Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Коллективтендіру және көпшілікті жазалау (1930 — 1940 ж.ж.)

Жүргенов Темірбек Қараұлы

Жүрге­нов Темірбек Қараұлы (1898, Қызы­лор­да обл., Жа­лағаш ауд., Жаңата­лап а. — (25.2.1938), Ал­ма­ты) — мем­ле­кет қай­рат­кері. Тұрмағам­бет Ізтіле­уов ұстаз­дық ет­кен ауыл мек­тебінде са­уат ашып, кейін Ала­месек­тегі орыс-қазақ мек­тебінде, Пе­ровскідегі (қазіргі Қызы­лор­да) Су­ханс­кий атынд. учи­лище­де бас­та­уыш білім алған. 1917 ж. Уфа жер ша­ру­ашы­лығы учи­лищесіне оқуға түседі. Осын­да оқып жүріп қоғам­дық өмірге бел­се­не ара­ласа­ды, сту­дент жас­тардың әле­ум. қозғалыс­та­рына қаты­сады. 1918 ж. «Қазақ мұңы» га­зеті ре­дак­ци­ялық алқасы­ның құра­мына енді, Торғай­дағы кеңес­тер съезін шақыру бю­росы­ның мүшесі бол­ды. 1919 ж. Ырғыз уезі Кен­жеғара бо­лысы рев. к-тінің төрағасы қыз­метіне тағайын­далған. 1920 ж. БК (б) П қата­рына өтіп, Ырғыз уездік рев. к-тінің, уездік жұмыс­шы, сол­дат және ша­руа де­путат­та­ры атқару к-тінің төрағасы бо­лып сай­лан­ды, 1921 — 23 ж. Орын­борда жұмыс­шы ф-тінде оқиды. 1923 ж. Таш­кент­тегі Ор­та Азия мемл. ун-тінің құқық ф-тіне оқуға жіберіледі. Осын­да оқып жүріп, ол Қазақ АКСР-інің Түркістан Рес­публи­касын­дағы то­лық өкілетті өкілі бо­лып тағайын­да­лады, Қазақ АКСР-і мен Түркістан Рес­публи­касы­ның ОАК-теріне мүше бо­лып сай­ла­нады, өлкелік және респ. пар­тия ұйым­да­рының кон­фе­рен­ци­яла­ры мен пле­нум­да­рына қаты­сады. Ор­та­лық Ази­яда құрылған рес­публи­калар аумағының ұлттық-тер­ри­тори­ялық ме­желе­нуіне ат са­лыса­ды. Бұл мәсе­ле төңірегінде «Еңбекші қазақ», «Со­ветс­кая степь» га­зет­теріне мақала­лар жа­ри­яла­ды. 1926 ж. Таш­кент­тегі Қазақ пед. ин-ты­ның ди­рек­то­ры бо­лып тағайын­да­лады. Инс­ти­тутқа акад. В. В. Бар­тольд, проф. С. Е. Ма­лов секілді ғалым­дарды шақыр­тып, инс­ти­тут жұмы­сын жан­данды­руға күш сал­ды. Жоғары оқу орын­да­рына ар­налған са­яси эко­номия және құқықта­ну пәндері бойын­ша оқу құрал­да­рын қазақ тіліне аудар­ды. Қазақ тер­ме­лерінің жи­нағын құрас­ты­руға ат са­лыс­ты. 1929 ж. Тәжікстан үкіметінің қар­жы ко­мис­са­ры, 1930 — 33 ж. Өзбекс­тан үкіметінің ха­лық ағар­ту ко­мис­са­ры, 1933 — 37 ж. Қазақстан үкіметінің ха­лық ағар­ту ко­мис­са­ры қыз­меттерін атқар­ды. Ол Қазақстан­ның Ха­лық ағар­ту ко­мис­са­ри­аты жұмы­сына С. Ас­панди­яров, Қ. Жұба­нов, Ғ. Мүсіре­пов сияқты қай­рат­керлерді тарт­ты. Жүрге­новтің тіке­лей ат са­лысу­ымен «Қазақстан­да мек­теп жүйесін рет­теу және қазақ ор­та мек­тептерін көбей­ту ту­ралы» қаулы қабыл­да­нып, қазақ ор­та мек­тептерінің са­ны ар­ту­ына негіз қалан­ды. Жүрге­нов Ха­лық ағар­ту ко­мис­са­ри­атын ұлттық мәде­ни­етті өркен­де­ту шта­бына ай­нал­дырды. Ол 1934 ж. Ал­ма­тыда өткен Бүкілқазақстан­дық ха­лық өнер­пазда­рының 1-слетін, 1936 ж. Мәске­удегі Қазақстан өнері мен әде­би­етінің онкүндігін негізгі ұйым­дасты­рушы­лар­дың бірі бол­ды. Онкүндік кезінде рес­публи­камыз­дың өзге де мәде­ни­ет қай­рат­керлерімен бірге Еңбек Қызыл Ту ор­денімен ма­рапат­талды. Жүрге­нов — ұлттық мәде­ни­ет пен өнер са­ласы ма­ман­да­рын да­яр­лауға көп көңіл бөліп, қазақ жас­та­рының КСРО-ның орт. қала­ларын­дағы оқу орын­да­рын­да білім алу­ына көмек көрсетіп отыр­ды. М. Әуезов, Ж. Ша­нин, Ә. Қас­те­ев, т. б. қай­рат­керлердің шығар­ма­шылық жұмыс­пен ай­на­лысу­ына жағдай жа­сады. Жүрге­нов Қазақстан­да алғашқы му­зыка те­ат­рын (қазіргі Қазақ опе­ра және ба­лет те­ат­ры) ұйым­дасты­руға үлкен үлес қос­ты. Қазақ әндері ту­ралы А. В. За­та­евич­ке көпте­ген мәлімет­тер берді. 1937 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесіне де­путат­тыққа кан­ди­дат ретінде ұсы­ныл­ды. Осы жы­лы 3 та­мыз­да «ха­лық жа­уы» де­ген жалған айып­пен ұста­лып, РКФСР Қыл­мыстық ко­дексінің 58-ба­бының 10-, 11-тар­мақта­ры бойын­ша ату жа­засы­на кесілді. КСРО Жоғарғы со­тының әске­ри кол­ле­ги­ясы­ның 1957 ж. 18 сәуірдегі шешімімен кінәсіз жа­заланғаны анықта­лып, ақталған. 1993 ж. Ал­ма­тыдағы Қазақ ұлттық өнер ака­деми­ясы­на Жүрге­нов есімі берілді. Ал­ма­ты, Қызы­лор­да қ-ла­рын­да, Ақтөбе обл. Ырғыз ауд. мен Қызы­лор­да обл. Жа­лағаш ауд-нда Ж. есімімен ата­латын мек­тептер мен көше­лер бар. 1998 ж. Жүрге­новтің 100 жыл­дығы рес­публи­ка көлемінде ата­лып өтті. Туған жері Жа­лағаш кентінде ес­керткіш ор­на­тыл­ды.

Шығар­ма­лары

  • СССР мен Қазақстан­ды әкімшілік-ша­ру­ашы­лық жағынан аудан­дарға бөлу проб­ле­масы, Қ. -О., 1927;
  • По­литэ­коно­мия, Қ. -О., 1928;
  • Қазақ пе­даго­гика­лық инс­ти­туты­ның бір жылғы жұмы­сы, Таш., 1928;
  • Мек­тептің түп кемшілігін кетіру үшін күрес, Таш., 1933;
  • Қазақстан­да мәде­ни­ет ре­волю­ци­ясы, А., 1935;
  • Қазақтың ха­лық ақын­да­ры, М., 1936;
  • Қазақстан­да са­уат­сыздықты жою жұмы­сы ту­ралы, А., 1936.