Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи тұлғалар
Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков (1938 ж.)

Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков (1938 ж.)

Ниязбеков Шакен Онласынович (1938 г.)

Дүни­еге кел­гені: 1938 ж. қара­шаның 12-інде

Та­раз

Ман­са­бы: Ди­зай­нер

Шәкен Оңла­сынұлы Ни­яз­бе­ков — су­ретші, Қазақстан­ның Мем­ле­кеттік ту­ының ав­то­ры.

Мазмұны:

1. Қысқаша өмірба­яны;

2. Негізгі шығар­ма­шылық жұмыс­та­ры;

3. Ма­рапат­та­ры.

Қысқаша өмірба­яны

Ежелгі Та­раз жерінде дүни­еге кел­ген, ше­ше жағынан пол­ковник, Кеңес­тер Одағының Ба­тыры Ба­уыр­жан Мо­мышұлы­ның ту­ысы бо­лып ке­леді. Ба­басы — да­на Төле би. Он жасқа кел­ген кез­де, бір жыл ішінде әке-ше­шесі өліп, ке­нет­тен тұлдыр жетім қала­ды.

Ор­та мек­тепті бітірген­нен кейін Шәкен Ни­яз­бе­ков атақты «Му­хин­каға» (Ле­нинг­рад­тың В. И. Му­хин атын­дағы жоғары көркем-өнеркәсіптік учи­лищесі) оқуға түседі. Сту­дент кезінде ол Эр­ми­таж, Иса­ак со­боры және Пет­родво­рецті қал­пы­на кетіру жұмыс­та­рына қаты­сады. Шәкен Ни­яз­бе­ков өзінің ең бас­ты ұста­зы ретінде Әбілхан Қас­те­евті атай­ды.

Соңғы отыз жыл­дан ас­там уақыт көлемінде су­ретші көпте­ген кон­курс­тарға қаты­сып, бірне­ше рет жеңімпаз атан­ды. Өмірінің кейбір ке­зеңдері: 1961 жыл — «Гло­бус» те­леди­дары­ның ди­зай­ны үшін Че­хос­ло­ваки­яда берілген ал­тын ме­даль, 1964 жыл — Ле­нинг­рад­та өткен «Бейбітшілікті қол­дай­мыз!» ат­ты пла­кат­тар кон­курсын­да бірінші орын, 1982 жыл — Ал­ма­ты қала­сын­дағы Рес­публи­ка алаңын көркем бе­зендіру­ден өткен кон­курс­та бірінші орын…

«Құрманғазы», «Көбік шашқан», «Иса­тай Тай­ма­нов», «Абай», «Шоқан Уәли­ханов», «Мұхтар Әуезов», «Сы­рым Да­тов», «Жам­был», «Қазақстан­нан кел­ген сол­дат», «Ана» де­ген жұмыс­тар су­ретшінің же­ке көрме­леріндегі ка­талог­тардан қомақты орын ала­ды. Оның жетістіктеріне, сон­дай-ақ, пат­ри­от Ба­уыр­жан Мо­мышұлы­ның зи­раты­на қойылған құлпы­тас пен Ал­ма­ты қала­сының ел­таңба­сын да жатқызуға бо­лады.

Шәкен Ни­яз­бе­ков — Қазақстан­ның мем­ле­кеттік ту­ының ав­то­ры. 1992 жы­лы ол Қазақстан, ТМД, Түркия, Гер­ма­ния, Монғолия ел­дерінен 1200-ге тар­та су­ретші қатысқан кон­курс­та жеңіп шықты.

Негізгі шығар­ма­шылық жұмыс­та­ры

  • Та­раз қала­сын­дағы Ш. Уәли­ханов атын­дағы ки­ноте­атр­дың ке­шенді ди­зай­ны (1979, А. Си­монов­пен, В. Кузь­мин­мен бірге);
  • «Во­локо­лам бағытын­да. Ге­нерал-майор И. Пан­фи­лов пен қол­басшы Б. Мо­мышұлы ес­керткіші» (1985);
  • «Жам­был»;
  • «Ана бо­лу бақыт»;
  • «Шоқан Уәли­ханов», т. б. көркем ке­неп­тер;
  • Ал­ма­ты қала­сы ел­таңба­сының ав­то­ры;
  • Қазақстан Рес­публи­касы Мем­ле­кеттік ту­ының ав­то­ры.

Ма­рапат­та­ры

  • Че­хос­ло­ваки­яда өткен Ха­лықара­лық байқаудың ал­тын ме­далін (1961) және;
  • Ле­нинг­рад­та (Сан-Пи­тер­бург) өткен пла­кат­тар байқауының бірінші жүлдесін (1982) жеңіп алған;
  • Қазақстан­ның еңбек ciңip­гeн қай­рат­кері‎.