Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи тұлғалар
Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев (1935 ж.)

Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев (1935 ж.)

Мырза Али Кадыр (1935 г.)

Ұлты: Қазақ

Қадыр Ғина­ятұлы Мыр­за­ли­ев, Қадыр Мыр­за-Әлі (1935 жы­лы ту­ылған) – ақын, Қазақстан­ның ха­лық жа­зушы­сы (1995), ҚР Әнұра­нының сөзін жазған ав­торлар­дың бірі. Қаз­МУ-дың фи­лоло­гия фа­кул­тетін бітірген (1958). 1958 – 93 жы­лы «Бал­дырған» жур­на­лын­да әде­би қыз­меткер, «Жұлдыз» жур­на­лын­да по­эзия және сын бөлімінің меңге­рушісі, жа­уап­ты хат­шы, бас ре­дак­тордың орын­ба­сары, «Жа­зушы» бас­па­сын­да по­эзия ре­дак­ци­ясы­ның меңге­рушісі, Жа­зушы­лар одағы по­эзия сек­ци­ясы­ның меңге­рушісі, «Ба­ла­уса» бас­па­сының ре­дак­то­ры қыз­меттерін атқар­ды. Мыр­за­ли­евтің алғашқы өлеңі 1954 жы­лы «Пи­онер» (қазіргі «Ақ жел­кен») жур­на­лын­да жа­ри­яланған. Тұңғыш жи­нағы «Көктем» 1959 жы­лы жа­рық көрді. Мыр­за­ли­ев­тың «Жаңғалақтар» (1960), «Кішке­не қожа­насыр­лар» (1961), «Да­ныш­пан» (1961), «Но­ян-қоян» (1962), «Алу­ан па­лу­ан» (1963), «Са­бақ» (1964) ат­ты кітап­та­ры қазақ ба­лалар әде­би­етіне қосылған еле­улі үлес бол­ды. Ақын «Ой ор­ма­ны» (1965), «Да­ла ди­дары» (1966), «Ақ отау» (1968), «Дом­бы­ра» (1971), «Көш» (1973), «Жерұйық» (1976), «Алақан» (1977), «Қорам­сақ» (1980, 1981), «Қызыл кітап» (1983), «Күміс қоңырау» (1970 – 85) жыр жи­нақта­рын­да нәзік ли­рика­лық сезімді те­рең фи­лосо­фи­ялық ой-толғаныс­та­рымен ше­бер ұштас­тырған. «Мәңгі май­дан» (1993), «Биік бас­палдақ» (1993), «Үкілі үзінділер» (1996), «ұиб­ратнәмә» (2001), «Алаш­тың ар­ма­ны» (2001), «Жаз­мыш» (2001), «Еңіреп өткен ер­лер-ай» (2001), «Иірім» (2004), «Шырғалаң» (2004), «Ал­мас жер­де қал­мас» (2004), тағы басқа 40-тан ас­там жыр жи­нақта­ры мен ба­лаларға ар­налған топ­та­малар­дың ав­то­ры. Әде­би-сын кітап­та­рын­да халқының өткені мен бүгінгісіне, ғасыр­лар бойғы ар­ман-мүддесіне, мәде­ни­ет пен әде­би­еттің да­му са­тыла­рына ой жүгіртіп, за­ман­даста­рының ты­ныс-тіршілігіне үңіледі. Оның 200-дей өлеңіне ән жа­зылып, «Күндер-ай» де­ген ат­пен же­ке жи­нақ бо­лып шықты (1984). Дра­матур­ги­яда Ал­даркөсе ту­ралы «Сақал­дың са­уда­сы» ат­ты са­тира­лық ко­медия мен Ма­хам­беттің соңғы күндеріне ар­налған «Жа­ралы жол­ба­рыс» ат­ты дра­масын жаз­ды. Соңғы шығар­ма­сы үшін Ма­хам­бет атын­дағы сый­лыққа ие бол­ды (1997). Оның шығар­ма­лары әлем әде­би­етінің озық үлгілерімен үндес келіп, фи­лосо­фи­ялық-ди­дак­ти­калық дәстүрді да­мыта жыр­лаған өзіндік өрнегімен та­ныл­ды. Ақын өлеңдері ағыл­шын, фран­цуз, неміс, бол­гар, венгр, фин тілдеріне ауда­рылған. Орыс тілінде «Бес­сонни­ца» (1967), «Бе­лая юр­та» (1968), «Со­ловьиный сад» (1971), «Степ­ные пу­ти» (1975), «Твой дом» (1976), «Верх­ная стру­на домб­ры» (1976), «Ла­дони» (1984), «Ниж­ная стру­на домб­ры» (1985), тағы басқа кітап­та­ры жа­рық көрсе, өзбек тілінде «Күміс қоңырау» (1975), қырғыз тілінде «Алақан» (1979), әзер­бай­жан тілінде «Бұлбұл бағы» (1980), моңғол тілінде «Шы­мыр жаңғақ» секілді еңбек­тері ба­сыл­ды. Аудар­ма ісінде М. Ови­дий, Ру­ми, В. Гю­гю, Г. Гей­не, М. Лер­монтов, С. Есе­нин, Я. Рай­нис, Л. Ро­дари, [Р. Ұам­за­тов]], Э. Ме­желай­тис, К. Ку­ли­ев өлеңдерін, Ш. Пе­тефи мен С. Сүлей­ме­новтің («Ата­мекен») жыр жи­нақта­рын қазақ тіліне аударған. Мыр­за­ли­ев ҚР Мем­ле­кеттік сый­лық ла­уреаты (1980). Әске­ри атағы — отс­тав­ка­дағы лей­те­нант.

Діни көзқара­сы — ис­лам.

Қазақстан­ның бо­лашағы ту­ралы бол­жа­мы — «Гүлден­ген, азат, дәулетті, бақыт­ты әрі ру­хани бай».

Хоб­биі — қалам, бәкі, төсбелгі жи­нау.

Үй­лен­ген. Жұбайы — Мыр­за­ли­ева Сал­та­нат (1939 жы­лы туған), зей­неткөр, по­лиг­рафшы болған. Ұлда­ры — Қуаныш (1961 жы­лы туған), Қазы­бек (1965 жы­лы туған), Ғазиз (1970 жы­лы туған).

Қадыр Мыр­за Әлі — 2011 жыл­дың қаңта­рын­да қай­тыс болған.