Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи тұлғалар
Тұманбай Молдағалиев (1935 — 2011 жж.)

Тұманбай Молдағалиев (1935 — 2011 жж.)

Молдагалиев Туманбай (1935 г.)

Дүни­еге кел­гені: 1935 на­урыз

Ал­ма­ты об­лы­сы, Еңбекшіқазақ ауда­ны, Жар­су сов­хо­зы

Ман­са­бы: ақын

Тұман­бай Мол­дағали­ев (20.03.1935 жы­лы туған, Ал­ма­ты об­лы­сы, Еңбекшіқазақ ауда­ны, «Жар­су» сов­хо­зын­да дүни­еге келді — 10.10.2011, Ал­ма­ты қала­сы) — қазақтың бірту­ар ақыны. 2011 жы­лы қазан­ның 10 күні Тұман­бай Мол­дағали­ев дүни­еден оз­ды.

Мазмұны:

  1. Қыз­мет жо­лы;
  2. Шығар­ма­шылығы;
  3. Му­зыка;
  4. Абай по­эзиясы;
  5. Же­ке өмірі;
  6. От­ба­сы.

Қыз­мет жо­лы

1956 жы­лы — Қазақтың Мем­ле­кеттік уни­вер­си­тетінің фи­лоло­гия фа­куль­тетін бітірді.

1970–1973 жыл­да­ры «Пи­онер» жур­на­лын­да жұмыс іетеді.

1970–1973 жыл­да­ры «Бал­дырған» жур­на­лының жа­уап­ты хат­шы­сы бол­ды.

1973 жыл­дан «Жа­зушы» бас­па­сы жа­нын­дағы Ба­лалар жөне жас­тар әде­би­етінің бас ре­дак­ци­ясы мен «Жа­лын» аль­ма­нағының бас ре­дак­то­ры.

Шығар­ма­шылығы

Тұман­бай Мол­дағали­евтің түңғыш өлеңі «Ук­ра­ина қызы­на» 1954 жы­лы жа­ри­ялан­ды. Алғашқы өлеңдер жи­нағы «Сту­дент дәптері» 1957 жы­лы жа­рық көрді.

Тұман­бай Мол­дағали­ев нәзік сыр­лы, ой­лы да от­ты жыр­лармен та­ныл­ды. «Кәми­ла» (1960). «Көктем таңы» (1961), «Ала­тау қызы» (1963), «Фе­рюза ту­ралы жыр» (1964), «Зу­лай­ды күндер» (1965), «Жүрегім менің са­пар­да» (1966) т. б. жи­нақта­ры шықты.

1967 жы­лы жа­рық көрген «Жаңа дәптер» ат­ты кіта­бы үшін Қазақстан ком­со­молы сый­лығының ла­уреаты атан­ды (1968). «Ес­керткіш» (1969), «Шақыра­ды жаз мені» (1970), «Жүрек ояу қашан­да» (1972) ат­ты кітап­та­ры да оқушы­лар­дың ілти­паты­на бөленді.

Оның «Қош, көктем» ат­ты таңда­малы өлеңдер кіта­бы (1971), «Хат­тар» ат­ты по­эма­лар жи­нағы (1974) жа­рық көрді.

Т. Мол­дағали­евтің орыс тілінде «Я — сын Се­миречья» (1962), «Пер­вая встре­ча» (1968), «Но­вая тет­радь» (1969) ат­ты өлеңдер жи­нақта­ры шықты.

Му­зыка

Тұман­бай Мол­дағали­ев көпте­ген ән мәтіндерінің ав­то­ры. Оның «Құстар қай­тып ба­рады» (му­зыка­сы Н. Тілен­ди­евтікі), «Бақыт құшағын­да», «Әнім сен едің» (му­зыка­сы Ш. Қал­даяқовтікі), «Ертіс вальсі» (му­зыка­сы Жа­мақаевтікі), «Шақыра­ды көктем» (муз. Ә. Бей­се­уовтікі) ат­ты өнге жа­зылған өлеңдері ха­лық ара­сын­да кең та­раған.

Ол Бай­рон, М. Ю. Лер­монтов, Т. Г. Шев­ченко, О. Ту­манян, С. Ка­пути­кян, К. Ғұлам, X. Ғұлям, Р. Гам­за­тов, Ұйғын, Зул­фия, Д. Жал­са­ра­ев т. б. ақын­дардың шығар­ма­ларын қазақ тіліне аудар­ды.

Абай по­эзиясы

Мол­дағали­евтің Абай по­эзиясы­ның иде­ялық — көркемдік мазмұнын, сөзім шы­найылығын, тіл шұрайын сөз ететін «Ұрпаққа тілек» («Қазақстан пи­онері», 1971, 21ма­мыр) ат­ты мақала­сы жа­ри­ялан­ды. Абай ру­хына ар­нап «Қай­да бар­сам ал­дымнан» («Се­мей таңы», 1983, 13 шілде), «Абай ағам бас­таған» (Жа­лын, 1985, N95) және «Абай аға аулын­да» (топ­та­ма, Ты­нық мұхит дәптері, А., 1985) т. б. өлеңдер жаз­ды.

Т. Мол­дағали­евқа «Жүрек­тегі жа­зулар» өлеңдер жи­нағы үшін Қазақстан Рес­публи­касы­ның Абай атын­дағы Мем­лекттік сый­лығы берілген.

Ол — Ха­лықара­лық Фи­зули сый­лығының ла­уреаты.

Же­ке өмірі

Әске­ри атағы — аға лей­те­нант.

Діни көзқара­сы — мұсыл­ман.

Са­яси қай­рат­кер ретіндегі иде­алы — Н. Ә. На­зар­ба­ев.

Қазақстан­ның бо­лашағы ту­ралы бол­жа­мы — «Қазақстан қуат­ты мем­ле­кет бо­лады, ха­лықтың жақсы тұрмыс халі өрлейді».

Хоб­биі — фут­бол.

Сүйіп оқитын әде­би­ет жан­ры — по­эзия.

От­ба­сы

Өмірлік серігі, жа­ры — Қасы­мова Күлтай, үй ша­ру­асы­мен ай­на­лыса­ды.

Ұлы — Дәурен (1966 жы­лы туған); қыз­да­ры — Зәуреш (1959 жы­лы туған), Жа­зира (1962 жы­лы туған), Жан­на (1964 жы­лы туған).