Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи тұлғалар
Шерхан Мұртаза (1932 ж.)

Шерхан Мұртаза (1932 ж.)

Муртаза Шерхан (1932 г.)

Дүни­еге кел­гені: 1932 қырқүйек

Жам­был об­лы­сы, Жу­алы ауда­ны, Та­лап­ты ауылы

Ман­са­бы: жа­зушы, қоғам қай­рат­кері

Шер­хан Мұрта­за (28.9. 1932 жы­лы туған, Жам­был об­лы­сы Жу­алы ауда­ны Та­лап­ты ауылы) — жа­зушы, қоғам қай­рат­кері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәде­ни­ет қыз­меткері (1984), Қазақстан­ның ха­лық жа­зушы­сы (1992). М. В. Ло­моно­сов атын­дағы Мәскеу мем­ле­кеттік уни­вер­си­тетін бітірген (1955). 1955 — 56 жы­лы Қазақ мем­ле­кет көркем әде­би­ет бас­па­сын­да, 1956 — 60 жы­лы «Ле­ниншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), 1960 — 63 жы­лы «Со­ци­алистік Қазақстан» (қазіргі «Еге­мен Қазақстан») га­зет­терінде тілші, әде­би қыз­меткер, ре­дак­тор, 1970 — 72 жы­лы «Жа­зушы» бас­па­сы жа­нын­дағы Ба­лалар мен жас­тар әде­би­еті бас ре­дак­ци­ясы­ның және «Жа­лын» аль­ма­нахы­ның бас ре­дак­то­ры, 1972 — 75 жы­лы «Жұлдыз» жур­на­лының бас ре­дак­то­ры,

1975 — 80 жы­лы Қазақстан Жа­зушы­лар одағы басқар­ма­сының 2-хат­шы­сы, 1980 — 89 жы­лы «Қазақ әде­би­еті» га­зетінің бас ре­дак­то­ры, 1989 — 92 жы­лы «Еге­мен Қазақстан» га­зетінің бас ре­дак­то­ры, 1992 — 94 жы­лы «Қазақстан» мем­ле­кет те­лера­дио ком­па­ни­ясы­ның төрағасы қыз­меттерін атқар­ды. 12, 13-шақырылған ҚР Жоғ. Кеңесінің, 2-шақырылған ҚР Пар­ла­менті Мәжілісінің де­пута­ты бол­ды. Сон­дай-ақ ол ҚР Пре­зиденті жа­нын­дағы Ұлттық кеңестің мүшесі. Шер­хан Мұрта­за шығар­ма­шылық жо­лын сту­дент кезінде Л. Ла­гиннің «Хот­та­быч қарт», М. Кәрімнің «Біздің үйдің қуаны­шы» шығар­ма­ларын қазақ тіліне ауда­румен бас­та­ды.

Ал тұңғыш кіта­бы — «Құры­лыс­шы Дәку» очерк­тер жи­нағы 1958 жы­лы жа­рық көрді. Қазіргі за­ман­дас бей­несі, соғыс жыл­да­рын­дағы тыл­дағы адам­дардың қажыр­лы еңбегін ба­ян­даған «Та­былған теңіз» (1963), «Бұлтсыз күнгі най­зағай» (1965), «Белгісіз сол­даттың ба­ласы» (1967), «Мыл­тықсыз май­дан» (1969), «41-жылғы келіншек» (1972), «Ах­метжан­ның ан­ты» (1973), т. б. по­вес­тер мен «Ин­тернат на­ны» (1974) ат­ты әңгіме­лер жи­нақта­ры жа­ри­ялан­ды. Өндірістің да­муы жөнінде, адам мен қор­шаған ор­таға қамқор­лық ту­ралы маңыз­ды мәсе­лелер көтер­ген, ғылы­ми-тех­ни­калық төңкеріс жайын си­пат­таған «Қара мар­жан» (1976; ҚР Мем­ле­кет сый­лығы, 1978) ро­маны, мем­ле­кет қай­рат­кері Т. Рысқұлов­тың өміріне ар­налған («Қызыл же­бе», 1, 2-кіт. 1980; «Жұлдыз көпір», 3 кіт., 1984) ро­ман-три­логи­ясы ба­сыл­ды. Дра­матур­гия са­ласын­да жа­зушы­ның «Қызыл же­бе» (1987, Қ. Ысқақов­пен бірге), «Ста­лин­ге хат» (1988), сон­дай-ақ «Бе­се­удің ха­ты» (1989) ат­ты пьеса­лары қойыл­ды.

Ол Г. Х. Ан­дерсеннің әңгіме­лерін, венгр ха­лық ер­тегілерін, Ш. Ай­тма­тов­тың «Бо­тагөз», «Қош бол, Гүлса­ры», «Теңіз жағалап жүгірген тарғыл төбет» по­вес­терін, «Бо­ран­ды бе­кет», «Жан­пи­да» ро­ман­да­рын қазақ тіліне аудар­ды. Шер­хан Мұрта­за шығар­ма­шылық жұмыс­тармен қатар Қазақстан Рес­публи­касы тәуелсіздігі мен мем­ле­кеттігін нығай­ту ісіне де бел­се­не ара­лас­ты. Қазіргі за­ман­ның, қоғам­дық өмірдің маңыз­ды мәсе­лелерін, ел, жер, тіл мәсе­лелерін көте­ретін көпте­ген мақала-эс­се­лер жаз­ды. Шер­хан Мұрта­за «Құрмет белгісі», «Отан» (1999) ор­дендерімен және бірне­ше ме­даль­дар­мен ма­рапат­талған. Жам­был об­лы­сының, Та­раз және Ас­та­на қала­лары­ның Құрметті аза­маты