Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Тарихи хроника

Қазақстан­дағы ұжым­дасты­ру са­яса­ты (1925–1933 жж.)

Қазақ ауылы ұжым­дасты­ру қар­саңын­да

ЖЭС-ті жүзе­ге асы­ру мәсе­лесі ша­ру­ашы­лыққа біраз өзгерістер әкелді. Ең ал­ды­мен ко­опе­ративтік қозғалыс да­мыды.

Ұжым­дасты­ру қар­саңын­да 1072 ұжым­дық ша­ру­ашы­лық жұмыс істеді. 1929 жы­лы рес­публи­кадағы мал са­ны 40,5 мил­ли­онға дейін жетті. Бірақ Ф. И. Го­лоще­киннің «ауыл­ды кеңес­тендіру» бағыты игі нәти­желер­ге кері әсер етті.

1928 жы­лы 27 та­мыз­да Қазақ АКСР-ның Ха­лық Ко­мис­сарлар Кеңесі мен Ор­та­лық Атқару Ко­митеті «Ірі бай ша­ру­ашы­лықта­рын, жар­ты­лай фе­одал­да­ры кон­фиске­леу және жер ауда­ру» дек­ретін қабыл­да­ды. Нәти­жесінде 657 бай жер ауда­рылып, олар­дан 145 мың мал алын­ды. Мал­дар, негізінен, кол­хоздарға берілді. Көпте­ген ор­та­ша ша­ру­алар бай­лар­дың қата­рына жатқызыл­ды.

Ауыл ша­ру­ашылғын күштеп ұжым­дасты­ру

Ком­му­нистік пар­ти­яның XV съезінде ауыл ша­ру­ашылғын ұжым­дасты­ру ісінің аяқта­луы 1932 жылға жос­парлан­ды. Қазақ жерінде кол­хоз құры­лысы 1922 жыл­дан бас­тап кеңейді.

Ұжым­дасты­ру ісіне көмек ретінде ауыл­ды жер­лерге 8000 жұмыс­шы жіберілді. 25 мыңдықшы­лар деп аталған 1204 "ұжым­дасты­рушы" Мәскеу, Ле­нинг­рад сиқты ор­та­лықтар­дан жіберілді.

Ауыл ша­ру­ашы­лығының ұжым­дасты­рылуы өте қатал жағдай­да жүргізілді. 1931 жы­лы көшпенді және жар­ты­лай көшпенді ша­ру­алар­ды жап­пай оты­рықшы­лан­ды­ру жөнінде міндет қойыл­ды. Ұжым­дасты­ру же­дел және жос­парсыз жүргізіле бас­та­ды.

1928–1931 жыл­дардағы ұжым­дасты­ру ба­рысы:

рес­публи­ка ша­ру­ашы­лығының 1928 жы­лы 2% -ы,

1930 жы­лы сәуірде 56,4%-ы,

1931 жы­лы қазан­да 69%-ы ұжым­дасты­рыл­ды.

Ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін және мал­дарды күшпен ал­ды. Мы­салы, 1931–1932 жыл­да­ры Шұбар­тау ауда­нын­да мал­дың 80%-ы ет­ке өткізілді. Балқаш ауда­нының халқына 297000 малға са­лық са­лын­ды, ал Балқаш­тың бар­лық ма­лы 173000 ғана бол­ды. Торғай­дағы 1 млн. мал­дың 98 мыңы ғана қал­ды.

Ку­лак­тарды жою ісі қатал жүргізілді. Шо­лақ бел­сенділер ор­та­шалар­мен қатар ке­дей ша­ру­аларға да зор­лық жа­сады.

Ұжым­дасты­ру зар­да­бы

1929–1933 жыл­дар ара­лығын­да Қазақстан­дағы біріккен мем­ле­кеттік са­яси басқар­ма (ОГ­ПУ) 3386 адам­ды ату, 13151 адам­ды түрме­ге қамау ту­ралы үкім шығар­ды. Көпте­ген адам­дар өздерінің мал­да­рынан айырыл­ды.

1930–1932 жыл­да­ры Қазақстан­ды әйгілі ұлы жұт аш­тық жай­ла­ды.

Тәркілеу. Бай мен ку­лак­тарды жою.

Ел­де аг­рарлық са­ясат­ты іске асы­ру ба­рысын­да кеңес өкіметі ірі бай­лар­дың, «жар­ты­лай фе­одал­дардың» ең әуелі ма­лын, со­сын еңбек құра­лын, одан кейін олар­дың тұра­тын үй­лерін тар­тып алып, жер ауда­рып жібе­руге бағыт ал­ды. 1927 ж. жел­тоқса­нын­да Рес­публи­ка өкіметінің жоғарғы бу­ын­да­рын­да ірі-ірі бай­лар ша­ру­ашылғын тәркіге са­лу жөніндегі заң жо­басын әзірлеу үшін ко­мис­сия құрыл­ды. Ко­мис­си­яның төрағасы бо­лып Е. Ер­на­заров тағайын­далды. Оның құра­мына О. Иса­ев, Н. Нұрмақов, Ғ. Тоқжа­нов, О. Жан­до­сов т. б. кірді. 1928 ж. 27 та­мызын­да Ор­та­лық Атқару Ко­митеті мен Рес­публи­ка Ха­лық Ко­мис­сарла­ры Кеңесінің мәжілісінде тәркілеу жөніндегі Заң жо­басы қабыл­да­нып, жар­лық қаулы түріндегі құжатқа ай­нал­ды. Ауыл-ауылға тіке­лей мыңнан ас­там өкіл жіберілді, де­меу ко­мис­си­яла­рын­да 4700 адам жұмыс істеді.

Қазақстан бойын­ша көшпелі аудан­дарда Қаулыға сәй­кес 400-ден аса ма­лы бар 700 ша­ру­ашы­лықты, жар­ты­лай көшпелі аудан­дарда ма­лы – 300, ал оты­рықшы аудан­дарда ма­лы 150 ден аса­тын ша­ру­ашы­лықты тәркіге са­лу белгіленді. Бұл науқан­ды 1928 жыл­дың 1 қара­шасын­да аяқтау жос­парлан­ды. Науқан­ның қоры­тын­ды­сы бойын­ша іс жүзінде 696 ша­ру­ашы­лық тәркіге са­лын­ды, олар­дың 619-ы тұрған ок­ругінен тыс жер­лерге ай­дал­ды. Тәркілен­гендер­ден ірі қараға шаққан­да 145 мыңдай мал және ауыл ша­ру­ашы­лық сай­ман­да­ры тар­тып алын­ды.

Тәркілен­ген мал­дың 80 мыңы ке­дей­лер мен ба­тырақтарға, 30 мыңға жуығы ұжым­шарларға берілді. Мал мен құрал сай­манға ие болған ке­дей­лер ауыл­дағы ор­та­шалар то­бы қата­рына көтерілді.

1920-шы жыл­дардың аяғын­да Қазақстан­да көшпелі және жар­ты­лай көшпелі қазақтар­ды оты­рықшы­лан­ды­руға бағыт­талған ша­ралар іске асы­рыл­ды. Мұның өзі бас­тапқыда кейбір жеңілдіктер бе­ру арқылы бірте-бірте жүргізілетін бо­лып белгілен­генмен, күштеп оты­рықшы­лан­ды­ру әдісі бе­лең ал­ды. Көпте­ген жер­лерде көшпелі ша­ру­ашы­лықтар бір жер­ге иіріліп, киіз үй­лер­ден көшесі бар қала­шықтар құрыл­ды. 10–15 күннен кейін он­дағы адам­дар жан-жаққа ешкімді тыңда­май қашуға, көшу­ге мәжбүр бол­ды. 1930–31 жыл­дарда осын­дай зор­лап оты­рықшы­лан­ды­ру зо­балаңына ұшы­раған мал ша­ру­ашы­лығымен ай­на­лыса­тын 25 аудан­нан 35 мыңнан ас­там ша­ру­ашы­лықтар рес­публи­кадан тыс жер­лерге көшіп кетті. Жал­пы Қазақстан бойын­ша 1931 жыл­дың та­мыз айына дейін 281 мыңнан ас­там ша­руа қожа­лықта­ры рес­публи­кадан тыс жер­лерге көшіп кетті.

1931–1933 жыл­дардағы аш­тық. Тұрар Рысқұлов­тың Ста­лин­ге жазған ха­ты.

Аш­тық жыл­да­рын­дағы ха­лық шығыны:

1930 жы­лы аш­тықтан 313 мың адам,

1931 жы­лы аш­тықтан 755 мың адам,

1932 жы­лы аш­тықтан 769 мың адам өлді.

Ауыл халқының 40% -ын жоғалт­ты (1 млн 750 мың адам).

1 мил­ли­он­нан ас­там адам ше­тел­ге көшіп кетті. Оның 616 мыңы қайтқан жоқ. 1931–1933 жыл­да­ры аш­тықтан 6,2 млн. адам­ның 2,1 мил­ли­оны өлді.

1929 жы­лы Қазақстан­дағы 40,5 млн. мал­дан 1933 жы­лы 4,5 млн. ғана қал­ды.

1932 жылғы аш­тық, оның се­беп­тері ту­ралы мем­ле­кет қай­рат­керлері Ғ. Мүсіре­пов, Қ. Қуаны­шев, М. Ғата­ул­лин, Е. Ал­тынбе­ков, М. Дәулетқали­ев Ф. И. Го­лоще­кин­ге хат жаз­ды. Бұл хат «Бе­се­удің ха­ты» деп атал­ды.

1933 жы­лы мем­ле­кет қай­рат­кері, сол кез­де РКФСР Ха­лық Ко­мис­сарлар Кеңесі төрағасы­ның орын­ба­сары қыз­метін атқарған, Т. Рысқұлов Қазақстан­дағы ұжым­дасты­рудың зар­дапта­ры, елді жай­лаған аш­тықтың се­беп­тері, ха­лықтың тар­тып отырған қасіреті жай­лы И. В. Ста­лин­ге ашық хат жаз­ды.

Ұжым­дасты­ру са­яса­тына қар­сы ша­ру­алар толқуы

1929–1931 жыл­да­ры Қазақстан жерінде ша­ру­алар­дың ұжым­дасты­ру са­яса­тына қар­сы ұйым­дасты­рылған қару­лы қозғалы­сы бол­ды.

Ірі көлем­де ша­ру­алар қозғалы­сы өткен жер­лер:

1929 жы­лы 29 қыркүйек – Бос­тандық,

1929 жы­лы 1 қара­ша – Бат­паққара (Қос­та­най),

1930 жы­лы 2 ақпан – Со­зақ,

1930 жы­лы 25 ақпан – Ырғыз,

1930 жы­лы 26 на­урыз – Сарқан­да т. б.

Ша­ру­алар қар­сы­лығының түрлері:

  • көтеріліске шығу;
  • шо­лақ бел­сенділерді, пар­тия қыз­меткер­лерін өлтіру;
  • ше­тел­ге көшу;
  • қала­лы жер­ге ке­ту т. б.

1930 жы­лы ма­мыр­да Се­мей ок­ругінің Өске­мен, Са­мар, Ка­тонқарағай аудан­да­рын­да ха­лықтың ірі толқула­ры өтті.

Торғай­дағы бат­паққара көтерілісін ор­та­лық бан­диттік бас­ма­шылар қозғалы­сы деп ата­ды.

Қарақұм көтерілісіне қатысқан­дар са­ны 5000-ға дейін жетті. Бұл көтеріліс күшпен ба­сыл­ды.

1930 жы­лы Со­зақта ұжым­дасты­ру са­яса­тына қар­сы Қазақстан­дағы ең ірі ша­ру­алар көтерілісі өтті. Көтерілісшілер аудан бас­шы­лары мен шо­лақ бел­сенділерді өлтірді. Көтеріліс күшпен ба­сылып, оған қатысқан 68 адам атыл­ды. Балқаш, Қор­дай, Шұбар­тау, Абы­ралы, Адай да­ласы, Іле өңірлерінде ша­ру­алар­дың ірі көтерілісі бол­ды. Көтеріліске қатысқан­дар аяусыз жа­залан­ды.

30-жыл­дардағы қоғам­дық са­яси өмір

30-жыл­да­ры КСРО-да со­ци­алистік қаты­нас­тар ор­нығып бол­ды. Со­ци­ализмнің то­тали­тар­лық, ка­зар­ма­лық си­паты­ның көрінісі:

  1. Мем­ле­кеттік меншік нығайып, өндіріс-құрал жаб­дықта­рына қоғам­дық меншік ор­нап, ша­ру­алар жер­ден шет­тетілді.
  2. Бю­рок­ра­ти­ялық ор­та­лық нығайып, рес­публи­калар іс жүзінде то­лық еге­мендік ал­ма­ды.
  3. Рес­публи­калар­дың заң шығару бас­та­масы бол­ма­ды.

1936 жыл – ста­линдік КСРО Конс­ти­туци­ясы жа­ри­ялаған бю­рок­ра­ти­ялық ор­та­лықтан­ды­ру ор­нықты.

Ел­де «Со­ци­ализм жо­лымен ілгеріле­ген сайын тап күресі ши­еленісе түседі» де­ген ста­линдік те­ория үстемдік етті. Нәти­жесінде:

  • Жа­залау ор­ганда­рының қыз­меті күшейтілді;
  • Мем­ле­кеттік өкімет ор­га­ны ретіндегі Кеңес­тер қыз­меті шек­телді.

Одақтық Ішкі істер ха­лық ко­мис­са­ри­аты құра­мын­да ерек­ше кеңес құры­лып, жа­залау ша­рала­ры іс жүзіне асы­рыл­ды. Жа­залау ша­рала­ры:

  • Ату жа­засы
  • Жер ауда­ру
  • Еңбек­пен түзеу ла­герь­леріне қамау
  • КСРО-дан тыс жер­лерге қуда­лау.

Же­ке адам құқығы аяққа ба­сылып, ба­лама пікір айтқан адам «ха­лық жа­уы» қата­рына жатқызы­лып, жа­залан­ды.

Ұлттар мен ұлтшыл-ук­ло­нис­тер ту­ралы айқай-шу­ды ушықты­руға және жергілікті зи­ялы­лар­ды қуда­ла­уда өлкелік пар­тия ко­митеті ұйым­дасты­ру-нұсқаушы­лық бөлімінің меңге­рушісі Н. И. Ежов зор «үлес» қос­ты.

1937–1938 жыл­да­ры лаңкестік жап­пай си­пат ал­ды. Ұлт зи­ялы­лары «ха­лық жа­ула­ры» деп айып­та­лып, ста­линдік жен­деттердің қолы­нан қаза тап­ты. Қазақ әде­би­етінің негізін са­лушы­лар – С. Сей­фул­лин (1894–1938 жж.), Б. Май­лин (1894–1938 жж.), І. Жансүгіров (1894–1938 жж.), М. Жұма­ба­ев (1893–1938 жж.), М. Ду­латов жа­заға ұшы­рап өлтірілді.

Жа­залау ша­рала­рының құрбан­да­ры:

  • Қазақ тілі ғылы­мының негізін са­лушы А. Байтұрсы­нов;
  • Тілші ғалым, про­фес­сор – Қ. Жұба­нов,
  • Қазақтың та­рих мек­тебінің негізін са­лушы – С. Ас­фенди­яров,
  • КСРО Ғылым ака­деми­ясы Қазақ фи­ли­алы бас­шы­лары­ның бірі – М. Төле­пов т. б.

Қазақстан­да ла­герь­лер жүйесі құрыл­ды:

Степ­лаг – Да­лалық ла­герь.

Кар­лаг – ерек­ше ре­жимді Қараған­ды еңбек­пен түзеу ла­гері.

ЧСИР – Отанға опа­сыз­дық жа­саған­дар от­ба­сыла­рының мүше­леріне ар­налған ла­герь.

Ал­жир – Отанға опа­сыз­дық жа­саған­дар әйел­дерінің Ақмо­ла ла­гері.

ГУ­ЛАГ – Ла­герь­лер Бас Басқар­ма­сы.

Үштіктер – үш адам­нан құралған ко­мис­сия.

БМСБ (ОГ­ПУ) – Біріккен мем­ле­кеттік са­яси басқар­ма.

Кар­лаг аза­бын көрген­дер ара­сын­да Одақ көлемінде белгілі ғалым­дар, мем­ле­кет қай­рат­керлері т. б. бол­ды.

30–40 жыл­дар мен 50-жыл­дарда конт­рре­волю­ци­ялық қыл­мыскер­лер ту­ралы істерді негізінен сот ор­ганда­ры емес, БМСБ (ОГ­ПУ) алқасы, «Үштіктер», ерек­ше кеңес­тер шешті.

Со­ци­алистік құры­лыс­ты бұрма­лаған же­ке адамға та­быну иде­оло­гися­сының зар­дапта­ры:

  • Ста­линизмнің иде­оло­ги­ялық ап­па­раты ха­лықтар­дың та­рихи зер­десін жоюға бағыт­талды
  • Ұлттық зи­ялы­лар­дың көрнекті өкілдерін қырып-жой­ды

101 мың қазақстан­дық ГУ­ЛАГ-қа жа­былып, 27 мыңы атыл­ды. «Ха­лық жа­ула­рының» 40 мыңы ақтал­ды.

Ста­линшілдіктің бас­ты қыл­мы­сы:

  1. Әміршіл-әкімшіл жүйені қол­да­ну.
  2. Ла­герь­лер жүйесін құру.
  3. Ха­лықтар­ды күштеп көшіру.
  4. Аза­мат­тардың құқықта­ры мен бос­тандықта­рын бұзу.

31 ма­мыр – Ұлттық аза күні бо­лып белгіленді.

Алаш қозғалы­сының қай­рат­керлеріне қар­сы реп­рессия. 1920 ж. ба­сы мен 1930 ж. аяғын­дағы сот про­цесі.

20 ж. аяғын­да жағдай­ды ушықты­ру мен күдікшілдік жап­пай си­пат ал­ды. Ор­та­лықта троц­кишіл-зи­новьевшіл оп­по­зици­ямен және «оңшыл оп­порту­нис­термен» күрестің күшеюі ұлт рес­публи­кала­рын­да ұлт-азат­тық қозғалы­сының өкілдерін жа­залау түрінде көрініс та­уып жат­ты. 1928 ж. аяғын­да «бур­жу­азияшыл ұлтшыл­дар» деп аталған­дардың – бұрынғы Ала­шор­да қай­рат­керлерінің ішінен 44 адам жалған айып тағылып, қамауға алын­ды. Олар­дың ішінде А. Байтұрсы­нов, М. Ду­латов, М. Жұма­ба­ев, Ж. Ай­ма­уытов, Х. Ғаб­ба­сов және басқалар бар еді. Құра­мын­да М. Ты­ныш­па­ев, Х. Досмұхам­бе­тов, Ж. Досмұхам­бе­тов, Ж. Ақпа­ев, Қ. Ке­меңге­ров және басқала­ры бар ұлттық ин­телли­ген­ци­яның (40 адам­дай) басқа то­бы 1930 ж. қыркүйек-қазан­да қамауға алын­ды. Олар­дың ішінен 15 адам Ре­сейдің Ор­та­лық қара­топы­рақты об­лы­сына жер ауда­рыл­ды. Бұлар­дың бар­лығы 1937–1938 жж. жа­залан­ды.

1920 ж. аяғы мен 1930 ж. ба­сын­да КСРО-ның әле­уметтік-эко­номи­калық да­му­ын­дағы дағда­рыс ши­еленісе түскен сайын Кеңес­ке қар­сы зи­ян­кес эле­мент­тер мен ас­тыртын ұйым­дарды іздеу кең өрістей берді. Шах­та­лар мен кәсіпо­рын­дарда кез­дей­соқ ава­ри­ялар бол­са, кол­хоздар мен сов­хоздар­да мал өлсе, өрт және та­биғи апат­тар бол­са – бәрі де тап жа­ула­рының әре­кеті деп түсіндіріліп, осыған сай ха­лық жа­ула­рына және кеңес­ке қар­сы де­ген бүлікші ұйым­дар жөнінде қол­дан жа­салған қыл­мысты іс қозғал­ды. 1932 ж. Се­мей­де, осы об­лыстың Аб­ра­лы, Шыңғыс­тау және Қу аудан­да­рын­да өмірде бол­маған, ор­та­лығы Ал­ма­ты бо­лып та­была­тын ас­тыртын «Қазақстан ша­ру­алар пар­ти­ясы­ның» фи­ли­алы «ашыл­ды». Алай­да ша­ру­алар­дың жап­пай көтеріліс жа­са­уына және ауыл­дар мен се­лолар­да ашар­шы­лықтан адам­дардың өлуіне қара­май, бұл «іс» кең өріс ал­ма­ды. Осы іс бойын­ша 20-дан ас­там адам жа­уапқа тар­тылды. 1933 ж. Қызы­лор­да об­лы­сының Қар­мақшы ауда­нын­да «бай­шыл-ұлтшыл контррре­волю­ци­ялық „Жай­лас“ ұйымы әшке­реленіп», жойыл­ды. Бұл іс бойын­ша 55 адам қыл­мыстық жа­уапқа тар­ты­лып, оның 12-і атуға бұйырыл­ды.

Осы­мен қатар пар­тия ұйым­да­рын та­залау жүргізілді. Се­нуге бол­май­тын­дардың не­месе бір кез­де қате жібер­гендердің бәрі қуыл­ды. Олар негізінен троц­кийшілердің, оңшыл және «ұлтшыл ауытқушы­лар­дың» қата­рын­да бол­ды не­месе со­ларға жа­ны ашы­ды деп айып­талды.

КСРО жаңа Конс­ти­туци­ясы­ның жо­басын талқылау осын­дай үрей және жан­та­лас жағдай­да өтті. Ол 1936ж. 5 жел­тоқсан­да кеңес­тердің Бүкіло­дақтық VI­II Төтен­ше съезінде қабыл­данды. КСРО-ның жаңа Конс­ти­туци­ясы бойын­ша Қазақ АКСР-сы Одақтас Рес­публи­ка бо­лып қай­та құрыл­ды. 1937ж. 12 жел­тоқсан­да Қазақстан Кеңес­терінің X төтен­ше съезі Қазақ КСР-ның Конс­ти­туци­ясын бекітті. Рес­публи­ка Жоғарғы Кеңесінің сай­ла­уы өткізілді.

1937–1938жж. жап­пай са­яси қуғын-сүргін. То­тали­тар­лық жүйенің нығаюы.

1937ж. бас­талған са­яси жа­залау бүкіл елді қам­ты­ды. 1936ж. Жел­тоқсан Пле­нумын­да, мұнан кейін 1937ж. Ақпан-на­урыз пле­нумын­да Ор­та­лық Ко­митетінің, И. В. Ста­лин мен оның ай­на­ласын­дағылар­дың «екіжүзділердің, ха­лық жа­ула­рының бәрінің та­мырын ша­уып, жойып жібе­ру» қажеттігі ту­ралы нұсқауы берілді. 1937–1938жж. жа­заланған «ұлтшыл-фа­шис­тер» деп ата­латын­дардың істерінен көрінген­дей, Н. И. Ежов пен оның сы­бай­лас­та­ры мұндай істерді қол­дан жа­сауға көп қина­лып жат­паған. Бұл «істер­ге» — «ұлтшыл-фа­шис­тер» және басқа «ха­лық жа­ула­ры» де­ген­дердің істеріне кең құлаш­ты си­пат бе­ру үшін НКВД ор­ганда­ры олар­ды троц­кишілдер­мен және оңшыл­дармен одақ жа­сады де­ген қисын­ды ой­дан шығар­ды. Жер-жер­де «ашық» сот мәжілістері өткізіліп, олар­да сот­талған­дардан қажетті «мойын­да­улар» зор­лап алын­ды. «Ха­лық жа­ула­рының» негізгі көпшілігінің тағды­ры КСРО Жоғарғы со­ты әске­ри кол­ле­ги­ясы­ның үштігінің мәжілісінде шешілді.

1937–1938жж. Қазақстан­ның көрнекті мем­ле­кет және қоғам қай­рат­керлері Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожа­нов, Ұ. Құлым­бе­тов, О. Жан­до­сов, Ә. До­сов, А. Асыл­бе­ков, Ж. Сәдуақасов, Л. Мир­зо­ян, А. Са­фар­ба­ев, Ж. Сұлтан­бе­ков, Т. Жүрге­нов, Н. Сырғабе­ков, З. Төреғожин және басқа да көпте­ген адам­дар өтірік жа­ламен жа­залан­ды. Қазақтың ғылым мен мәде­ни­еті ор­ны тол­мас шығынға ұшы­рады. Ә. Бөкей­ха­нов, А. Байтұрсы­нов, М. Ду­латов, М. Жұма­ба­ев, С. Сей­фул­лин, І. Жансүгіров, Б. Май­лин, С. Ас­фенди­яров, Қ. Жұба­нов, Ж. Ша­нин, Т. Шо­нанов, Қ. Ке­меңге­ров және т. б. кінәсіз жа­зала­удың құрба­ны бол­ды.

Сөйтіп, 20ж. соңы мен 30ж. то­тали­тар­лық жүйе қоғам­дық са­яси өмірдің бар­лық са­ласын­да бекіді. Оның көрінісі әсіре­се Қазақстан­да ерек­ше жиіркенішті түр ал­ды. Олар күшпен ұжым­дасты­ру мен 1937–1938жж. са­яси жа­залау дәуірінің қайғылы оқиғала­рымен ұшта­сып жат­ты. Өлке­дегі әле­уметтік-эко­номи­калық өзгерістер, Қазақстанға Одақтас рес­публи­ка дәре­жесін бе­ру, мәде­ни құры­лыс­тағы, ха­лық ағар­ту ісіндегі және ғылым­дағы та­быс­тар то­тали­тар­лық жүйенің қатаң иде­оло­ги­ялық қыс­пағын­да өтті. Міне осы­ның бәрі Қазақстан­ның КСРО құра­мын­да бо­лашақ да­му жо­лын айқын­дап берді.

Қазақ КСР-інің құры­луы

Алғышарт­та­ры:

  • РКФСР құра­мын­дағы Қазақ АКСР-і да­мыған ин­дуст­ри­ялы-аг­рарлы рес­публи­каға ай­нал­ды;
  • Жұмыс та­бының көп ұлтты от­ря­ды же­дел қалып­тасты;
  • Ша­ру­алар­дың әле­уметтік та­биғаты өзгерді;
  • Ха­лық зи­ялы­лары­ның еле­улі то­бы құрыл­ды;
  • Қазақ әйел­дері қоғам­дық және ша­ру­ашы­лық өмірге бел­се­не ара­лас­ты.

Еңбек­ке жа­рам­ды 3,3 млн. адам­ның 1 млн. -ға жуығы жұмыс­шы­лар мен қыз­метшілер бол­ды. Олар­дың 20%-ы – түсті ме­тал­лурги­яда, 120 мыңы – та­сымал жұмы­сын­да, 46 мыңы – құры­лыс­тарда еңбек етті.

Осы­лай­ша, Қазақстан 15 жыл ішінде кеңестік мем­ле­кетті қалып­тасты­ру жо­лымен жүріп өтті.

l 1936 жылғы 5 жел­тоқсан – КСРО Кеңес­терінің төтен­ше VI­II съезінде КСРО Конс­ти­туци­ясы қабыл­данды.

Қазақ АКСР-ы Одақтас рес­публи­ка бо­лып қай­та құры­лып, Қазақ КСР-і атан­ды (бар­лығы 11 одақтас рес­публи­ка)

l 1937 жылғы на­урыз – Қазақстан Кеңес­терінің төтен­ше X съезінде Қазақ КСР-і Конс­ти­туци­ясы қабыл­данды. Он­да:

  • Рес­публи­каның са­яси негізі – еңбекшілер де­путат­та­рының Кеңес­тері;
  • Рес­публи­каның эко­номи­калық негізі – со­ци­алистік ша­ру­ашы­лық жүйесі және өндіріс құрал­да­ры мен құрал-жаб­дықта­рына со­ци­алистік меншік деп атап өтілді.
  • 1937 жылғы жел­тоқсан — КСРО Жоғарғы Кеңесінің сай­ла­уы өткізілді. Жоғарғы Кеңес­ке рес­публи­кадан 44 де­путат сай­лан­ды.

1938 жылғы ма­усым – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сай­ла­уы өткізілді. Оған бар­лығы 300 де­путат сай­лан­ды:

112-сі – жұмыс­шы;

116-сы – кол­хозшы;

152-сі – қазақ;

60-сы әйел, оның 27-сі қазақ әйелі.

1938 жылғы 15 шілде – Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің бірінші сес­си­ясы бо­лып, оны Ж. Жа­ба­ев аш­ты.

1939 жылғы жел­тоқсан – жергілікті Кеңес­тер сай­ла­уы өткізіліп, оған 48762 де­путат сай­лан­ды.

20–30 жыл­дар ке­зеңінің қоры­тын­ды­сы:

Тиімді жағы:

  1. Қазақ халқының са­яси теңдікке, тер­ри­тор­тя­лық ав­то­номия құқығына қолы жетті.
  2. Ин­дуст­ри­ясы же­дел да­мыды.
  3. Мәде­ни­ет, білім бе­ру са­ласын­да та­быс­тарға қол жетті.

Тиімсіз жағы:

  1. Эко­номи­ка мен мәде­ни­ет са­ласын­да қол жеткізген та­быс­тар тым қым­батқа түсті;
  2. То­тали­тар­лық, ка­зар­ма­лық жүйе ор­нықты;
  3. Қоғам­дағы та­быс­тар ста­линдік қатал иде­оло­ги­ялық қыс­пақ қор­ша­уын­да қал­ды.

Соғыс ал­дындағы жыл­дар

1939 жыл – пар­ти­яның XVI­II съезінде КСРО-ның ин­дуст­ри­ялық қуатын кеңей­ту, қорғаныс қабілетін нығай­ту бағыты көрсетілді.

Үшінші бес­жылдықта (1938–1942жж.) рес­публи­ка эко­номи­касын­дағы атқары­луға тиісті міндет­тер:

  • Түсті ме­тал­дар өндіру жөніндегі ірі ба­за;
  • Көмір, мұнай өндіретін аудан;
  • Ауыл ша­ру­ашы­лығы да­мыған ай­мақ бо­лу.

1938–1941 жыл­да­ры іске асы­рыла­тын ша­ралар:

  • Қар­сақпай мыс балқыту за­уытын қай­та құру мен кеңей­ту;
  • Жезқазған мыс балқыту за­уытын са­лу;
  • Ал­тай­да түсті ме­тал­лурги­яны да­мыту;
  • Ебідегі ге­оло­ги­ялық жұмыс­тар мен бар­лау-бұрғылау ісін же­дел­де­ту.

Осы жыл­да­ры еңбек кітап­ша­лары енгізілді, мем­ле­кеттік сақтан­ды­ру тәжіри­бесі жақсар­тылды, 8 сағат­тық жұмыс күніне, 6 күндік жұмыс ап­та­сына көшірілді.

1940 жыл­дың аяғын­да мем­ле­кеттік еңбек ре­зев­тері жүйесі пай­да бол­ды. Әйел­дер ірі өнеркәсіп жұмыс­шы­лары­ның 26,1% -ын құра­ды (1940 жыл). Жап­пай ер­лер ма­ман­дығын меңге­ру қозғалы­сы бас­талды.

1941 жылғы ма­усым­да – П. Ан­ге­лина­ның (Ба­тыс Қазақстан об­лы­сы, Те­ректі МТС-де істе­ген Ук­ра­ина трак­торшы­сы) «Трак­торды меңгеріңдер» бас­та­масы­мен 26 мыңнан ас­там әйел­дер трак­торшы ма­ман­дығын меңгерді.

Тұрақты ме­хани­затор­лар кадр­ла­ры қалып­та­сып, 116 мың ма­ман да­яр­ланды.

Соғыс қар­саңын­да ха­лық ша­ру­ашы­лығын­да 11 мыңнан ас­там ин­же­нер, тех­никтер еңбек етті. Ста­ханов­шы­лар мен өндіріс жаңашыл­да­рының қозғалы­сы өрістеді.

Рид­дердегі алғашқы ста­ханов­шы-шах­тер Б. Ықыла­сов.

Соғыс ал­дындағы жыл­дарда құры­лыс­тарды са­лу же­дел­деді. 1940 жыл­дың ба­сы – ұзын­дығы 806 шақырым­дық Ақмо­ла – Қар­та­лы жо­лы 9 айға тол­май­тын мерзімде са­лын­ды. Бұл жол құры­лысы­ның маңызы:

  • Ор­та­лық Қазақстан­ның өнеркәсіпті аудан­да­рын Орал­дың оңтүстігімен бай­ла­ныс­тырды;
  • Қараған­ды­дан Маг­ни­тогорскіге көмір та­су 500 шақырымға қысқар­ды;

Бұдан басқа Аты­рау-Қан­дыағаш, Қан­дыағаш-Орск, «Шығыс ора­мы» (806 км. Шығыс Қазақстан мен Се­мей об­лы­сы), Ал­ма­ты-Са­рыөзек, Жам­был-Алакөл темір жол­да­ры (2681 км.) са­лын­ды.

1938–1940жж. 1,4 мың шақырым жаңа темір жол төселді.

Үшінші бес­жылдықтың 3,5 жы­лын­дағы өнеркәсіптегі, та­сымал мен бай­ла­ныс­тағы күрделі қар­жы – 3,1 млрд. сом.

Рес­публи­ка өнеркәсібінің жал­пы өнімі – 57,3%-ға арт­ты.

Түсті ме­тал­лургия Қазақстан өнеркәсібінің же­текші са­ласы­на ай­на­лып, түсті ме­тал­лургия бойын­ша Қазақстан екінші орын­да бол­ды. Бұл са­ла кәсіпо­рын­да­ры: Шым­кент қорғасын, Балқаш мыс қоры­ту, Ле­нино­горск, Зы­рянов по­лиме­талл за­уыт­та­ры, мыс балқыту ком­би­наты, Ащы­сай, Қоңырат кеніштері.

Са­лынып жатқан құры­лыс­тар: Ақтөбе фер­роқоры­ту за­уыты, Те­келі по­лиме­тал­лургия, Жезқазған мыс балқыту ком­би­нат­та­ры.

Шым­кент қорғасын за­уыты­ның қорғасы­ны ел­дегі ең таңда­улы деп та­ныл­ды. 1939 жы­лы за­уыт ұжы­мы одақта 1-орын­ды жеңіп алып, Ле­нин ор­денімен ма­рапат­талды. Қазақстан Одақ көлемінде:

Қорғасын өндіру­ден 1-орын, мұнай мен көмір өндіру­ден 6-орынға шықты.

1940 жы­лы 2580 ірі кәсіпо­рын жұмыс істеп, ин­дуст­ри­яның жал­пы өнімі 1940 жы­лы 1913 жыл­мен са­лыс­тырған­да 7,9 есе өсті.

1940 жы­лы Қазақстан одақ бойын­ша:

  1. көмірдің – 4,2%-ын;
  2. мұнай­дың – 2,2%-ын;
  3. қорғасын­ның – 87%-ын;
  4. мыс­тың – 21%-ын өндірді.

Соғыс ал­дындағы жыл­дарда Ор­та­лық Қазақстан­ның өнеркәсіпті шикізат ай­мағы қалып­тасты.

Орал-Қазақстан-Сібір «үшбұры­шы» мы­рыш, қорғасын, мо­либ­ден т. б. өндіру­ден КСРО-да же­текші орын ал­ды. Вол­га-Орал ара­сын­дағы темір жол (ұзын­дығы 581 км.) Одақтың және рес­публи­каның ірі өнеркәсіпті ор­та­лықта­рын жалғас­тырды.

Соғыс ал­дындағы жыл­дарда кол­хоз құры­лысы да­мыды. 1940 жы­лы кол­хоз бен сов­хоздар­да:

  • 41 мыңнан ас­там трак­тор,
  • 11,8 мың ком­байн,
  • 14 мың жүк ав­то­мобилі жұмыс істеді.

Ауыл­ша­ру­ашы­лық тех­ни­касы 330 МТС және 194 сов­хозға шоғыр­ланды­рыл­ды. 116 мың ме­хани­затор, трак­торшы, ком­бай­ншы да­яр­ланды. 1940 жы­лы жоғары және ар­на­улы ор­та білімі бар 4 мың 600 аг­ро­ном, зо­отех­ник, мал дәрігері, ор­маншы болған.

1938–1940 жыл­да­ры 1338 ТОЗ ауыл­ша­ру­ашы­лық ар­тель­дерінің жарғысы­на көшіп, 6 мың 900-ға мыңға көбейді.

Ха­лықтық құры­лыс әдісімен 100 мың кол­хозшы ка­нал­дар мен су­лан­ды­ру жүйелерін са­луға қатыс­ты. 1938–1940 жыл­да­ры 145 мың га-дан ас­там жаңа су­ар­ма­лы жер игерілді. Ба­тыс Қазақстан­да Орал-Көшім ка­налы са­лын­ды.

1940 жы­лы әле­уметтік-мәде­ни ша­раларға мем­ле­кет­тен бөлінген қар­жы – 1 млрд. сомға жақын­да­ды (1932 жыл­мен са­лыс­тырған­да 12,5 есе көп).

1938–1940 жыл­да­ры рес­публи­када тұрмыс­тық қыз­мет көрсе­ту орын­да­ры са­лын­ды:

  • 3100-ден ас­там дүкен,
  • 600-ден ас­там ас­ха­на, рес­то­ран,
  • 200 жаңа ем­ха­на,
  • 120 ауру­хана.

Үшінші бес­жылдықтың жар­ты жы­лын­да тұрғын үй құры­лысы­на жұмсалған қар­жы – 876 млн. сом (екінші бес­жылдықта – 351 млн. сом)

1938–1940 жыл­дардағы шешілме­ген проб­ле­малар:

  • Мал ша­ру­ашы­лығының да­муы арт­та қал­ды;
  • Кол­хоз өндірісінде ма­тери­ал­дық ын­та­лан­ды­ру төмен бол­ды;
  • Ауыл­ша­ру­ашы­лық ма­ман­да­ры тұрақта­мады;
  • Кол­хоз өмірінде де­мок­ра­тия жеткілікті да­мыма­ды;
  • Тұрғын үй қоры со­ци­алистік құры­лыс қоры­нан кейін қал­ды.

XXғ. 20–30 жыл­дардағы Қазақстан­ның мәде­ни құры­лысы.

Ере­сек­тер ара­сын­да са­уат­сыздықты жою

Ша­ру­ашы­лықты да­мытып, жақсы өмір сүру үшін ең ал­ды­мен ха­лықтар ара­сын­да са­уат­сыздықты жою және ағар­ту ісін да­мыту міндеті тұрды.

1924 жы­лы Қазақстан­да «Са­уат­сыздық жойыл­сын» қоғамы ұйым­дасты­рыл­ды. 1921–1927 жыл­дар ара­лығын­да Қазақстан­да 200 мыңға жуық адам әр түрлі жер­де оқыды. 1928 жы­лы Қазақстан­да бар­лық ха­лықтың 28%-ы са­уат­ты бол­ды. Ал қазақтар ара­сын­дағы бұл көрсеткіш 10% бол­ды. 1931 жы­лы Қазақстан­да 15–20 жас ара­лығын­дағы бар­лық адам­дардың са­уатын ашу, яғни оларға міндетті білім бе­ру жүйесі енгізілді. Са­уат­сыздықты жою мақса­тын­да рес­публи­када ағар­ту ісіне жұмса­латын қар­жы­ның мөлшері көбейді.

Са­уат­сыздық жою ісі жөнінде Қазақстан одақ құра­мын­дағы басқа мем­ле­кет­терден арт­та қал­ды. Мұның се­бебі – әміршіл-әкімшіл жүйенің бю­рок­раттық са­яса­ты. Са­уат­сыздықты жою ісінде ең ал­ды­мен ком­со­мол ұйымы бел­сенділік та­ныт­ты. Тек қана 1930 жы­лы бұл іске ком­со­мол құра­мын­дағы 5000-ға жуық жас­тар қатыс­ты.

1936 жы­лы жер-жер­ден ашылған са­уат­сыздықты жою ме­кеме­лерінде 500000-нан ас­там адам оқыды.

Рес­публи­када ере­сек­тер ара­сын­да са­уат­сыздықты жою ісіне сол кез­дегі «Ауыл мұғалімі» жур­на­лы мен «Төте жол» га­зеті әдісте­мелік құрал ретіндегі көмегін тигізді.

1939 жы­лы Қазақстан­дағы са­уат­ты адам­дардың үлесі 65% бол­ды, қазақ халқының ара­сын­да бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Рес­публи­кадағы ірі қала­лар, негізінен, са­уат­ты қала­ларға ай­нал­ды (Ал­ма­ты, Шым­кент, Қараған­ды, Ле­нино­горск, Та­раз, Орал т. б.)

Ха­лыққа білім бе­ру ісі

1926 жы­лы Қазақ АКСР Ха­лық Ко­мис­сарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мек­тептерінің жарғысын» қабыл­да­ды. Көпте­ген қала­лар­да ар­на­улы білім бе­ретін және со­ның ішінде қазақ қыз­да­рын оқыта­тын мек­тептер ашыл­ды.

1930–1931 жыл­да­ры Қазақстан ха­лықта­рының ара­сын­да жал­пыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Жал­пыға бірдей білім бе­ру ісіне үкімет қол­дау көрсе­те бас­та­ды. Со­нымен қатар Қазақстан ком­со­молы бұл істің жүзе­ге асы­рылу­ын және білім бе­ру ісінің да­мыту­ын өз мойын­да­рына ал­ды. Білім бе­ру ісін да­мыту бағытын­да ана тіліндегі оқулықтар­ды жа­саған қазақтың ұлттық зи­ялы­лары үлкен үлес қос­ты. Мы­салы, А. Байтұрсы­нов су­ретті әліппе, Ж. Ай­ма­уытов ана тілі оқулықта­рын жаз­ды.

20–30 жыл­да­ры қазақ мек­тептеріне ар­налған оқулықтар­ды жа­сау бағытын­да Ғ. Мүсіре­пов, С. Сей­фул­лин, М. Жұма­ба­ев, М. Ду­латов, Қ. Ке­меңге­ров, Ә. Бөкей­ха­нов, С. Сәдуақасов, А. Байтұрсы­нов, Ж. Ай­ма­уытов көп еңбек сіңірді. Рес­публи­ка жерінде орыс, қазақ, өзбек, та­тар тілдерінде оқыта­тын мек­тептер жұмыс істей бас­та­ды. 1934–1935 жыл­да­ры Қазақстан­да 221 ин­тернат жұмыс істеді.

Соғыс­тың ал­дында рес­публи­ка мек­тептерінде 44000 мұғалім жұмыс істеді. С. Ақышев, С. Көбе­ев, А. Ақатов, Ш. Са­рыба­ев, Л. И. Дов­ранс­кая, Н. В. Вол­ков т. б. білім бе­ру ісінің үздіктері «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» де­ген атаққа ие бол­ды.

Кәсіптік білім бе­ру ісінің да­муы

1928 жы­лы Қазақстан­да тұңғыш жоғары оқу ор­ны Ал­ма­ты пе­даго­гика инс­ти­туты ашыл­ды. Бұл инс­ти­тут Абай­дың есімімен атал­ды.

1929 жы­лы Ал­ма­ты зо­отех­ни­калық мал дәрігерлік инс­ти­туты ашыл­ды.

1930 жы­лы Ал­ма­тыда Қазақ ауыл ша­ру­ашы­лық инс­ти­туты ашыл­ды.

1931 жы­лы Ле­нинг­рад әске­ри ме­дици­на ака­деми­ясы­ның қамқор­лығымен Ал­ма­ты ме­дици­на инс­ти­туты ашыл­ды.

1934 жы­лы Ал­ма­тыда Қазақ кен ме­тал­лургия инс­ти­туты ашыл­ды. Кейін по­литех­ни­калық инс­ти­тут аталған бұл оқу ор­ны ин­же­нер-тех­но­лог кадр­ла­рын да­яр­лай­тын іргелі оқу ор­ны бол­ды.

1931–1932 жыл­да­ры Қызы­лор­да, Орал қала­ларын­да пе­даго­гика инс­ти­туты ашыл­ды. Се­мей, Пет­ро­павл, Ақтөбе, Қараған­ды, Қос­та­най, Шым­кент қала­ларын­да мұғалімдер инс­ти­тут­та­ры ашыл­ды. Соғыс­тың ал­дындағы жыл­дарда Қазақ КСР-де жоғары оқу орын­да­рының са­ны 20-ға, ар­на­улы оқу орын­да­рының са­ны 118-ге жетті. Кәсіптік білім бе­ретін бұл оқу орын­да­рын­да 40000-ға жуық жас­тар білім ал­ды.

Ғылым­ның да­муы

XX ғасыр­дың 30 жыл­да­рын­да Қазақстан ғылы­мы қалып­та­сып, да­ми бас­та­ды. Қазақстан­ды ғылы­ми тұрғыдан зерт­теу ісіне 1920 жы­лы құрылған «Қазақстан­ды зерт­теу» қоғамы көп үлес қос­ты. Бұл қоғам­да Қ. Жұба­нов, С. Ас­панди­яров, Ж. Ай­ма­уытов, А. В. За­та­евич, А. Байтұрсы­нов, Ә. Ди­ва­ев, А. П. Чу­лош­ни­ков сияқты ғалым­дар еңбек етті. 1926 жы­лы М. Е. Мас­сон Та­раз қала­сының ор­нында ар­хе­оло­ги­ялық қаз­ба жұмыс­та­рын жүргізді.

Н. Г. Кас­син, С. С. Не­уст­ро­ев, М. П. Ру­саков, А. Е. Ферс­ман, Р. А. Ба­рунайов сияқты ге­олог ғалым­дар қазақ жерінің та­биғи ре­сурс­та­рын зерт­те­уде ірі та­быс­тарға жетті. Қараған­ды, Екібастұз көмір қор­ла­ры, Ембі мұнай қоры анықтал­ды.

1932 жы­лы КСРО Ғылым ака­деми­ясы­ның қазақстан­дық ба­засы құрыл­ды. Бұл ба­заның құра­мын­да 1935 жы­лы та­рих және ге­оло­гия сек­то­ры, Қазақ ұлттық өнер ғылы­ми-зерт­теу инс­ти­туты құрыл­ды.

1935 жы­лы КСРО Ғылым ака­деми­ясы Кенді Ал­тай түсті ме­талын, Жезқазған мы­сын, Орал-Ембі мұнайын зерт­те­уге ар­налған сес­сия өткізді. Зерт­теу нәти­жесінде Қазақстан­ның одақ көлемінде көмір қоры жөнінен бірінші орын ала­тыны анықтал­ды.

1935 жы­лы про­фес­сор С. Ас­панди­яров­тың еліміздің та­рихы жөнінде «Қазақстан­ның көне за­ман­нан бергі та­рихы» ат­ты ғылы­ми еңбегі жа­рық көрді.

А. Байтұрсы­нов, Қ. Жұба­нов, С. Сей­фу­лин, С. Мұқанов бас­таған әде­би­ет­та­нушы­лар линг­вис­ти­ка, тіл білімі және әде­би зерт­те­улер бойын­ша ғылы­ми еңбек­тер жаз­ды.

Қазақ КСР-де ғылым­ды да­мыту жо­лын­да С. М. Ва­вилов, В. Л. Ка­маров, А. Н. Сма­ило­вич (түрко­лог), А. Д. Ар­хангель­ский (ге­олог) есімді ака­демик­тер мол үлес қос­ты.

1940 жы­лы Қазақстан­да 57 ғылы­ми-зерт­теу инс­ти­туты жұмыс істеді. Бұлар­да 1700-ге жуық қыз­меткер еңбек етті. 1939 жы­лы елімізде ғылы­ми істер­ге жұмса­латын күрделі қар­жы 14,4 мил­ли­он сомға жуық бол­ды.

Соғыс қар­саңын­да КСРО Ғылым ака­деми­ясы­ның қазақ фи­ли­алы құрыл­ды.

Қазақ Кеңес өнерінің да­муы

XX ғасыр­дың 20–30 жыл­да­рын­да Ал­ма­ты, Орал, Пет­ро­павл, Се­мей, Ақмо­ла, Қос­та­най қала­ларын­да түрлі деңгей­дегі мәде­ни­ет ме­кеме­лері жұмыс істеді.

А. В. За­та­евич «Қазақ халқының 1000 әні» (1925 жы­лы), «Қазақ халқының 500 ән мен күйі» (1931 жы­лы) де­ген еңбек­терін жа­зып, қазақ му­зыка­сын зерт­теу ісіне үлкен үлес қос­ты. А. В. За­та­евич­ке 1932 жы­лы Қазақ АКСР-ның ха­лық ар­тисі атағы берілді.

1922 жы­лы Қарқара­лыда ха­лық жыр­шы­лар бәй­гесі өтті.

1924 жы­лы Моск­ва­да өткен ха­лықтар му­зыка­сының кон­цертіне Пет­ро­павл пе­дучи­лищесінің қазақ хо­ры қатыс­ты. Хор­ды И. В. Ко­цых басқар­ды.

Қазақ әншісі Әміре Қаша­убаев 1925 жы­лы Гер­ма­ни­яның Май­ндағы Франк­фурт қала­сын­дағы, 1927 жы­лы Фран­ци­яның ас­та­насы Па­риж­дегі кон­церт­тер­ге қаты­сып, Ба­тысқа қазақ әнінің құдіретін та­ныт­ты.

1926 жы­лы Қазақстан­да алғашқы ұлттық қазақ те­ат­ры сол кез­дегі ас­та­на Қызы­лор­да қала­сын­да ашыл­ды. Те­атр­дың алғашқы ди­рек­то­ры ак­тер, ре­жис­сер Жұман Ша­нин бол­ды. Те­атр ұйым­дасты­ру ісіне Ә. Қаша­убаев, И. Бай­зақов, Қ. Қуаныш­ба­ев, С. Қожамқұлов, Қ. Жан­дарбе­ков, Е. Өмірзақов, Қ. Ба­дыров көп еңбек сіңірді. М. Әуезовтің «Еңлік-Ке­бек» пьеса­сы – те­атр­да алғаш қойылған пьеса. Бұдан басқа те­атр­да Ж. Ша­ниннің «Арқалық ба­тыр», Б. Май­линнің «Шан­шар мол­да», С. Сей­фу­линнің «Қызыл сұңқар­лар», М. Әуезов пен Л. Со­болев­тың «Абай», Ғ. Мүсіре­повтің «Қозы Көрпеш-Ба­ян сұлу» пьеса­лары, Д. А. Фур­ма­нов­тың «Бүкіл», Шекс­пирдің «Отел­ло», Н. В. Го­гольдің «Ре­визор», «Үй­ле­ну» қойылым­да­ры сах­наға шығарыл­ды.

1937 жы­лы бұл те­атр қазақ ака­деми­ялық дра­ма те­ат­ры атал­ды.

1930 жы­лы Қараған­ды, Шым­кент, Пет­ро­павл, Ақтөбе қала­ларын­да те­атр­лар ашыл­ды.

1933 жы­лы Ал­ма­ты қала­сын­да ұйғыр му­зыка­лық дра­ма те­ат­ры ашыл­ды. Бұл те­атр­да А. Са­дыров пен Ж. Аси­мовтің ержүрек ұйғыр қызын бей­не­лейтін «Анар­хан» пьеса­сы және т. б. қойыл­ды.

1937 жы­лы Қызы­лор­да қала­сын­да Ко­рея те­ат­ры ашыл­ды. Мұнда Д. И. Дон-Имнің «Чуп-хан-дан» му­зыка­лық дра­масы қойылып, көпшіліктің көңілінен шықты.

Со­нымен қатар аза­мат соғысы кезінде және басқа да қиын-қыс­тау жыл­да­ры Ә. Жан­гелдин басқарған от­рядта, Түркістан атқыш­тар ди­визи­ясы мен бірінші кеңестік қазақ ат­ты әскер полкінде жыл­жы­малы те­атр­лар жұмыс істеді.

Он­да Ж. Ай­ма­уытов­тың «Ел қорғаны», Р. Мәліба­ев­тың «Әдет күңі», М. Әуезовтің «Еңлік-Ке­бек», «Бәйбіше-тоқал», Е. Ер­да­на­ев­тың «Мылқам­бай» сияқты пьеса­лары қойыл­ды.

30 жыл­да­ры қазақ ки­носы­ның да­ми бас­таған кезі бол­ды. Осы кез­де Ал­ма­ты қала­сын­да жұмыс істе­ген «Вос­токки­ноның» бөлімшесі «Жай­ла­уда», «Түрксіб» сияқты де­ректі филь­мдер мен «Қара­тау құпи­ясы», «Жұт», «Да­ла әндері» сияқты ды­быс­сыз көркем филь­мдерді түсірді.

1934 жыл­дан бас­тап рес­публи­када хро­ника­лы филь­мдер сту­ди­ясы жұмыс істей бас­та­ды.

1938 жы­лы рес­публи­кадағы алғашқы ды­быс­ты фильм «Аман­гелді» фильмі қойыл­ды. Бұл филь­мді «Лен­фильм» ки­нос­ту­ди­ясы түсірді.

1934 жы­лы Абай атын­дағы Қазақ ака­деми­ялық опе­ра және ба­лет те­ат­ры ашыл­ды. Мем­ле­кеттік му­зыка те­ат­ры бо­лып ашылған бұл те­атр­да М. Әуезовтің «Ай­ман-Шол­пан» спек­таклі 100 рет­тен ас­там көрсетілді.

1934 жы­лы А. Жұба­нов­тың же­текшілігімен Құрманғазы атын­дағы қазақ мем­ле­кеттік ор­кестрі құрыл­ды.

1936 Жам­был атын­дағы Қазақ Мем­ле­кеттік фи­лар­мо­ни­ясы құрыл­ды.

1938 жы­лы ма­мыр­да Моск­ва­да өткен қазақ өнері күндерінде «Жал­быр», «Қыз Жібек» опе­рала­ры қойылып, Күләш Бай­сейіто­ва бас­таған әншілер ән шырқады. К. Бай­сейіто­ва КСРО ха­лық ар­тисі атағына ие бол­ды.

Әйгілі су­ретші П. Г. Хлу­дов қазақ бей­не­леу өнерінің негізін са­лушы­лар­дың бірі бол­ды. Алғашқы қазақ су­ретшісі Әбілхан Қас­те­ев – Хлу­дов­тың шәкірті. Ә. Қас­те­евтің «Аман­гелді» кар­ти­насы – қазақ бей­не­леу өнерінің озық ту­ын­ды­лары­ның бірі.

1930 жыл­да­ры Қазақстан­да мәде­ни ағар­ту орын­да­ры жұмыс істей бас­та­ды.

1934 жы­лы Ал­ма­тыда кітап­ха­на тех­ни­кумы, Орал, Се­мей, Өске­мен­дегі пе­даго­гика­лық тех­ни­кум­дар жа­нынан кітап­ха­на бөлімдері ашыл­ды.

1939 жы­лы рес­публи­када 3304 кітап­ха­на жұмыс істеді. Соғыс қар­саңын­да рес­публи­кадағы мәде­ни­ет үй­лерінің са­ны 5237-ге жетті.

Соғысқа дейінгі жыл­дарда Қазақстан мәде­ни­еті осын­дай зор жетістіктер­ге жет­кенімен, ста­линдік бю­рок­ра­ти­ялық жүйе мәде­ни ру­хани са­лаға ор­ны тол­мас шығын әкелді.

Әде­би­еттің да­муы

XX ғасыр­дың 20–30 жыл­да­рын­да қазақ әде­би­етінде Ж. Ай­ма­уытов, А. Байтұрсы­нов, С. Сей­фул­лин, Б. Май­лин, І. Жансүгіров, С. Мұқанов, Ғ. Мүсіре­пов, М. Ду­латов, М. Жұма­ба­ев бас­таған ақын­дар мен жа­зушы­лар­дың ор­ны ерек­ше бол­ды.

С. Сей­фул­лин — «Қазақ жас­та­рының мар­сельеза­сы», «Көкше­тау», «Со­ветс­тан» шығар­ма­лары­ның ав­то­ры. 1927 жы­лы Қазан ре­волю­ци­ясы, аза­мат соғысы жайын­да «Тар жол, тайғақ ке­шу» ат­ты та­рихи ро­манын жаз­ды.

М. Жұма­ба­ев «Ба­тыр Ба­ян», «Жүсіп хан», «Қой­лы­бай­дың қобы­зы», «Ер­тегі» т. б. дас­танда­рын жаз­ды.

С. Мұқанов «Сұлу­шаш» по­эма­сын, «Бо­тагөз» ро­манын жаз­ды.

І. Жансүгіров «Құла­гер», Б. Май­лин «Аза­мат Аза­матыч», И. Бай­зақов «Құра­лай сұлу», Ғ. Мұста­фин «Өмір мен өлім», Ж. Ай­ма­уытов «Қартқожа» ту­ын­ды­ларын осы кез­де жаз­ды. Б. Жәніке­шов, Б. Ізтөлин – аза­мат соғысы жыл­да­рын­дағы белгілі ақын­дар.

Ғ. Мүсіре­пов­тың «Қозы Көрпеш-Ба­ян сұлу», «Қыз Жібек», Ж. Ай­ма­уытов­тың «Ел қорғаны», «Ман­сапқор­лар», Б. Май­линнің «Жал­быр», М. Әуезовтің «Түнгі са­рын», «Ай­ман-Шол­пан» сияқты ту­ын­ды­лары қазақ дра­матур­ги­ясы­ның ірі та­быс­та­ры ретінде белгілі бол­ды. Қазақ әде­би­етінде кеңестік басқа ұлт өкілдерінің де ала­тын ор­ны ерек­ше. Мы­салы, қазақ жеріндегі ұжым­дасты­ру жөнінде Ма­те Зал­ка «Тұман тұмша­лаған ауыл» ат­ты ро­манын жаз­ды.

20–30 жыл­дардағы қазақ әде­би­етінде аудар­ма ісі де ерек­ше орын ал­ды.

Алаш қозғалы­сының же­текшісі Ә. Бөкей­ха­нов аудар­ма ісінің ше­бері бол­ды.

А. Байтұрсы­нов И. А. Кры­лов­тың шығар­ма­ларын, Ж. Ай­ма­уытов М. Ю. Лер­монтов пен А. С. Пуш­киннің, Ғ. Тоқай Ф. Шил­лердің шығар­ма­ларын;

М. Жұма­ба­ев М. Горь­кий мен Г. Гей­ненің, Ге­те мен Д. Ма­мин-Си­биряк­тың, В. Ива­нов­тың шығар­ма­ларын аудар­ды.

Ж. Ай­ма­уытов «Ин­терна­ци­онал­ды» аудар­ды.

Ж. Жа­ба­ев пен Н. Байғаниннің, Ш. Қошқар­ба­ев­тың т. б. ақын­дардың өлеңдері мен дас­танда­ры қазақ по­эзиясын одан әрі да­мыт­ты.

XX ғасыр­дың 20–30 жыл­да­рын­да Ә. Тәжіба­ев, Қ. Аман­жо­лов, Ә. Сәрсен­ба­ев, Д, Әбілов, Қ. Бек­хо­жин, Ж. Са­ин, Т. Жа­роков бас­таған жас бу­ын­дар әде­би­ет са­ласын­да белгілі бол­ды.

Ста­линдік бю­рок­ра­тизм, жа­залау ша­рала­ры, реп­рессия қазақ әде­би­етіне ор­ны тол­мас шығын әкелді. Мы­салы, жа­зықсыз жол­мен М. Ду­латов түрме­ге қама­лып, 1935 жы­лы қай­тыс бол­са, А. Байтұрсы­нов 1937 жы­лы атыл­ды.