Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи тұлғалар
Айша Ғарифқызы Ғалымбаева (1917 ж.)

Айша Ғарифқызы Ғалымбаева (1917 ж.)

Галымбаева Айша (1917 г

Ғалым­ба­ева Ай­ша Ғарифқызы (29.12.1917 ж. т., Ал­ма­ты об­лы­сы, Еңбекшіқазақ ауда­ны, Есік ауылы) — қазақ кескінде­мешісі және ки­но су­ретшісі, Қазақстан ха­лық су­ретшісі (1967). Қазақ қыз­да­рының ара­сынан шыққан алғашқы су­ретші. Оның еңбек­терінде қазақ әйел­дерінің көркем бей­несі та­лант­ты және нәзік бей­не­лен­ген. Ал­ма­ты көркем­су­рет учи­лищесін, одан кейін Мәскеу жал­пы­одақтық ки­нема­тог­ра­фис­тер инс­ти­туты­ның, мо­да өнері фа­куль­тетін бітірген. Су­ретшінің кез-кел­ген ту­ын­ды­сынан халқының өнеріне де­ген ерек­ше ма­хаб­батты көру­ге бо­лады. Негізгі еңбек­тері: «Ба­тыр Ана», «Сәуке­ле», «Көктем және күз» және т. б. Есік қала­сы) — кескінде­меші, ки­носу­ретші, Қазақстан­ның ха­лық су­ретшісі (1967; 1961 ж. еңбек сіңірген өнер қай­рат­кері), қазақ әйел­дері ара­сынан шыққан тұңғыш кәсіпқой су­ретші. 1943 ж. Ал­ма­ты көркем-су­рет учи­лищесін (қаз. Көркем­су­рет ака­деми­ясы), 1949 ж. Мәске­удегі Бүкіло­дақтық мем­ле­кет ки­нема­тогр. инс­ти­туты­ның (ВГИК) сән және көркем­су­рет бөлімін бітірген. Шығар­ма­шылық қыз­метін «Ма­хаб­бат ту­ралы аңыз» (1954), «Ша­бан­доз қыз» (1955) және «Бұл Шұғыла­да болған еді» (1955) филь­мдеріне эс­киз жа­са­удан бас­та­ды.

Алғашқы кескінде­мелік туыңды­лары:

  • «Тоқыма­шылар» (1951);
  • «Г. Ра­зи­ева­ның порт­реті» (1952);
  • «Ав­то­порт­рет» (1956);
  • «Ха­лық та­лант­та­ры» (1957);
  • «Ха­лық ісмері Б. Бөсе­нова­ның порт­реті» (1958);
  • «Дас­тархан» (1959).

20 ғасыр­дың 60-жыл­да­ры «Абай әні» ки­нофильмі желісіне ар­налған кескінде­мелік шығар­ма­лар топ­та­масын (Би­лер со­ты «Үй­ле­ну тойы», «Той», «Ай­тыс», «Кез­де­су», т. б.) сал­ды. Сон­дай-ақ, әр алу­ан жанр­лар­да жемісті еңбек етті. 60–70-жыл­дар Ғалым­ба­ева шығар­ма­шылығының ке­мел­денген ке­зеңі бол­ды. Бұл уақыт­та су­ретші «Аяққалқан», «Жай­лау соқпағы», «Көне көзе», «Қобыз», «Са­ры ал­ма», «Қызын апорт», т. б. пей­заж­дар мен на­тюр­морт­тар және қазақ бей­не­леу енерінің ал­тын қоры­на ен­ген «Ба­тыр ана» (1966), «Қазақстан әндері» (1962), «Ежелгі ке­рами­ка» (1966), «Қос­та­най. Ал­тын 238 дән пи­рами­дала­ры» (1971), «Бейбітшілік» трип­ти­хи ([[1975]]), «Жердің сыйы» (1978), «Бе­реке» (1980), т. б. шығар­ма­ларын жаз­ды. Сәндік-мо­нументтік са­рын­дағы ком­по­зици­ядар­ды са­луда Ғалым­ба­ева­ның жаңа көркемдік ізденістері төмен­дегі шығар­ма­лары­нан айқын бай­ка­лады: «Біз за­маны­мыз­ды мақтан етеміз» (1965), «Бір ке­се қымыз» (1967; Қазақстан­ның Мем­ле­кеттік сый­лығы, 1972); Ғарифқызы отан­дық көркем­су­рет өнерінде порт­рет жан­ры­ның ше­бері ретінде де белгілі. Оның «ұлым­ның порт­реті» (1964), «Жа­зушы Ғарифқызы Мұста­финнің порт­реті» (1965), «К. Бай­сейіто­ваның порт­реті» (1974), «Өнер зерт­те­уші Г. Са­рықұло­ваның порт­реті» (1975), «Акт­ри­са С. Майқано­ваның Ш. Уали­ханов ана­сының рөліндегі порт­реті» (1976), «Акт­ри­са Х. Бөке­ева­ның „Абай“ спек­такліндегі Әй­герім реліндегі порт­реті» (1976), «Орал­дық келін» (1978), т. б. шығар­ма­лары отан­дық су­ретшілердің осы жанр­дағы үздік ту­ын­ды­лары қата­рынан орын ала­ды. Су­ретші шығар­ма­лары­на тән нәзік ли­ризм оның 20 ғ-дың 90-жыл­да­рын­дағы «Қызыл ра­ушан гүлдері», «Шұғынық гүлдер», «Жемістер мен гүлдер» ту­ын­ды­ларын­да айқын байқала­ды. Ғарифқызы — «Қазақтың ұлттық киімдері» (1958, 1976) аль­бо­мының ав­торла­ры. Ол Ал­ма­ты кер­кемсу­рет учи­лищесінде және Қаз­ПИ-де дәріс оқыды.