Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Коллективтендіру және көпшілікті жазалау (1930 — 1940 ж.ж.)

Жұбанов Құдайберген Қуанұлы

Жұба­нов Құдай­бер­ген Қуанұлы

Дүни­еге кел­гені: 1899 ж. жел­тоқсан­ның 19 (1899—12—19) (112 жас)

Ақтөбе об­лы­сы, Темір ауда­ны

Қай­тыс болғаны: 1938 ж. ақпан­ның 25

Ұлты: қазақ

Ман­са­бы: про­фес­сор, түркіта­нушы, пе­дагог

Жұба­нов Құдай­бер­ген Қуанұлы (19.12.1899, Ақтөбе об­лы­сы, Темір ауд. – 25.2. 1938) – тіл білімі са­ласын­дағы алғашқы қазақ про­фес­со­ры (1932), түркіта­нушы, пе­дагог. Алғашқыда Ос­пан ишан­ның мешітінен дәріс алып, араб тілін үй­ре­неді. 1918 жы­лы Елек­тегі екі клас­тық орыс-қазақ учи­лищесін бітірген. Темір-Орқаш бо­лысы­ның әуелі хат­шы­сы, кейін төрағасы бо­лады. 1920 жы­лы Орын­бор қала­сын­дағы «Ху­сай­ния» мед­ре­сесін бітіреді. Араб, пар­сы, орыс, ла­тын, түрік, жа­пон, фран­цуз, ағыл­шын, неміс тілдерін меңге­реді. 1920 жы­лы «Ай» ат­ты жур­нал ұйым­дасты­рып, оның бетінде М. Горь­кийдің «Сұңқар ту­ралы жыр», «Да­уыл­паз ту­ралы жыр», «Хан мен ұлы», т. б. шығар­ма­ларын қазақ тіліне ауда­рып жа­ри­ялаған. Ақын­дық, жа­зушы­лық өнерімен де та­нылып, өлең, пьеса, т. б. жазған. Мы­салы, «Мақпал – Сегіз» дас­та­нының желісі бойын­ша Жұба­нов Тілеп­берге­нов­пен бірігіп жазған пьеса­сы Ақтөбе­дегі кеңес-пар­тия мек­тебінің, пе­дагог тех­ни­кум оқушы­лары­ның қаты­су­ымен сах­наға шығары­лып, қала жұртшы­лығына көрсетіледі. «Ай» де­ген өлеңі жоғары­да аталған жур­налдың бе­таша­ры ретінде жа­ри­ялан­ды. Көпшілік көкейіне тез қона­тын сықақ, фельетон­да­ры сах­на­да, са­уық кеш­терінде ай­ты­лып жүрсе, кейбіре­улері «Еңбекші қазақта» жа­ри­яланған. 1925 жы­лы Жұба­нов­тың ре­жис­серлігімен Ақтөбе қала­сын­да М. Әуезовтің «Еңлік – Ке­бек» пьеса­сы қойыла­ды.

Қысқаша та­рихы

Жұба­нов 1920 – 22 жыл­да­ры ауыл­да мұғалім, 1922 – 24 жыл­да­ры Темір уездік оқу-ағар­ту бөлімінде, 1924 – 29 жыл­да­ры Ақтөбе гу­бер­ния оқу-ағар­ту бөлімінде бас­шы қыз­меттер атқар­ды, со­нымен бір мезгілде Ақтөбе­дегі пе­дагог тех­ни­кум­да са­бақ берді. Қыз­меттен қолы бос уақыт­та өз бетімен білімін то­лықтырған. Түркі тілдес рес­публи­калар­дың жаңа әліпби­ге көшуіне ар­на­лып, 1925 жы­лы Мәске­уде өткізілген кеңес­ке қаты­сып, он­да сөз сөй­леді. Жаңа әліпбиді енгізу мәсе­лелерімен ай­на­лысқан әзер­бай­жан ғалы­мы Ағама­лы оғлы­мен жиі хат жа­зысып тұрды. 1927 жыл­дан бас­тап Жұба­нов Санкт-Пе­тер­бург­тегі орыс ғалым­да­рымен бай­ла­ныс жа­сады. Түркі тілдерін зерт­те­уші ака­демик А. Н. Са­мой­ло­вич, шығыс­та­нушы В. В. Бар­тольд, тілші ғалым А. В. Щер­ба, т. б. еңбек­терін ал­ды­рып оқыды. 1928 жы­лы Санкт-Пе­тер­бург­тегі Шығыс тілдері инс­ти­туты­ның (Шығыс­та­ну инс­ти­туты) то­лық кур­сын бітіріп, 1929 жы­лы осы инс­ти­тут­тың ака­демигі Са­мой­ло­вич басқара­тын «түркіта­ну се­мина­рийіне» оқуға түсті, 1930 жы­лы КСРО Ғылым Ака­деми­ясы­ның Тіл білімі инс­ти­туты­ның ас­пи­ран­ты бол­ды. Н. Я. Марр, И. И. Ме­щани­нов, А. В. Бо­горо­диц­кий, т. б. белгілі тілші ғалым­дардан дәріс ал­ды. 1932 – 37 жыл­да­ры Қаз­ПИ-де (қазіргі Ал­ма­ты мем­ле­кеттік уни­вер­си­теті) про­фес­сор, қазақ тілі мен әде­би­еті ка­фед­ра­сының меңге­рушісі бол­ды.

Еңбек­тері

Жұба­нов тіл білімі мәсе­лелерімен 1920 жыл­дан бас­тап шұғыл­да­на бас­та­ды. Ол қазақ мек­тептері мен жоғары оқу орын­да­ры үшін қазақ тілін оқыту бағдар­ла­мала­рын жа­сап, оқулықтар мен әдісте­мелік құрал­дар жаз­ды. Сон­дай-ақ, оның «Қазақ тілінің ғылы­ми грам­ма­тика­сының ма­тери­ал­да­ры» (1-том), «Фо­нети­ка» (орыс тілінде), «Қазақ тілі фо­нети­касы­ның та­рихын зерт­те­уге кіріспе», «Қазақ тілінің ғылы­ми кур­сы жөнінен лек­ци­ялар», «Бу­ын жігін қалай та­буға бо­лады», «Қазақ тілінде біріккен сөздің жа­зылуы», «Қазақ сөй­леміндегі сөздердің орын тәртібі», «Жаңа грам­ма­тика­ның жаңалықта­ры жайынан», т. б. іргелі ғылы­ми жұмыс­та­ры қазақ тіл білімін қалып­тасты­руға қосылған еле­улі үлес бол­ды. 20 ғасыр­дың 20 – 30-жыл­да­рын­да Жұба­нов қазақ халқының ру­хани-мәде­ни өмірінде са­яси-әле­уметтік, ха­лықтық мәні зор проб­ле­малар­дың бірі – жа­зу, ем­ле, тер­мин мәсе­лелерімен де шұғыл­данды. 1929 жы­лы Қызы­лор­да­да өткізілген тұңғыш ғылы­ми-тер­ми­ноло­ги­ялық кон­фе­рен­ци­яда Жұба­нов қазақ тілінің ем­лесі жөнінде ғылы­ми негіздел­ген ұсы­ныс­тар жа­сады. 1935 жы­лы қазақ әліпбиі мен ем­лесін жақсар­ту­дың жо­басын ұсын­ды. Он­да ха­лықара­лық және орыс тілінен ен­ген тер­миндерді орыс­ша жа­зылу­ына жақын­да­тып таңба­лау, кейбір қосар ды­быс­тарды жа­лаң әріппен бе­ру, біріккен сөзді қосып жа­зу ту­ралы пікір ай­тты. Жұба­нов 1933 жыл­дан са­яси қуғын-сүргінге ұшы­рағанға дейін Қазақстан­ның Мем­ле­кеттік тер­ми­ноло­ги­ялық ко­мис­си­ясы­ның төрағасы бол­ды. Бұл са­лада ол тер­мин жа­сау ісіне ма­ман­дарды жұмыл­ды­рып, олар­дың дайын­даған ма­тери­ал­да­рын ғылы­ми тұрғыдан рет­теп, жұртшы­лық талқысы­на са­лып, тәжіри­беге енгізуді қадағала­ды. Жұба­нов – 1935 жы­лы Қазақстан мәде­ни­ет қыз­меткер­лерінің съезіне Мем­ле­кеттік тер­минком­ның аты­нан ұсы­нылған жо­баның негізгі ав­то­ры. Ол ұсынған прин­циптер қазақ тер­ми­ноло­ги­ясын жа­са­удың үлгісі ретінде әлі күнге дейін қол­да­нылып ке­леді. 1936 жы­лы ғалым­ның «Қазақ сөй­лем мүше­лерінің ор­ны та­рихы­нан» де­ген кіта­бы бас­па­дан шықты. Бұл кіта­бын­да ол қазақ тіліндегі сөй­лем мүше­лерінің та­рихын басқа түркі тілдерінен бөліп қара­май, өзі еркін игер­ген түркі ха­лықта­ры тілдерін бір-бірімен бай­ла­ныс­ты­ра зерт­теп, та­рихи са­лыс­тырма­лы әдісті ше­бер қол­данды. Бұл еңбегімен Жұба­нов қазақстан­дық түркіта­ну ғылы­мының қалып­та­су­ына зор үлес қос­ты. «Ауыл мұғалімі» (қазіргі «Қазақстан мек­тебі») жур­на­лын­да мұғалімдер­ге ар­нап қазақ тілін оқыту әдісте­месі ту­ралы, кітап­ты қалай пай­да­лану, оқулықтағы ма­тери­ал­дарды оқушы­ларға қалай нәти­желі игер­ту мәсе­лелерін көтеріп отыр­ды. Осы жур­налда «Жаңа грам­ма­тика­ның жақсы­лықта­ры», «Шы­ла­улар», «Қос сөздер», «Біріккен сөздер», «Әдіс, бағдар­ла­ма мәсе­лелері», т. б. мақала­ларын жа­ри­яла­ды. Жұба­нов қазақ әде­би тілі мен му­зыка­лық өнері ту­ралы да ке­лелі пікірлер ай­тты. Ол өзінің «Абай – қазақ әде­би­етінің клас­сигі» («Әде­би­ет май­да­ны», 1934, №11 – 12) ат­ты аяқтал­май қалған әде­би-пуб­ли­цис­ти­калық еңбегінде Абай­дың қазақ әде­би тілін да­мыту­дағы, әле­уметтік ой-са­надағы ор­нын, ақын­дық ше­берлігін, ком­по­зитор­лығы мен өлең құры­лысы­на енгізген жаңалығын тұңғыш көрсетіп, әділ бағала­ды. «Қазақ му­зыка­сын­да күй жан­ры­ның пай­да бо­луы жөнінен» (1936) де­ген зерт­теуінде «ән», «би», «бақсы», «жыр», «дом­бы­ра», «күй», «қобыз», «сы­бызғы», «толғау» сөздерінің эти­моло­ги­ясын ашу арқылы қазақ му­зыка мәде­ни­етінің та­рихы ер­те­ден бас­та­латы­нын көрсетті. Жұба­нов тек ғылым­мен ғана шұғыл­да­нып қой­май, Қазақстан­ның Оқу-ағар­ту ха­лық ко­мис­са­ри­аты жа­нын­дағы әдісте­ме, бағдар­ла­ма, оқулықтар сек­то­рының меңге­рушісі міндетін атқара жүріп, бар ын­та-жігерін аз уақыт­тың ішінде қазақ мек­тептерін ғылы­ми негізде жа­зылған оқулықтар­мен қам­та­масыз ету­ге жұмса­ды. Мұғалімдердің білімін жетілдіру курс­та­рын­да, се­минар­ла­рын­да дәріс оқып, ақыл-кеңес беріп отыр­ды. Ол қазақ тіл білімі ма­ман­да­рын ба­улып, тәрби­елеуде де мол еңбек сіңірді. Рес­публи­кадағы көрнекті тіл ма­ман­да­ры М. Ба­лақаев, Ғ. Мұса­ба­ев, А. Ысқақов, Ә. Шәріпов, Т. Қор­да­ба­ев, т. б. өздерін Жұба­нов­тың шәкіртіміз деп са­нады. Жұба­нов рес­публи­камыз­дың са­яси-әле­уметтік өміріне де бел­се­не қатыс­ты. 1935 жылғы Қазақстан­ның мәде­ни­ет қыз­меткер­лері съезін ұйым­дасты­ру ко­митетінің төрағасы, 1935 жыл­дан Қазақстан КСР ОАК-нің мүшесі бол­ды. 1937 жы­лы жалған са­яси айып­пен тұтқын­да­лып, ату жа­засы­на кесілді. 1957 жы­лы 3 қазан­да КСРО Жоғарғы Со­ты Әске­ри алқасы­ның шешімімен ақтал­ды. Ақтөбе мем­ле­кеттік уни­вер­си­тетіне, осы қала­дағы бір көше­ге Жұба­нов есімі берілген.