Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Коллективтендіру және көпшілікті жазалау (1930 — 1940 ж.ж.)

Мағжан Жұмабай

Ман­са­бы: Алаш қозғалы­сының қай­рат­кері, ақын, қазақ әде­би­етінің көрнекті өкілі

Ту­ылған күні: 1893.06.25

Ту­ылған жері: Солтүстік Қазақстан об­лы­сы

Ұлты: Қазақ

Қай­тыс болған уақыты: 1893 ж. ма­усым­ның 25 (1893—06—25) (118 жас)

Қай­тыс болған жері: Ал­ма­ты

Мағжан Жұма­бай (Әбілмағжан) Бе­кенұлы (1893 – 1938) – Жұма­бай Мағжан (Әбілмағжан) Бе­кенұлы (25 ма­усым 1893, Солтүстік Қазақстан об­лы­сы, қазіргі Мағжан Жұма­бай ауда­ны, Са­сықкөл жағасы – 19 на­урыз 1938, Ал­ма­ты) – Алаш қозғалы­сының қай­рат­кері, ақын, қазақ әде­би­етінің көрнекті өкілі.

Би­ог­ра­фия

Ата­сы – Жұма­бай қажы. Әкесі Бе­кен са­уда­мен ай­на­лысқан дәулетті адам болған. Ана­сының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл мол­да­сынан са­уатын ашып, 1905 – 1910 жыл­да­ры Қызыл­жардағы (Пет­ро­павл) №1 мешіт жа­нын­да белгілі та­тар зи­ялы­сы, мұсыл­ман ха­лықта­рының азат­тығы жо­лын­да күрес­кен М. Бе­гишевтің ұйым­дасты­ру­ымен ашылған мед­ре­седе оқыды. Мед­ре­седе Бе­гишев­тен Шығыс ха­лықта­рының та­рихы­нан дәріс ал­ды, қазақ, та­тар әде­би­ет­терін, Фир­до­уси, Сағди, Ха­физ, Омар Һайям, Ни­зами, На­уаи секілді шығыс ақын­да­рының дас­танда­рын оқып үй­ренді.

Бас­па­дан 1909 жы­лы шыққан Абай өлеңдерін оқып, «Атақты ақын, сөзі ал­тын хакім Абайға» де­ген өлең жаз­ды. 1910 – 1913 жыл­да­ры Уфа қала­сын­дағы «Ғалия» мед­ре­сесінде білім ал­ды. Он­да та­тар жа­зушы­сы Ғ. Иб­ра­гимов­тен дәріс алып, белгілі қай­рат­кер С. Жантөрин­мен тығыз қарым-қаты­нас ор­на­тады, бо­лашақ көрнекті жа­зушы Б. Май­лин­мен та­ныса­ды.

Иб­ра­гимовтің көмегімен 1912 жы­лы Қазан қала­сын­дағы Кәрімов­тер бас­па­сын­да «Шол­пан» ат­ты тұңғыш өлеңдер жи­нағы ба­сылып шығады. «Са­дақ» жур­на­лын шығаруға қаты­сады, оған өзінің өлеңдерін жа­ри­ялай­ды. 1913 – 1916 жыл­да­ры Ом­бы мұғалімдер се­мина­ри­ясын­да оқыды.

«Бірлік» ұйымы жұмы­сына бел­се­не ара­ласып, «Ба­лапан» қол­жазба жур­на­лын шығаруға қаты­сады. Ә. Бөкей­хан, А. Байтұрсынұлы, М. Ду­латұлы секілді алаш қай­рат­керлерімен бай­ла­ныс ор­на­тып, «Қазақ» га­зетіне өз өлеңдерін жа­ри­ялай­ды. 1917 жы­лы Ақпан төңкерісінен кейін қалып­тасқан са­яси жағдайға сай қоғам­дық өмірге бел­се­не ара­ласып, Ақмо­ла об­лыстық қазақ съезін өткізуді ұйым­дасты­рушы­лар­дың қата­рын­да бол­ды. Осы жы­лы сәуірде Ақмо­ла об­лы­сы қазақ ко­митеті құра­мына сай­лан­ды. Мәскеу қала­сын­да өткен Бүкілре­сейлік мұсыл­ман съезіне қатыс­ты. Бірінші жал­пықазақ съезінің шешімі бойын­ша Бүкілре­сейлік Құрыл­тай жи­налы­сына де­путат­тыққа кан­ди­дат ретінде ұсы­ныл­ды.

«Алаш» пар­ти­ясы­ның Ақмо­ла об­лы­сының ко­митетінің мүшесі бол­ды. «Үш жүз» пар­ти­ясы өкілдерінің жалған айып­та­уымен бір айға жуық абақтыға оты­рып шықты. Екінші жал­пықазақ съезіне де­легат ретінде қаты­сып, он­да оқу мәсе­лесі бойын­ша құрылған ко­мис­сияға төрағалық етті.

1918 – 1919 жыл­да­ры Пет­ро­павл уездік земс­тво басқар­ма­сын­да қыз­мет етті. 1919 – 1923 жыл­да­ры Ақмо­ла гу­бер­ни­ялық «Бос­тандық туы» га­зетінде, «Шол­пан», «Са­на» жур­налда­рын­да, «Ақжол» га­зетінде қыз­мет істеп жүріп, ха­лық ағар­ту жұмы­сына бел­се­не ара­ласа­ды. Сол ке­зеңде қалың қауымға та­ныс по­эма­сы «Ба­тыр Ба­ян­ды» жа­зып, жа­рыққа шығара­ды.

1923 – 1927 жыл­да­ры Мәске­уде Жоғары әде­би­ет-көркемөнер инс­ти­тутын­да оқиды. Он­да орыс әде­би­етін, Ба­тыс Еуро­па әде­би­етін те­рең зерт­теп, орыс мәде­ни­ет қай­рат­керлерімен же­те та­нысып, көпшілігімен дос­тық қарым-қаты­нас­та бо­лады. Мәске­уде оқып жүрген­де оның шығар­ма­лары орын­сыз сынға ұшы­рады.

1924 жы­лы 24 қара­шада Мәскеу қала­сын­дағы Шығыс еңбекшілері ком­му­нистік уни­вер­си­тетінде қазақ жас­та­рының жер­лестік ұйымын­да жи­налыс өтіп, олар Жұма­байұлы­ның 1922 жы­лы қазан­да, 1923 жы­лы Таш­кент­те ба­сылып шыққан жыр жи­нақта­рын талқыға сал­ды.

Он­да ақын шығар­ма­ларын теріске шығара­тын қаулы қабыл­данды. Бұл қаулы «Еңбекші қазақ» га­зетінің 1925 жы­лы 14 ақпан­дағы са­нын­да ба­сыл­ды. Орын­сыз сын­нан көңілі жа­быққан ақын «Сәлем хат» де­ген өлең жаз­ды.

Ол «Тілші» га­зетінде жа­ри­ялан­ды. «Еңбекші қазақ» га­зетінің 1924 жы­лы 19 жел­тоқса­нын­дағы са­нын­да С. Мұқанов­тың «Сәлем хат жазған аза­мат Мағжан Жұма­байұлы­на» де­ген ес­керт­пе­мен «Сәлем­ге сәлем» де­ген жа­уап өлеңі ба­сыл­ды.

Жаңа құры­лысқа, жаңа тұрмысқа қатыс­ты нақты­лы өлең жаз­ба­са да, «ура­лап айқай­ла­мадың» де­ген кінәмен, тап күресіне бел­се­не ара­ласып, ке­дей сөзін сөй­ле­медің де­ген айып­пен Жұма­байұлы қатаң сынға алын­ды. Жұма­байұлы 1927 – 1929 жы­лы Бу­рабай­да, одан соң Қызыл­жарда оқыту­шылық қыз­меттер атқара­ды.

1929 жы­лы Жұма­байұлы «Алқа» ат­ты жа­сырын ұйым құрғаны үшін де­ген айып­та­улар­мен Мәске­удегі Бу­тыр­ка түрмесіне қама­лып, 10 жыл ай­дауға кесіледі. 1936 жы­лы М. Горь­кий мен Е. Пеш­ко­ваның ара­ласу­ымен бос­тандық алып, Қазақстанға қай­та­ды. Пет­ро­павл қала­сынн­да мек­тепте орыс тілі мен әде­би­етінен са­бақ бе­ретін мұғалім бо­лып жұмыс істейді. Көп ұза­май қала­лық оқу ісінің меңге­рушісі оны са­яси се­беп­терге бай­ла­ныс­ты де­ген айып­пен мұғалімдік қыз­меттен бо­сата­ды. 1937 жы­лы на­урыз­да Жұма­байұлы Ал­ма­тыға ке­леді. Аудар­ма ісімен ай­на­лыса­ды. 1938 жы­лы қай­та­дан қамауға алы­нып, ату жа­засы­на кесілді.

Еңбек­тері

Ақын тұңғыш өлеңінен бас­тап әле­уметтік тақырыпқа ден қойып, ағар­ту­шылық, ұлт-азат­тық, де­мок­ра­ти­яшыл бағыт­ты ұстан­ды. Абай по­эзиясы­ның өшпес маңызын бірден та­нып, оны «хакім» деп ата­ды, ұлы ақын­ның «мың жыл жұтса дәмі кет­пес» сөзін жаңа жағдай­да ілгері да­мыт­ты, Ба­тыс пен Шығыс­тың ру­хани қазы­насын са­бақтас­ты­ру негізінде қазақ по­эзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байыт­ты. Жұма­байұлы ел ішіндегі әле­уметтік мәсе­лелерді көтерді («Шын сор­лы»), халқын өнер-білімге шақыр­ды («Ләззат қай­да?», «Жазғы таң», «Өнер-білім қай­тсе та­былар», «Ба­лалық шақ», «Қазағым», «Қарағым», «Осы күнгі күй», «Мен сор­лы»). Бірқатар өлеңдерін ма­хаб­бат тақыры­бына ар­на­ды («Жас келін», «Зар­лы сұлу», «Сүй­геніме», «Ал­данған сұл»). Өз по­эзиясы­ның алғашқы қадам­да­рынан бас­тап ақтық демі біткен­ге дейін Жұма­байұлы ұлт азат­тық тақыры­бын үзбей толған­ды, оны өз по­эзиясы­ның өзегі етті. Бүкіл ха­лықты тап, топқа жікте­мей, Қазақ елін әлемдік мәде­ни жетістіктер­ге қол жеткізу­ге қан­дай күш ке­дергі де­ген са­уал қойып, оған бас­ты ке­дергі – отар­шылдық де­ген шешімге келді.

Бас­тапқы кез­де бұл тақырып туған жердің та­биғатын та­маша­ла­удан ба­рып қай­ран жердің ендігі күні не бо­лады де­ген уайым-қайғыға ұла­сады, ақыры келіп кіндік қаны тамған ну­лы, су­лы өлкені жа­улап жатқан қара шек­пенді отар­шылдыққа қар­сы на­разы­лық оты бо­лып тұтан­ды («Туған жерім – Са­сықкөл»). Ақын халқымен бірге күй­зелді, осы­дан келіп ро­ман­ти­калық әуен­ге бөлен­ген жо­рық иде­ясы ту­ды («Жа­рыма», «Есімде… тек таң ат­сын», «Жа­ралы жан», «Мен жас­тарға се­немін», т. б.).

Жұма­байұлы шығар­ма­ларын­дағы ро­ман­ти­калық са­рын, әсіре­се, оның сим­во­листік ар­на­да жазған өлеңдерінен айқын көрінеді. Ақын сим­во­лизмі бо­лашақ пер­десін аша­тын жаңа ми­фоло­гия туғыз­ды, ке­лешек су­ретін са­лу са­ясат­шы­лар­дың емес, ақын­дардың қолын­да де­ген сенімге ай­нал­ды («От», «Пайғам­бар», «Күншығыс», «Жа­ралы жан», «Айға», т. б.). Ақын ды­быс-бу­ын­ның со­ны үндестіктерін та­уып, қазақ жы­рын байыта түсті («Шол­пы»). Жұма­байұлы по­эзиясын­дағы құнар­лы ар­на­ның бірі – түркі тақыры­бы. Түркі ха­лықта­рының бірлігі тақыры­бы Жұма­байұлы по­эзиясы­ның әуел­ден қалып­тасқан ал­тын арқауы іспетті.

Ақын дүни­ета­нымы­на Қызыл­жардағы Бегішев мед­ре­сесінде оқуы көп ықпал етті. Ол жас өрен жүрегіне түрікке де­ген ба­уыр­малдық сезім туғыз­ды. «Шол­пан» жи­нағын­дағы «Орал та­уы» өлеңінде: «Қосы­лып ба­тыр түрік ба­лала­ры», Тап­татпа, жо­лын кесіп тізгінге орал", – деп жаз­ды. Ерек­ше атап өтетін бір жәйт – Жұма­байұлы­ның түрік халқының шет ел басқын­шы­лары­на қар­сы азат­тық қозғалы­сына үн қосуы. Мұнда ре­алистік, ро­ман­ти­калық са­рын­дар бір-бірімен ас­та­сып, бірге өріліп оты­рады.

Түрік тақыры­бы қазақ халқының ұлт-азат­тық тақыры­бына ұла­сып, отар­шылдыққа қар­сы күрес­ке алып келді («Орал та­уы», «Алыс­тағы ба­уыры­ма», «Жер жүзінде», «Қазақ тілі», «Тез ба­рам!», «Түркістан», «Орал»). Сон­дай-ақ, Жұма­байұлы «Пайғам­бар» өлеңінде «Ғұн – түріктің арғы ата­сы» де­се, «Түркістан» ат­ты өлеңінде «Түркістан – ер түріктің бесігі ғой» деп асқақ рух­пен жыр­ла­ды.

түрікшілдік сезімі 1919 – 1923 жы­лы Мұста­фа Ке­мал Ататүрік бас­таған түрік халқының азат­тық соғысы­на ар­налған «Алыс­тағы ба­уыры­ма» ат­ты өлеңінде ай­рықша байқала­ды. Оның бұл өлеңін Мұста­фа Шоқай «Яш Түркістан» жур­на­лын­да (1930, №1) жа­ри­ялай оты­рып, оны түрікшілдік күресі үшін ең қым­батты және ең пай­да­лы өлең деп бағала­ды.

Фи­лософ ақын

Жұма­байұлы – фи­лософ ақын. Ақын­ның фи­лосо­фи­ялық көзқара­сы өз өлеңдерінде жақсы­лық пен жа­ман­дық, әділдік пен әділетсіздік тәрізді қара­ма-қай­шы­лықты фи­лосо­фи­ялық ұғым­дарды ше­бер шен­дестіре білуінен байқала­ды. Ол дүни­ені біртұтас құбы­лыс ретінде алып, адам­ды сол ұлы та­биғат, жа­раты­лыс­тың бір ту­ын­ды­сы, бөлшегі ретінде су­рет­тейді. Та­биғат­сыз, жа­раты­лыс­сыз адам жоқ. Ал та­биғат адам­сыз да күн көре бе­реді. Бірақ са­на оған бағын­бай­ды, де­не бағын­са да сезім бағын­бай­ды. Сон­дықтан ол бұлқына­ды, серпінеді, үстем болғысы ке­леді («От»).

Құбы­лыс­тың мәнін кең көлем­де, жал­пыға бірдей қалып­та та­ни білу­де ақын, ең ал­ды­мен, ненің бол­са да мән-мазмұны­на үңіледі, әрдайым жал­пы адам­затқа тән әуен­ге бой ұра­ды, та­биғат­тың өз заңына ғана бағына­тын құбы­лыс­тардың ішкі құпия ас­та­рын ұғынғысы ке­леді. Жұма­байұлы­ның ойын­ша ақын де­ген бол­жап білмес жолға са­пар шек­кен пір, кей­де жын, кей­де ба­ла, сол са­пар­да ол қиын­дықты қайыс­пай көте­ретін, не дүни­ені тәрк етіп, бәрінен безінетін жан («Қиял құлы мен бір ақын»). Ақын «Қорқыт» по­эма­сын­да фи­лосо­фи­ядағы мәңгілік тақырып – өмір мен өлім мәсе­лесін Қорқыт пен ажал­дың аңды­суы түрінде су­рет­тейді. Ажал – хақ, сон­дықтан да өмір жібінің түйінінде өлімді бол­май қой­май­тын өмір ақиқаты ретінде қабыл­дау қажет деп са­най­ды ол. Қазақ ли­рика­сына үлес қосуы Жұма­байұлы қазақ ли­рика­сының сыр­шылдығын те­реңдетті, адам­ның нәзік сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қаси­ет оның, әсіре­се, ма­хаб­бат ли­рика­сына тән («Сүй, жан сәулем», т. б.). Жұма­байұлы – әлемдік по­эзияда эко­логи­ялық тақырып­ты алғаш жыр­ла­ушы­лар­дың бірі («Ай­да атыңды, Сәрсем­бай», «Шойын жол»). Ол те­хика­лық прог­реске қар­сы болған жоқ, оның ұлттық-мәде­ни, ру­хани дәстүрлерді бұзу­ына қар­сы еді. Тех­ни­ка жетістіктерін қызыға жыр­лай оты­рып, туған жердің әсем та­биғаты­нан айыры­лып қал­мауға үндеді.

Қазақ по­эма­сына үлес қосуы

Жұма­байұлы қазақ по­эма­сының ба­ян­дау стилін, ше­шендік мәнерін өзгер­ту қажет екендігін алғаш айтқан­дардың бірі бол­ды. Қазақ по­эма­сын су­рет­керлік ар­наға бұрды. Адам жа­нының, пси­холо­гия әлемінің құпия сыр­ла­рын, иірімдерін, да­му ди­алек­ти­касын ше­берлікпен кес­те­леп өрнек­тей білді. Жұма­байұлы по­эма­лары­на ли­рика­лық те­реңдік пен эпи­калық кең құлаш­ты­лық бірдей тән. Же­ке адам мен ұлт тағды­рын драм. сю­жет­те үй­лестіріп, көркемдік зор қуат­пен жыр­лай білді («Ба­тыр Ба­ян», «Оқжет­пестің қиясын­да», «Қой­лы­бай­дың қобы­зы», «Өтірік ер­тегі», «Шын ер­тегі»).

Ақын шығар­ма­шылығының үлкен бір ар­на­сы – ха­лыққа білім бе­ру, пе­даго­гика са­ласы. Мек­теп оқушы­лары­на, мұғалімдер­ге ар­нап «Пе­даго­гика» (1922, 1923), «Бас­та­уыш мек­тепте ана тілін оқыту жөні» (1925) еңбек­терін жа­ри­яла­ды. Ақан сері, Ба­зар жы­рау, Әбубәкір Ди­ва­ев ту­ралы зерт­теу еңбек­тер жа­зып, ауыз әде­би­еті үлгілерін жи­науға жәрдем­десті.

Аудар­ма­лары

Жұма­байұлы аудар­ма са­ласы­на үлкен мән берді. И. Ге­те, Г. Гей­не, Әбу Фи­рас, А. В. Коль­цов, М. Ю. Лер­монтов, А. А. Фет, И. И. Дмит­ри­ев, И. П. Мят­лов, А. А. Блок өлеңдерін, А. М. Горь­кий, В. В. Ива­нов, Д. Н. Ма­мин-Си­биряк, т. б. әңгіме­лерін қазақ тіліне аудар­ды. Таңда­улы про­залық шығар­ма­лар ауда­румен қоса Жұма­байұлы «Шол­панның күнәсі» әңгімесі арқылы қазақ әде­би­етіне пси­холо­ги­ялық тал­дау, са­на ағымы әдістерін енгізді.

Шығар­ма­лар

Қазақтың көңіл күйі, өлең, «Үзік» жи­нағын­да, Орал, 1912; Шол­пан, өлеңдер, Қазан, 1912; Өлеңдері, Қ. -О., 1922; Өлеңдері, Таш., 1923; Шығар­ма­лары, А., 1989; Таңда­малы, А., 1992; Шығар­ма­лар, 3 т., А., 1995. Мағжан­ның әйгілі өлеңдерінің бірі «Мен Жас­тарға Се­немін» бо­лып та­была­ды.

Кеңестік жүйенің қуғын-сүргінінің құрба­ны болған Жұма­байұлы есімін ақтау ісі 1958 жы­лы қолға алын­ды. Осы жы­лы рес­ми ко­мис­сия құры­лып, ақын­ның таңда­малы ли­рика­ларын жа­ри­ялау жөнінде ұйғарым жа­сал­ды. Бірақ одан нәти­же шықпай, Жұма­байұлы шығар­ма­лары ба­сыл­май қала берді.

1960 жы­лы Түркістан әске­ри окр. әске­ри три­буна­лының алқасы шешімімен Жұма­байұлы то­лығымен, біржо­ла ақтал­ды. Жұма­байұлы есімі ақтал­са да ол жөнінде Қазақстан Жа­зушы­лар одағы мен ғылы­ми ме­кеме­лер­ге ха­бар­ланба­ды. Осы­лай­ша, Қазақстан халқы ұзақ уақыт бойы Жұма­байұлы шығар­ма­лары­мен же­те та­ныса ал­май келді.

Түрки­яда ақын кітап­та­ры жа­рық көргенімен, олар қазақ оқыр­манда­ры қолы­на ти­меді. 1969 жы­лы Жұма­байұлы­мен қыз­меттес, та­ныс болған адам­дар Жұма­байұлын ақтау, шығар­ма­ларын жа­ри­ялау ке­ректігі жөнінде Қазақстан бас­шы­лары­на хат та жол­даған бо­латын. Бірақ Жұма­байұлы­ның шығар­ма­лары 1989 жы­лы ғана қай­та­дан жа­ри­яла­на бас­та­ды. 1995 жыл­дан М. Ба­зар­ба­ев, С. Қира­ба­ев, Х. Аб­дуллин, Ш. Еле­уке­нов, Б. Дәрімбет, Ш. Са­ри­ев бас­таған ғалым­дар то­бы Жұма­байұлы­ның 3 том­дық шығар­ма­ларын шығару­ды қолға ал­ды.

Жұма­байұлы шығар­ма­шылығын те­реңірек зерт­теу еліміздің еге­мендік алу­ынан бергі ке­зеңде ғана нақты­лы жолға қойыл­ды. Жұма­байұлы есімін мәңгі ес­те қал­ды­ру бағытын­да да бірша­ма жұмыс­тар атқарыл­ды. Ал­ма­ты және Пет­ро­павл қала­ларын­да бір-бір көше­ге Жұма­байұлы есімі берілді. Пет­ро­павл қала­сын­да және ақын­ның туған ауылын­да ес­керткіш қойылған. Солтүстік Қазақстан об­лы­сының бұрынғы Бу­ла­ев ауда­ны Мағжан Жұма­байұлы ауда­ны бо­лып атал­ды (2000).

Мағжан Жұма­байұлы­ның ме­мори­ал­дық мұра­жайы

Ақын­ның 100 жыл­дық ме­рей­тойына ар­на­лып 1993 жы­лы ашылған. Ол Мағжан Жұма­байұлы аудан­дағы өзінің ту­ып-өскен Са­рыто­мар ауылын­да ор­на­ласқан. Мұра­жай бұрынғы Мағжан Жұма­байұлы атын­дағы кеңшар­дың мек­тебінде. Он­дағы жи­налған қор­лар мен ма­тери­ал­дар ақын­ның шығар­ма­шылық өміріне ар­налған. Құжат­тардың көшірмесі Ал­ма­ты, Пет­ро­павл, Ом­бы қала­ларын­да және кейбір аудан­дарда сақталған. Мұра­жай­дың жал­пы аумағы 60м2.

Қазақтың Ұлы ақыны Мағжан Жұма­байұлы­ның ес­керт­кi­шi

Қазақтың Ұлы ақыны Мағжан Жұма­байұлы­ның ес­керт­кi­шiМағжан Жұма­байұлы және Ин­терна­ци­онал көше­лерi­нiң қиылы­сын­да ор­на­ласқан алаңда Солтүстiк Қазақстан же­рiн­де туған көрнек­тi қазақ ақыны Мағжан Жұма­байұлы­ның ес­керт­кi­шi ор­на­тылған. Оның ав­то­ры — Қазақстан Рес­публи­касы­ның же­тек­шi мүсiн­шi­сi, ха­лықара­лық кон­курс­тар­дың ла­уреаты және дип­ло­ман­ты, Су­рет­шi­лер одағының мүше­сi Ма­рат Әй­не­ков.

Ес­керт­кiш Мағжан­ның гра­нит­тен жа­салған отырған бей­не­дегi үшметр­лiк мүсi­нiн ұсы­нады. Ақын­ның иығын­да ұшқыр ой­дың ны­шаны — қар­шыға. Ақын ой үстiн­де отыр, оның ойы бо­лашаққа бағыт­талған. Мүсiн қоңыр түстi күртi гра­нитi­нен орын­далған. Мүсiн­мен жұмыс iс­те­ген­де ав­торға Мағжан­ды көрген және жа­дын­да ұстаған ақын­ның жалғыз ту­ысы — Ғадыл­ша Қаһар­ма­нов көмек қылған. Оның кес­кiн-кел­бе­тi Мағжанға өте ұқсас. Ес­керт­кiш 1993 жы­лы ақын­ның 100-жыл­дығына ашылған.