Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи тұлғалар
Мұхтар Мағауин (1940 ж.)

Мұхтар Мағауин (1940 ж.)

Магауин Мухтар (1940 г.)

Дүни­еге кел­гені: 1940 ақпан

Се­мей об­лы­сы, Шүбар­тау ауда­ны

Ман­са­бы: жа­зушы

Мағауин Мұхтар Мұқанұлы 2.2.1940, Шығыс Қазақстан об­лы­сы Аягөз ауда­ны — жа­зушы, әде­би­ет зерт­те­ушісі, ғалым. Мем­ле­кет сый­лығының ла­уреаты (1984), Қазақстан­ның ха­лық жа­зушы­сы (1996). Қаз­МУ-ды (1962), осы уни­вер­си­теттің ас­пи­ран­ту­расын бітірген (1965). 1965 — 86 ж. «Қазақ әде­би­еті» га­зетінде бөлім меңге­рушісі, «Жа­зушы» бас­па­сын­да, «Жа­лын» аль­ма­нағын­да бас ре­дак­тордың орын­ба­сары, Әде­би­ет және өнер инс­ти­тутын­да, Қаз­ПИ-да аға ғылым қыз­меткер, до­цент, «Жа­зушы» бас­па­сын­да бас ре­дак­тор қыз­меттерін атқарған. 1988 жыл­дан «Жұлдыз» жур­на­лының бас ре­дак­то­ры. «Кешқұрым» ат­ты тұңғыш әңгімесі «Жұлдыз» жур­на­лын­да жа­ри­ялан­ды (1964). Соғыс­тан кейінгі ел өмірі бей­не­лен­ген

  • «Ақша қар» (1969);
  • «Бір ата­ның ба­лала­ры» (1973);
  • «Қиян­дағы қыс­тау» (1977);
  • «Көк кеп­тер» (1979) әңгіме, по­вес­тер жи­нақта­ры мен;
  • «Көк мұнар» (1971);
  • «Шақан шері» (1984).

ро­ман­да­ры ба­сылып шықты. Қазақ халқының көрші мем­ле­кет­термен дип­ло­мати­ялық қарым-қаты­насы та­рихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет су­рет­телген «Ала­сапы­ран» та­рихи ди­логи­ясы 1981—83 ж. жа­рық көрді. Ро­ман­да қазақ ор­да­сын Тәуекел хан басқарған тұстағы (16 — 17 ғ-лар) қоғам­дық-әле­уметтік жағдай көрініс тапқан. Хан мұра­гері Ораз-Мұхам­мед пен оқымыс­ты Қыдырғали Жа­лайыри­дың, Едіге би ұрпағы Петр Уру­сов­тың көркем бей­не­лері сом­далған. То­ман би, Ма­нақ ба­тыр, Ділшат, Ай-Ше­шек бегім, секілді кейіпкер­лерді су­рет­теу арқылы қалам­гер Ораз-Мұхам­мед тұлғасын да­ралай түседі. Ро­ман­да көшпелі тұрмыс көріністері, аңшы­лық, са­ят­шы­лық сын­ды ұлттық дәстүрлер көрініс та­уып, Қазақ хан­дығының Ре­сей, Иран, Бұқар, Сібір хан­дықта­рымен өза­ра қаты­нас­та­ры, ішкі-сыртқы са­яси жағдай­ла­ры си­пат­талған. Жа­зушы шығар­ма­ларын­да 20 ғ-дағы ауыл, қала тұрмы­сы, түрлі әле­уметтік топ өкілдерінің тағды­ры пси­холо­гия-фи­лосо­фия те­реңдікпен көркем бей­не­лен­ген. «Қобыз са­рыны» (1968) мо­ног­ра­фи­ясын­да хан­дық дәуірде өмір сүрген ақын-жы­ра­улар шығар­ма­ларын (15 — 18 ғ-лар) жүйелі түрде тал­да­ды. Ол

  • «Ал­даспан»;
  • «Бес ғасыр жыр­лай­ды»;
  • «Ай, за­ман-ай, за­ман-ай».

ат­ты ақын-жы­ра­улар шығар­ма­лары­ның ан­то­логи­ясын құрас­ты­рып, жа­рыққа шығар­ды.

  • «Ғасыр­лар бе­дері»;
  • «Қазақ та­рихы­ның әліппесі».

зерт­теу еңбек­тері қазақ та­рихы­ның 500 жыл­дық ке­зеңін қам­ти­ды. Мағауин "Қазақ хан­дығы дәуіріндегі әде­би­ет” (1992) оқулығы мен хрес­то­мати­ясы­ның (1993), т. б. оқу құрал­да­рының ав­то­ры. Қалам­гер шығар­ма­лары бірне­ше шет тілдер­ге ауда­рылған. Ол "Түркі дүни­есіне қыз­мет” ха­лықара­лық сый­лық ла­уреаты (1997).

Өмірба­яны

Мұхтар Мұқанұлы Мағауин — 1940 жы­лы 2 ақпан­да Се­мей об­лы­сының Шүбар­тау ауда­нын­да туған. 1962 жы­лы Қазақ мем­ле­кеттік уни­вер­си­тетінің фи­лоло­гия фа­куль­тетін, 1965 жы­лы оның ас­пи­ран­ту­расын бітірген. Еңбек жо­лын 1965 жы­лы бас­та­ды. «Қазақ әде­би­еті» га­зетінде бөлім меңге­рушісі, 1967–1971 жыл­да­ры «Жа­зушы» бас­па­сын­да бас ре­дак­тордың орын­ба­сары, Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы­ның М. Әуезов атын­дағы Әде­би­ет және өнер инс­ти­тутын­да аға ғылы­ми қыз­меткер бо­лып істе­ген, Мәске­уде М. Горь­кий атын­дағы Әде­би­ет инс­ти­тутын­да қазак фоль­кло­ры мен қазақ әде­би­еті та­рихы бойын­ша ар­найы лекңиялық курс­тар жүргізді. 1983–1984 жыл­да­ры еркін шығар­ма­шылық қыз­метте, 1984–1986 жыл­да­ры «Жа­зушы» бас­па­сының бас ре­дак­то­ры. 1987 жы­лы еркін шығар­ма­шылык қыз­метте, 1988 жыл­дан бері «Жүлдыз» жур­на­лының бас ре­дак­то­ры.

Шығар­ма­лары

Бас­пасөз бетінде алғаш рет 1959 жы­лы көрінді. 60-жыл­да­ры негізінен әде­би­ет зерт­те­ушісі ретінде та­ныл­ды. «Қобыз са­рыны» ат­ты ғылы­ми мо­ног­ра­фи­ясы жа­рық көрген (1968). Бүдан соңғы ке­зеңде көркем про­заға көбірек ден қой­ды. «Көкмүнар» (ро­ман, 1972), «Бір ата­ның ба­лала­ры», «Кок мүнар» (по­вес­тер мен әңгіме­лер), «Ала­сапы­ран» (та­рихи ро­ман-ди­логия, 1980–1982), «Шақан Шері» (ро­ман), «Мен» (ғүмыр­ба­ян­дық ро­ман-хам­са), «Қүмырсқа-қырғын» (әңгіме­лер), «Үлтсыз­да­ну үра­ны» (мақала­лар) және тағы басқа кітап­та­ры жа­рық көрген. 2002 жы­лы он үш том­дық шығар­ма­лар жи­нағы ба­сылып шықты. Көпте­ген шығар­ма­лары орыс тіліне ауда­рылған, ше­тел тілдерінде ба­сылған. Мүхтар Мағауин­ның шығар­ма­шылық та­рихы­на зер са­лып қара­саңыз үнемі жаңашыл­дыққа үмтылғанын байқау қиын емес. Шығар­ма­ларын­да қай­та­лану жоқ, әсіре­се соңғы жыл­да­ры бүрынғы дүни­елеріне мүлдем үқса­май­тын, қуры­лымы жағынан өзге­ше шығар­ма­лары «қып­шақаруың», «қүмырсқа қыр­гын». Жа­кын ара­да Че­хия Рес­публи­касы­нан жа­рық көрген «Жар­мақ» — қазақтың екі ғасыр­лық та­рихы мен бүгінгі пси­холо­ги­ялық тар­тыстар жүйесіне қүрылған ро­маны жа­зушы­ны мүлдем басқа қыры­нан көрсе­теді. Мем­ле­кеттік сый­лықтың ла­уреаты, жа­зушы, әде­би­ет зерт­те­ушісі. Қазақстан Жа­зушы­лар одағы басқар­ма­сының хат­шы­сы. «Ала­сапы­ран» та­рихи ро­ман-ди­логи­ясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атын­дағы мем­ле­кеттік сый­лығы берілді. (1984). Қазақстан­ның Ха­лық жа­зушы­сы, Түрки­яның Ха­лықара­лық «Түркі дүни­есіне қыз­мет» сый­лығының са­хибы.