Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи тұлғалар
Әбіш Кекілбаев (1939 ж.)

Әбіш Кекілбаев (1939 ж.)

Кекильбаев Абиш (1939 г.)

Дүни­еге кел­гені: 1939 жы­лы 6 жел­тоқсан

Маңғыс­тау об­лы­сы, Маңғыс­тау ауда­ны (бұрыңғы Гурьев об­лы­сы), Оңды ауылы, Мыр­зайыр

Ман­са­бы: Қазақстан жа­зушы­сы, мем­ле­кеттік және қоғам қай­рат­кері

Кекілба­ев, Әбіш (1939), — Қазақстан жа­зушы­сы, мем­ле­кеттік және қоғам қай­рат­кері. 1939 жы­лы жел­тоқсан­ның 6-шы жұлды­зын­да Маңғыс­тау об­лы­сын­да Оңды ауылын­да дүни­еге кел­ген. Қазақ мем­ле­кеттік уни­вер­си­тетін бітірген соң, қазақ тілі мен әде­би­етінің мұғалімі бо­лып жұмыс істе­ген.

Мазмұны:

  • 1. Өмірба­яны
  • 2. Шығар­ма­шылығы
    • 2.1. Ро­ман­дар
    • 2.2. По­вес­тер
    • 2.3. Әңгіме­лер
    • 2.4. Аудар­ма­лар
  • 3. Атақ-ма­рапат­та­ры

Өмірба­яны

1939 жы­лы 6 жел­тоқсан күні Маңғыс­тау об­лы­сы, Маңғыс­тау ауда­ны (бұрыңғы Гурьев об­лы­сы), Оңды ауылы­ның Мыр­зайыр де­ген жерінде туған. Арғы ата­сы Жаңайұлы Қожа­назар қазақтар көшін Маңғыс­тауға бас­тап кел­ген топ­тан. Белгілі білікті, бе­делді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жа­манқұл не­мересі Кекілбай­ды үй­лендірген соң, 1924 жы­лы Оңды­да қай­тыс болған. 1928–31 жыл­да­ры асы­ра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай ата ме­кен­нен баз кешіп Түркменс­тан­ның Крас­но­водск пор­тында жүкші, Бек­даш хи­мия кәсіпор­нында біраз жыл жұмыс­шы бо­лып істеп, ел­ге 1937жы­лы Ба­ку мен Ма­кач­ка­ла арқылы оралған соң Оңды­дағы кол­хозда кол­хозшы, Та­ушық кенішінде шах­тер бол­ды. 1942 жы­лы соғысқа алы­нып, май­дан­да 3 рет жа­рала­нып, Ста­линг­рад маңын­да қай­тыс бо­лады. Әбіш Кекілбайұлы­ның ана­сы Айсәуле Жұма­байқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің от­ба­сын­да дүни­еге келіп, тәрби­елен­ген. 1936 жы­лы әуелі Оңды­да кол­хозшы, Та­ушықта 1942–45 жыл­дар ара­лығын­да ста­ханов­шы шах­тер, 1945–62 жыл­да­ры «Екпінді» кол­хо­зын­да жұмыс істеді. Әбіш Кекілбайұлы 1957 жы­лы Та­ушықтағы мек­тептің 1 сы­ныбы­на ба­рып, 1948–1954 жыл­да­ры Оңды ор­та­лау, ал 1956–57 жыл­да­ры Үштаған­дағы ор­та мек­тепте оқиды. Әде­би­ет­ке құмар­лығы мек­теп қабырғасын­да бас­та­лады. 1957 жы­лы 5 ма­мыр «Ле­ниншіл Жас­тың» бел­сенді ауыл­дық тілшісі ретінде Қазақстан Ком­со­молы Ор­та­лық Ко­митетінің мақтау қағазы­мен ма­рапат­та­лады. 1957 жы­лы Қазақ Мем­ле­кеттік Уни­вер­си­тетінің фи­лоло­гия фа­куль­тетіне түседі. Уни­вер­си­тет­те әде­би­ет бірлестігін басқарып, жас та­лап­тар шоғырын жа­рыққа шығара­ды. Соңғы курс­та оқып жүріп, «Қазақ әде­би­еті» га­зетінде қыз­мет атқара­ды. Мұнда ол сын­шы­лық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әде­би­етінен» кейін 1962–65 жыл­дар ара­лығын­да «Ле­ниншіл Жас» га­зетінде бөлім меңге­рушісі бо­лып істеді.

  • 1965–1968 жыл­да­ры ҚазССР Мәде­ни­ет ми­нистрлігінде,
  • 1968–1970 жыл­да­ры Кеңес ар­ми­ясы­ның қата­рын­да,
  • 1970–1975 жыл­да­ры «Қазақфильм» сту­ди­ясын­да бас ре­дак­тор,
  • 1975–1984 жыл­да­ры Қазақстан КП ОК мәде­ни­ет бөлімінде нұсқаушы, сек­тор меңге­рушісі,
  • 1984–1986 жыл­да­ры ҚазССР Мәде­ни­ет ми­нистрінің орын­ба­сары,
  • 1986–1988 жыл­да­ры Қазақстан Жа­зушы­лар Одағы басқар­ма­сының 2-ші хат­шы­сы,
  • 1989–1990 жыл­да­ры ҚазССР та­рихи және мәде­ни ес­керткіштерді қорғау қоғамы Ор­та­лық кеңесінің төралқа төрағасы,
  • 1990 жы­лы Қазақстан КП ОК бөлім меңге­рушісі.
  • 1991 жы­лы Қазақстан Рес­публи­касы Жоғары Кеңесінің Мәде­ни­ет, тіл және ұлта­ралық қаты­нас­тарды да­мыту жөніндегі ко­митеттің төрағасы,
  • 1992–1993 жыл­да­ры «Еге­мен Қазақстан» га­зетінің бас ре­дак­то­ры,
  • 1993–1995 жыл­да­ры Қазақстан Рес­публи­касы­ның Мем­ле­кеттік кеңесшісі.
  • 1994–1995 Қазақстан Рес­публи­касы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы,
  • 1996–2002 жыл­да­ры Қазақстан Рес­публи­касы­ның Мем­ле­кеттік хат­шы­сы бо­лып істеді.
  • 2002 жыл­дан бас­тап Қазақстан Рес­публи­касы Пар­ла­мент Се­наты­ның де­пута­ты. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет ба­лама­лы негізде де­путат бо­лып сай­ла­нады.

Әбіш Кекілбайұлы­ның алғашқы өлеңдер жи­нағы «Ал­тын шуақ» 1962 жы­лы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жы­лы жа­рық көрді. Ауыл өмірінен жа­зылған по­весть, әңгіме­лер жи­нағы «Да­ла бал­ла­дала­ры» — Әбіш Кекілбайұлы­ның кең ты­ныс­ты эпик, су­рет­керлік бо­лашағын та­ныта­ды. 1974 жы­лы «Дәуірмен бет­пе-бет» сын мақала­лар жи­нағы, «Бір уыс то­пырақ», 1979 жы­лы «Ты­рау ты­рау тыр­на­лар», Маңғыс­тау түбегінің өткені, бүгіні, бо­лашағы ту­ралы «Ұйқыдағы ару­дың оянуы» та­рихи та­ным­дық ба­ян, 1982 жы­лы «Шыңырау» по­вес­тер жи­нағы, 1992–93 жыл­да­ры Таңда­малы екі том­дық, 1995 жы­лы «За­ман­мен сұхбат» 1998 жы­лы «Азат­тықтың ақ таңы», пуб­ли­цис­ти­калық мақала­лары, толғам­да­ры, 1999 жы­лы 12 том­дық шығар­ма­лар жи­нағы жа­рыққа шықты. Әбіш Кекілбайұлы­ның «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) ро­ман­да­ры қазақ әде­би­етінің үлкен та­бысы ретінде бағала­нып, Қазақ ССР Мем­ле­кеттік сый­лығын ал­ды. 2001 жы­лы шыққан «Та­лайғы Та­раз», 2002 жы­лы шыққан «Шан­доз» та­рихи тақырып­ты ғылы­ми дәйек­пен, де­рек­пен түсінікті ұғым­ды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағда­рын белгілеп берді. 2009 жы­лы «Сыр дес­те» деп ата­латын ав­тордың көп жыл­дық ой-толғаула­ры, эс­се, ес­телік, сөй­ле­ген сөздерінің 5 том­дық жи­нағы жа­рыққа шықты. Әбіш Кекілбайұлы­ның көпте­ген шығар­ма­лары ТМД ха­лықта­ры мен ше­тел тілдеріне ауда­рылған. Ол ҚазССР Мем­ле­кеттік сый­лығының 1986, Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зидентінің бейбітшілік және ру­хани келісім сый­лығының 1995, «Отан» ор­денімен 1999, Түркі ел­дері қауым­дастығының шешімімен «Түркі дүни­есіне сіңірген еңбегі үшін сый­лығын» ала­ды. 2003 жы­лы «Қазақстан­ның Тұңғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан На­зар­ба­ев» ор­денімен ма­рапат­талды.

Әске­ри атағы — за­пас­тағы аға лей­те­нант.

Діни көзқара­сы — «Діндар адам­дардың діни на­ным-сенім- деріне құрмет­пен қарай­мын».

Қазақстан­ның бо­лашағы ту­ралы бол­жа­мы — «Қазақста Рес­публи­касы­ның эко­номи­калық гүлденіп, өркен­дейтініне де­мок­ра­ти­ялық тұрғыдан қай­та жаңғыра­тыны­на шын жүрегімнен се­немін».

Хоб­биі – кітапқұмар­лық және кітап­тар жи­нау.

Сүйіп оқитын әде­би­еті — «Қазақстан­ның та­рихы мен мәде­ни­еті жай­лы әде­би шығар­ма­лар­ды оқып зерт­теу және жа­зу».

Үй­лен­ген. 2 ұлы, 2 қызы бар.

Шығар­ма­шылығы

  • Ро­ман­дар
    • «Шан­доз»
    • «Аңыз­дың ақыры»
    • «Үркер»
    • «Елең-Алаң»
    • «Ко­нец ле­ген­ды»
    • «Пле­яды – соз­вездие на­деж­ды»
    • «Вспо­лохи»
  • По­вес­тер
    • «Бір шөкім бұлт»
    • «Күй»
    • «Бәй­ге­торы»
    • «Шыңырау»
    • «Бәсе­ке»
    • «Хан­ша да­рия хи­ка­ясы»
    • «Құс қана­ты»
    • «Бір шоқ жи­де»
    • «Шет­кері үй»
    • «Ав­то­мобиль»
    • «Бал­ла­да за­бытых лет»
    • «Ха­тин­голь­ская бал­ла­да»
    • «Ко­лодец»
    • «Сос­тя­зание»
    • «Теп­лый снег»
    • «Дом на ок­ра­ине»
    • «Ку­пы джи­ды»
    • «Ав­то­мобиль» (рус.)
    • «При­зовой бе­гунец»
  • Әңгіме­лер
    • «Аш бөрі»
    • «Ең бақыт­ты күн»
    • «Ажар»
    • «Жүнді ба­рақ»
    • «Ақ қайың»
    • «Ор те­ке»
    • «Ауыз»
    • «Көлде­нең көк ат­ты»
    • «Ес­бо­лай»
    • «Тас­бақаның шөбі»
    • «Ке­рек адам»
    • «Міне, ке­ремет!»
    • «Ақырғы аял­да­ма»
    • «Галс­тук са­тушы қыз»
    • «Абы­лай хан»
    • «Бе­лая бе­реза»
    • «Встреч­ный-по­переч­ный»
    • «Ес­бо­лай» (рус.)
    • «Ну и чу­деса!»
    • «Пос­ле встре­чи»

Аудар­ма­лар

К. Гоц­ци – «Ту­ран­би­ке хан­шайым»

А. П. Че­хов – «Ва­ня ағай»

Вальехо Ан­то­нио Бу­эро- «Бүгін мей­рам, бүгін той»

Ген­рик Иб­сен- «Үрей»

Л. Дар­ко – «Сүйіктім менің, Элект­ра!»

У. Шекс­пир – «Ро­мео мен Джульет­та»

У. Шекс­пир — «Ко­ри­олан»

У. Шекс­пир – «Ко­роль Лир»

М. Фриш – «Ғылым қуған Дон-Жу­ан»

Атақ-ма­рапат­та­ры

Қазақстан­ның еңбек ері

Отан ор­дені

На­зар­ба­ев ор­дені

ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл ме­далі

ҚР Пар­ла­ментіне 10 жыл ме­далі

Ас­та­на қала­сына 10 жыл ме­далі

Құрмет белгісі ор­дені

Дос­тастық ор­дені

Қазақстан­ның Мем­ле­кеттік сый­лығының иегері

Ел­ба­сының бейбітшілік және ру­хани келісім сый­лығының иегері (1995 ж.)

Қазақстан­ның ха­лық жа­зушы­сы

Маңғыс­тау об­лы­сының құрметті аза­маты