кийдің көпте­ген шығар­ма­ларын қазақ тіліне аудар­ды.

Іли­яс Жансүгіров қазақ сөз өнерінің по­эти­касын ке­мел­дендірген, көріктендірген қай­та­лан­бас да­рын иесі. Оның шығар­ма­лары қазақ әде­би­етін ұдайы көркемдіктің шырқау шыңына бас­тай бе­ретін мәңгілік үлгі өне­ге.