Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи тұлғалар
Талғат Аманкелдіұлы Мұсабаев (1951 ж.)

Талғат Аманкелдіұлы Мұсабаев (1951 ж.)

Мусабаев Талгат Амангельдиевич (1951 г.)

Ғарыш­кер

Аза­мат­тығы Қазақстан

Туған 1951 ж. қан­тардың 7-сі,

Қарғалы ауылы, Жам­был ауда­ны, Ал­ма­ты об­лы­сы

Ман­са­бы1 Зерт­те­уші-ғарыш­кер

Ағым­дағы ман­са­бы Қазақстан­ның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы

Дәре­же ге­нерал-лей­те­нант

Ғарыш­тағы уақыт 341 күн 9 сағ 48 мин

Ірікте­луі 1990

Тап­сы­рыс (та­ры) Со­юз ТМ-19, Со­юз ТМ-27, Со­юз ТМ-32

1 ал­дыңғы не ағым­дағы

Талғат Аман­гелдіұлы Мұса­ба­ев — Қазақстан­ның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарыш­кер, тех­ни­ка ғылым­да­рының док­то­ры (2008), ави­ация ге­нерал-лей­те­нан­ты (2007).

Мазмұны

  1. Қысқаша өмірба­яны;
  2. Ғарышқа ұшуы;
  3. Әске­ри атағы;
  4. Хоб­биі;
  5. Ма­рапат­та­ры;
  6. Жанұя жағдайы;
  7. Сыртқы сілте­мелер.

Қысқаша өмірба­яны

1951 ж. қаңтар­дың 7-сінде Ал­ма­ты об­лы­сы Жам­был ауда­нының Қарғалы ауылын­да туған.

1974 ж. — Ри­га аза­мат­тық ави­ация ин­же­нер­лері инс­ти­тутын бітірген, ин­же­нер.

1974 ж. сәуірдің 1-інен — Бұрын­дай әуе кәсіпор­нында ке­зекті ин­же­нер.

1975—84 жж. — әуе кәсіпорн­да­рын­да са­яси-тәрбие қыз­метінде.

1984 ж. — Ал­ма­ты әуе клу­бын­да оқу бітірген.

1986 ж. — ұшқыш да­яр­ла­уын бітіріп аза­мат­тық ави­ациясы­ның пи­лоты де­ген куәлігін алған.

1987—1990 жж. аза­мат­тық ави­ациясын­да ұшқыш, ұшақ ко­ман­дирі жқыз­меттерін атқарған.

1991 ж. бас­тап ғарышқа ұшуға да­яр­ла­ну­ын­да. Әске­ри әуе күштерінде. Қосалқы ғарыш­кер есебінде екінші эки­паж­дардың мүшелігінде болған.

2000 ж. тех­ни­ка ғылым­да­рының кан­ди­дат­тық дис­серта­ци­ясын қорғаған.

2001—05 жж. Ре­сей ғарыш ме­кемесінде.

2005 ж. «Бәй­те­рек» ак­ци­онерлік қоғамы­ның (Қазақстан-Ре­сей бірлес­кен кәсіпор­ны) Бас ди­рек­то­ры.

2007 ж. ақпан — Қазақстан­ның әуе-ғарыш агенттігінің ди­рек­то­ры.

2007 ж. сәуірдің 11-інден — Қазақстан­ның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.

Ғарышқа ұшуы

1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқан­да (Со­юз ТМ-19) 126 күн ғарыш­та өткізген.

1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқан­да (Со­юз ТМ-27) 208 күн ғарыш­та өткізген. Гин­нестің үздік та­быс­тар кітәбінде бір ай­дың ішінде 5 рет не ба­ры 30 сағат 8 минөт ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққан­ны жа­зылып алынған. Ұшқан­да аме­рикан ғарыш­кері Л. Эйартс пен ре­сей ғарыш­кері (шу­ваш ұлты­нының өкілі) Ни­колай Бу­дарин­мен бірге. Қонған­да ре­сей ғарыш­керлері Ни­колай Ба­дурин мен Юрий Ба­турин­мен бірге.

2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқан­да (Со­юз ТМ-32) 8 күн ғарыш­та өткізген.

Әске­ри атағы

Әске­ри атағы — за­пас­тағы РФ ӘӘК ге­нерал-майоры, ҚР ави­ация ге­нерал-лей­те­нан­ты (2007 жыл­дан).

Хоб­биі

Хоб­биі — фор­те­пи­ано­да, ги­тара­да ой­нау, ән ай­ту.

Ма­рапат­та­ры

Со­юз ТМ-32 эки­пажы — Ден­нис Ти­то (Den­nis Ti­to), Талғат Мұса­ба­ев, Юрий Ба­турин.

Қазақстан Рес­публи­касы:

  • «Ха­лық Қаһар­ма­ны» атағы (1995);
  • «Қазақстан­ның ғарыш­кер-ұшқышы» атағы (1995);
  • «Отан» ор­дені (1998);
  • «Ба­рыс» 1-ші дәре­желі ор­дені;
  • «Ас­та­на» ме­далі (1999).

Ре­сей Фе­дера­ци­ясы:

  • «Друж­ба на­родов» ор­дені (1991);
  • «Ге­рой Рос­сий­ской Фе­дера­ции» атағы (1994);
  • «Лёт­чик-Кос­мо­навт РФ» (1994);
  • «За зас­лу­ги пе­ред Оте­чест­вом» 3-ші дәре­желі ор­дені (1998);
  • «За зас­лу­ги пе­ред Оте­чест­вом» 2-ші дәре­желі ор­дені.

Ауст­рия Рес­публи­касы:

  • Ауст­рия Рес­публи­касы­ның ор­дені.

Аме­рика Құра­ма Штат­та­ры:

  • «Ғарышқа ұшқан үшін» NA­SA ме­далі (1998).

Жанұя жағдайы

Зайыбы — Мұса­ба­ева (Ла­цис), Вик­то­рия Воль­де­маров­на, 1952 ж. туған, сто­мато­логия дәрігері.

Ба­ласы — Мұса­ба­ев, Да­ни­яр Талғатұлы, 1975 ж. туған, Қазақстан­ның ІІМ әске­ри қыз­меткері.

Қызы — Мұса­ба­ева, Кәмилә Талғатқызы, 1981 ж. туған