Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи тұлғалар
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (1946 ж.)

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (1946 ж.)

Аубакиров Тохтар (1946)

Ғарыш­кер

Аза­мат­тығы Қазақстан

Туған 1946 жы­лы [шілденің 27]]

«1-інші май» ұжым­ша­ры, Қарқара­лы ауда­ны, Қараған­ды об­лы­сы

Ман­са­бы1 Зерт­те­уші-ғарыш­кер

Дәре­же ге­нерал-майор

Ғарыш­тағы уақыт 7 күн 22 сағ 12 мин

Ірікте­луі 1991

Тап­сы­рыс (та­ры) Со­юз ТМ-13

1 ал­дыңғы не ағым­дағы

Тоқтар Оңғар­байұлы Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарыш­кері, Кеңес Одағының Ба­тыры (1988), Қазақстан Рес­публи­касы­ның Ха­лық Қаһар­ма­ны (1995), тех­ни­ка ғылы­мының док­то­ры (1998), про­фес­сор (1997), Қорқыт Ата атын­дағы Қызы­лор­да мем­ле­кеттік уни­вер­си­тетінің құрметті про­фес­со­ры. Ол 1946 жы­лы Қараған­ды об­лы­сының Қарқара­лы ауда­нын­да өмірге кел­ген. Ре­сей Фе­дера­ци­ясын­дағы Ар­ма­вир жоғары әске­ри ұшқыш­тар учи­лищесін (1969), ави­ация инс­ти­тутын бітірген (1979). 1969 — 75 жыл­да­ры Әске­ри-әуе күштерінде ұшқыш, зве­но ко­ман­дирі, эс­кадрилья ко­ман­дирінің орын­ба­сары. 1976 — 1992 жыл­да­ры Мәске­удегі Тәжіри­белік конс­трук­торлық бю­роның ұшқыш-сы­нақшы­сы міндет­терін атқар­ды. Ол ре­ак­тивті ұшақтың елу­ден аса жаңа түрін сы­нақтан өткізді. 1990 жы­лы ғарыш­керлер құра­мына алын­ды. 1991 жы­лы 2 қазан­да Байқоңыр­дан «Со­юз ТМ-13» ке­месімен ғарышқа ұшты. Он­да ол өзге ғарыш­керлер­мен бірге би­отех­но­логия, ме­тал­лургия, ме­дици­на са­лала­ры және Арал ай­мағы бойын­ша ғылы­ми-зерт­теу жұмыс­та­рын жүргізді. Зерт­теу нәти­жесінде Арал үстіндегі тұзды шаң бо­рама­сының пай­да бо­лу про­цесі, сол зи­ян­ды аэро­зол­дардың Қазақстан мен Ре­сей ай­мақта­рына та­ралу­ының ғарыш­тық су­рет­тері алын­ды. Ғарыш­тан оралған соң Қазақстан­дағы ғарыш­тық зерт­те­улердің негізін қалауға, отан­дық Қару­лы Күштердің әске­ри да­яр­лығын жетілдіру­ге, әске­ри-пат­ри­от­тық тәрбие жұмыс­та­рын жолға қоюға бел­се­не ара­лас­ты. Ол 1992 — 93 жыл­да­ры Қазақстан Рес­публи­касы Қорғаныс ми­нистрінің 1-орын­ба­сары, 1993 — 94 жыл­да­ры Қазақстан Рес­публи­касы Ұлттық аэроғарыш­тық агенттігінің бас ди­рек­то­ры — Ғылым және жаңа тех­но­логия ми­нистрінің орын­ба­сары. Қазақстан Рес­публи­касы Жоғарғы Кеңесінің де­пута­ты — Қорғаныс және қауіпсіздік ко­митетінің төрағасы бол­ды.

Мазмұны

  1. Қысқаша өмірба­яны
  2. Ғарышқа ұшуы
  3. Ма­рапат­та­ры

Қысқаша өмірба­яны

1946 жы­лы ма­усым­ның 27-інде Қараған­ды об­лы­сы Қарқара­лы ауда­ны, «1-інші май» ұжым­ша­рын­да дүни­еге кел­ген, қазақ.

Жоғары білімді. Тех­ни­ка ғылым­да­рының док­то­ры, про­фес­сор, ака­демик, ави­ация ге­нерал-майоры.

1965—1969 жыл­да­ры — Ар­ма­вир Әуе қорғаны­сы ұшқыш­та­рының жоғары әске­ри оқу ор­нында оқыды, ұшқыш- ин­же­нер.

1969 жы­лы КСРО Әске­ри әуе күштерінде.

1976 Ави­ация өнеркәсібі ми­ни­истрлігінің сы­на­ушы ұшқыш мек­тебі, сы­на­ушы ұшқыш.

1988 жы­лы кеңес одағын­да алғаш рет әуеде ұшаққа екі мәрте жа­нар­май құй­ды­ру арқылы солтүстік ендікке қон­бай ұшу­ды ерлікпен жүзе­ге асыр­ды. Ре­ак­тивті ұшақтың елу­ден аса жаңа түрін сы­нақтан өткізді.

1991 жы­лы 2 қазан­да Байқоңыр ғарыш алаңынан «Со­юз ТМ — 12» ғарыш ке­месімен ұшып, «Мир» ор­би­тал­дық комп­лексіне­де өзге ғарыш­керлер­мен бірге сегіз тәулік бойы ғылы­ми өзерт­теу жұмыс­та­рын жүргізіді.

1992 жы­лы сәуірінен — Қазақстан Рес­публи­касы қорғаныс мем­ле­кеттік ко­митетінің төрағасы­ның бірінші орын­ба­сары, Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зидентінің ғарыш иге­ру жөнінде көмекшісі.

Пар­ла­мент­ке сай­ла­нудын ал­дында Қазақстан Рес­публи­касы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас ди­рек­то­ры, Ал­ма­ты қала­сы.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақыры­лым де­пута­ты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым де­пута­ты, Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пар­ла­менті Мәжілісінің 3-ші шақыры­лым де­пута­ты бо­лып сай­ланған.

1962 – 65 жы­лы Теміртау құй­ма-ме­хани­ка за­уытын­да то­карь бол­ды, есімі об­лыстың Құрмет кіта­бына ал­тын әріппен жа­зыл­ды (1964). Ре­сей Фе­дера­ци­ясын­дағы Ар­ма­вир жоғары әске­ри ұшқыш­тар учи­лищесін бітірді (1969). 1969 – 75 жы­лы Кеңес Одағы Әске­ри-әуе күштерінің Қиыр шығыс әске­ри ок­ругінде ұшқыш, зве­но ко­ман­дирі, эс­кадрилья ко­ман­дирінің орын­ба­сары. 1975 – 76 жы­лы Мәскеу ұшқыш­тар-сы­нақшы­лар мек­тебін, Мәскеу ави­ация инс­ти­тутын бітірген (1979). 1976 – 1992 жы­лы Мәске­удегі А. Ми­ко­ян атын­дағы Тәжіри­белік конс­трук­торлық бю­роның ұшқыш-сы­нақшы­сы міндет­терін атқар­ды. Ә. 1988 жы­лы Кеңес Одағын­да тұңғыш рет әуеде ұшаққа 2 рет жа­нар­май құй­ды­ру арқылы солтүстік по­люс­ке ұшу са­парын ерлікпен орын­да­ды. 1989 жы­лы 1-бо­лып, ави­ата­сушы крей­сердің алаңқай­ша­сына «МиГ-29к» ре­ак­тивті ұшағын үлкен ше­берлікпен дәл қон­дырды. Сон­дай-ақ, ол ре­ак­тивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сы­нақтан өткізді. 1990 жы­лы ғарыш­керлер құра­мына алын­ды. 1991 жы­лы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарыш­керлер да­яр­лау ор­та­лығын­да ғарышқа ұшу дайын­дығына кірісіп, сол жы­лы 2 қазан­да Байқоңыр­дан «Со­юз ТМ-13» ке­месімен ғарышқа ұшты. Ғарыш ке­месі жер төңірегіндегі «Мир» ор­би­талық ке­шенімен түйісті. Он­да ол өзге ғарыш­керлер­мен бірге би­отех­но­логия, ме­тал­лургия, ме­дици­на са­лала­ры және Арал туған ай­мағы бойын­ша ғылы­ми-зер­туған жұмыс­та­рын жүргізді. Зерт­теу нәти­жесінде Арал үстіндегі тұзды шаң бо­рама­сының пай­да бо­лу про­цесі, сол зи­ян­ды аэро­зол­дардың Қазақстан мен Ре­сей ай­мақта­рына та­ралу­ының ғарыш­тық су­рет­тері алын­ды. Сон­дай-ақ, Қазақстан аумағын­дағы ат­мосфе­раны және жер бетін зерт­теу, жұлдыз­ды ас­пан аст­ро­физи­ка бақылау жұмыс­та­ры да ой­дағыдай өтті. Әубәкіров 1991 жы­лы 10 қазан­да Жер­ге орал­ды. Әубәкіров ғарыш­тан оралған соң Қазақстан­дағы ғарыш­тық да­яр­лығын зерт­те­улердің негізін қалауға, отан­дық Қару­лы Күштердің әске­ри да­яр­лығын жетілдіру­ге, әске­ри-пат­ри­от­тық тәрбие жұмыс­та­рын жолға қоюға бел­се­не ара­лас­ты. Ол 1992 – 93 жы­лы Қазақстан Рес­публи­касы Қорғаныс ми­нистрінің 1-орын­ба­сары, 1993 – 94 жы­лы Қазақстан Рес­публи­касы Ұлттық аэроғарыш­тық агенттігінің бас ди­рек­то­ры – Ғылым және жаңа тех­но­логия ми­нистрінің орын­ба­сары, 1994 – 95 жы­лы Қазақстан Рес­публи­касы Жоғарғы Кеңесінің де­пута­ты – Қорғаныс және қауіпсіздік ко­митетінің төрағасы бол­ды. 1996 жыл­дан Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зидентінің кеңесшісі. 2001 жы­лы 44 Қызы­лор­да сай­лау ок­ругі бойын­ша Қазақстан Рес­публи­касы пар­ла­менті мәжілісіне де­путат бо­лып сай­лан­ды. Қызы­лор­да қала­сының құрметті аза­маты.

Ғарышқа ұшуы

1991 Ю. А. Га­гарин атын­дағы Ғарыш­кер дайын­дау ор­та­лығын­да әзірлгін бас­та­ды, сы­на­ушы ғарыш­кер-ұшқышы, сы­на­ушы. «Со­юз ТМ» ғарыш ке­месінде және «Мир» ор­би­тал­ды ке­шенінде сы­на­ушы ғарыш­кер-ұшқышы жыл­дамда­тылған ма­шықта­ну­ын ұшу бағдар­ла­масы бойын­ша өтті. 1991 жы­лы қазан­ның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерт­те­уші ғарыш­кер есебінде, Алек­сандр Вол­ков және ауст­рия ғарыш­кері Франц Фибөк, «Со­юз ТМ-13» ғарыш ке­месімен ғарышқа ұшуға кірісті. Ап­та бойы «Мир» ор­би­тал­ды ке­шенінде жұмыс істеді. 1991 жы­лы қазан­ның 10-ын­да Тоқтар Әубәкіров, Ана­толий Ар­це­барс­кий, ауст­рия ғарыш­кері Франц Фибөк «Со­юз ТМ-13» ғарыш ке­месімен Жер­ге қай­тып қон­ды. Ғарыш­та өте­ген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 ми­нут.

Тоқтар Әубәкіров — Қазақстан­ның тұңғыш ғарыш­кері, Кеңес Одағының ақырғы (72-ші) ғарыш­кері.

Ма­рапат­та­ры

Тоқтар Әубәкіров- мәжілісмен.

Қазақстан­ның:

  • «Ха­лық Қаһар­ма­ны» атағы;
  • «Қазақстан­ның ғарыш­кер-ұшқышы» атағы;
  • «Отан» ор­дені (1995).

Кеңес Одағының:

  • «Знак По­чета» (Құрмет Белгісі) ор­дені (1987);
  • «Ге­рой Со­ветс­ко­го Со­юза» (Кеңес одағының ба­тыры) атағы (1988);
  • «Зо­лотая Звез­да» (Ал­тын Жұлдыз) ме­далі (1988);
  • «Ле­нин» ор­дені (1988);
  • «Зас­лу­жен­ный Лет­чик-ис­пы­татель СССР» (КСРО-ға еңбек сіңірген сы­нақшы ұшқыш) (1990);
  • «Лет­чик-кос­мо­навт СССР» (КСРО ғарыш­кер-ұшқышы) (1991);
  • «Ок­тябрь­ская ре­волю­ция» (Қазан төңкерісі) ор­дені (1991).

Ре­сейдің:

  • «Зо­лотая Звез­да» (Ал­тын Жұлдыз) ме­далі (1995).

Ауст­рия Рес­публи­касы­ның:

  • «Ал­тын Крест» ор­дені 1988);
  • «Ал­тын Крест» ор­дені (1993).