Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи тұлғалар
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (1940 ж.)

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (1940 ж.)

Назарбаев Нурсултан Абишевич (1940 г.)

Қазақстан Рес­публи­касы­ның 1ші Пре­зиденті әре­кет­тегі ла­уазы­мына ие бо­луы 1991 жел­тоқсан­ның 16.

Мазмұны:

1. Өмірба­яны;

2. Ре­фор­ма­лар;

3. На­зар­ба­ев­тың бас­та­масы­мен ашылған оқу орын­дар;

4. Кітап­тардың ав­то­ры;

5. Басқа ла­уазым­да­ры мен ман­сапта­ры;

6. От­ба­сылық жағдайы;

7. Әуестігі.

Өмірба­яны

  • 1940 ж. шілденің 6 Ал­ма­ты об­лы­сы Қас­ке­лең ауда­ны Ша­малған ауылын­да дүни­еге кел­ген.
  • 1967 ж. Қараған­ды ме­тал­лургия ком­би­наты жа­нын­дағы жоғары тех­ни­калық оқу ор­нын бi­тiр­дi. Эко­номи­ка ғылым­да­рының док­то­ры.

Қазақстан Рес­публи­касы Ұлттық ғылым ака­деми­ясы­ның, Ха­лықара­лық ин­же­нерлік ака­деми­яның, Ре­сей Фе­дера­ци­ясы әле­уметтік ғылым­дар ака­деми­ясы­ның ака­демигі. Әл-Фа­раби атын­дағы Қазақ мем­ле­кеттік ұлттық уни­вер­си­тетінің құрметті про­фес­со­ры. Бе­ларус ғылым ака­деми­ясы­ның құрметті мүшесі. М. В. Ло­моно­сов атын­дағы Мәскеу мем­ле­кеттік уни­вер­си­тетінің құрметті про­фес­со­ры.

Нұрсұлтан Әбiшұлы На­зар­ба­ев Шан­хай кон­фе­рен­ци­ясын­да.

Нұрсұлтан Әбiшұлы На­зар­ба­ев пен Вла­димир Пу­тин.

Нұрсұлтан Әбiшұлы На­зар­ба­ев және Лу­ла Да Сил­ва.

Шан­хай ұыйым бас­шы­лары.

Яд­ро­лық қаруға қар­сы сам­мит.

Нұрсұлтан Әбiшұлы На­зар­ба­ев және Дмит­рий Мед­ве­дев.

Нұрсұлтан Әбiшұлы На­зар­ба­ев және Джордж Буш.

  • 1960—69 жж. — Қараған­ды ме­тал­лургия за­уытын­да жұмыс істеді.
  • 1969—73 жж. — Қараған­ды об­лы­сы Теміртау қала­сын­дағы пар­тия-ком­со­мол жұмыс­та­рын­да жа­уап­ты қыз­меттер атқар­ды.
  • 1973—77 жж. — Қар­метком­би­нат­тың парт­ком хат­шы­сы.
  • 1977—79 жж. — Қараған­ды об­лыстық пар­тия ко­мите­тiнiң хат­шы­сы, 2-ші хат­шы­сы.
  • 1979—84 жж. — Қазақстан КП Ор­та­лық Ко­митетінің хат­шы­сы.
  • 1984—89 жж. — Қазақ КСР Ми­нист­рлер Кеңесi­нiң төрағасы.
  • 1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бi­рiн­шi хат­шы­сы,
  • 1990 ж. ақпан—сәуір ара­лығын­да Қазақ КСР Жоғары Кеңесi­нiң төрағасы бол­ды.
  • 1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР пре­зиденті.
  • 1991 ж. жел­тоқсан­ның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зидентінің жал­пы­халықтық сай­ла­уы өтті. Сай­лау нәти­жесінде Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­ба­ев ба­сым да­уыс­пен (98,7 %) жеңіске жетті.
  • 1995 ж. сәуірдің 29-ын­да жал­пы­халықтық ре­ферен­дум нәти­жесінде Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зиденті Н. Ә. На­зар­ба­ев­тың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзар­тылды.
  • 1999 ж. қаңтар­дың 10-ын­да өткен жал­пы­халықтық сай­ла­удың нәти­жесiн­де Н. На­зар­ба­ев 79,78 % да­уыс алып, Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зиденті бо­лып қай­та сай­лан­ды.
  • 2005 ж. жел­тоқсан­ның 4-інде сай­ла­ушы­лар­дың 91,5 % да­уысын алып, Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зиденті бо­лып қай­та сай­лан­ды.

Ре­фор­ма­лар

Жаңа тәуелсіз мем­ле­кет – Қазақстан Рес­публи­касы­ның (16.12.1991) – да­муы, бар­лық ат­ри­бут­та­ры – ұлттық қауіпсіздік, мем­ле­кеттік басқару және биліктің бүкіл тар­мақта­рының өза­ра әре­кет ету жүйесі – бар ұлттық мем­ле­кеттіліктің қалып­та­суы На­зар­ба­ев есімімен тығыз бай­ла­ныс­ты. На­зар­ба­ев бас­шы­лығымен конс­ти­туци­ялық құры­лыс про­цесі жүзе­ге ас­ты, ол 1995 жыл­дың та­мызын­да еліміздің Негізгі Заңын қабыл­даған бүкілха­лықтық ре­ферен­думмен аяқтал­ды. Қазақстан­да де­мок­ра­ти­ялық инс­ти­тут­тарды құру На­зар­ба­ев­тың аса зор еңбегі бо­лып та­была­ды. Сөз бен бас­пасөз бос­тандығы, сай­лау және сай­ла­ну құқығы, пар­ти­ялар мен қоғам­дық бірлестіктер құру құқығы, дін бос­тандығы сияқты аза­мат­тық қоғам­ның мызғымас құнды­лықта­ры нақ со­ның тұсын­да ғана конс­ти­туци­ялық нор­ма­ларға ай­нал­ды. На­зар­ба­ев бас­шы­лығымен кеңестік өкімшіл-жос­парлы әкімшілік жүйе бұзылған­нан және біре­гей ха­лық ша­ру­ашы­лық ке­шені күй­ре­ген­нен кейін ала­пат дағда­рысқа тап болған қазақстан­дық эко­номи­каны өзгер­ту­ге бағыт­талған аса ауқым­ды ша­ралар әзірленіп, іске асы­рыл­ды. Эко­номи­калық са­ясат­ты және де­мок­ра­ти­ялық өзгерістерді ой­дағыдай жүзе­ге асы­руға мем­ле­кеттік құры­лым­ның пре­зиденттік рес­публи­ка ретіндегі ха­лық таңдаған үлгісі көп септігін тигізді. Түбе­гейлі эко­номи­калық ырықтан­ды­ру мен са­яси ре­фор­ма­лар белгілен­ген өзгер­ту­лерді пәрменді жүргізу­ге асы­руға көмек­тесті.

  • 1992 жыл­дың ба­сын­да На­зар­ба­ев «Қазақстан­ның еге­менді мем­ле­кет ретінде қалып­та­суы мен да­му стра­теги­ясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы са­яса­тының бағыт-бағда­рын айқын­да­ды.
  • Со­ның нәти­жесінде 1997 жыл­дың ба­сына қарай ел­де мак­ро­эко­номи­калық тұрақты­лық орын ал­ды, инф­ля­ция тоқта­тыл­ды, өнеркәсіп жан­да­нып, қар­жы-бюд­жет, са­лық жүйесі құрыл­ды, же­кеше­лендіру жүргізілді, зей­не­тақы жи­нақтау жүйесі дүни­еге келді, тұрғын үй-ком­му­нал­дық ша­ру­ашы­лығын ре­фор­ма­лау жүзе­ге ас­ты.
  • На­зар­ба­ев­тың «Қазақстан-2030» стра­теги­ясы мем­ле­кет да­му­ының ба­сым бағыт­та­рын айқын­да­ды. 2006 жылғы ха­лыққа Жол­да­уын­да Қазақстан­ның бәсе­кеге қабілетті елу елдің қата­рына кіру стра­теги­ясы белгілен­ген.
  • На­зар­ба­ев­тың эко­номист және са­ясат­кер ретіндегі же­ке бе­делі ел­де қолай­лы ин­вести­ци­ялық аху­ал­дың қалып­та­су­ына, көпте­ген мем­ле­кет­термен және ха­лықара­лық қар­жы инс­ти­тут­та­рымен қарқын­ды эко­номи­калық ын­ты­мақта­суға игі ықпал етті. Рес­публи­када ауыл­ды да­мытуға, ке­дейлікпен күре­суге, тұрғын үй құры­лысын да­мытуға және т. с. с. бағыт­талған ірі-ірі әле­уметтік бағдар­ла­малар­ды іске асы­ру бас­талды. На­зар­ба­ев ин­дуст­ри­ал­ды-ин­но­ваци­ялық да­му стра­теги­ясын әзірледі, ин­вести­ци­ялық және ин­но­ваци­ялық қор­лар құрыл­ды. Дүни­ежүзілік са­рап­шы­лара­расын­да «қазақстан­дық үлгі» тер­мині пай­да бол­ды. Қысқа мерзім ішінде ха­лықара­лық ын­ты­мақтас­тық тұжы­рым­да­масын қалып­тастыр­ды. Оның көпте­ген бас­та­мала­ры кең ха­лықара­лық жаңғырық тап­ты әрі мойын­далды. Мәсе­лен, Се­мей яд­ро­лық по­лиго­нын жа­бу, яд­ро­лық дер­жа­ва мәрте­бесінен бас тар­ту, жаһан­дық және өңірлік қауіпсіздікті қам­та­масыз ету жөніндегі дәйекті қыз­мет, т. б. На­зар­ба­ев ТМД, ОАО, Ке­ден одағы, Шан­хай ын­ты­мақтас­тық ұйымы (ШЫҰ), Еура­зия одағы сияқты ха­лықара­лық құры­лым­дарды дүни­еге әке­лудің бас­та­машы­сы. Ол БҰҰ Бас Ас­самб­ле­ясы­ның 47-сес­си­ясын­да құру­ды ұсынған Ази­ядағы өза­ра ықпал­дастық пен сенім ша­рала­ры жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бас­та­ды. На­зар­ба­ев мәде­ни­ет­тердің, діндердің, өрке­ни­ет­тердің жүйелі сұхбат­та­су­ын жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003, 2006 жыл­да­ры Ас­та­нада әлемдік діндер көшбас­шы­лары­ның съез­дері та­быс­ты өтті.

На­зар­ба­ев­тың бас­та­масы­мен ашылған оқу орын­дар

  • Ха­лықара­лық ақпа­рат­тық тех­но­логи­ялар уни­вер­си­теті;
  • Қазақстан ме­недж­мент инс­ти­туты;
  • Эко­номи­ка және бол­жау инс­ти­туты;
  • Қожа Ах­мет Иаса­уи атын­дағы Қазақ-түрік уни­вер­си­теті;
  • Н. Гу­милев атын­дағы Еура­зия уни­вер­си­теті;
  • Ұлттық Мем­ле­кеттік заң уни­вер­си­теті;
  • На­зар­ба­ев Уни­вер­си­тетi бірқатар ли­цей­лер мен кол­ледж­дер;
  • Пре­зиденттік «Бо­лашақ» бағдар­ла­масы іске асу­да, ол бойын­ша жас­тар дүние жүзінің ірі оқу орын­да­рын­да білім алып жа­тыр;
  • Аса та­лант­ты ба­лалар үшін пре­зиденттік «Да­рын» сый­лығы тағайын­далған.

Кітап­тардың ав­то­ры

Н. На­зар­ба­ев бірқатар ғыл. еңбек­тердің және әле­уметтік-эко­номи­калық да­му мәсе­лелері мен қоғам­дық-са­яси тақырып бойын­ша кітап­тардың ав­то­ры:

  • «Важ­ней­шее ус­ло­вие ин­тенси­фика­ции» (А., 1983);
  • «Сталь­ной про­филь Ка­захс­та­на» (А., 1984);
  • «Эко­номи­ка Ка­захс­та­на: ре­аль­ность и перс­пек­ти­ва ста­нов­ле­ния» (А., 1988);
  • «Без пра­вых и ле­вых» (М., 1991), «Стра­тегия раз­ви­тия Ка­захс­та­на как су­верен­но­го го­сударс­тва» (А., 1992);
  • «Стра­тегия ре­сур­сосбе­реже­ния и пе­реход к рын­ку» (М., 1992);
  • «Идей­ная кон­со­лида­ция об­щест­ва как ус­ло­вие прог­ресса Ка­захс­та­на» (А., 1993);
  • «На­рық және әле­уметтік-экон. да­му» (А., 1994);
  • «Ғасыр­лар тоғысын­да» (А., 1996);
  • «Ев­ра­зий­ский со­юз: идеи, прак­ти­ка, перс­пек­ти­вы» (М., 1997);
  • «Та­рих толқынын­да» (А., 1997);
  • «О вре­мени, о судь­бах, о се­бе…» (Лон­дон, 1997);
  • «Стра­тегия транс­фор­ма­ции об­щест­ва и воз­рожде­ние ев­ра­зий­ской ци­вили­зации» (М., 2002);
  • «Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002);
  • «Сын­дарлы он жыл» (А., 2002);
  • «В серд­це Ев­ра­зии» (А., 2005).

Басқа ла­уазым­да­ры мен ман­сапта­ры

  • Эко­номи­ка ғылым­да­рының док­то­ры (1993);
  • ҚР ҰҒА-ның (1995) және басқа да ғылы­ми ме­кеме­лер мен ше­тел оқу орын­да­рының ака­демигі;
  • Қазақстан халқы Ас­самб­ле­ясы­ның төрағасы;
  • Қазақстан­ның Қару­лы Күштерінің Жоғары Бас Қол­басшы­сы;
  • Дүни­ежүзілік қазақтар қауым­дастығының төрағасы;
  • Нұр Отан Ха­лықтық-де­мок­ра­ти­ялық пар­ти­ясы­ның төрағасы;
  • Дүние жүзі қазақта­ры ас­со­ци­ациясы­ның төрағасы;
  • Ор­та­лық Азия мем­ле­кет­тері Дос­тық қоры­ның құрметті төрағасы;
  • ОБ­СЕ-нің бас төрағасы;
  • Бірне­ше жыл Ха­лықара­лық Арал­ды құтқару қорын басқар­ды.

На­зар­ба­ев – Қазақстан­ның ең жоғары ерек­шелік белгісі – ерек­ше үлгідегі «Ал­тын Қыран» ор­денімен, сон­дай-ақ әлемнің көпте­ген ел­дерінің, ха­лықара­лық және қоғам­дық ұйым­дардың жоғары наг­ра­дала­рымен ма­рапат­талған.

Әлемдік са­рап­шы­лар­дың мойын­да­уын­ша, Қазақстан­дағы На­зар­ба­ев пен оның пікірлес­тері жүргізіп ке­ле жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңын­да пай­да болған жаңа тәуелсіз мем­ле­кет­тер та­рихын­дағы ең та­быс­ты­лар­дың бірі бо­лып есеп­те­леді.

От­ба­сылық жағдайы

Жұбайы — Са­ра Ал­пысқызы — Ха­лықара­лық «Бөбек» ба­лалар қайырым­ды­лық қорын басқара­ды.

Пре­зиденттің үш қызы бар:

  • Да­риға — са­ясат ғылым­да­рының док­то­ры, ЖАҚ «Ха­бар» Ақпа­рат­тық агенттігінің ди­рек­торлар Кеңесінің Төрайымы;
  • Ди­нара — Н. Ә. На­зар­ба­ев атын­дағы білімді қол­дау қорын басқара­ды;
  • Әлия — биз­неспен ай­на­лыса­ды, «Элитс­трой» құры­лыс ком­па­ни­ясын басқара­ды.

Н. А. На­зар­ба­евтің жеті не­мересі және екі шөбе­ресі бар.

Әуестігі:

  • Үлкен тен­нис;
  • Тау Шаңғы Спор­ты;
  • Гольф.